ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. «Қазақ (орыс) тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу пәні мамандарды дайындау жүйесіндегі

КІРІСПЕ

«Қазақ (орыс) тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу пәні мамандарды дайындау жүйесіндегі маңыздылардың бірі болып табылады.

Курс мақсаты: студенттерге мектепте қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.

Курс міндеті:

· Студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

· студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;

· қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан талдап көрсету;

· оқу-әдістемелік құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

· қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-ану қабілеттерін дамыту;

· болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде, өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру;

· мектеп мұғалімінің тәжірибе жинақтау барысын талдауға, озық тәжірибені таратуға белесене қатысып отыруын қалыптастыру.

Студенттер білулері керек:

- бастауыш білімнің МЖМБС мазмұнын;

- «Қазақ тілі» бойынша мектеп бағдарламаларын;

- «Қазақ тілі» оқулықтарының мазмұнын.

Студенттердің біліктері:

- оқытудың формаларының, әдістері мен әдістемелік тәсілдерінің көптүрлілігін игеруі;

- практикада өз білімдерін қолдану;

- «Қазақ тілі» сабақтарына дидактикалық материалдарды дайындау;

- кітаптармен (оқулықпен, анықтамалармен) өзбетімен жұмыс істей алуы;

- оқытылып жатқан обьектіні схемалық бейнелеу және оны сәйкес кескіндермен қаруландыру.

Тақырып №1. Бастауыш мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқыту теориясы және технологиясы – ғылым.

1. Қазақ тілін оқыту теориясы және технологиясы пәні, мақсаты, міндеттері.

2. Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін оқытудың мәні мен маңызы.

3. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту теориясы және технологиясының ғылыми-зерттеу әдістері.

4. Әдістеменің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері

Сұрақтар:

1. «Әдістеме» дегеніміз не?

2. Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы нені зерттейтін ғылым

3. Қазақ тілін оқыту әдістері қандай?

4. Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясының қандай ғылым салаларымен байланысы бар?

5. Қазақ тілін ұғынудың қандай заңдылықтарын білесіңдер?

6. Тілді ұғыну заңдылықтарынан қандай принциптер туындайды?

Тапсырмалар:

1. Баспа материалдарынан қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша көтерілген проблемаларға талдау жасаңыз. Конспектілеңіз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 9, 11

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақ тілі – оқу жоспарындағы жаңа пән. Интерактивті пән болғандықтан, оны оқып-үйренудің негізгі мақсаты-тіл, сөйлем т.б. құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас қазақ тілі туралы адамның білімін, білігін қалыптастыруға көмектеседі.

Тақырып №2. Бастауыш мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы.

1. Бастауыш сыныпта қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі тарихына қысқаша шолу

2. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелерін шартты түрде кезеңдерге бөліп қарастыру жайы

3.Әдістемені жасаудағы Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтардың еңбегі.

Сұрақтар:

1. Ы.Алтынсариннің ана тілін оқытудағы үлесі қандай?

2.А.Байтұрсыновтың тіл дамытуға арналған еңбектерін атаңыз.

Тапсырмалар:

1. Баспа материалдарынан қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша көтерілген проблемаларға талдау жасаңыз. Конспектілеңіз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 9, 11

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақ тілі – оқу жоспарындағы жаңа пән. Интерактивті пән болғандықтан, оны оқып-үйренудің негізгі мақсаты-тіл, сөйлем т.б. құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас қазақ тілі туралы адамның білімін, білігін қалыптастыруға көмектеседі.

Тақырып №3. Бастауыш сыныпта қазақ тілі мен әдебиетінен оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары мен әдістері.

1.Қазақ тілін оқыту әдістері.

2.Көркем әдебиетті оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер.

3.Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары.

Сұрақтар:

1. Қандай сабақ түрлері бастауышта жиі қолданылады?

2.Топтық сабақ түрінің грамматиканы оқытуда тиімділігі туралы баяндаңыз.

Тапсырмалар:

1. Баспа материалдарынан қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша көтерілген проблемаларға талдау жасаңыз. Конспектілеңіз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 16, 17

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақ тілі пәнінің бір ерекшелігі – бұл пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әр түрлі салаларына хабардар ету негізінде дүниені танып білу әдістермен оқушыны қаруландыру арқылы оның қоршаған орта адамдарымен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелеуде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тақырып №4. Сауат ашу әдістемесі

1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым. Сауат ашу кезіндегі талдау-жинақтау әдісі.

2.Сауат ашу жұмыстары.

3.Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшелігіне қойылатын педагогикалық талаптар.

