Уақытқа, кеңістікке, тұлғаның айналасына қатысты қылмыстық іс жүргізу заңының әрекеті

Уақытқа қатысты қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық сот ісін жүргізу, іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне дейін күшіне енген қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүзеге асырылады. (ҚР ҚІЖК 5-бабы).

Ережеге сай, заңның іс жүргізу әрекетіне ену сәті заңның өзінде белгіленеді (ҚР ҚІЖК 1998 жылдың 1 қаңтарында іс жүргізу әрекетіне және занды күшіне енген болатын).

Кеңістіктегі Қылмыстық іс жүргізу заңы — бұл оның Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етуі. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстык сот ісін жүргізу қылмыс жасалған жерге қарамастан ҚІЖКке сәйкес жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 3-бап). Қазақстан Республикасы аумағы қуаң далалық, әуелік, теңіздік, зендік кеңістік және құрлықтық шельф пен айрықша экономикалық аймақ болып саналады.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы аумағына біздің мемлекеттің шетелдегі елшілігі мен өкілдігі, Қазақстан Республикасы туымен жүретін әуе және теңіз соты да енеді.

Осы аумақта қылмыстық іс жасаған адам Қазақстан Республикасы заңы бойынша жауапқа тартылады.

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтары үшін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ортақ, бірдей. Бұл ереже ҚР ҚІЖК-нің 6-бабында белгіленген, онда «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылқтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері ҚР ҚІЖК 53-тарауына сәйкес айқындалады».

Уақытқа қатысты заң әрекетінің тоқтатылуы одан бас тартуын, жаңа заңмен өзгертілуін, уақыт мерзімінің өтуін, шарттар мен жағдайлардың өзгеруін білдіреді.

4. Апелляциялық сот өндірісінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, оның ішінде үкім жария етілгеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушыларға, олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға), олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері және заңды өкілдері үкімге азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
Істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор сот актісін апелляциялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылық келтіре алады. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, өз құзыреті шегінде үкімді қайта қарау туралы наразылық енгізе алады.Егер соттың қаулысы осы істің тараптары болып табылмайтын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты болса, олар да қаулыға шағым жасауға құқылы.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.

Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, наразылықтарды тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, наразылықтарды Әскери сот қарайды.
Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, наразылықтар және қаулыға жекеше шағымдар, наразылықтар облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.Басты сот талқылауы барысында шығарылатын бұлтартпау шарасы және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулыға жекеше шағымдар, наразылықтар іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін апелляциялық сатыда қаралады. Көрсетілген шағымдарды, наразылықтарды апелляциялық сатыда қарау қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта одан әрі қарауды үзбейді.

Апелляциялық (жекеше) шағымдар, наразылықтар үкім, қаулы шығарған сот арқылы келтірiледi. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

Апелляциялық (жекеше) шағымдар, наразылықтар үкім, қаулы жария етілген күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiлуi мүмкiн, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің, қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап дәл сондай мерзiмде бере алады.Сот актісіне шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iсті бірінші сатыдағы соттан талап етiп алдыруға болмайды.
Мерзiмдi өткізіп алып берiлген апелляциялық (жекеше) шағым, наразылық үкімді, қаулыны шығарған соттың қаулысымен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған ретте осы негіздер көрсетіле отырып, авторға қайтарылады. Егер шағымдарды, наразылықтарды бірінші сатыдағы сот қабылдаған соң оларды беру мерзімінің өткізіп алынғаны апелляциялық сатыда анықталса, апелляциялық саты судьясы өз қаулысымен оларды қараусыз қалдырады.

Iс келiп түскен күнінен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуға тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуға тиіс. Дәлелдi себептер болған кезде, көрсетілген мерзiмдер iс жүргiзуінде іс жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте істі қарау мерзімінің әрбір ұзартылуы бір айдан аспауға тиіс.

5. Апелляциялық және кассациялық сатылардағы өндірістерге салыстырмалы түрде талдау беріңіз.

