Негізгі сұрақтар. 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының кайнар көздерінің ұғымы мен түрлері.

1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының кайнар көздерінің ұғымы мен түрлері.

2. Қылмыстық іс жүргізу нормалары, олардың түсініктері, негізгі белгілері, Қылмыстық іс жүргізу нормаларының негізгі түрлері. Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы.

3. Қылмыстық іс жүргізу занының уақыт тұрғысында, кеңістікте және тұлғаларға қатысты қолданылуы.Қылмыстық іс жүргізу занының аналогия бойынша колданылуы. Қылмыстық іс жүргізу реттеу механизмдегі сендіру, мәжбүрлеу және жауапкершілік. Қылмыстық сот ісін жүргізудің имандылық бастаулары.

4. Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктерінің түсінігі, олардың маңызы мен түрлері. Қылмыстық іс жүргізу функциялары, олардың түрлері мен қарым қатынастары.

5. Қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесі: қылмыстық істерді тергеу функциясы, қылмыстық ізге түсу функциясы, прокурорлық кадағалау функциясы, қорғау функциясы, қылмыстық істерді қарау мен шешу функциясы.

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы деп заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы мемлекеттік өкілді орган (Парламент) қабылдаған және қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі мен мазмұнын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жиынтығын айтамыз. Бұл құқықтық актілер Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, соның ішінде 1994 жылдың 12 ақпанында бекітілген құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қалыптасты. Бұған дейін қолданылып келген Қазақ КСР-ы заңдарының ережелері ескіріп, олар Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған демократиялық идеялар мен құқықтық мемлекет құру қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа құқықтық саясатына қайшы келетіндігі көрінді. Яғни, Кеңес Одағы ыдыраған кезден бастап, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру қажеттігіне байланысты Қазақстанда жаңа қылмыстық іс жүргізу зандарының жобаларын дайындау жұмыстары басталған болатын.

Заңнаманың ерекше маңызы онда қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйеленіп тұжырымдалатын болғандықтан, ол қылмыс іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына жататын құқықтық актілер ҚІЖК-нің 1-бабында көрсетілген. Осы бапта жазылғандай, Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Бұл зандармен қатар, қылмыстық іс жүргізу кезінде өзгеде зандарды қолдану қажет болатындығы жөнінде осы бапта жазылған. Осы айтылғандарға сәйкес, қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдар, олардың басым күшіне қарай, мынадай бірнеше деңгейге бөлінеді:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы — ең жоғарғы күші бар және тікелей қолданылатын заң.

2.Конституциялық заң. Атап айтқанда, 2000 жылғы 25 желтоқсанда шыққан «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң қылмыстық сот ісін жүргізу саласында қолдануға жатады.

3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Бұл кодекс пен конституциялық заң ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылуға тиіс (ҚІЖК-нің 2-бабының 2-бөлігі).

4.Өзге зандар. Өзге зандар мен ҚІЖК-і ережелерінің арасында қайшылық кездесетін болса, ондай жағдайда Кодекстің ережелері қолданылады (2-баптың 2-белігіне сәйкес). Бұл топқа Қазақстан Республикасының мына зандары жатқызылады: Қазақстан Республикасының прокуратурасытуралы (1995 жылғы 21 желтоқсандағы), Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы (1995 жылғы 21 желтоқсандағы), Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы ( 1995 жылғы 21 желтоқсандағы), Жедел-іздестіру қызметі туралы-(1994жылғы 15 қыркүйектегі), Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы (1995 жылғы 20 шілдедегі), Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы (1998 жылғы 26 маусымдағы), Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы (2000 жылғы 5 шілдедегі), Адвокаттық қызмет туралы (1997 жылғы 5 желтоқсандағы), Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы (2002 жылғы 4 шілдедегі), Әділет органдары туралы (2002 жылғы 18 наурыздағы), Алқабилер туралы (2006 жылғы 16 қаңтардағы) және т.б.

Жоғарыда аталған зандарды олардың басым күшіне қарай дәрежелеумен қатар, ол зандардың қылмыстық іс жүргізу саласында қолдану көлемі жөнінде де айту қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу тәртібі толығымен ҚІЖК-нің нормаларымен реттелетіндігін біле отырып, басқа зандардың бұл салада кейбір жеке мәселелер бойынша қолданылатындығын ескеру керек. Мәселен, қылмыстық іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясымен айқындалады деген ереженің жазылу себебі — Конституцияда сот төрелігін атқарудың принциптері және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілдіктері көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңнын нормаларын қылмыстық істердің бірінші саты, апелляциялық және қадағалау сатыларының соттарында қара-латындығына байланысты қолдану қажет болады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері аталған зандармен шектелмейді. Бұлай айтуға Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормасы негіз болады. Осы баптың 1-бөлігінде барлық құқық салаларына ортақ мынадай ереже жазылған: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық — Конституцияның, оған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Осы кснституциялык нормаға сәйкес ҚІЖК 1-бабының 2-бөлігінде былай деп көрсетілген: Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгеде міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотынын қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының және КІЖК І-бабының негізінде, қылмыстык іс жүргізу құкығының қайнар көздерін мынадай топтарға бөлу олардың сипаты мен иерархиялық құрамына (жоғарыдан темен) сәйкес келеді:

