Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану.

Жоспар

1.10 көлеміндегі сандарды оқытудағы көрнекіліктер.

1. Теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудығы алғашқы кезең 10 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқытуда сандарды шығарып алу және оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру болып табылады. Алғашқы ондық сандарын оқыту және сан және цифр ұғымын анықтаудың. міндеттері:

1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әртүрлі тәсілмен шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды цифрлармен белгілеу, меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.

2.1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін меңгеру, игеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.

3. Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін >,<, = таңбаларымен белгілей алу біліктерін қалыптастыру және теңдік пен теңсіздік ұғымдарын қалыптастыру.

4. 10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.

Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар үшеу) қарастыру барысында:

а) кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алуға болады

ә) Санды шамамен өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы;

б) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға болады:

 
  Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru

4 + 1 = 5

 
  Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru

5 – 1 = 4

Демек, сан арифметикалық амалдың нәтиесін сипаттайды.

в) Сандардың атауларын игеру жүзеге асырылады: оқушылар санды істиді және айтады (дыбыс сияқты), сонымен бірге санды таңбалардың, яғни цифрлардың (әріп сияқты) көмегімен жазумен таныстыру; оқушылар санды белгілейтін таңба ретінде цифрды көрсетеді және жазады, демек, ауызша және жазбаша нумерация бір уақытта енгізіледі.

Цифрларды жазу біліктері төмендегідей жоспар бойынша қалыптастырылады:

цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру: оларды ажырата алуға басқалардың ішінен тани білуге үйрету;

«Цифр неге ұқсайды?», «Цифрды қайдан көрдіңдер?», «Нешеу, көрсет?» (сан – зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану:

 
  Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru

цифрды жазу үлгісін талдау: цифр қандай элементтерден тұрады (кесте, оқулықта, тақтада, дәптерде);

қол қозғалысының бағыт игеруі: ауада жазу, тақтада біртіндеп жазу, дәптердегі үлгіні бастыру;

цифрды өз бетімен жазу: әлдеқайда әдемі жазылғанын (бір сызықпен сызады) және сәтсіз жазылғанын (екі сызықпен сызады) таңдату.

Бір таңбалы сандар ретін анықтауға және натурал сандар қатары құруға үйрету.

а) Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныстыру жүзеге асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады, ал саннан 1-ді азайту барысында оның тікелей алдында келетін сан шығады, яғни сандар қатарындағы санға 1-ді қосып, келесі санды, саннан 1-ді азайтып, алдыңғы санды шығарып алуға болады.

ә) Оқушылар тура және кері бағытта санауға үйренеді, яғни кез келген саннан бастап, өсу және кему ретімен санайды.

б) Сандар қатарындағы сандардың орнын анықтау оларды салыстыру арқылы іске асырылады: 5>4, демек, ол сандар қатарында 4-тен кейін тұрады, ал 4<5, яғни ол сандар қатарында 5-тің алдында тұрады, демек, 5 саны 4 және 6 сандардың арасында тұрады.

әр жаңа санды белгілі сандармен салыстыру;

«Жалғастыра санау», «Эстафета», «Доп лақтыру», «Көршісін ата», және т.б. ойындарды қолдану.

в) 0 (нөл) санымен таныстыру 1 және 2 сандарын оқытып үйреткеннен кейін іске асырылады.

Дорбада бір доп бар, мұғалім оны бір балаға береді: «Мен не істедім? Неше доп қалды?» жауап: «Ешнәрсе қалған жоқ». Егер ештеңе жоқ болса, оны біз 0 деп түсінеміз. (Екі қарындашпен көрсетуге болады), демек, 1-1=0, 2-2=0.

4. 10 көлеміндегі сандар құрамын меңгерту.

а) 10 көлеміндегі әр санның құрамы сол санмен таныстырылғаннан кейінгі сабақта оқытылады:

қосылғыштың біреуі 1 болған жағдайда (сандар нумерациясы туралы білім негізінде) 10 көлеміндегі кез келген санның құрамын анықтай алу, мысалы, 3=2+1, 4=3+1; ...; 10=9+1;

қосудың ауыстырымдылық қасиеті негізінде сандар құрамын есте сақтауға арналған жағдайларды екі есе қысқарту:

«4 және 1», «3 және 2» 5 санның құрамын анықтайтынын білсе, жеткілікті, өйткені, егер 5 4+1 болса, онда 5=1+4, егер 5=3+2 болса, онда 5=2+3.

ә) Сандар құрамын оқытуға және бекітуге арналған жаттығулар қолданылады.

 
  Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru

Төменгі сөреге 1 (2,3,4) дөңгелектерді алып қою, яғнм 5=4+1; 5=3+2; 5=2+3; 5=1+4.

 
  Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru

Екі беті екі түске боялған дөңгелектер; алма-кезек аударылып қойылады.

Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru 5=4+1

 
  Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru

Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану. - student2.ru 5=3+2

«Баспалдақ» тік төртбұрышын кезекпен бояу;

сандар құрамының екі түсті кестелері.

«Қолымда нешеу екенін тап», «Әйнекшелерді толтыр», ; «Санды тап», «Құлыптың кілтін тап», «Үйлерге қоныстандыр» дидактикалық ойындары.

Наши рекомендации