Апелляциялық сатыдағы сотапелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істе бар және қосымша ұсынылған, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының әділдігін, заңдылығы мен негiздiлiгiн осы Кодекстің 426-бабының бірінші бөлігінде белгіленген шектерде тексередi. Iс келiп түскен күнінен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуға тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуға тиіс. Дәлелдi себептер болған кезде, көрсетілген мерзiмдер iс жүргiзуінде іс жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте істі қарау мерзімінің әрбір ұзартылуы бір айдан аспауға тиіс.

Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар бойынша олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.

Кассациялық тәртіпте қайта қарауға:
1) қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша;
2) процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша;
3) тергеу судьясы шығарған сот актілері жатпайды.

Айырмашылығы:

1)Қарайтын соттар: Аппеляцияда аудандық оған теңес, гарнизон сотт.-ң қалалық соттардың үкімдерін облыстық оған теңестірілген сооттар қарайды.

Ал кассация: аудандық н/е оған тең сот, қалалық соттардың үкімдері заңды күгіне еніп кетсе (то есть аппеляциялық мерзімді біреулер өткізіп алса), или аппеляцияда қаралып 3 күн ішінде заңды күшіне енген үкімдерді қарайды.

2)Аппеляциялық сот шешімдерінде айырмашылық бар: Жоғарыда аппеляциялық сот шешімдерінің түрлері берілген, кассацияда тура сол, бірақ егер аппеляцияда 1 сатыға қайта жіберілсе іс (қайта қарауға жіберілсе) ол іс тура сол қалпында қайта қаралады, басынан дәлелдемелер ізделмейді, басынан куәлардан түсініктеме алынбайды. А кассацяида барлығы басынан жүргізіледі, как будто ничего не бывало.

3)Процесстің жүргізілуінде және сотты тыңдауға әзірлеу әртүрлі заттар қаралады.

6. Өз азаматы болып табылатын мемлекетіне сотталушыны тапсырудың процессуалдық тәртібін осы мәселеге қатысты халықаралық келісіммен байланыстыра қарастырыңыз.

Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу, егер өздеріне байланысты адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған қылмыстардың ең болмағанда біреуі үшін бір жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген немесе адам бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған және өтелмеген мерзімі кемінде алты айды құрайтын болса жіберіледі.Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды ұстап беру туралы сұрау салуы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар сақталған жағдайда ғана қаралуы мүмкін.Адамды уақытша ұстап беру және транзиттік тасымалдау туралы сұрау салулар адамды ұстап беру туралы сұрау салулар сияқты тәртіппен жіберіледі. ҚР Бас прокуратурасы ҚР құзыретті органына осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген, адамды ұстап беруге кедергі болуы мүмкін мән-жайлар болған кезде шет мемлекетке сұрау салуды жіберуден бас тартуға құқылы.

Қылмыстық процесті жүргізетін орган Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және оның аумағын тастап кеткен адамды ұстап беру туралы өтінішхатқа қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтініш жасайды.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде шет мемлекеттің құзыретті органына Қазақстан Республикасына адамды ұстап беру туралы сұрау салумен жүгінеді.

Егер адамды ұстап беруді (экстрадициялауды) кейінгі қалдыру қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жоғалуына, жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін болса, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы осы Кодекстің 580-бабында көзделген тәртіппен дайындалатын сұрау салу жіберілуі мүмкін.Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда, осы адам тиісті шет мемлекетке келісілген мерзімде қайтарылуға тиіс. Процесті жүргізетін орган, қажет болған жағдайда, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімін ұзарту туралы құжаттарды дайындайды, олар адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімі аяқталардан кемінде жиырма тәулік бұрын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберіледі.

Шет мемлекет ұстап берген адам оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз, ұстап беруге байланысты емес өзге де қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла алмайды, жазалана алмайды.Шет мемлекет ұстап берген адам оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз үшінші мемлекетке берілмейді.

Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу.Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға бұлтартпау шарасы ретінде қолданылатын күзетпен ұстау мерзімінің басталуы оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезінен бастап есептеледі.Қазақстан Республикасына ұстап берілетін адамды шет мемлекеттің аумағында ұстап алу және күзетпен ұстау, сондай-ақ оны этаппен апару уақыты жаза тағайындау кезінде оны күзетпен ұстаудың жалпы мерзіміне есептеледі.Уақытша ұстап беру ішінде Қазақстан Республикасының аумағында адамды күзетпен ұстау уақыты осындай адамның Қазақстан Республикасы сотының үкімімен тағайындалған жазаны өтеу мерзіміне есептелмейді.

Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау немесе оған бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы шешімі:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалданатын;
2) Қазақстан Республикасына уақытша берілген (экстрадицияланған) адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында күзетпен ұстауға негіз болып табылады.

Экстрадициялық қамаққа алу.Сұрау салушы тараптан іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру туралы сұрау салуды пошта, телеграф, телекс, факс және өзге де байланыс түрлері арқылы алғаннан кейін прокурор адамды күзетпен ұстау орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа ұстап беру мақсатында адамға экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы өтінішхат енгізеді.Экстрадициялық қамаққа алу қолданылған адамды босату прокурордың қаулысы негізінде, оның ішінде осы бапта көрсетілген мерзім аяқталған соң да жүргізіледі, егер осы мерзімде ұстап беру жүргізілмесе, бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарланады. Адамды экстрадициялық қамаққа алудан босату, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, оны ұстап беру туралы шешімді орындау үшін шет мемлекетке адамды нақты беру мақсатында қайтадан қолдануға кедергі келтірмейді.

Адамды беру (экстрадициялау).Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру туралы қаулысын алғаннан кейін отыз тәулік ішінде этаппен апаруды және ұстап берілген адамды ол ұстап берілген мемлекеттің тиісті органына беруді ұйымдастыруға және оның орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлауға міндетті.Ұстап берілген адамды беру уақытында шет мемлекеттің құзыретті органына оның Қазақстан Республикасында күзетпен ұстауда болу мерзімі туралы хабарланады.

7. Қылмыстық процесс қағидаларының түсінігі мен жүйесі, оларды жылпы құқықтық, саларалық, салалық қағидаларға топтастырыңыз.

«Принцип»термині (латынша «рrіnсіріum») негіз, негізгі бастама деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты, қылмыстық іс жүргізудің принциптері ретінде бұл қызмет саласының негіздерін құрайтын және занда белгіленген бастама ережелер қарастырылады.Сонымен, қылмыстық процестің принциптері — қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. Бұл принциптердің маңызы осы айтылған тұжырымның өзінен туындайды. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы принциптерге негізделген және олар қылмыстық процестің ең маңызды жақтарын сипаттап көрсетеді. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органдары осы принциптерді басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл принциптерді қатаң сақтауға міндетті. Үшіншіден, бұл принциптерді сақтамау, оның сипаты мен мәніне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған істін, материалда-рының занды күші жоқ деп табуға әкеліп соқтырады.Қағидалар өз бастауын Халықаралық құқық ережелерінен және коснтитуциядан алады. Қылмыстық іс жүргізу принциптері ҚІЖК-нің екінші тарауында («Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері» деп аталған, 10-31 баптарда) баяндалып жазылған. Мұнда аталып жазылған принциптер Қазақстан Республикасы Конституциясының жетінші бөлімінде баян етілген сот төрелігінің бастама ережелеріне сәйкес келеді. Бірақ ҚІЖК-де жазылған принциптердің көпшілігі Конституцияда жекеленіп айтылмаған. Бұлай болу түсінікті: Конституцияда белгіленген бастама ережелер негізінен сот төрелігін атқарудың жалпы принциптеріне жататын болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу принциптерін толық қамти алмайды.ҚПҚ принциптері үш топқа бөлінеді.

