Негізгі сұрақтар. 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық

Р ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ

Дәріс тақырыбы 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы.

Негізгі сұрақтар

1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны. Қылмыстық іс жүргізудің пәні, максаты, міндеттері мен мазмұны және оны кұкықтық реттеу.

2. Қылмыстық іс жүргізу және сот терелігі. Қылмыстық іс жүргізу мемлекеттік қызметтің тұрі ретінде. Қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің құрылысы, оның сатылары. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының дербестілігі мен өзара байланыстылыгы.

3. Қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу құқык катынастарының құрылысы, оның белгілері. Қылмыстың іс жүргізу нысанының түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлері.

1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас — қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, карау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну.

Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған салды: қылмыстық іс жүргізу құқығы — өз нормалары қылмыстық істерді қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл жағдайда пайда болатын құқық қатынастары. Ал құқық саласы - өздері реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.

Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу құқығы — қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот оргаңдарынын қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп белгіленген.

Осы аныктамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты жеткілікті түрде терең ашьш көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана өтеді. Акцент тандау нақты құқық мектебінің айқындамасьша байланысты.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді элементтерден қалыптасады:

-бұл дербес құқық саласы;

іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі болып табылады;

өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі нақты іс жүргізу-құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылым тән қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:

- өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;

- өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген қызметі;

- олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.

Өз реттеу әдісінің болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы дербестігінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіңдегі орнын анықтау оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда ғана мүмкін болады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін ең елеулі болып табылатындары:

а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының;

ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;

б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің арақатынастары.

Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығымен, криминалистикамен, криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен, сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор маңызы бар.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі — адамның құқыққа қарсы әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпальшан байқалады.

ҚІЖК-нің 8-бабы осы міндеттерге арналған. Мұнда былай деп көрсетілген:

1.Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық занды дұрыс қолдану болып табылады.

2.Қылмыстық іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда — оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстардың алдын алуға, азаматтардың құқыкты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемесуі тиіс.

Бұл міндеттер қылмыстық іс жүргізудің барлық стадиялары үшін ортақ болып табылады және олардың әрқайсысы осы міндеттердің орындалуына ықпалын тигізеді. Қылмыстық іс жүргізу органдары осы міндеттерді басшылыққа ала отырып өз қызметтерін атқарады.

Қылмыстық процестің міндеттерін занда екі топқа бөліп көрсетудің мәні бар. Нақты айтқанда, ҚІЖК-нін 8-бабының 1-бөлігінде жазылған міндеттерді — қылмыстық іс жүргізудің арнайы және тікелей міндеттері деп ұғыну керек. Сонын ішінде, қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды жауапқа тартып, оларды толық әшкерелеу — бұл міндеттерді орындау алдын ала тергеу және анықтау органдарына жүктеледі және осы мемлекеттік органдардың қызметімен тікелей байланысты болып табылады. Ал әділ сот талқылауын қамтамасыз ету, яғни қылмыстық істі сотта қарау кезінде оны жан-жақты талқылап, әділ шешу - соттың басты міндеті.

Сонымен, қылмыстық іс жургізу құығы — осы қызметті және осы қызметті атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.

2. Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (сот, прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) болып табылады1. Бұл мемлекеттік органдардың қызметтері бір-бірімен өзара байланысты болғанымен, олардың іс жүргізу кезіндегі өкілеттіктері бірдей емес. Мәселен, алдын ала тергеу органы бұрын болған қылмыстың мән-жайларын толық ашып, айыпталушыны қылмыстық жауапқа тартатын болса да, оның кінәлілігі жөнінде мәселені шешпейді. Осыған байланысты алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң тергеуші қылмыстык, істің материалдарын заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жібереді. Прокурор алдын ала тергеу занды түрде және толық жүргізілген деп санайтын болса, онда ол бұл қылмыстық істі тиісті соттың қарауына береді. Содан соң сот қылмыстық іс бойынша үкім шығарады. Осындай заңға сәйкес жүзеге асырылатын өкілетті органдардын, іс-әрекеттер жүйесі қылмыстық процесс, яғни қылмыстык іс жүргізу деп аталады.

