Технологиялық карталар. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка»
Желтоқсан.
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Аязата, Қаршақыз» Мақсаты: Қыс кейіпкерлерімен танысу, Музыканы тыңдауға, ілесе айтуға шақыру,би ырғақтарын жасауға талпындыру. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Қуыршақ Аязата, Қаршақыз, кішкентай үстел, шырша, кішкентай шаналар, ленталар, шамдар. Сөздік жұмыс: Алақай, Аязата, Қаршақыз,шырша, аяз.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. | Балалардың іс – әрекеті. |
Мотивациялық- қоз ғаушылық. | Балаларды қарсы алу, амандасу. Б.Бейсенованың «Шырша жыры» әнімен, шеңбермен дөңгелен тұрып алақан қағуды жасату. 2 – шумақта ортаға адымдайды. Қайырмасынды орындарында тұрып екі қолын жоғары көтеріп секіреді. Балаларды жайғастырып отырғызып, қыс кейіпкелерімен кездесетіндерін айтады. | Балалар залға кіріп амандасады. Музыкамен жүруды, шапалақтарын ырғақпен қағуды қайталайды. Ортаға адымдау, кері қарай адымдауды , секіруді үйренеді. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Үстел үстінде әдемі кішкен шырша тұрады. «Шыршамызға арнаймыз»әнін айтып беру, балалардың көңіл – күйін көтеріп, сезімдеріне мән беріп, шапалақты ырғақпен қағудв сқрайды. Ойыншық шаналарды үстел үстіне қойып, қимылды ойынға шақыру. Халық әні: «Сәулем –ай»әуеніне салып, «Аяз ата сенбісің?»ойынын мәтініне қарай жасауды ұсынады, ойынның шартын ттүсіндіреді. Жетекші шырша түбіндегіқуыршақ Аязатаны шақырып, балалардығ көңілін соған аударады. Аязата: Балалар, балалалар неге шулап жатырсыңдар? Жетекші: Аязата амансызба? Бізбен ән айтып, би билеңіз. «Билейміз Аязатамен»(муз. Э.Фасхудинова, сөзін жазған Г.Абдрахманова) әніне балалардың шеңбермен жүріп билеуін ұсынады. Балалармен бірге шыршаны айналып жүру, кенет қуыршақ Қаршақызды көрсетіп, назарларын соған аударады. Қаршақыз: Балалар, мені тыңдаңдаршы мен Қаршақызбын. Сендермен танысайын, ойнайын деп келдім. Ойнайсыңдар ма? (Ақ ленталарды қыздарға ұсынады Қ.Қуатбаевтың «Көңілді би» әуенімен қимылдар жасауға шақырады). Аязата: Менің де сандықшамда ұлдарға әкеген сыйлығым бар. Педагог сандықшаның ішінен шамдарды алып, ұлдарға таратады, қолдарына ұстап тұруға үйретеді. «Шамшырақтар» әніне (муз А.Матамен, сөзін лайықтаған Г.Абдрахманова) қимылдар жасауды ұсынадыү | Балалар шыршаны көргендерін айтып естеріне түсіреді.Балалар әнді ілесе айтуға тырысады, ырғақты тыңдап, шапалақты қағуға тырысады.Балалар әуенмен қимылдар жасап, түсінуге тырысады. Балалар Аязатаға көңіл бөліп тыңдайды. Балалар амандасады. Шеңбермен жүреді, тыңдайды айтуға тырысады. Балалар Қаршақызға қарап қуанады. Ойнаймыз! Қыздар ілесе жүгіріп, ленталармен билеуге тырысады. Отырған ұлдар қуана, сандықшаға жақындайды, шамдарын алып, әнді айтуға, билеуге тырысады. |
Рефле ксиялық- түзетуші лік. | Қуыршақ Аязатамен Қаршақызды қолға ұстап, балаларға ризашылық білдіру. Аязата: Балалар мен сендерге келесі жолы тағы келемін, сендер менімен айтқан әндеріңді, билеріңді ұмытпаңдар. Қаршақыз: Ал қыздар, мені ұмытпайсыңдар ма? Мен сендерге не әкелдім, немен биледіңдер? Аязата: Жарайсыңдар балалар! Сендер бізге өте ұнап қалдыңдар жаңа жалда сендерге көп сыйлық алып келеміз. Қаршақыз: Сол үшін сендер әндеріңді, билеріңді ұмытпай жаттап жүріңдер. Сау болыңдар. | Балалар қуыршақтарға қарап оның ойыншық екенін айтады. Айтқан әндерінің атауларын айтады. Қоштасады. |
Күтілетін нәтежие:
Біледі: Музыканы тыңдауды, сөздерін қайталауды.
