Орытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында өткізіледі. 1 страница
Сұрақтарға жауап беру (оқу материялын арқау ете отырып).
Мектепте әдебиет пәнін оқытуда жоғарыда айтылған әдіс-амалдардың қай-қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материялының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады.Бұлардың қай-қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет мұғалімінің билігіне беріледі.
Мектептегі басқа оқу пәндері сияқты әдебиетті оқытудағы жетекші принцп пен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар кластағы және одон тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процесте мұғалім мен оқушылардың барлық жұмыс түрлерін жандандырып отыуына негізделеді. Бұл принцпті жүзеге асыру үшін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатына, құрылысы мен мазмұнына сәйкес тиімді, қолайлы деп тапқан негізгі және көмекші әдіс-амалдардың түрлерін қолданады. Мұғалім әдебиет сабағындағы басты тұлға болғандықтан, оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып, оқу-тәрбиелік процесті творчестволық өнерпаздықпен, белсенділікпен өткізуі тиіс. Сабақтың сапалы, нәтижелі болып өтуіне мұғаліммен бірге оқушылар да елеулі рөль атқарады. Мұғалім үнемі айтушы, көрсетуші, түсіндіруші де, ал оқушылар тек көруші, тыңдаушы, орындаушы ғана емес. Кластағы оқушылар коллективі-үлкен күш. Осы коллективті сабақтың барысында дұрыс ұйымдастырып басқару, дұрыс арнаға салып, айқын бағыт беріп отыру, оның сарқылмас күш-жігерін, тілек-мүддесін орнымне пайдалана білу, сөйтіп, олардың сабаққа белсенділік шабытпен қатысып, араласып отыруын қамтамасыз ету әдебиет ұстазынан үлкен еңбекті, асқан шеберлікті талап етеді.
Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар. Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндерінде, әсіресе гуманитарлық пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысылы, көркем сөз тексін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отыып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау, т.б.
Ғылыми-әдістемелік бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларын әдеби шығармалар арқылы тәрбиелеу, дамыту, олардың жеке басының жағымды әрекеттерін қалыптастыруда шығарманы, яғни көркем мәтінді оқып түсіндіру, әңгімелету т.б. әдістерін қолдану, баланы әдеби кейіпкерлердің іс әрекетін байыптап, бағдарлай білуге үйретуді ұсынады. Көркем шығарманы кейіптендіруге баса назар аударып, оны шығармашылыққа баулитын ойын әрекеттерін ұйымдастырумен қатар, оқушыларды шығарма кейіпкерімен жете таныстырып, оның іс әрекетіндегі жағымды, жағымсыз жақтарын түсінуге, өз бетімен қарапайым қорытынды жасауға баулу қажет.
Көркем әдебиет – баланы зерделі, зейінді болып өсуге тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Көркем әдебиеттің мақсаты оқушының жеке тұлға ретіндегі өмірге көзқарасын қалыптастырып, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттырып, салт дәстүрмен таныстырып, ұлттық сна сезімін дамытып, шығармашылыққа, көркемдік талғампаздыққа баулу болып саналады. Ол үшін мынадай міндеттерді айқын шешу көзделеді:
- балалардың көркем шығарманы тыңдауға деген қызығушылығын ояту және оның мазмұнын түсінуге, кейіпкердің көңіл-күйін сезіну, образға енуін қамтамасыз ету;
- көркем шығарманы әңгімелеуде балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз ойын еркін жеткізуге баулу;
- оқушылардың шығарманы өзінің шығармашылығымен аяқтауға, өзінің пікірін дәлелдей білуге үйрету;
- шығарма мазмұнын жете түсіндіріп, үлкендер еңбегін құрметтеуге, өзінің туған жерін, елін, Отанын сүюге, адамгершілік сапаларды меңгеруге, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін, көркемдік талғамын, достарымен, үлкендермен оң қарым қатынас жасай білуін және мінез құлық нормаларын қалыптастыру;
- оқушыларды көркем шығарма мазмұнын өмірмен байланыстыра білуге және күнделікті тұрмыста қажетіне қарай пайдалануда белсенділікке баулу.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін арнайы әдіс тәсілдерді іріктеп алған дұрыс. Соның негізінде мынадай әдістемелік жұмыстар жүргізіледі:
- Сурет бойынша әңгімелеу немесе әңгіме құрастыру әдістемесі;
- Әдеби шығармаларды тыңдату, әңгімелету әдістемесі;
- Әдеби шығармаларды кейіптендіру әдістемесі;
- Көркем шығармаға, картинаға, суреттерге түсініктеме, әңгіме құрату әдістемесі;
- Мәтінге жуық әңгіме құрату әдістемесі;
- Шығармашылықпен әңгіме құрастыру әдістемесі.