Қылмыстық іс жүргізу ұғымы жөнінде айтқанда бұл қызметті сот, прокуратура және алдын ала тергеу (анықтау) органдары атқарумен қатар жеке тұлғалардың (азаматтардың) да іс жүргізуге қатысатындықтарын ескеру қажет. Жеке тұлғалардын іске қатысуларына байланысты олардың құқықтары мен міндеттері заңда көрсетілген. Осының бәрі қылмыстық іс жүргізу кезінде аталған мемлекеттік органдар мен олардын лауазымды адамдарының өз араларында және, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың араларында да құқықтық қатынастардың болатындығын білдіреді.

Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене отырып, қылмыстық іс жүргізу ұғымын толық айтқанда былайша тұжырымдаймыз:

Қылмыстық іс жүргізу — соттың, прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды да қатыстыра отырып атқаратын заңмен реттелген қызметі, сондай-ақ осы қызмет саласында туындайтын құқықтық қатынастар жүйесі болып табылады.

Осы ұғымға сәйкес, құқық қорғау органдарының қылмыстық процестегі міндеттері қандай деген сұрақ туады. Ол міндеттер КІЖК-нің 8-бабында баяндалған. Бұл бапта көрсетілгендей, аталған мемлекеттік органдар қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыстық істерді әділ шешу, заңдарды дұрыс қолдану, азаматтардың заңсыз айыпталуын және сотталуын болғызбау, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарының заңсыз шектелуін болғызбау мақсатында қажетті іс-әрекеттерді орындауға міндетті.

Қылмыстық іс жургізу басқа сөзбен қылмыстық сот ісін жүргізу деп те аталады: қылмыстық іс жүргізу заңында және ғылыми еңбектерде де осы екі термин аралас қолданылады (орысша: «уголовный процесс» және «уголовное судопроизводство»). Яғни, қылмыстық іс жүргізу қызметін «қылмыстық сот ісін жүргізу» деп те атауға болады және мұның өз себебі бар. Ол себеп қылмыстық іс жүргізу алдын ала тергеу органының қызметімен аяқталмай, істің сотта қаралып шешілетіндігіне байланысты. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу ұғымының «сот төрелігі» ұғымымен сәйкес жері бар деп айта аламыз: қылмыстық істі сотта қарап шешу — сот терелігін атқарау болып табылады. Бірақ, «қылмыстық іс жүргізу» ұғымы «сот төрелігі» ұғы-мымен бірдей емес. Өйткені, бір жағынан, «сот төрелігі» ұғымының тікелей мағынасы сот қызметі болып табылады да, ал «қылмыстық іс жүргізу» ұғымы соттың қызметімен қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Екінші жағынан, сот төрелігіне тек қылмыстық істерді ғана қарап шешу жатпайды; оған, сонымен қатар, азаматтық, әкімшілік және т.б. істерді шешу қызметі кіреді.

Қылмыстық іс жүргізу қызметін атқару «қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп те аталады (орысша: «производство по уголовному делу»). Бұл жағдайда «өндіріс» деген сез заңды түрде жүргізілетін іс-әрекеттердің орындалуын және ол іс-әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Мәселен, алдын ала тергеу жүргізуге кірісу үшін тергеуші алдымен қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығарып, содан кейін қылмысты тез және толық ашу міндетін орындауы тиіс. Тергеушінің, сол сияқты анықтаушының да, қылмыстық іс бойынша атқаратын осындай қызметі «сотқа дейінгі қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп аталады. Ал, қылмыстық іс сотқа келіп түскеннен кейін болатын іс-әрекеттер қызметін «соттағы қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп айту қате емес.