—Қазақстан Республикасы Конституциясы;

—Конституциялық заң, ҚІЖК және өзге заңдар;

—Халықаралық шарттар (бұлар жөнінде ҚІЖК 2-бабының 3-бөлігінде жазылған ереже ескерілуге тиіс: Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың ҚІЖКтен басымдылығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет екендігі айтылған жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады);

—Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібіне байланысты мәселелер бойынша нормативтік қаулылары;

—Өзге нормативтік құкықтық актілер.

Аталған құқықтың қайнар кездерінің ішінде қазіргі құқықтық саясатқа байланысты өзгерістерге жататын нормативтік актілердің түрлеріне тоқталайық. Мәселен, құқықтың қайнар көздеріне Конституциялық Кеңестін және Жоғарғы Соттың қаулыларын жатқызу бұрынғы Кеңес Одағы кезінде болмаған. Ал қазіргі конституциялық норманың негізінде Қазақстан Рес-публикасы Жоғарғы Соты қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқық қолдану тәжірибесіне сүйене отырып көптеген нормативтік қаулылар қабылдағаны белгілі. Олардың ішінде: Сот үкімі туралы (2002 жылғы 15 тамызда қабылданған); Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Қылмыстык істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін сот-тардың сақтауы туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу, үйде қамап ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі санциясына сотқа шағымдану туралы (2003 жылы 20 наурызда қабылданған); Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірбиесі туралы (2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған); Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған); Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған), Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу зандарының нормаларын қолдану туралы (2005 жылғы 23 желтоқсандағы), Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы (2005 жылғы 20 маусымдағы) және т.б. нормативтік қаулылар бар.

Өзге нормативтік құқықтық актілер қатарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің және басқа орталық мемлекеттік органдардың қау.лылары мен бұйрықтары, сондай-ақ олар бекіткен ережелер жатады. Осыған сәйкес, мысалы, қылмыстық іс жүргізу саласында қолданысқа жататын мына нормативтік актілерді айтуға болады: Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысна қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы, Қазақстан Рес-публикасы Ішкі істер министрінін, міндетін атқарушының 2005 жылғы 6 қазандағы, Қазақстан Республикасы Экономикалык қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 7 қазандағы — бірлескен бұйрығымен бекітілген: Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану туралы нұсқаулық; Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды қолдану туралы нұсқаулық және т.б.

2.Қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелетін қоғамдық қатынастар құқықтық нормалар түрінде тиянақталады және сондықтан заң құқықтық нормалардан құралады. Осыған байланысты процессуальдық құқықтық нормалар ұғымы және олардың құрылымы жөнінде сұрақ туындайды.

Процессуальдық нормалар деп қылмыстық іс жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында мемлекет белгілеген немесе мақұлдаған қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің мінез-құлық ережелерін айтамыз. Бұл ұғым жалпы құқық теориясында айтылатын құқықтық нормалар ұғымына сәйкес келеді және процессуальдық нормалар өзге құқықтық нормалар сияқты сипатталады. Яғни, процессуальдық нормалар:

1)нормативтік құқықтық актілерде тұжырымдалып баян етілген;

2)олардың орындалуы тиісті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, мемлекеттік емес ұйымдар және азаматтар үшін де міндетті;

3)олардың орындалуы қажет болған жағдайларда еріксіз көндіру амалдары арқылы қамтамасыз етіледі.

Процессуальдық нормалар өзге құқық салаларының нормаларынан пәні бойынша ерекшеленеді. Бұл нормалар құқық қорғау органдарының іс жүргізу қызметін реттейтін болғандықтан, оған қатысатын субъектілердің құқықтары мен міндеттерін баян ету арқылы олардың мінез-құлық ережелерін белгілейді. Сөйтіп, процессуальдық нормалар қылмыстық іс жүргізу қызметімен қатар осы саладағы қоғамдық қатынастарды да реттейтіндігі айқын болып табылады.