Аталған әдістемелерді жүзеге асыруда төмендегі әдістерді пайдаланудың маңызы зор:
Проблемалық мазмұндау. Бұд әдісті пайдалану оқушыларға белгілі
бір түрдегі проблемаларды шешу тәсілдері мен логикасын игеруге, сондай – ақ оларды өз бетінше қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан аталған әдіс күрделі оқу сұрақтарын оқығанда пайдаланылады. Мұғалім кез-келген құралдарды пайдалануы мүмкін: сөз ( логикалық талдау), кітап мәтіні, кестелер, кинофильмдер, магниттік жазбалар т.б. Оқушылар бұл әдісте дайын ақпаратты тек қабылдап, мойындап және есте сақтап қана қоймайды, сонымен қатар дәлелдемелердің логикасын, мұғалімнің ойының қозғалысын қадағалайды. Мұғалімнің тартымды, өткір сюжетті әңгімесі оқушыларды ізденіс әлеміне жетелейді, оларды жаңалық ашуға қатыстырады, ойлауын жеделдетеді, пәнге қызығушылығын арттырады. А.П.Минаков бұл әдіс туралы бұлай жазады: « ... Шындықты іздеген, бұралаң жолдардан адасқан адам ойын бақылай отырып, олар барлық болмысымен осындай ізденістердің қажеттігін, маңызын және қиындығын сезінеді, олар ғылым классиктері ойларының күші мен тапқырлығына қызыққанда ғана идеяларды пайымдауға кіріседі».
Проблемалық мазмұндау әдісі ол ғылым тарихының қызықты материалын жай тарту ғана емес. Тарихи мәліметтердің, бір – біріне қарама – қарсы гипотезаларды ұсынудың, әр түрлі ұстанымдарды ашу, ғылымның « ақ таңдағы» туралы әңгіменің көмегімен оқушылар таным диалектикасына тартымды және ғылыми әдістемеге қосылады. Проблемалық мазмұндау әдісі оқытудың барлық сатыларында табысты қолданылады, бірақ оған жүгінудің мүмкіндігі мен оның әсері жоғары сыныптарда өте жоғары.
Ішінара ізденістік әдіс. Бұл әдіске проблеманың шешімін іздестіру тәсілін мұғалім анықтайды, ал жекелеген сұрақтардың шешімдерін оқушылар табады. Педагогикалық ғылым 20-жылдардың өзінде оқытудың осындай әдістерін пайдалануға назар аударды, дәл осы кезде озық ойлы ғалымдар мен практиктер сыныптан тыс жұмыста өз бетінше білім алу әдісін енгізуге әдеттенді. әйтсе де сол уақыттың әлеуметтік жағдайлары ондай әдістердің дамуына мүмкіндік бермеді, өйткені идеология процесін тек қана белгілі бір ақпаратты дайын күйінде жеткізуге әкелді.
Эвристикалық сұхбат әдісі оқытудың жиі іздестіру әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізіне репродуктивті сұхбат әдісіндегідей оқытудың сұрақ – жауап түрі жатады. Егер репродуктивті сұхбат білімді қайталау және пайымдауға бағытталатын болса, эвристикалық оқушының жаңа білімді өз бетінше іздестіруін көздейді. Сыныпты –сабақтық жүйесіндегі бұл ізденіс көбіне шамалы болады, өйткені көптеген оқушылар проблемалық сұрақтарды, көптеген сыныптастары оған жауапты тез қайтаруына байланысты пайымдап үлгере алмайды. Сондықтан да мұғалім проблемалық сұрақты көбінесе ұзақ іздестіруге бағыттамайды.