Қылмыстық іс жүргізу ұғымымен қатар осы қызметке сәйкес ғылыми сала және оқу пәні ұғымдарын да білу қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу қызметі және бұл қызметті зерттейтін ғылым саласы мен оған сәйкес оқу пәні ұғымдары өзара байланысты болғанымен, олардың әрқайсысы жеке ұғым болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу қызметінің барысы бірнеше, әрқайсысының жеке маңызы бар кезендерге бөлінеді. Ол кезеңдер қылмыстық процестің стадиялары деп аталады. Стадиялардың әрқайсысы мынадай белгілермен сипатталады: 1) әр стадия іс жүргізудің жеке кезеңі ретінде ҚІЖК-де арнайы белгіленген;

2)әр стадияның жеке маңызы және өзіне тән міндеттері бар;

3)әр стадияның мәнін құрайтын іс-әрекеттер заңмен реттелген және бұл іс-әрекеттердің субъектілері көрсетілген; 4)әр стадия — оның нәтижесін қорытындылайтын процессуальдық шешім қабылдаумен аяқталады.

Қылмыстық процестің стадияларына мыналар жатады:

1) қылмыстық істі қозғау; 2) қылмыстарды тергеу; 3) басты сот талқылауын тағайындау; 4) басты сот талқылауы; 5) апелляциялық тәртіппен істерді қарау (апелляциялық өндіріс); 6) үкімді орындау. Бұл стадиялардың алдыңғы екеуі (қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу) сотқа дейінгі ста-диялар, ал кейінгілері сотта болатын іс жүргізу стадиялары деп қаралады.

Аталған іс жүргізудің кезендері қылмыстық процестің негізгі стадиялары болып табылады (бұлардан басқа ерекше стадиялар да бар, олар жөнінде кейінірек айтылады). Бірақ, әр қылмыстық істің негізгі алты стадиядан бірдей өтуі міндетті емес. Мәселен, қылмыстық іс қозғалған жағдайдың өзінде, одан кейін алдын ала тергеу жүргізудін, барысында бұл іс заңды түрде қысқартылуы мүмкін. Олай болса, мұндай жеке жағдайда, қылмыстық іс жүргізу сотқа дейінгі стадиялардан өтіп аяқталады. Немесе, қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарып, ал бұл үкімге апелляциялық шағым берілмеген не наразылық келтірілмеген болса, бұл іс бойынша апелляциялық өндіріс қажет болмайды.

3. Қылмыстық іс жүргізу кезінде оған қатысушылардың арасында, яғни олардың атқаратын функцияларына байланысты құқыктық қатынастар туындайды. Бұл қатынастар қылмыстық іс жүргізу құқығымен реттелетін болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары деп аталады. Ал, толығырақ айтқанда, қылмыстық іс жүргізу құқықтың қатынастары немесе процессуальдық қатынастар дегеніміз — қылмыстық процесс субъектілерінің арасында заңға сәйкес туындайтын және осы субъектілердің құқықтары мен міндеттері болуымен сипатталатын нақты байланыстар деп түсіну қажет. Процессуальдық қатынастардың өз субъектілері мен объектісі бар және бұл субъектілердің құқықтары мен міндеттері занда құқыктық нормалар түрінде көрсетілген.

Процессуальдық қатынастардың субъектілері — бұлар қылмыстық істі жүргізуші мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары және іске қатысушы жеке тұлғалар (азаматтар), ал объектісі — қылмыстық іс жүргізуге байланысты орындалатын іс-әрекеттер болып табылады. Осымен қатар, қылмыстық іс жүргізу кезіндегі құқықтық қатынастардың мынадай ерекшеліктері бар екендігін айту қажет.

1.Процессуальдық қатынастар қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің өз функпияларын атқару кезіндегі іс-әрекеттерімен тығыз байланысты болып табылады және сондықтан қылмыстық іс жүргізуді осы кезде орындалатын іс-әрекеттердің және олармен қатар туындайтын құқықтық қатынастардың тұтас бірлігі деп түсінуге жатады.