4.Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру

Тапсырмалар:

1. Баспа материалдарынан қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша көтерілген проблемаларға талдау жасаңыз. Конспектілеңіз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 16, 17

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақ тілі пәнінің бір ерекшелігі – бұл пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әр түрлі салаларына хабардар ету негізінде дүниені танып білу әдістермен оқушыны қаруландыру арқылы оның қоршаған орта адамдарымен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелеуде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тақырып №5 Әдебиеттік оқудың түрлері

1.Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты, ұстанымдары

2.Оқулыққа енген материалдар, оларды оқыту туралы

3. Әдебиеттік оқудың түрлері

Сұрақтар:

1. Мектепте әдебиеттік оқудың мақсаты мен міндеттері;

2. Мектепте оқылатын ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістерінің жүйесі.

3. Негізгі әдебиеттер: 8, 22, 23, 24, 25,

4. Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 16, 17, 18

Тақырып №6 Фонетика мен лексиканы оқыту технологиясы.

1.Бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытудағы фонетикалық білімнің ролі.

2.Бастауыш мектепте фонетикадан берілетін білім көлемі.

3.Дауысты дыбыс пен әріп емлесін оқыту

4.Дауысыз дыбыс пен әріп емлесін оқыту.

5.Буын мен тасымалды оқыту әдістемесі.

6. Лексиканы оқыту әдістемесі.

Сұрақтар:

1.Дыбыс пен әріп, олардың өзіндік белгілерін таныту әдісі қандай?

2.Дауысты дыбыстарды үйретуде қандай әдістер қолдануға болады?

3.Буын түрлерін оқыту қай кластан бастап жүргізіледі?

Тапсырмалар:

1.Орыс тілінен енген дыбыстарды меңгерту сабағының жоспар-конспектісін жасаңыз.

2. Буын мен тасымалға арнап екі кесте әзірлеңіз

Негізгі әдебиеттер: 8, 22, 23, 24, 25,

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 16, 17, 18

Әдістемелік нұсқаулар:

Ұғымның мазмұның дәл ашуды анықтама деп атайды. Кез келген ұғым сөзбен айтылады, ұғымға байланысты жұмыс әрқашанда балалардың сөздік қорын молайтумен ұштасып отыруы тиіс.

Тақырып №7. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар

1.Оқулықтағы шығармаларды оқытудың тиімді жолдары.

2. Көркем мәтінмен жұмыс жасау сипаты.

3.Бастауыш сыныпта оқушыларға мәтінді қабылдаттыру мәселелері

4. Мәтінді түсініп оқу үшін істелетін жұмыстар

5.Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы

Негізгі әдебиеттер: 8, 22, 23, 24, 25,

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 16, 17, 18

Тақырып №8. Орфографияны оқыту әдістемесі

1. Орфографиялық жұмыстың мазмұны.

2.Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері.

Негізгі әдебиеттер: 8, 22, 23, 24, 25,

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 16, 17, 18

Тақырып №9. Әр түрлі жанрдағы шығармалармен жұмыс ерекшеліктері

1.Қысқа мазмұнды әңгімелерді оқыту.

2.Өлеңді оқыту ерекшелігі.

3.Ертегілерді оқыту.

4.Мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқыту.

5.Ғылыми очерк, мақалаларды оқыту.

Тақырып 10. Сөзжасамды оқыту технологиясы

1.Грамматикалық ұғымдардың мәні.

2.Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі.

3. Грамматикалық және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері.

4.Грамматикалық талдау, оның түрлері.

Тапсырмалар:

1.Грамматика курсының негізгі мақсаты мен міндеттерін ашып көрсетіңіз.

2.Сөз құрамын оқыту міндеттерін саралап беріңіз.

3.Сөз құрамын оқыту жүйесіне сипаттама беріңіз.

4.Сөз құрамын оқыту әдістемесі қандай?

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8,14, 16, 17

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18

Әдістемелік нұсқаулар:

Оқыту әдістері оқытудың мазмұнымен тығыз байланысты. Мұғалім мазмұны бойынша қажетті оқу материалын іріктеп отырып, одан сабақ берудің белгілі бір формасын анықтайды. Оқушылардың міндеті, мұғалімнің берген білімін меңгеріп, оны оқу және машықтық іс-әрекетке қолдана білу болып саналады.

Тақырып №11. Тіл дамыту және байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.

1.Тіл дамытудың мақсат-міндеттері.

2.Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту.

3.Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі.

4.Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері.

5. Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары.

6. Балалардың тіліне қойылатын талаптар.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8,14, 16, 17

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18

Тақырып №12. Бастауыш сыныптарда сөз таптарын (зат есім, сан есім, сын есім) оқыту жүйесі.

1.Бастауыш сыныптарда сөз таптарын танытудың ерекшеліктері.

2.Зат есімді оқыту әдістемесі.

3.Сын есімді оқыту ерекшелігі.

4.Сан есімді оқыту әдістемесі.

5.Етістікті оқыту жолдары.

Сұрақтар:

1. Бастауыш сыныптарда сөз таптарын қандай белгілері бойынша танытады?