Зерттеулік әдіс. Бұл оқушыларды жаңа міндеттерді шешудегі шығармашылық қызметін ұйымдастырудың тәсілі. Оқушылар оны орындағанда ғылыми танымның элементтерін ( проблемаларды тану, гипотезалар ұсыну, оны тексеру жоспарын құру, қорытынды жасау, т.б) өз бетінше иемденуі керек. Бұл әдістің алдыңғы екеуінен басты ерекшелігі оқушыларды проблемаларды тануға, өз бетінше міндеттер қоя білуге үйретуінде. Зерттеулік әдістерді қолданылып атқарылатын тапсырмалар өздеріне өз бетінше зерттеу процесінің барлық элементтерін (міндеттер қою, негіздеу, болжау, қажетті ақпарат көздерін іздестіру, міндеттерді шешу процесі) жинақталуы керек. Бұл әдісті пайдаланғанда оқытудың сөз, көрнекілік, практикалық жұмыстар сияқты дәстүрлік құралдары қолданылады.
Оқытуды ұйымдастыру формалары
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізігі формасы
Оқу жұмысын ұйымдастырудың сынып – сабақ жүйесінің ең негізгі компоненті (құрамдас бөлігі) – сабақ болып табылады.
Белгілі педагог И.П.Подласыйдың анықтауынша, «Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі».
Ал И.Ф.Харламов «Сабақ- ол ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән деп анықтайды.
Сабақ классификациясы - сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу.
Сабақты жіктеу - әрбір пәннің еркшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылады.
Бүгінгі педагогикалық зерттеулерде сабақты классификациялаудың ортақ пікірі әлі де толық қалыптаспаған.
Сабақтың жіктелуі зерттеушілердің пікірінше төмендегідей:
И.Н. Казанцев | С. В. Иванов | Б.П.Есипов, Данилов |
Оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсаттары, өткізу әдістеріне байланысты бөлді. | Оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай бөлді | Негізгі дидактикалық мақсаттарға байланысты бөлді |
4-тақырып. Сауат ашу әдістемесі
Дәріс жоспары:
1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым. Сауат ашу кезіндегі талдау-жинақтау әдісі.
2.Сауат ашу жұмыстары.
3.Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшелігіне қойылатын педагогикалық талаптар.
4.Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым. Сауат ашу кезіндегі талдау-жинақтау әдісі.
«Сауат ашудың негізгі мақсаты — оқу, жазу дағдысының негізін қалау; балаларды тындауға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстык, құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, сонан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту».
Қандай пән болмасын оны оқытудың ойдағыдай іске асуы сауат ашу жұмысының нәтижесіне байланысты. Сондықтан бір жылда ма, екі айда ма, үш айда ма әйтеуір оқушы толық сауаттанып шыққанда ғана сауат ашу әдістемесінің мақсатына жеткені деп есептеуге болады.
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізіне олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласы — фонетика болып табылады.
Адам баласының тілі — дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары — әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер — дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі: 1) қатынас құралы; 2) пікір алысу құралы; 3) танымдық құрал; 4) ойлау құралы болмас еді.
Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасады.
Тілдің дыбысталу жағы — сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. "Сөздік пен грамматикалык құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын", оның физикалық формасын құрайды деуге болады.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі дыбыс арнаулы бір сөздің құрамында қолданылуымен шектеліп қалмай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, абстракцияланады. Бұған дәлел — дыбыстардың барлық сөздерде кездесетіндігі.
Тілдегі лексикалық, грамматикалық құбылыстар тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық құбылыстармен әрдайым байланыста, қарым-қатынаста, яғни бір дыбыс тіркесімен айтылады.
Сонымен тілдің барлык жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдерін және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстарды фонетика зерттейді. Фонетика лексикамен, грамматикамен, морфологиямен, синтаксиспен байланысты болады.
Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді.
Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру — ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді кажет етеді.