Процессуальдық қатынастарды қарастырғанда оларды негізгі екі топқа бөлу қажет. Бірінші топқа қылмыстық іс жүргізу қызметін атқаратын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының арасында туындайтын қатынастар жатады (мысалы: сотта іс қарау кезінде — сот пен мемлекеттік айыптаушының, алдын ала тергеу жүргізу кезінде — прокурор мен тергеушінің немесе тергеуші мен анықтау органдарының араларындағы құқықтық қатынастар). Екінші топқа аталған мемлекеттік органдармен іске қатысушы жеке тұлғалардың араларында туындайтын құқықтық қатынастар жатады (мысалы, тергеуші мен айыпталушының араларындағы құқықтық қатынастар).

2.Процессуальдық қатынастардың басталуы, өзгеруі және аяқталуы қылмыстық-құқықтық қатынастармен байланысты болып келеді. Оның себебі — қылмыстық іс жүргізудің өзі қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру қажеттілігінен туған, яғни қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану қылмыстық іс жүргізу арқылы ғана жүзеге асырылады.

Процессуальдық қатынастар қылмыс жөнінде хабар қылмыстық ізге түсу органдарына келіп түскеннен кейін жүргізілетін іс-әрекеттермен басталады. Одан соң, яғни қылмыстық іс жүргізудің барысында, қылмыс жөнінде жиналған дәлелдемелердің мәні мен маңызына қарай процессуальдық қатынастар өзгеріп отырады. Мәселен, сезікті ретінде ұсталған адамның қылмыс жасағандығы ашылып дәлелденген жағдайда, тергеуші оны айып-талушы ретінде жауапқа тартып, соның нәтижесінде бұрын сезікті ретінде болған адамның процессуальдық жағдайы өзгереді: енді ол іске айыпталушы ретінде қатыстырылады. Ал, сотта істі қараудың нәтижесінде сотталушының қылмыс жасағандығы толық дәлелденген болса, онда сот айыптау үкімін шығарып, ол үкім заңды күшіне енген соң бұл іс бойынша процессуальдық қатынастар аяқталады. Немесе, қылмыстық жауапқа тартылған адам соттың үкімі бойынша ақталған жағдайда, онда осы ақтау үкіміне сәйкес бұл іс бойынша процессуальдық қатынастар аяқталады. Процессуальдық қатынастар алдын ала тергеу жүргізу кезінде де аяқталуы мүмкін (қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда).

3.Барлық кезде де процессуальдық қатынастарға билік өкілеттігі бар мемлекеттік орган (қылмыстық ізге түсу органы немесе сот) қатысып, сол арқылы іске қатысушылар оз құқықтарын жүзеге асыра алады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу міндеті: атқаратын мемлекеттік органмен байланысты түрде ғана жек тұлғалардың (азаматтардың) өз құкықтарын іс жүзінде қолданулары мүмкін болады. Мәселен, сотта істі қарау кезінде сотталушы куәлардан жауап алуға құқылы. Ал сот өз өкілеттігі қолданып, сотталушының куәдан жауап алуына мүмкіндік жасауы тиіс. Ол үшін куәлардың сотқа келуі қамтамасыз етіледі және сотталушының куәдан жауап алуына уақытында кезек беріледі. Сол сияқты, алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші биліктік өкілеттігін қолданып, іске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жүзеге асырады. Осы айтылған жағдайларды ескере отырып, процессуальды қатынастардың барлық түрлеріне ортақ сипаттама — оларға биліктік бастама тән деп айта аламыз.

Қылмыстық іс жүргізудін, мәнін толық түсіну үшін «процессуальдық нысан» және «процессуальдық кепілдіктер» ұғымдарын қарастыру қажет1.

