Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. "Қазақ тілі" пәні ҚР Мемлекеттік Білім беру стандарты талаптарына сай оқытылады

КУРСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ

"Қазақ тілі" пәні ҚР Мемлекеттік Білім беру стандарты талаптарына сай оқытылады. Пән мемлекеттік тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан игерте отырып, қазақша тілдік қатынасты сөйлесім әрекетінің түрлері (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізінде меңгертуге бағытталған.

.ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ

Бұл курс аяқталғаннан кейін студенттер:

- мемлекеттік тілде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары қалыптасады;

- өз бетінше оқу дағдыларына;

- оқып жатқан саласының мамандарына немесе сол саланың маманы емес студенттерге ақпаратты, идеяларды, мәселелер мен оларды шешу жолдарын ауызша және жазбаша түрде хабарлауға;

- жалпы ғылыми әдістер мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ғылыми зерттеудің базалық білімін, жұмыс істеу дағдылары мен ауызша таныстыруды пайдалана білуге, атап айтқанда ғылыми стильдегі аңдатпа, пікір жаза білуге қабілетті болады.

КУРСТЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ФОРМАТЫ

Кіріспе дәрісте студенттер курстың мақсаты және міндеттерімен танысады.

Практикалық сабақтарда «Қазақ тілі» пәнін оқыту процесінде студенттің қалыптасқан жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерінің негізінде академиялық ауызша және жазбаша шеберлігін, коммуникативтік тапсырмаларды орындауда тілдік құралдар арқылы түрлі жағдайды шешу қабілетін қалыптастырады. Көркем мәтіндерді талдауға, мәтіндерден негізгі ойды және автор ұстанымын таба білуге үйренеді.

Студенттің өздік жұмысы мемлекеттік тілде мәлімет алу мақсатында әдебиеттерді пайдалана білудегі дағдыларын дамытуға бағытталған.

БАҒАЛАУ

Курс бойынша қорытынды баға мынадай формуламен анықталады:

Пәннің қорытынды бағасы (100%) төмендегідей формула бойынша шығарылады:

Қ% = ((Р1+Р2)/2+Р3)/2 * 0,6 + Э*0,4,

мұндағы:

Қ – қорытынды баға

Р1, Р2 – 1-рейтинг, 2-рейтинг

Е – қорытынды аралық бақылау (жазбаша емтихан).

БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ

Баға Пайыздық үлесі
А 95-100
А- 90-94
В+ 85-89
В 80-84
В- 75-79
С+ 70-74
С 65-69
С- 60-64
D+ 55-59
D 50-54
F 0-49

КУРС САЯСАТЫ

Бұл пән студенттің сөздік қорын байытуға, грамматикалық құрылымдарды меңгеруге, оқу, ғылыми, кәсіби салада қазақ тілінде тілдік қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Курс аяқталғаннан кейін студенттер:

- оқытылып отырған тілде өзіндік пікірін білдіре алуға және академиялық мәтінді талдай білуге;

- қалыптасқан ауызша және жазбаша тілде өз ойын білдіруге;

- түрлі әдеби стильде мәтін құрастыра білу дағдыларына және ғылыми стильдегі аңдатпа, пікір жаза білуге;

- нақты әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби салалардағы жағдайларды тілдік құралдар арқылы шеше білуге қабілетті болады.

Азақ тілі пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Наши рекомендации