Қылмыс іс жүргізу саласындағы қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеудің бірнеше амалдары бар. Ол амалдарға мыналар жатады: міндеттеу, құқықтандыру және тыйым салу. Осы амалдарға сәйкес келетін процессуальдық нормалар міндеттеу, құқықтандыру және тыйым салу нормалары деп аталады. Мысалы, ҚІЖК-нің 36-бабына сәйкес, қылмыстық ізге түсу органы қылмыстын, белгілерін тапқан әрбір жағдайда өз құзыреті шегінде қылмысты ашуға, қылмыс жасауға кінәлі адамды анықтауға, оны жазалауға, сондай-ақ кінәсіз адамды ақтауға қажетті заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға міндеттелген. Қысқаша түрде «процессуальдық нормалар» деп те айтамыз. Ал құқықтандыру нормалары қылмыстық процесс субъектілерінің заңға сәйкес өз құқықтарын колдану, сондай-ақ іс-әрекеттер жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, айыпталушының қандай қылмыс жасағандығы жөнінде айыпталатындығын білуге, қорғаушы алуға, дәлелдемелер тапсыруға және т.б. құқықтары бар. Тыйым салу құқықтық нормаларының мысалы: тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға жол берілмейді (ҚІЖК-нің 201-бабының 4-белігі). Қорыта айтқанда, осындай құқықтық амалдарды қолдану арқылы қылмыстық іс жүргізу саласында туындайтын қатынастар заң актілерімен реттеледі.

Процессуальдық қатынастардың реттелу механизімін ұғыну үшін жоғарыда айтылған амалдармен қатар процессуальдық нормалардың құрылымын білу қажет. Бұл құқықтық нормалар өзге құқық салаларының нормалары сияқты үш мүшеден (элементтерден) тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.

Процессуальдық норманы және оның құрылымын заңның баптарынан ажырата білу қажет. Яғни, процессуальдық норма заңның бабымен тепе-тең болмайды. Сондықтан, заңның әр бабында оған сәйкес құқықтық норманың барлық элементтерінін, бірдей қамтылуы міндетті емес. Мысалы, ҚІЖК-нің 1-бабында қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі қандай зандармен ретте-летіндігі баян етілген. Бұл бапта процессуальдық норманың гипотезасы (қылмыстық іс жүргізу кезінде) және диспозициясы (ҚІЖК қолданылады) бар, ал санкциясы көрсетілмеген. Алайда, бұл норма бұзылған жағдайда, оған байланысты қолданылатын санкция жоқ емес. Ол санкцияны ҚІЖК-нің жүйесінің негізінде анықтай аламыз. Мәселен, алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші заңның талаптарын бұзған болса, онда прокурор занда көрсетілген шаралардың бірін қолдануы тиіс. Ондай жағдайдағы прокурор қолданатын шара — процессуальдық санкция болып табылады. Осы айтылғандай, басқа да процессуальдық нормалар бұзылған жағдайларда қандай санкция қолданылуға тиіс екендігі ҚІЖК-нің негізінде анықталады.

Процессуальдық санкциялардың түрлерін басты екі топқа бөлуге болады: 1) сотқа дейінгі іс жүргізу стадияларында қолданылатын санкциялар; 2) сотта іс жүргізу стадияларында қолданылатын санкциялар.

Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қолданылатын процессуальдық санкциялардың мынадай түрлері бар: біріншіден, зандылықтың сақталуын қадағалауына байланысты прокурор қолданатын шаралар (тергеушінің заңсыз қаулысын бұзу, оны іс жүргізуден босату, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару); екіншіден, судьяның қылмыстық ізге түсу органдарының шешімдеріне берілген шағымдарды қарап, олардың қаулысын бұзуы, сондай-ақ прокурорға заңның бұзылуын жоюды міндеттеуі.

Сотта іс жүргізу стадияларында қолданылатын санкциялардың түрлеріне мыналар жатады: бірінші саты сотының қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруы; апелляциялық саты сотының заңды күшіне енбеген үкімді бұзып, істі бірінші саты сотының жаңадан қарауына жіберуі немесе қосымша тергеуге жіберуі, немесе үкімді өзгертуі; қадағалау саты сотының занды күшіне енген төменгі саты соттарының үкімдерін (қаулыларын) өзгертуі немесе үкімді және бұдан кейін шығарылған соттың шешімдерін бұзып, істі бірінші саты сотының жаңадан қарауына жіберуі және т.б. Бұл аталған процессуальдық санкциялардың маңызы — оларды қолдану арқылы қылмыстық істі жүргізуге қатысушы адамдардың (ұйымдардың) бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ қылмыстық процестің заңдарды дұрыс қолдану міндетін орындау қамтамасыз етілуге тиіс.

Наши рекомендации