ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. Практикалық (семинарлық) сабақтар мамандықтардың оқу жоспарында бөлінген сағат санына сәйкес және

Практикалық (семинарлық) сабақтар мамандықтардың оқу жоспарында бөлінген сағат санына сәйкес және сабақ кестесінің уақыты бойынша жүргізіледі.

Практикалық (семинарлық) сабақтардың мақсаты – студенттердің білімге талаптарын, жеке ойларын дамыту және олардың сабаққа қатысу белсенділігін арттыру және экономикалық теорияларды, заңдар мен заңдылықтарды үйрету болып табылады. Практикалық сабақтарда белсенді ролді студенттер атқарады.

Практикалық (семинарлық) сабақтардың міндеті – пән бойынша алған теориялық білімдерін әртүрлі оқыту әдістерімен пысықтау.

Студенттер практикалық сабаққа берілген дәріс тезистері негізінде тереңірек дайындалуы тиіс. Күні бұрын дайындалған жоспар бойынша студенттер өзінің ойын әдістемелік және ғылыми бағыттармен нақты жеткізе білуі тиіс.

Сабақ айтып тұрған студенттің ойын бөлмеген дұрыс. Тек, екі жағдайда, студенттің сөзін бөлуге болады: бірінші жағдай – талдайтын проблемалардын тыс кетіп, басқа сұрақтарды айтқанда; екінші жағдай – егер студент үлкен қате жібергенде.

Мұндай жағдайда жіберілген қатені топ студенттерінің көмегін пайдалану немесе оқытушы өзі ескерту жасау арқылы дұрыстауға болады.

Студент сабақ айтып болғаннан кейін оған студенттердің сұрақ қоюлары талап етіледі.

Пән бойынша практикалық сабақтар көбіне дөңгелек үстел, пікірталас және конференция сабақ және т.б. негізінде ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Студенттердің ізденімпаздығын қалыптастыру мақсатында, оларға қазіргі экономикадағы саяси және әлеуметтік, экономикалық нәтижелер туралы ақпараттар жинап, оларға сараптама беру тәсілдері де кеңінен қолданылады және әртүрлі логикалық танымдық тапсырмалар орындалады.

Практикалық сабақтарды ұйымдастырудың бірнеше түрлері бар. Практикалық сабақ кезінде оқытушының келесідей міндеттерді орындайды:

- жоспарда бекітілген сұрақтарға жауап беру;

- ұсынылған тапсырмалардың дұрыс немесе қате екенін анықтау;

- сұрақтың ұсынылған бірнеше жауаптарынан дұрыс жауабын табу;

- пікір-талас ұйымдастыру;

- іскерлік ойын ұйымдастыру;

Студент келесідей міндеттерді орындауы тиіс:

- материалдарды мейлінше толық ашып зерттеу;

- зерттеу сапасын арттыру үшін қолда бар теориялық материалдарды тиімді пайдалану;

- ұсынылған метариалдарды уақытында және қатесіз орындау және т.б.

Пән бойынша студенттердің практика сабақтарында алған білімінің мағынасын тексеру және деңгейін анықтау мақсатында, бақылау жұмысы, коллоквиум сұрақтары, презентация, кейс, тест тапсырмалары (альтернативтік тест, графикалық тест және т.б.) және т.б. өткізіледі.

Бақылау жұмысы әрбір үш апта сайын оқу тобында лекциялық және практикалық сабақ сұрақтары мен тапсырмаларын тиянақтау мақсатында бақылау жұмысы жүргізіледі. Қатысушы барлығы үш бақылау жұмысын орындайды және оны қайта тапсыру қарастырылмайды.

Тақырып бойынша презентация топтағы студенттер бірнеше топтарға бөлінеді және оларға презентация тақырыптары бөлініп беріледі. Бұл тақырыптар бойынша студенттер белгіленген мерзімде аудитория алдында презентация жасауы тиіс. Презентация тақырыптары семестр басында беріледі және де оның тақырыптарын таңдаудағы басты критерийлер тақырыптың тәжірибелік маңыздылығы, нақты мәселелерді шешуге максималды жақындығы мен әрбір тыңдарманға пайдалылығы болып табылады.

Кейс бүкіл курс барысында студент курс бойынша материалдар жинақтайды. Кейс бойынша материалдар кешені мерзімді басылымдардың ақпараттарымен, студенттің өзіндік жұмыс материалдарынмен және т.с.с. қамтылуы тиіс. Өтілген тақырыптарға байланысты материалдың толық болуы және оның сыртқы түрі, безендерілуі ескеріледі.

Практикалық сабақ кезінде студентке қойылатын талаптар

1. сабаққа кешікпеу;

2. дәлелсіз себептермен сабақты жібермеу;

3. сабақ үстінде сабаққа кедергі келтіретін істермен шұғылданбау (сағыз шайнамау, ұялы телефонмен сөйлеспеу және т.б.); 4. басқа студенттердің ізденісін толығымен пайдалануға (реферат жазуда, бақылау жұмысын орындауда);

5. сабақта кері байланыс орнату ұстанымын қалыптастыру;

6. ұжымдық жұмысқа ықпал ету, талқылауға қатысу;

Студенттердің білімін бағалау балдық жүйемен жүргізіледі. Барлық тапсырмалар мерзімінде орындалып, өткізілуі тиіс.

Наши рекомендации