Жалпы құқықтық қағидалар(Конституцияда бекітілген барлық құқық салаларында да қолданылатын қагидалар).Олар:заңдылық,сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, жеке бастың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу,жеке басқа қол сұғылмаушылық,жеке өмірге қолсұғылмаушылық ,сот тқрелігін заң мен сот алдындағы теңдік бастауларында жүзеге асыру,судьялардың тәуелсіздігі,жариялылық, кінәсіздік презумпциясы;

Салалық қағидалар(тек қана қылмыстық процестік құқықта ғана басшылыққа алынатын қағидалар): қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,қайтадан соттауға және қылмыстық қудалауға жол бермеушілік ,сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негізінде жүзеге асыру,істің мән-жайлары бойынша толық және жан-жақты,обьективті зерттеу,дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау,білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету,куәлік айғақтар беру міндетінен босату,қылмыстық сот ісін жүргізу тілі,процестік әрекеттер мен шешімдерге шағым жасау бостандығы;

Салааралық қағидалар (қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және өзге де ішінара байланысты құқық салаларында қолданылады).Олар:тұрғынжайға қолсұғылмаушылық,меншікке қол сұғылмаушылық;

8. Айрықша іс жүргізудің (есі дұрыс емес күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу) ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнде аталған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу есi кiресiлi-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған немесе қылмыс жасаған соң жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты iстер бойынша жүзеге асырылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары дерттi психикалық ауытқушылық өзi немесе басқа адамдар үшiн қауiп-қатермен байланысты болған не оның өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiн болған жағдайда ғана тағайындалады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді бірінші сатыдағы соттар қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген апелляциялық шағымдар немесе наразылық бойынша қылмыстық істі қараған кезде қарауы мүмкін.
Iстi сотта талқылау процесiнде мынадай мәселелер зерттелуi және шешiлуi тиiс:
1) қылмыстық заңмен көзделген әрекет орын алды ма;
2) iсi қаралып отырған адам әрекет жасады ма;
3) iсi қаралып отырған адам әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасады ма;
4) осы адам қылмысты жасағаннан кейiн жаза тағайындау және оны орындау мүмкiн болмайтын психикасы бұзылумен ауырды ма;
5) адамның дерттi психикасы бұзылуы оның өзi немесе басқа адамдар үшiн қауiптi ме не оның өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiн тудыра ма;
6) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылуға тиiс пе және нақ қандайы.
Егер қылмыс жасағаннан кейiн оның психикасы бұзылып ауруының салдарынан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамды психиатр дәрiгерлер комиссиясы сауыққан деп таныса, онда сот мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асырушы медициналық ұйым қорытындысының негiзiнде осы Кодекстiң 453-бабының 9-тармағына және 454-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдануды тоқтату туралы қаулы шығарады және iстi анықтау немесе алдын ала тергеу жүргiзу, осы адамды айыпталушы ретiнде тарту және iстi жалпы тәртiппен сотқа беру туралы мәселенi шешедi. Медициналық ұйымда өткiзiлген уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi.

Адам бас бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғау қағидаларының, кінәсіздік презумпциясы қағидаларын Контитуциялық қағидалар ретінде қарастырыңыз.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселесіне үлкен мән берілген. Өйткені, халықаралық құкықтың жалпы жұрт таныған принциптеріне сәйкес, азаматтардыңөз мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуі - істі дұрыс шешудің ең әділ жолы ретінде қаралады. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп көрсетілген: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар». Бұл принципке арналған ҚПК-нің бабы бойынша:

1.Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар.

2.Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңмен көзделген істің соттылығы өзгертіле алмайды.

