Технологиялық карталар. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка»

Ақпан

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Менің отбасым» Мақсаты: отбасы мүшелерін атауға, білуге үйрету,отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін ән айту арқылы жеткізуге тырысу. Қолданылатын көрнекі – құралдар: отбасы бейнеленген суреттер. Сөздік жұмыс: отбасы, балақан, алақан.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қоз ғ аушылық. Музыка залында әже болып киінген музыка жетекшісі балаларды қарсы алады.Ортаға дөңгелек үстел, үстіне бауырсақ қояды. Әже балалармен амандасады. Балалардан үйлерінде кімдер тұратынын сұрайды. Жауап беруге мүмкіндік жасау.Мамам,папам деген сөздерді алдымен айтқызып, ата , әже сөздерін айтқызуға жетелейді. Балалар музыка залында күтіп отырған әжені айнала жайғасады. Отбасы мүшелері туралы айтуға тырысады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Балалар , мен бәріңнің әжелеріңмін. Қазір ән айтып беремін, сендер ол әннің кім туралы екенін айтып бересіңдер. Музыка тыңдау: «Бауырсақ» (Муз. Ә.Бейсеуов, сөзін жазған Н.Арынова). -Сендердің ауылда әжелерің бар ма, келіп тұра ма? Әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Өткен сабақта үйреткен: «Қане қызық ойын бар» әнін қайталау. Әже балаларға жаңа ән ала келген екен Жаңа ән: «Топ,топ, балақан» (муз. М.Арымбаев, сөзін жазған А.Асылбек) әні орындалады. -Ән кімдер туралы айтылған? Әже әнді алдымен өзі орындап береді. Мәтінін қайталап, әуенге қосылып үйретеді. «Топ – топ балақан, шапалақта алақан» деген жерінде орындарынан тұрып, алдымен аяқтарын топылдатып,содан соң алақандарын шапалақтайды.Соңғы шумағын айтқанда қолдарын жоғары көтере шапалақтайды. «Жұлдыз болып жанамыз» деген жерінде- екі қолды аспанға көтереді. «Айна» ойынын ойнау. Қазақтың халық әні «Қамажай» (өңдеген Қ.Қуатбаев) Балалар шеңбер жасап, әуенге қосылып жүреді. Әже ортада тұрады. Музыка тоқтағанда әже жүнді сабау,киіз басқан, ұршық иірген, айнаға қараған қимылдарды көрсетеді.Балалар әжені қайталайды.Ойынды балалар жалғастырады.   Балалар әнді тыңдап, кім туралы екендігін айтады.   Әркім өз әжесі туралы айтады.   Өткен сабақтағы әнді қимылмен жасайды.   Балалар жаңа әннің кімдер туралы екендігін айтуға тырысады. Қайырмасында аяқтарын топылдатып, қолдарын шапалақтайды. Соңғы шумағында қолды бастанжоғары көтеріп шапалақтап, әнді аяқтайды.   Балалар әженің көрсеткен қимылдарын:жүн сабауды, ұршық иіруді, айнаға қарауды қайталайды.    
Рефлекс иялық- түзетушілік. Әже балалармен қоштасады, Әже балаларды мақтайды, марапаттайды. Әжемен қоштасадын.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: Отбасы мүшелерін:әжесін, атасын, әке – шешесін.

Игереді: Отбасы деген түсінікті.

Меңгереді:Өздері дос іздеуді, биге шақыру дағдыларын.

Технологиялық карталар.

Ақпан

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Анашым» Мақсаты: Ана деген сезімдерін ән арқылы жеткізуге үйрету. Ата – анасын сыйлауға , қастарлей білуге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Ана мен бала бейнелегнен бейнеленген суреттер,мерекеде анасына баласының гүл сыйлап тұрған суреті. Сөздік жұмыс: сыйлық,сый-құрмет,мейрам.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қоз ғ аушылық. Музыка залында көңілді өлеңмен қарсы алады.Амандасады. Шеңбер бойымен жүгіру,секіру,музыкалық қимылдар жасау. -Балалар мына өлең кім туралы жазылған,мұқият тыңдаңдар. Бала,бала,бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған. ( Ы. Алтынсарин). Балалар музыка залына көңілді әуенмен келеді. Музыка ырғағына сай қимылдар жасайды,жүгіреді, айналады.   Балалар өлеңнің кім туралы екенін ажыратады.  
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Балалар , түнде тұрып,сендерді аялап өсірген аналарың. Ауырсаңдар-емдейді,тамақтарыңды береді,киімдеріңді жуады. Музыка тыңдау: « Ақ мамам» ( музыкасын жазған Е. Хасанғалиев, сөзін жазған А.Асылбек). Музыка жетекшісі орындап береді. Анасын әрбір бала асыға күтетінін,анасы үйге келгенде қуаныштан мәз-мейрам болатынын әндетіп жеткізеді.Анаға деген сүйіспеншілік,мейірімділік сезімдерін ояту. Өткен әндерді қайталау.Ән айтар алдында ережелерді еске түсіріп,бірін-бірі тыңдап айта білуге үйрету.Өткен әндерді еске түсіріп,қимылды әндерді қимылын көрсете отырып орындау. Жаңа ән: « Мерекеңмен,анашым» ( музыкасын жазған Б.Қыдырбек, сөзін жазған И. Сапарбай). -Көктем мезгілінде аналарымыздың мерекесі келеді.Әркім әлі келгенше сыйлық әзірлейді.Сендердің үлкен сыйлықтарың-ана туралы айтқан әндерің,жаттаған тақпақтарың,билеген билерің.Өздерің қандай тақпақтар білесіңдер? Әннің мәтінін түсіндіріп,жаттау,әнді әуенмен қосып үйрету. Әуенді-ырғақты қимыл: « Биге шақыру» ( А. Тоқсанбаев). Жетекші бір баланы ортаға шақырып,өзіне сыңар іздетеді.   Ана әрбір баланың қамқоршысы екенін түсіне бастайды.   Ана туралы әнді тыңдап, Өз аналары туралы жақсы лебіздер айтуға тырысады.     Өткен әндерді еске түсіріп,қимылмен қоса айтады.     Жаңа әннің мәтінін жаттап,әуенмен айтуға тырысады. Бала қалаған досын биге шақырып,аяқтарын бірге топылдатады. Музыка тез ойнағанда айналады.Музыка аяқталғанда,екеуі қайта екі баланы биге шақырады.Осылай балалар түгел биге қатысады.    
Рефлекс иялық- түзетушілік. Музыка жетекшісі сабақты қорытындылайды. Балаларды мақтау,мадақтау. Балалар қоштасады.

Күтілетін нәтежие:

Наши рекомендации