Мен сені көріп тұрмын

Ойын шөбі өсіп тұрған алаңда ойналады. Ойыншылар екі отрядқа бөлінеді. Бір команда 150-200 м қашықтыққа кетіп, тастар, ағаштар, бұталар, орларды пайдаланып жасырынады.Бұл уақытта екінші команда оларға артымен тұрады. Белгі берген соң ойыншылар бұрылып 3-5 мин алаңды бақылайды. Әр табылған жасырынушыларды тапқан сайын бір ұпай алады. Сосын отряд бір-бірімен орын ауыстырады. Көп ұпай алған отряд жеңіске жетеді.

Орнында білінбей қалу

Ойнаушылар саны 20 адам. Ойыншы группа тұрған жерден 100-150 м қашықтықта қалың шөпті, бұталы жерге жалау орнатылады. Оның қасында басқарушы болады. Ойыншылар басқарушыға білдіртпей туға қарай еңбектейді. Кімде-кім ұсталып қалса ойыннан шығады. Біраз уақыттан соң басқарушы ысқырықпен белгі береді. Қалғандары орнынан көтеріледі. Туға жақын барғаны жеңімпаз болады.

Жасырын қозғал

Басқарушы орманда, шөбі қалың өскен бұталы жерде бақылаушыға білдіртпей ізінен 50-60 м қашықтықта жүріп отыруды міндеттейді. Әр уақыт сайын бақылаушы тоқтап, артына бұрылып, жан-жағына қарайды. Ойыншылардың бірін көріп қалса,ол басқарушының жанына барады. Бақылаушы өз қажетіне қарай аялдайды. Басқарушыға көмекші балалардың ойын ережесін бұзбауына бақылауға көмектеседі.

Ізімен

Ойынға 2-3 звена қатысады. Басқарушы бөлім командиріне жеке маршрут, старт, жиналатын пункт және міндеттер береді. Бөлім командирлеріне жүрген жолдарына, шөпке ,ағашқа, қарға қандай із қалдыру керек екендігін түсіндіреді(ағаштың үгіндісі, қағаз қалдығы, шыбықтар шашу.)

Командирлердің белгісі бойынша өз маршруттары мен кетеді. 15минуттан кейін командирлердің ізімен бір уақытта барлық бөлім кетеді. Басқарушы мен көмекші артарынан жүріп отырған ойыншылардың ережені бүзбауын қадағалаиды .Жолдан адаспай, басқаларынан бұрын белгіленген пункіттарға командирлеріне жеткен бөлім жеңіске жетеді. Қыста ойында шаңғымен өткізуге болады.

Жалау үшін күрес

Ойынға қатысушылар 20-30 адам. Олар тең екі командаға бөлінеді. Әр команданың өз командирлері болады. Ойын тал-шөбі сирек тоғайда өткізіледі. Егерде жақсы болар еді, ойын үшін таңдалған жер ағашты кесіп салынған тоғай жолы, сүрлеу, ауыл арасы жолы,орлы, жалғыз аяқты болса.

Әр команданың қолында, не арқасында өз белгілері және жалаулары болады. Оларды 20-30м көрінетіндей етіп тағады . Ойын басқарусышысы міндетерін бөледі: бірі барлаушы, басқалары- күзетушілер. Олардың алдына міндетер қояды:

-барлаушылар жауларының участігіне өтіп, жалауды тауып алып,өз территориясына әкелу.

-күзетшілер барлаушыларды ұстап алып, жалауды ұрлатып алмау.

Барлаушы ойынан шығады, егер дұшпанның қолы тисе. Жау жақтан өз территориясына жалауды әкелген отряд жеңімпаз аттанады.

От нүктесіндегі жарылыс.

Ойынға 10-15 адам қатысады. Ойынға қатысушылардың жартысы төбешіктің басына немесе үстірттің үстінде, шығуы қиын және қорғаушыларға жақсы көрінетін жерге орналасады. Бұл от нүктесі. Оның айналасына 10 қадам қашықтықта жалаушалар жерге қадалған. Басқа ойыншылар от нүктесінен алыс орналасады . Жару керек деген бұйрық алысымен жалау тұрған жерге танкіге қарсы 5граната лақтырады.( граната пакет не қап түрінде іші ағаш сүріндісі, шишка, басқада ауыр заттар толтырылған түрінде болады)

Жоспарды талқылап, әр түрлі амалдар жасап от нүктесіне жақындайды. Күзетшілер көріп қалып, жақындап қалған шабуылшының фамилиясын қатты айтып, қайда тұрғанын айтады немесе көрсетеді. Танылып қалған ойыншы ойыннан шығады. 10-30 мин ішінде басқарушының берген міндеттемесін ойында қалып, орындаған шабуылшы жеңіске жетеді.

Тіл » алу

Ойын желсіз, қараңғы түскенде ойналады. Жәй дыбыстың, шырпының ақырын сынғаныда барлаушыны білдіріп қоятындай болуы керек.

Ойнаушылар қару макетерімен қаруланады, ақырын қозғалып, немесе еңкейіп, не еңбектеп, ешқандай сыбыс білдірмей қозғалады. Түрегеп жүруге болмайды. Тез көрініп қалуы мүмкін.

Ойында барлық жерде жүргізуге болады. Басқарушы ойынға қатысушы 3 баланы тағайындап, оларды учаткіге жібереді . Ойын өткізілетін жер болуы мүмкін және әр жерде жасырынады, оларға бір орнынан екінші орынға қозғалуға болмайды. 15 минуттен соң қалған ойыншылар ойын ауданына беттейді, Тілді іздеп, білдіртпей ұстап алу үшін бұл мақсатты орындалу үшін 30 минут уақыт беріледі. «Тілді» болып жасырынған бүкіл баланы үстап алғаннан кейін барып, ойын аяқталған болып саналады.

Түнгі іздеу.

Ойын қас қарайған кезде өткізіледі : ойыншылар екі тең отрядқа бөлінеді. 15-20 адам қатысады. Әр отрядта 5адам күзетші, қалғандары барлаушылар.

Тоғайдың ішінен 2 алаң таңдалады, бір-бірінің ара қашықтағы 200-300м орналасқан.Алаңға орналасқан отряд басқыншыларынан 10 кішкентай ақ қағаздан жасалған жалауша алады. Бір отрядқа – квадратты, екіншісі – үшбүрышты жалауша алады. Жерден онша емес алаңдағы бұталарға іледі. Дауыстап белгі берілісімен ойынбасталады. Барлаушылар білдіртпей қарсыластарының алаңына кіріп, шамалары келгенше қарсыластарының жалаушаларын алып, өз лагерлеріне әкеледі. Алаңды қорғап тұрған күзетшілер барлаушыларға қарсы шығып көріп қалғандарын ойынан шығарады, Күзетшілерге жалаушаны сақтап қалу оңай емес: әр күзетші ойынның басынан 2 жалаушаны күзетеді. Екі жалаушаның арақашықтығы алыс болады. Шабушылардың барлаушылары әр түрлі тәсілдермен күзетшіні алаңдатып, жалаушаны алып кетуге тырысады.

Наши рекомендации