Бұрын жазуы болмаған халықтардың алфавиті мен графикасын жасау, сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру мәселелері фонетикаға негізделе отырып шешіледі. Тілдің орфографиялык нормасы да фонетиканың басты мәселелерінің бірі болып салады.
Шет тілді оқып үйрену де, ең алдымен, сол тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғатын танып білуден басталады. Шет тілді оқытуда ондағы дыбыстардағы ерекшеліктер ана тіліндегі дыбыстармен салыстырыла үйретіледі. Шет тілді оқытуда да фонетика әдістерін қолданады. Бұл әдіс шет тілдегі дыбыстар мен сөздердің, сөз тіркестерінің айтылуын үйретіп, саналы түрде меңгерту үшін, шет тілі мен ана тілінің артикуляциясын бір-бірімен салыстырып отыруды басшылыққа алады.
Фонетика ғылым ретінде жалпы және жеке фонетика болып бөлінеді. Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамдардың сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл дыбыстарының классификациясын, принциптерін белгілейді.
Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып, екіге бөлінеді. Бұлайша болу дыбыстардың буын құрау кызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз дыбыс буын құрай алмайды. Дауыстылар: а, о, о, о, е, ы, і, ү, ү , е, э, и, у. Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. "У" дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады (бау, тау т.б.); ендеше, "у" бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады.
Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде ауа: 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бірқалыпты шығады; 3) созып айтуға келеді. Ал дауыссыздарды айтқанда ауа: 1) кедергіге ұшырайды; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады; 3) созып айтуға келмейді.
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым — дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда бүкіл дыбыстау аппаратына жайылады да, жалпылама өтеді — деп, айқындаған болатын.
Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену — сауат ашу кезіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.
Мұғалім тілдің артқы тандайға қарай жайылуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, о, ы, ү), тілдің тандайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар (ә, ө, і, ү, е) шығатынымен таныстырады. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар — дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды (мысалы, "р", "с"). Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін ("д", "т"), кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен (п, б, м, ф, в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан (с, з), ал тілдің артық шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан (к, қ, ғ, х), жұтқыншақтың тарылуынан ("һ") дыбысының пайда болатынын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену — сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем кұрастырып, оз ойларын айтып беруге дағыдалана бастайды.
Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен белгіленетіндігін айтады.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленген 42 әріп бар. Олар: а, ө, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, і, ы , ү, ү, о, о, п , р, с, т, у, ф, х, һ, ц , ч, ш, щ, э, ю, я, ь (жіңішкелік белгі), ъ (жуандық белгі). Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е, я, ю, у, ц, ч, щ.
Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (гр. Созі огіһоз — тура, дұрыс, ероз — сөйлеу) деп аталады.
Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылық жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-біріне ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түңгі-түнгі, Амангелді- Аманкедді, Жампейіс-Жанпейіс, башшы-басшы, баралмай-бара алмай т.б.).
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп түрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді. Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен үяң дауыссыздар. Ең қиындары — қатаң дауыссыздар. Сондықтан да, оқу-жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң дауыссыздарды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашық буын) көбінесе жуан дауыстылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы.
Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды оқуға онша қиналмайды.
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ казақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөздер мен түйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т.б.).
Сөздің ауыспалы, келтіріңкі мағынада қолданылуы бірде метафора арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдсрі аркылы беріліп отырады. Метафора (гр.— теі, орога ауысу) — белгілерінің ұқсастығына қарай, сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті (Абай). Метонимия (гр.— теіопушіа атын ауыстыру) — заттың не құбылыстың атауы, екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы). Мысалы, Жүрегім менің қырық жамау (Абай. Синекдоха (гр.—sупеkdосһа) —бірге жобалап түсіну. Мысалы, Басың нешеу?
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс: 1) сөздің
мағынасын айту; 2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту; 3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту; 4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану; 5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздердің қолданылуын аңғарту.
Сауат ашудың негізгі әдісі талдау-жинақтау болып есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-жылдардан бері әдістемеші ғалымдардың зерттеу еңбектерімен толықтырылып, жетіліп келеді. Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен косып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.