Технологиялық карталар. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка»

Аңтар.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Орманға саяхат» Мақсаты: Ойын арқылы балалардың есту, сезіну, ән айту қабілеттерін қалыптастыру. Сюжеттік – ойындық кейіпкерлер арқылы шығармашылыққа баулу. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Қысқы орман көрінісі,паравоз макеті, «Қар үйіндісі», ойыншық қоян мен аю. Сөздік жұмыс: Паравоз, пойыз, «пш – пш», «пух – пух», «гу-гу-гу».

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивациялық- қозғаушылық. Үнтаспада «Ақшақар» әні (муз. К.Қуатбаев, сөзін жазған Қ.Ыдырысов) ойналып, музыка жетекшісі балаларды қарсы алады. -Балалар бәз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Орманның алыста екенін түсіндіреді. -Орманға жету үшін мына пойызға отырайық,- деп поровозға шақырады. Пойызға біз барайық, Вогоннан орын алайық. Балалардың «вогондарға» - тізбектелген орындарға жайғасуларын сұрайды. Балалар қол ұстасып, көтеріңкі көңіл – күймен зал ішінде еркін жүреді. Әуен аяқталғанда тоқтап, жетекшінің іс – әрекетіне назар аударады.   Қуана келісіп « вогондарға» отырады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Ал поровоз бастайды, Ән айтып біз қостайық. Пыш – пыш, пух – пух. Жетекші «Пойыз» әнін (муз. Қ.Қуатбаев, сөзін жазған Ж.Смақов) орындайды. Ән екінші рет орындалғанда педагог мәтінге сәйкес қимыл – қозғалыстарды көрсетеді, балаларға бірге қайталауды ұсынады. Ән аяқталысымен жетекші балаларға орманды аралауды ұсынады. Орманда жүріп, «қар үйіндісінің» жанында тығылып оты рған қоянға кездеседі. Музыка жетекшісі қоянды көріп, таңғалған кейіп танытады. -Балалар қараңдаршы, мынау тығылып отырған аңды танисыңдар ма? Ақ қоян – ау, ақ қоян, Ұзын құлақ сақ қоян. Ақ қоян – ау, ақ қоян, Жүйрік қоян сақ қоян. деп қоянды алып балаларға көрсетеді. -Балалар қоянмен бірге секіріп, көңіл көтерейік. «Қояндар биі»(Ж.Оффенбах)ойналып балаларға өз еркінше секіруді ұсынады. -Балалар қоянға арнап «Ақ қоян» әнін орындап берейін. Сендер қоянмен отырып мұқият тыңдаңдар. «Ақ қоян»әнін (муз. Б.Аманжол, сөзін жазған Н.Жанаев) екіншгі рет орындап, балалардың мәтінге сай қимылдар көрсетулерін сұрайды. «Қоңыр аю қорбаңбай»(Б.Дәлденбай) әуені орындалып, үйшіктен, педагог – аю шығады. Аю: Мен аюмын қорбаңбай, Қимылдаймын қорбаңдай. Омартаны көргенде, Бас қоямын ойланбай. (А.Асылбек). -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Әуен қайта ойналып, аю би қимылдарын жасайды. Музыка жетекшісі балаларға аюдың қимылын қайталауды ұсынады. Ән аяқталысымен балаларды көңілді ойынға шақырады: Кел, ойнайық ойнайық, Қызығына тоймайық. Қоян, аю қуансын, Біз көңілді тойлайық. «Қояндар мен аю» ойыны («Қояндар маршы» А.Райымқұлова) ұйымдастырылады. Балалардың ойынға белсене қатысуын қадағалайды.   Балалар әнді бар ынтасымен тыңдап, «пыш – пыш», «гу-гу» сөздерін қайталауға тырысады. «Вогондарда» отырып, балалар қимылдарды қайталайды.   Қоянды танығандарын, айтып, оны қолмен ұстап, сипап көреді, қызықтайды.   Балалар жеңіл секіріп қоянның қимылын көрсетіп секіреді.   Балалар әнді зейін қойып тыңдайды, қызығушылық танытады. Әннің сөздерін анық айтып, әндете қосылып айтуға талаптанады.     Балалар қуана аюмен амандасады. Аюдың қимылдарын қайталап, «Қорбаңдап» жүреді, бір орында айналады.   Балалар қояндар рөлінде ойынға көңілді қатысады.     Ойын шартын сақтап, балалар жеңіл секіріп, аюдан қашады.  
Рефлексиялық – түзетушілік. Музыка жетекшісі балалардың «Көңілді пойызға» отырып, «Пойыз» әнінің ырғағымен жолға шығатындарын ескертеді. Бүгінгі күннің көңілді өткеніні айтып, балалармен қоштасады.   Балалар пойызға «отырып», жолға шығады. Балалар қол бұлғап аюмен, қоянмен көңілді қоштасады.  

Күтілетін нәтежие:

Біледі: Әуенді естіп, сезінуді, ойын барысындағы әнді, би қимылдарын есте сақтауды.