Игереді: Шананы ұстауды, ленталарды сермеуді, шамдарды ұстауды, қоюды.
Меңгереді: шеңбер бойымен жүруді, аяқ – қол қимылдарын қайталауды, алға – артқа жүруді.
Технологиялық карталар.
Желтоқсан.
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Аққала» Мақсаты: Тыңдау ынтасын тәрбиелеу,ширақ және сабырлы сипатын қимыл арқылы көрсету. Төмен және жоғары дыбыстарды есту, сезіну. Қолданылатын көрнекі – құралдар: үстел үстінде жұмбақ жаттығуға арналғанбаспалдақ, баскиім, мұрын, сыпырғыш. Сөздік жұмыс: Аппақ, аққала, топ бала.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. | Балалардың іс – әрекеті. |
Мо тивациялық- қоз ғаушылық. | Балаларды жылы шыраймен қарсы алу, амандасу. Ортаға кішкентай шырша қойылады. «Шырша жыры» әнімен балаларды секірте жүруге шақырады. Ән ырғағымен мәтінді тыңдап балалардың қимылдарын көрсетулерін сұрапйды. Балаларға әуенмен жұмбаұ жасыру тәсілдерін түсіндіреді. Баспалдақ арқылы дыбыстар жоғаны көтеріледі және төмен түседі қайталанады. «Баспалдақ» дауыс жаттығуы. | Балалар залға кіріп амандасады. Балалар әнді тыңдай жүріп, жетекшіге қарап қайталайды, би қимылдарын жасауға талпынады. Баспалдаққа қарап, жетекші дыбыстарды төменнен жоғары айтатынын ұғынуға тырысады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | «Аққала» жұмбақ жаттығуы. Ойлаңдар да, ойнаңдар, Сәбіз мұрын кімде бар. Шелек киген басына, Айтыңдаршы балалар? -Сонымен ол кім екен балалар? Жаттығу ( жоғары, төмен дыбыстарға арналған) Балаларға баспалдақпен төмен қарай айтуды жеке – жеке айтуды үйрету. Тыныс алу жаттығуларын ойын арқылы көрсету. Аққала: Балалар мен еріп бара жатырмын, көмектесіңдерші! «Аяз ата сенбісің?» Әнін қайталауды ұсынады. «Аққала» әуені ойналып балаларға әуенә мен қимылы үйретіледі, көрсетіледі. Кез – келген баланы ортаға шығарып, Аққала кейіпінде ойнауға шақыру. Әннің соңы жылдам музыкаға айналады. Жылдам музыкамен көңілді жүгіреміз, қашамыз, тоқтағанда қозғалмай қатып қалу керек.Балаларға келесі ойынның шартын түсіндіру. «Аққаланы кім жылдам киіндіреді?» | Балалар сөзін тыңдайды. «Аққала» деп жауап беруге тырысады. Балалар қолымен баспалдақтан төмен қарайжылжытып отырып, дыбысты сөзбен жауап беруге тырысады. Аққалаға көмектесу үшін оған үрлейді, тыныс, демалу жаттығуларын қайталайды.Әнді қайталап айтуға тырысады. Шеңбермен жүріп әнді орындауға талпынады. Би элементтерін орындауға тырысады. |
Рефлексиялық- түзетуші лік. | -Балалар, біз кіммен ойнадық? -Енді өздерің далаға серуенге шыққанда Аққаланы жасап көріңдер. Сау болыңдар! | Қоштасады. |
Күтілетін нәтежие:
Біледі: тыңдауды, қайталауды, дыбысты таза айтуды.
Игереді: Дыбыс жаттығуларын баспалдақпен жоғары төмен айтуды.
Меңгереді: мәтініне қарай қимылдарды тыңдап жасауды.