Дәріс. Кәсіптік әрекет процесі

Белгілі психолог Е.А. Климов «кәсіп» түсінігінің бірнеше аспектілерін қарастырады:

– кәсіп жақын мәселелермен айналысатын және шамамен бірдей қалыпта өмір сүретін адамдардың жиыны ретінде (белгілі болғандай, қайткенмен кәсіп адамның бүкіл өмірінде өзінің «ізін» қалдырады);

– кәсіп маманның кәсіби іс-әрекетінің объектісі мен пәнін айқындау

және нақтылаумен байланысты күштерді қолдану саласы ретінде;

4) адамның жекеленген және интеллектуалды ерекшеліктері немесе кең мағынасында жеке дара және кәсіби потенциалы.

Еңбектің ішкі және сыртқы құралдарының өзара байланысы "кері байланыспен" сипатталынады: еңбектің сыртқы құралы неғұрлым азырақ көрініс тапса, ішкі құралдары кеңірек жетіледі.

Кәсіп атқару жолындағы еңбек орнын сипаттайтын еңбек субъектісінің міндеттемелер жүйесі еңбек етушіге негізгі белсенділік формаларын жүктеп, оған талаптар жүктейді.

Еңбек қызметтерін адам еңбегінің жағдайлары мен мақсаттарына сәйкес реттелген адамның еңбек белсенділігін қамтамасыз ететін процестері деп түсінуге болады.

Әрекет атқарушы субъектілердің еңбек қызметтері мен функциялары тарих барысында түрлі өзгерістермен сипатталған. Адамзат тарихының алғашқы кезеңдерінде жүкті көтеру және оның орынын алмастыру үшін адамдар мен жануарлардың физиологиялық күштерін пайдаланып тұрған,яғни олардың күштерін көліктік функция ретінде жүзеге асырған. Қазіргі уақытта жалғыз адам механикалық құралдар мен аспаптар көмегімен дәл сондай жүктің орнын алмастыруға, көлікті жылжытуға мүмкіндігі бар (автоматтандырылған кешендер мен желілер операторы, экскаватор, кран, локоматив машинисі). Әдетте еңбек ұжымы ішінде жеке жұмыстарды және еңбек қызметтері мен функцияларын адамдар арасында үлестіруге болады (цехтарда, бригадаларда, экипаждарда). Осында құрылымдар ретінде атқарушылық және басқарушылық функциялар айқын болады. Еңбек қызметтері мен функциялары тікелей және жанама түрде бақылануы мүмкін (ақпаратты сынау мен ойша өңдеу, психикалық және фунционалдық жағдайларды қадағалау мен реттеу). Мысал үшін, ұжым басшысы қандай да бір шешім қабылдауда өзінің күмәндарын көрсетпей, сыртқы жайбарақаттылықты сақтап отырады; сатушы дүкенге келген клиентке өз тауарының артықшылығын көрсетіп, сендіріп, оны сатып алу ниетіне

келтіруі тиіс; асыл бұйымдарды әрлеуші өз жұмысына тиянақтылықпен қарамаса, оны бар ынта-жігерімен жасай алмайды.

Еңбек функциялары мен қызметтері және сол еңбекке қатысты міндеттемелер нормативтік құжаттарда, инструкцияларда, ережелерде айқындалып тұруы тиіс. Әдетте ережелер, нормативтік актілер, инструкциялар еңбектің жан-жақты өзгешеліктерін белгілей алмайды және осыларға еңбек субъектісінің қызметтері сайма-сай болмаған жағдайда объективті қайшылықтар туындауы мүмкін. Сондай қайшылықтарды жұмысшы құқықтары мен міндеттерін ескеру арқылы қалыптастыруға болады.

Әр жұмысшының еңбек саласындағы құқықтары (заңды және нормативтік құжаттарда тіркелінген) объективті және нақтылы түрде жүзеге асуы тиіс. Еңбек әрекеті неғұрлым ұйымдастырылған және реттелген болса, соғұрлым әр жұмысшының оны орындауындағы әрекет көлемін және сапасын байқауға болады. Осыны еңбек атқару тиімділігіне, еңбектің өнімділігі мен нәтижелеріне қанағаттануына, еңбек жағдайларын алдынала болжау мүмкіндіктері еңбекке жағымды әсер болатын маңызды фактор болып саналады.

Еңбек тәртібі мен бағалау жағдайлары маңызды және өзекті шарттары болады. Себебі, еңбектің өзі экономикалық категория болып қана қоймай, әлеуметтік, мәдени, мүлдем рухани құбылыс боп көрінеді. Ол субъектінің кәсіби іс-әрекеті мен еңбек нәтижесінің бағалануының, «еңбек қызметтерінің атқарылуының», «қызметтік міндеттер орындалуының»және «жұмысшы құқықтарын» қорғау мен қызметкерлер арасында жұмысты үйлесімді бөліп беру мен олардың ауыспалылық жағдайларын

ескеріп отырады. Бұл жағдайлар маңызы нақты еңбекті атқаратын жұмысшының білім деңгейі мен кәсіби шеберлігі өскен сайын жетіліп отырады. Сондықтан еңбек атқарушысы жай «субъект» болып қана қоймай, өзіне тән индивидуалдылығын сақтап, дамыта алатын тұлға да болады.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3.

Қосымша әдебиеттер: 4, 5.

Наши рекомендации