Игереді: Пойызға ұқыпты отыруды, қоян, аюмен достықты, бірге қуануды, ойын шарттарын сақтауды.

Меңгереді: Музыканы сезініп, әнге қосыла айтуды, қайталауды, кейіпкерлердің қимыл – қозғалыстарды көрсетуді (қос аяқтап секіру, әуенге жылдам жүгіру, қорбаңдап жүру).

Технологиялық карталар.

Аңтар.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Ақ тиін» Мақсаты: Сюжетті – рөлді ойындарға қатысуға қабілеттерін әрі қарай дамыту, әуенді есту, сезіну,әнді бірге бастап бірге аяқтап, хормен айтуға үйрету. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Қоңырау ілінген шырша, ойыншық тиін, шығыршық (обруч), жаңғақтар, себеттер. Сөздік жұмыс: Қоңырау, тиін, жаңғақ.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивациялық- қозғаушылық. «Көңілді би»(Ө.Байділдә) ойналып, балаларды көңілді қарсы алады. Зал ортасындағы қоңыраулар, ілінген кішкентай шыршаны көрсетір жетекші: -Міне, біздің шыршамыз қандай әдемі! Қоғыраулар жылтырап сәнге бөледі, - деп, балаларға қоңырауларды алуды ұсынады. Қоңырауды алайық, Сыңғырлатып қағайық. Қоңырауды қозғап , ойнап көрсетеді. Қайталауларын сұрайды. Балалар шеңбер бойымен көңілді жүреді.   Шыршаға жақын келіп қызықтайды, айналып жүреді. Қоңырауларды қызыға алып қарап, қозғап, сыңғырлата ойнайды. Ырғақпен бірге қоңырауларды қозғайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік «Қоңыраулар биі» (Н.Марченко) ойналып, бір сызықша бөлімінде қоңырауларды сыңғырлата жүгірулерін сұрайды, екінші бөлімінде шеңбер бойымен тұрып, әуенн ырғағымен қоңырауды сңғырлатуларын ұсынады.Би аяқталысымен -Біз жасыл шыршаға жақын келейік, қоңырауды шыршаға сәндеп ілейік, - деп , қоңырауларды ілгізеді.. Көңілді әуен ойналып, ортаға тиін келеді (педагогтың қолында ойыншық тиін). -Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен қоңыраудың дауысын естіп, асығып келдім. Музыка жетекшісі: Балалар, бізге қонаққа келген бұл қандай жануар, танисыңдар ма? Тиін: Балалар, мен көңілді әуен әлемінен келдім, сендерге өзім туралы ән айтып берейін. «Ақ тиін» (муз. Ә.Бейсеуов, сөзін жазған Н.Жанаев) әнін музыуа жетекшісіжәне педагог орындап береді. -Балалар, ақтиіннің әні әдемі екен, рақымет айтайық. Тиін: (қуана дауыстап): -Мен секіре аламын. Кім бірге секіреді? -Балаларды ортаға шақырады. -Енді ақтиінді көңілді биге шақырып, бірге билейік. «Көңілді би» (Ө.Байділда). Балаларға өз еріктерінше қозғалып, билеуге мүмкіндік береді. Тиін: Мен еңбекті сүйемін, жаңғағымды үйемін,-деп балаларды жаңғақ жинауға көмекке шақырады. «Кім епті?» ойыны ұйымдастырылады.   Балалар қоңырауды сыңғырлатып жеңіл жүреді.   Бір орында тұрып қоңырауда ойнайды.   Шыршаға қоңырауларды іледі.   Тиінге жақындап келіп, ұстап, сипап көре бастайды.   Балалар тиін екенін айтады.Тиін туралы әңгімелейді.     Әнді зейін қойып тыңдайды.   Балалар қол шапалақтап шаттанады.   Тиінмен бірге секіріп, көңіл күйлері көтеріледі.   Балалар еруін билер қозғалады, секіреді, бір орында айналады, қолдарын білезік буындарынан айналдырады.   Шығыршық ортасында шашылған жаңғақтарды жина, себеттерге салады.    
Рефлексиялық- түзетушілік. -Балалар тиін қалай секіреді екен? -Жаңғақтары қандай? -Тиін қандай? -Бүгін сендер тиінге көмектестіңдер, қоңыраумен би билеп, көңіл көтердіңдер. Жарайсыңдар! Тиінмен қоштасып, балаларды шығарып салады. Жақсы секіреді. Тиін әдемі. Жаңғақ көп. Тиінмен қол бұлғап қоштасып шығады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: Әуенді,әнді естіп,есте сақтауды, ырғақты сезінуді, ойынға белсене қатысуды.

Игереді: Тиіннің қимылын көрсетуді, сюжетті – рөлді ойынды, көппен ойнауды, ән мазмұнын түсіне, әндете айтуды.

Меңгереді: Қоңырауды ырғақты сезіне қозғауды, жеңіл жүгіріп, би қимылдарын бірге жасауды.

Наши рекомендации