3.Мемлекет заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша жәбірленушіге сот төрелігіне қол жеткізуін және келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау принципін жария етумен қатар, оны қамтамасыз етудің кепілдіктерін де көздейді. Ол кепілдіктердің қатарына мыналар жатады:

—Қазақстан Республикасының заңмен белгіленген жалпыға бірдей қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесінің болуы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау — қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің түрі ретінде қаралуы;

—іске қатысушы азаматтардың өз мүдделерін қорғауға қажетті заңмен белгіленген құқықтарының болуы және олардың өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін қылмыстық іс жүргізу органдарының жағдай жасауға міндеттілігі;

—қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде заңда баян етілген демократиялық бағыттағы принциптердін, басшылыққа алынатындығы және қылмыстық іс жүргізу органдарының ол принциптерді қатаң сақтауға міндетті болуы.

Мәселен, қылмыстан зардап шеккен әрбір адам қылмыстық ізге түсу органына арыз беру арқылы қылмыс жасаған адамның жауапқа тартылуын талап ете алады. Егер өкілетті орган қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартатын болса немесе бұл орган басқа түрге заңның талаптарын бұзатын болса, онда жәбірленуші ол жөнінде сотқа шағымдануға құқылы. Ал, қылмыстық істі сотта қарау кезінде жәбірленуші өзі немесе өкілі арқылы қылмыс жасаған адамға тағылған айыптауды қолдап, қылмыстық салдарынан тиген зиянның өтелуін талап ете алады. Осындай құқықтарын қолдана отырып, жәбірленушінің сот арқылы занды мүдделерін қорғауы қамтамасыз етіледі.

Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының сәйкес келетін ҚІЖК-нде тұжырымдалып жазылған:

1) адамның қылмыс жасағандығы ҚІЖКте көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады; 2) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 3) айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмеген күдік оның пайдасына қаралады (түсіндіріледі); 4) айыптау үкімін болжамдауға негіздеуге болмайды және үкім шындыққа жататын дәлелдемелердің жиынтығымен расталуы тиіс.Кінәсіздік презумпциясы принципіне сәйкес қылмыстық іс жүргізудегі «айыпталушы» және қылмыс жасауға «кінәлі адам» — бірдей ұғымдар емес. Яғни, алдын ала тергеу жүргізудің барысында айыпталушы ретінде жауапқа тартылған адамның қылмыс жасауға кінәлі немесе кінәсіз екендігін тек сот қана шешеді. Егер бұл адамнын, кінәлі екендігі сотта қылмыстық істі қарау-дың нәтижесінде дәлелденіп, ол жөнінде айыптау үкімі шығарылған болса, онда осы үкім занды күшіне енгеннен кейін бұл адам қылмыскер ретінде қаралады. Ал бұған дейін, заңда көрсетілген айыпталушыға (сотталушыға) қолданылатын шектеулерді қоспағанда, оның жалпыға бірдей конституциялық құқықтары сақталады және айыпталушы басқа азаматтар сияқты өзінің конституциялық құқықтарын қолдана алады.

10.Қылмыстық істі бөлудің және қылмыстық істерді біріктірудің негіздерін анықтай отырып процессуалдық сипаттамасын беріңіз. Біріктіруге болмайтын істерді анықтаңыз.

Бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайласып жасаған бірнеше адамға қатысты қылмыстық iстер, бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты істер, сондай-ақ осы қылмыстарды күнi бұрын уәде бермей жасырғандығы немесе олар туралы айтпағандығы үшін күдік келтірілетін, айыпталатын адамға қатысты істер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрілуi мүмкiн. Күдікті анықталмаған, бірақ бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бір адам немесе адамдар тобы жасады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайларда да қылмыстық істерді біріктіруге жол беріледі. Қылмыстық істердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде жүргізіледі. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және қорғаушы тарапқа жіберіледі. Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi уақыты бойынша бiрiншi қылмыстық iс жүргізу басталған күннен бастап есептеледi. Егер бiрiктiрiлген iстердiң бiреуi бойынша бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау не үйқамақ қолданылса, тергеу мерзiмi көрсетілген бұлтартпау шаралары қолданылған істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап есептеледi.Қылмыстық процеске қатысушылардың құқығы адамдарға өздеріне қатысты бiрiктiрiлген iстер бойынша ғана тиесiлi болады.