«Процессуальдық нысан» ұғымын алдымен философиялық «нысан» ұғымымен салыстыру арқылы көрсетуге болады. Философиялық ілімге сәйкес, әр нәрсенің, заттың немесе құбылыстың өзара тығыз байланысты элемёнттерден тұратын тұрақты құрылымы болады. «Нысан» ұғымы сол әр заттың немесе құбылыстың ішкі құрылымының тұрақтылығын және құрылымның сыртқы бейнесін білдіреді. «Процессуальдық нысан» ұғымы осы айтылған жалпы ғылыми «нысан» ұғымына сәйкес келеді. Сондықтан заңи әдебиетте процессуальдық нысан — заңмен белгіленген қылмыстық іс жүргізудің тәртібі деп түсіндіріледі2. Яғни, процессуальдық нысан ұғымы қылмыстық жүргізудің сыртқы бейнесі, көрінісідегенді білдіреді. Процессуальдық нысанның ішкі құрылымы қылмыстық іс бойынша заңға сәйкес орындалатын іс-әрекеттердін, жиынтығынан тұрады.

Қылмыстық іс жүргізудің барысында тергеуші немесе анықтаушы, прокурор, сот — бұлардың әрқайсысы өз қызметін заңда көрсетілген тәртіппен ғана жүзеге асырады. Осы тәртіпті сақтау — қылмыстық іс жүргізудің зандылығын қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады. Олай болса, қылмыстық іс жүргізу кезінде процессуальдық нысанды қатаң сақтамай, іс-әрекеттердің зандылығын қамтамасыз ету мүмкін болмайды.

Процессуальдық нысанды қылмыстық іс жүргізудің жалпы процессуальдық нысаны және жеке әрекеттердің процессуальдық нысаны деп ажырату мүмкін. Мысалы, заңмен белгіленген қылмыстық істі қозғау, қылмыстарды тергеу, істерді сотта қарап шешу стадияларының орындалу тәртібі қылмыстык іс жүргізудің жалпы процессуальдық нысаны болады. Ал, осы стадиялардың әрқайсысының өзі іс жүргізу органдарының заңмен рет-телген белгілі бір іс-әрекеттерінен тұрады. Сол әрекеттердін әрқайсысының жүргізілу тәртібін жеке процессуальдық нысан ретінде қарауға жатады (мысалы, куәдан немесе жәбірленушіден, айыпталушыдан жауап алудың тәртібі).

Процессуальдық нысанның маңызды бір көрінісі — іс жүргізу құжаттарын жазу болып табылады. Яғни, қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде әр іс-әрекеттің жүргізілу барысы және нәтижесі заңда көрсетілген тиісті құжаттар жазу арқылы рәсімделіп отырады. Ол құжаттар - іс жүргізу актілері деп те аталады. Бұл құжаттарды жазу — істі жүргізуші лауазымды адамдарға жүктеледі (судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы).

Қылмыстық процестің барлық стадияларына ортақ, ең жиі жазылатын құжаттардың түрлері қаулы және хаттама болып табылады.

Қаулы - өкілетті органынын, (лауазымды адамның) өз өндірісіндегі іс бойынша шығарған шешімін, соттың үкімін қоспағанда, дәлелдеп жазатын құжат (мысалы, тергеушінін, қылмыс жасаған адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шығарған қаулысы).

Хаттама — қылмыстық іс жүргізу органының (лауазымды адамның) өзі жүргізген іс-әрекеттің орындалу барысын және нәтижесін баяндап жазатын құжат (мысалы, куәдан жауап алудың хаттамасы немесе сот отырысының хаттамасы).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қылмыстық іс жүргізудің пәні, максаты, міндеттері мен мазмұны және оны кұкықтық реттеу.

2. Қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің құрылысы, оның сатылары.

3. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының дербестілігі мен өзара байланыстылыгы.

4. Қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлері.

5. Қылмыстық іс жүргізу құқык катынастарының құрылысы, оның белгілері.

6. Қылмыстың іс жүргізу нысанының түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлері.

Наши рекомендации