Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар

Жоспар

1.Жай есептер түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдар

1.Математиканы оқыту жүйесіне жай есептер аса маңызды роль атқарады. Жай есептерді шығару арқылы математиканың бастауыш курсының негізгі ұғымдарының бірі – арифметикалық амалдар туралы ұғым, т.б. бірқатар ұғымдар қалыптасады. Жай есептерді шығара білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді игере дайындық басқышы болып табылады.

Өйткені құрама есепті шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі. Жай есептерді шығарғанда есеппен және оның құрамды бөліктерімен алғаш танысу болады. Жай есепті шығарумен байланысты балалар есепке жүргізілетін негізгі әдістерді игеретін болады. Сондықтан мұғалімнің жай есептердің әр түрімен жұмысты қалай жүргізу керектігін және көрнекілікті қалай пайдалануды үйретудің маңызы зор. Енді, бастауыш класта қарастырылатын жай есептер түрлері және соған сәйкес қандай көрнекіліктер пайдалану керектігіне тоқталамыз.

Есепті иллюстрациялау – есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу үшін, сондай-ақ олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін көрнекілік құралын пайдалану.

Иллюстрация нәрсе түрінде немесе сызба түрінде болуы мүмкін.

Бірінші жағдайда иллюстрация ретінде есепке сөз болып отырған не нәрселердің өзі немесе олардың суреттерін пайдалануы мүмкін, солардың көмегімен заттардың тиісті амалдары иллюстрацияланады.

Мысалы, мына есепті иллюстрациялау керек:

1-есеп: «Балалар төбешіктен төмен қарай сырғанап жүр. Олардан 5 қыз бала және 2 ер бала үйлеріне кетіп қалды. Барлығы қанша бала үйлеріне кеті?».

Бұл жағдайда иллюстрация ретінде балалардың өздерін пайдаланған дұрыс, тақта алдында төбешіктен сырғанап жүргенбалаларды кескіндейтін бір топ оқушыны шақырып алып, олардың «үйге кететіндерін» көрсетуге болады, демек 5 қызды бір шетке шығарып қояды, содан кейін 2 ер бала үйлеріне кетеді (қыздарға барып қосылады). Сонымен жиындардың бірігуі иллюстрацияланады, сонда балалар кетті делінетін болса да есеп қосу амалымен шығарылатыны оқушыларға белгілі болады.

Көбінесе заттардың өзінен гөрі суретті немесе басқа заттар пайдаланылады.

2-есеп. «Қорапқа Дана 3 шар, ал Сара 2 шар салды. Қорапта барлығы неше шар бар?» деген есепті түсіндіру үшін класқа шар әкелудің қажеті жоқ, ол үшін оны дөңгелектер суретін пайдаланса жеткілікті. Мұнда балалардың өздері нәрселермен жұмыс істегендерінің мәні зор. Балалар парта үстіне алдымен 3 дөңгелек содан кейін 2 дөңгелек қояды. Нәрсені көрсете отырып түсіндіру, есепте айтылған, өмірде болатын жағдайларды балалардың көз алдына жақсы елестетуге көмектеседі, ал есепті шығару үшін қандай амал таңдап алуы керектігін көрсететін болады. нәрсені иллюстрациялау әсіресе 1 класта көбірек қолданылады. Есепті иллюстрациялауда қатып қалған әдіс жоқ, қай әдісті қолдану керектігін мұғалім шеберлігіне байланысты. Жоғарыдағы есепті иллюстрациялауды схема түрінде көрсетейік.

1. Мұғалім басшылығымен балалар шартты суреттерді пайдаланады. Айталық, шардың әрқайсысын дөңгелекпен алмастырылады, дөңгелектердің әр тобын және барлық дөңгелектерді айналдыра қоршаймыз, яғни

 
  Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Немесе 3 шар -3қызыл, ал 2 шар – 2көк дөңгелекпен алмастырылады. Оқушылар алдымен қызыл, сонан кейін көк дөңгелектердің суретін салады.

 
  Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Нәрсені иллюстрациялаумен қатар 1 кластан бастап схема түрінде түсіндіру де пайдаланылады, ол есепті қысқаша жазу.

Қысқаша жазуды ыңғайлы түрде шамалар, берілген және ізделіп отырған сандар, сондай-ақ есепте не туралы айтылғаны көрсететін кейбір «бар еді», «тағы қосылды», «болды», т.с.с. сөздер жазылады.

Есепті қысқаша жазу кесте түрінде, кестесіз сөзбен чертеж түрінде жазуға болады. жоғарыдағы қарастырылған есепті қатесіз сөзбен былай жазған тиімді жазуға болады.

Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Д – 3 шар ? Д – 3 шар

Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru С – 2 шар С – 2 шар

немесе Барлығы - ?

есепті қысқаша жазуды көрнекілікпен көрсету оқушыларды есеп мазмұнымен таныстыруға және орындалатын амалдарды таңдауға көмегі тиеді.

Мысалы, екі санның қосындысын табуға арналған есепті шығарумен оқушылар танысады: “Үстелде 5 шелпек бар. Анасы тағы 2 шелпек қойды. Үстелде барлығы неше шелпек болды?”

Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Есептің шартын оқығаннан кейін ол схема түрінде көрсетіледі. Схема есепті талдаумен қатар жүргізіледі, мұндағы белгілі шама шаршыға, ал белгісіз дөңгелекке орналастырылады, содан соң дерек пен ізделінді шама арасын қосатын бағыт сызығымен (стрелка) толықтырылады.

Пайымдау үлгісі:

 
  Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

5 шелпек болды – бұл белгілі шама, сондықтан оны шаршыға жазамыз. Тағы 2 шелпек қойды – бұл да белгілі шама, оны да шаршыға жазамыз. Неше шелпек болғанын табу керек – бұл белгісіз шама, оны дөңгелекке жазамыз.

 
  Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

+

Есепті екінші қайтара оқығанда шамалар арасындағы байланыс анықталып, стрелкамен көрсетіледі: қанша болғанын білу – қанша бары және бірге қойғаны нешеу екенін білу деген сөз. Демек, стрелка шаршылардан дөңгелекке қарай бағытталған және есепті шешу барысында қосу амалын қолдану қажет.

Осылайша жай есептің барлық түрлеріне схемалар құрылады, мысалы:

           
  Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru   Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru   Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru
 

артық кем

қалдықты табу санды бірнеше санды бірнеше

бірлікке арттыру бірлікке кеміту

           
  Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru   Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru   Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru
 

Белгісіз қосыл- белгісіз азай- белгісіз азайт-

ғышты табу ғышты табу қышты табу.

               
 
 
 
 
    Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru
        Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru
 

? артық ? есе артық

       
 
 
 
 

айырмалық салыстыру еселік салыстыру

       
  Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru   Сабақтың тақырыбы: Жай есептерді оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

санды бірнеше санды бірнеше

есе арттыру есе кеміту

Жай есептің барлық түрлері бойынша схемалармен танысқаннан кейін құрама есептерді шешуге үйретуде схемаларды қолдануға болады, өйткені құрама есеп екі (бірнеше) жай есептен мынадай түрлендірулер арқылы құрылады: бірінші есептің сұрағын және екінші есептің шартында артық деректерді алып тастау.

Наши рекомендации