Сот, қылмыстық қудалау органы қылмыстық iстен: мемлекеттiк құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшiн негiздер өздеріне қатысты болатын, бiрақ басқа күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты емес жекелеген күдіктілерге немесе айыпталушыларға; ересектермен бiрге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған күдіктіге немесе айыпталушыға; қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын жекелеген анықталмаған адамдарға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстегі«Іс бойынша сот ісін жүргiзудi тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу»көзделген басқа да жағдайларда; прокурор процестік келісім жасасқан күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты басқа қылмыстық iстi жеке іс жүргiзуге бөлектеп алуға құқылы.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе күзетпен ұстау мерзiмдерi аяқталып келе жатқан көп эпизодты қылмыстық iстi тергеп-тексеру жағдайында тергеушi, анықтаушы, анықтау органы күдіктену бөлiгiнде тергеп-тексеру жан-жақты, толық және объективті жүргiзiлді деп тани отырып, iстiң бiр бөлiгiн, егер бұл iстiң қалған бөлiгiн тергеп-тексеруге және қарауға кедергi келтірмесе, сотқа жіберу үшiн жеке iс жүргiзуге бөлектеп алуға құқылы.

Мына жағдайларда: әртүрлі адамдарға қатысты бірдей күдіктенулер, айыптаулар; жекеше айыптау ісі қаралып жатқан жағдайлардан басқа, бір-біріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адамдарға қатысты күдіктенулер, айыптаулар; біреуі бойынша қылмыстық қудалау–жекеше тәртіппен,ал екіншісі бойынша-жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын істер; бірге қаралуы істі объективті қарауға кедергі келтіруі мүмкін барлық басқа да күдіктенулер, айыптаулар бір іс жүргізуге біріктірілмеуге тиіс.

11. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау, жариялылық және қылмыстық іс бойынша өндірістің тілі қағидаларының құқықтық мазмұны.

Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады. Алқаби дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнің iшкi сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол ар-ожданды басшылыққа алады.Ешқандай дәлелдемелердiң күнi бұрын белгiленген күшi болмайды.

Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады. Алқаби дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнің iшкi сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол ар-ожданды басшылыққа алады. Ешқандай дәлелдемелердiң күнi бұрын белгiленген күшi болмайды.

Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады. Iс бойынша iс жүргiзiлетін тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi түрде бiлмейтiн iске қатысатын адамдарға ана тiлiнде немесе өздері бiлетiн басқа тiлде мәлімдеме жасау, түсiнiктемелер және айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеу, шағымдар келтіру, iс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу, осы Кодексте белгiленген тәртiппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдарға істің олар үшiн қажеттi, басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiне аудару тегiн қамтамасыз етiледi. Сот процесiне қатысатын адамдарға сотта айтылғандардың басқа тiлде болған бөлiгiнiң сот iсiн жүргiзу тiлiне аудармасы өтеусіз қамтамасыз етiледi. Қылмыстық процесті жүргiзетін органдар процеске қатысушыларға осы Кодекске сәйкес оларға сот iсiн жүргiзу тiлiнде табыс етілуге тиiс құжаттарды табыс етеді. Бұл ретте қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiн бiлмейтiн адамдар үшiн құжаттардың сот iсiн жүргiзудiң осы адамдар таңдаған тiлiнде жазылған, куәландырылған көшiрмесi қоса беріледi.

12. Алқабилер құрамында қылмыстық істерді сотта қараудың ерекшеліктері.

