Негізгі сұрақтар. 1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жіктелуі
1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жіктелуі. Қылмыстық іс жүргізу қатысушылары мен субъектілері түсініктерінің ара қатынасы.
2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде. Қылмыстық іс жүргізудегі прокурор, оның іс жүргізу жағдайы мен өкілеттіктері. Тергеуші, оның іс жүргізу жағдайы. Тергеу бөлімінің бастығы, оның іс жүргізу жағдайы. Анықтау органы, түрлері, міндеттері және өкілеттіктері. Анықтаушы, оның іс жүргізушілік жағдайы. Анықтау органының бастығы, іс жүргізушілік жагдайы.
3. Өзінің және басқалардың құқытары мен мүдделерін қорғайтын қылмыстық іс жүргізу қатысушылары. Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері. Жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері. Азаматтық жауапкердің өкілдері.
4. Қылмыстық іс жүргізудегі басқада тұлғалар: түсінігі, түрлері, маңызы. Куәнің іс жүргізу жағдайы.
1.Қылмыстық процеске қатысушылардеп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мең заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек.
Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну байқалып отыр. Атап айтқанда, М.М. Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар. Л.Д. Кокоревтің пікірінше, «субъектілер» және «қатысушылар» терминдері — мән-маңызы бірдей ұғымдар1, бірақ қылмыстық процесс үшін «қатысушылар» термині лайықтылау, өйткені «субъектілер» термині жалпылама сипатта.
Процесс субъектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат альш отыр деп топшылауға негіз бар, өйткені құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылық - сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. «Субъект» терминін пайдаланудың орынды екенін ҚІЖК құрылымынан көруге болады, онда қылмыстық процеске тартылған адамдар «процеске қатысушылар» деген бір ұғыммен білдірілген.
Процеске қатысушылар мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми мектептер түрліше қарайды.
Процеске қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынадай үш көзқарас барынша айқын байқалды.
Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар-жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады. Бұл көзқарасты В.П. Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді.
Барынша көп қолдаушылар таіждн екінші көзқарас процеске қатысушылар деп тек істе мүддені білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген.
Үшінші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде «процеске қатысушылар» категориясының заңдылығын жалпы теріске
Бір жағынан, «процеске қатысушылар» терминін түсіну, ал екінші жағынан — процеске қатысушьшар категориясына жатқызылатын адамдар шеңберін аныктау жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын алып отырған алшақтықтарға объективті негіз бар, оның мәні:
1)«процеске қатысушылар» категориясының өзін қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының әр түрлі түсінуімен;
2)іс жүргізушілердің қылмыстық процестегі функциялар мәнін түрліше түсінуімен байланысты.
Қылмыстық іс жүргізу заңында «процеске қатысушылар» категориясының түрліше түсінілуі мынадан көрінеді.
1. ҚІЖК нормалары процеске қатысушылар тізбесі берілген бөліктерде бір-біріне сәйкес келмейді, мысалы:
а) ҚІЖК-тің 7-бабының 9-тармағында «процеске қатысушылар» - қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы) тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері» деп түсіндірілген; осылармен қатар ҚІЖК-тің 7-бабының 25-тармағында тағы да бір түсініктеме берілген:
«қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» - сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;
ә) ҚІЖК 2-бөлімі («Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар») сот (судья), іс бойынша төрағалық етуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы қызметін регламенттеген, мұның өзі ҚІЖК-тің 7-бабының 9 және 25-тармақтарында көрсетілген процеске қатысушылар шеңберінен едәуір кең;
б) 10-тарауда («Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар») процеске қатысушылар ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы аталған, мұның өзі ҚІЖК 7-бабының 25-тармағына сәйкес келеді.
2. Қылмыстық іс жүргізу заңында қаралып отырған категорияның өзін де, сондай-ақ сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс-әрекеті қылмыстық іс жүргізушілік ережесін де түрліше түсіндіруге әкеліп соғатын дәлсіздіктер бар, мысалы:
а) 84-баптың 1-бөлігінде маман — «тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін»шақырылған адам деп көрсетілген; ал 7-баптың 25-тармағы бойынша маман — қылмыстық процеске қатысушы өзге адам; сараптамалық зерттеу үшін маманның қатысуымен үлгілер алу туралы 260-бапқа жасалған талдау маман — тергеу іс-әрекетіне қатысушы екенін дәлелдейді (атап айтканда, бапта былай делінген: «Қаулыда аталған тергеу іс-әрекетінің барлық қатысушыларының құқықтары мен міндеттері керсетілуге тиіс»); 239-баптың 2-бөлігіне сәйкес маман «тергеу экспериментіне қатыстырылуы» мүмкін, 238-баптың 3-бөлігіне сәйкес оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен айқындау қажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргізіледі. Маман және қылмыстық процеске тартылатын өзге де адамдар жағдайының регламенттелуіне жасалған талдаудан «қатысушы», «қатысу үшін шақырылған адам», «іс-әрекетке қатысушы адам», «қатыстыру», «қатысуымен» және т.т. ұғымы - бір нәрсені білдіретінін көреміз;
ә) маманның қылмыстық процеске қатысушы ретіндегі жағдайының анықтамасын «процеске қатысушы» және «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» ұғымдарымен салыстырып көрелік:
1. маман — процеске қатысушы;
2.маман — қылмыстық процеске қатысушы өзге адам;
3.қарапайым салыстыру негізінде «процеске қатысушы» және «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адам» ұғымдары тең деген тұжырым жасаймыз;
б) қылмыстық процеске тартылатын адамдарды «қатысушылар» мен «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға» бөлу шартты, сырттай сипат алып отыр және заң шығарушының сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы істе әлдебір мүдде көздемейтінін атап көрсетуге ұмтылуына негізделген, ал қалған адамдарда, іс жүргізудегі статусына байланысты ондай мүдделер бар (сот - сот төрелігін жүзеге асыруға, прокурор — заңдылықтың сақталуына, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушыға колдау кәрсетілуіне, тергеуші мен анықтаушы — іс бойынша ақиқаттың анықталуына және кінәлілердің әшкерелеуіне, қорғаушы — қорғауындағы адамның мүдделері қорғалуына мүдделі және т.т.).
Сонымен, қолданылып отырған ҚІЖК-тің бірде-бір нормасы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдардың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді.
Сонымен бірге «процеске қатысушылар» категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада тусінілуі:
- заңды бір ізге салу;
- заңды әмбебаптандыру;
- заң бұзылуының алдын алу;
- құқық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету мақсаттарында маңызды.
Соңғы кезде әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы байқальш отыр.
Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:
1) сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
2) түрлі қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:
а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады;
ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;
б) қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;
в) құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.);
г) құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады (куә судья бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды және т.т.).
Сонымен, бұрын қаралған қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай сот ісіне мынадай қатысушыларды ажыратуға болады:
1) қылмыстық ізге түсу функциясы - прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы;
2)тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы;
3) айыптау функциясы - айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);
4) прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы - прокурор;
5)қорғау функциясы - сезікті, айьшталушы, сотталушы, қорғаушы;
6)қылмыстық, істі сотта қарау және шешу - судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, істі алдын ала тергеу сатысында қыскарту);
7)азаматтық талапты қолдау - азаматтық талапкер;
8) азаматтық талаптан қорғау - айыпталушы, азаматтық жауапкер.
Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді.
Функциялардың және оларды жүзеге асырушы адамдардың арақатынасы қылмыстық процеске қатысушылардың былайша жіктелуін ұсынуға мүмкіндік береді.