2. Зат есімді оқытудың ерекшелігі неде?

3. Сын есімді оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз

4. Сан есімді оқытудың жолдары қандай?

Тапсырмалар:

  1. 2-3 сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығындағы «Зат есім» тақырыбы бойынша материалдарға талдау жасаңыз. Морфологиялық қателердің алдын-алу мақсатындағы теориялық мәліметтер мен жаттығуларды көрсетіңіз.
  2. 2-3 сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығындағы «Сын есім» тақырыбы бойынша материалдарға талдау жасаңыз. Морфологиялық қателердің алдын-алу мақсатындағы теориялық мәліметтер мен жаттығуларды көрсетіңіз.
  3. 2-3 сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығындағы «Етістік» тақырыбы бойынша материалдарға талдау жасаңыз. Морфологиялық қателердің алдын-алу мақсатындағы теориялық мәліметтер мен жаттығуларды көрсетіңіз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8,14, 16, 17

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18

Тақырып №13. Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту технологиясы

1.Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі, жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар.

2.Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.

3. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.

Тапсырмалар:

Кез келген бір сыныпқа бастауыш мектепте синткасис материалдарын оқыту ережесін сақтай отырып, сабақ жоспарын құрыңыз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 8

Қосымша әдебиеттер: 1,3

Әдістемелік нұсқаулар:

Мұғалім әрбір сабаққа даярлана отырып, материалды жоспарлағанда әрбір сыныптағы жаңа сабақты түсіндіруге үлгеріп, өз бетімен істейтін жұмысқа тапсырма беретіндей, оның орындалуын тексеріп оқушылардың білімін тексере алатындай етіп жасайды. Және мұғалім бір сыныппен шұғылданатын мектептегідей көлемде білім беруі тиіс.

Тақырып №14. Жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

1.Бастауыш мектепте диктант жүргізу

2.Мазмұндама мен шығарма жұмыстары.

3.Оқушылардың диктант, мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары.

Тапсырмалар:

1. Оқыту міндеттеріне сәйкес орфографиялық жаттығуларды топтаңыз. Әр топқа сипаттама беріңіз.

2.Бақылау диктантының көлемі.

3.Диктант алуға арналған сөз саны.

4. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарын жүргізу әдістемесінің мазмұнынын ашыңыз.

5.Мазмұндама жазуға дайындық жүргізу әдістемесін 1-2 мысал ретінде көрсетіңіз (сынып өз таңдауларыңыз бойынша). Мазмұндама мәтіні қоса ұсынылсын.

6.3-сыныпта тіл дамыту сабағының (мазмұндама) жоспар-конспектісін құрыңыз. Мазмұндама мәтінін ұсыныңыз.

7.Бақылағандары бойынша шығарма жазу сабағының жоспар-конспектісін құрыңыз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6 ,8

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18

Әдістемелік нұсқаулар:

Білім тексеруді дұрыс ұйымдастыру, мұғалімге бүкіл сыныптың қазақ тілі түсініктері мен ұғымдарының қалай қалыптасатынын үнемі көріп, біліп, бағалап отыруына, ал оқушыларға оқу материалын меңгеру процесінде олардың алға қарай жылжитындарын ұғынуға мүмкіндік береді. Тексеру нәтижесінде балалар білімінің объективті бағасы жинақталады, ал оның тәрбиелік маңызы зор.

Тақырып №15. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында білім, білік дағдыны есепке алу, тексеру және бағалау.

1.Оқушылардың білімін тексерудің маңызы.

2.Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру әдістері, жолдары мен тџрлері.

3.Оқушылардың білімін бағалау жолдары.

Сұрақтар:

1.Оқушылардың білімін тексерудің маңызы қандай?

2.Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру әдістері қандай? Оқушылардың білімін бағалау жолдары қандай?

3.Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру тәсілдеріне сипаттама беріңіз. Оқушылардың білімін тексеру жолдары мен түрлерін атаңыз

Тапсырмалар:

1. Балалардың алған білімдері, дағдысы мен іскерліктерін есепке алудың жолдарын көрсет.

2. Диктант жұмысын бағалау өлшемдерін көрсет.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 8

Қосымша әдебиеттер: 1,3

Әдістемелік нұсқаулар:

Мұғалім әрбір сабаққа даярлана отырып, материалды жоспарлағанда әрбір сыныптағы жаңа сабақты түсіндіруге үлгеріп, өз бетімен істейтін жұмысқа тапсырма беретіндей, оның орындалуын тексеріп оқушылардың білімін тексере алатындай етіп жасайды. Және мұғалім бір сыныппен шұғылданатын мектептегідей көлемде білім беруі тиіс.

«ҚАЗАҚ (ОРЫС) ТІЛІ мен ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІ БОЙЫНША 5В010200 БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН

Наши рекомендации