Алқабилер қатысатын бүкiл сот талқылауы барысында мемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнің, сотталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ процестiң басқа да қатысушыларының осы iстi қарауға қатысатын алқабилермен белгiленген тәртiптен бөлек қарым-қатынас жасауына тыйым салынады. Судья алқабилердi дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректермен таныстыруға тиiс емес. Егер сот талқылауы барысында дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректер табылса, төрағалық етушi оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы мәселенi алқабилер жоқ кезде шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда, олардың заңдық күшi жоқ деп, ал оларға жасалған зерттеудi жарамсыз деп тануға және алқабилерге шешімдер қабылдау кезінде оларды ескермеуін түсіндіруге мiндеттi.

Мемлекеттiк айыптаушы айыптау актісінің қарар бөлiмiн жария еткен кезде сотталушының сотталғандық фактiлерi туралы еске салуға құқылы емес.
Алқабилер төрағалық етушi арқылы сотталушыға, жәбiрленушiге, куәларға және сарапшыларға осы адамдардан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақтар қоюы мүмкін. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жазып, төрағалық етушiге бередi.Төрағалық етушi сұрақ қойған алқабиге өзiнiң бас тарту уәжiн хабарлай отырып, өзі iске қатысы жоқ, сондай-ақ жетелеуші немесе тiл тигiзу сипатында деп есептейтін сұрақтарды қабылдамауға құқылы.Тараптар алқабилер алқасының қатысуынсыз, судья бұрын iс талқылауынан алып тастаған дәлелдемелердi, бұл ретте олардың мәнiн баяндамай-ақ зерттеу туралы өтiнiшхат беруi мүмкiн. Судья осындай өтiнiшхатқа байланысты iс бойынша сот талқылауына қатысушылардың пiкiрiн тыңдауды алқабилер жоқ кезде жүргiзедi.Төрағалық етуші қабылдайтын, көрсетілген шаралар туралы сот отырысының хаттамасына тиісті жазба жасалады.
Сотталушының бұрынғы сотталғандығына байланысты, оны құнықпа маскүнем немесе нашақор деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердiң сотталушыға қатысты терiс түсiнiгiн туғызуға ықпал ететін өзге де мән-жайлар алқабилердің қатысуынсыз зерттелуге тиіс.

Сот тергеуi аяқталғаннан кейiн алқабилер қатысатын сот тараптардың жарыссөзiн тыңдауға көшедi. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады. Жарыссөздiң әрбiр бөлiгiнде сөз сөйленiп болысымен жарыссөзге қатысушылардың бәрiнiң реплика айтуға құқығы бар. Соңғы реплика айту құқығы қорғаушыға тиесiлi. Сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi. Жарыссөз аяқталғаннан және сұрақтар тұжырымдалғаннан кейiн судья және негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi. Кеңесу бөлмесiнде судья мен алқабилерден басқа, өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Төрағалық етуші алқабилердің кеңесу бөлмесінен шығуына болатын, сондай-ақ жұмыс уақыты аяқталған соң келесі күні ол басталғанға дейін демалыс үшін үзіліс жариялауға құқылы. Демалыс және мереке күндеріне байланысты үзіліс жасауға жол берілмейді. Төрағалық етушi алқабилер кеңесiне басшылық етедi, шешiлуге жататын сұрақтарды рет-ретімен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс берудi және дауыстардың есебiн жүргiзедi. Алқабилер қойылған сұрақтарға байланысты өздерiнде туындаған түсiнбеушiлiктер бойынша төрағалық етушiден кеңесу бөлмесiнде түсiндірме алуға құқылы. Судья мен алқабилердiң дауыстары тең. Алқабилер мен судьялар сұрақ парағында қойылған сұрақтардың әрқайсысы бойынша негізгі, одан кейін қосымша сұрақтарға сол тәртіппен рет-ретімен дауыс береді. Алқабилер мен судьяның жауаптары бар бюллетеньдер қылмыстық iсте сақталатын конвертке салынып, желiмделедi. Үкiмді төрағалық етушi шығарған кезде үкiмнiң кiрiспе бөлiгiнде алқабилердiң тегi көрсетiлмейдi.

Наши рекомендации