Мәтінді енгізу және редакциялау
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға пайдаланылады. WordPad құжаттарында мәтінді түзетуге және абзацты, шекараны жылжытуға, әртүрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графиктік бейнелерді қоюға болады. WordPad редакторын іске қосу үшін төмендегі амалдарды орындау қажет: Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → WordPad. Редакторды іске қосқаннан кейін дисплей экранында мәтіндік редактор WordPad терезесі шығады. WordPad редакторында құжат жасау үшін төмендегі негізгі сатыларды орындау қажет:1. Қаріп және оның өлшемін таңдау.2. Мәтінді енгізу, оны түзету-редакциялау.3. Мәтінді пішімдеу.4. Құжатты сақтау және ашу.5. Баспаға беру (басу).
Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Кейбір пернелер WordPad қосымшасында жұмыс атқарғанда қажет болады, соларды қарастыралық. Мәтіннің жолдарын енгізгенде, олар автоматты түрде төмен жылжып отырады. <Enter> пернесін тек абзац соңында немесе жаңа жол алу үшін басады. Бас әріп теру үшін, <Shift> пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереді. Барлық жолдың әріптерін бас әріппен теру үшін, <Caps Lock> пернесін басып қояды, ал кіші әріпке көшу үшін, оны екінші рет басады. <Backspace> пернесі арқылы қате әріпті, символды алып тастауға болады. Егер осы пернені көп басып тұрсаңыз, онда меңзер тұрған орынның сол жағындағы мәтін өшеді. Әріптерді, мәтінді алып тастау үшін <Delete> пернесін пайдалануға да болады. Егер алып тастайтын әріптің алдына меңзерді қойып, <Delete> пернесін басса, оның соңындағы әріп(таңба) өшеді. Егер осы пернені көп басып тұрсаңыз, онда меңзер тұрған орнының оң жағындағы барлық таңбалар өшеді. Мәтіннің бүтін бөлігін де өшіруге болады, ол үшін өшірілетін мәтіннің бөлігін тышқанның көмегімен белгілеп, <Delete>пернесін басады.
Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі
Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
Нұсқалары
1988 — Excel 2.0
1990 — Excel 3.0
1992 — Excel 4.0
1993 — Excel 5.0 (Windows NT)
1995 — Excel 7 (Windows 95)
1997 — Excel 97
1999 — Excel 2000 (9) — Microsoft Office 2000
2001 — Excel 2002 (10) — Microsoft Office XP
2003 — Excel 2003 (11) — Microsoft Office 2003
2007 — Excel 2007 (12) — Microsoft Office 2007
2010- Excel 2010 (13)-Microsoft Office 2010
2012- Excel 2013 (14)-Microsoft Office 2013
Жұмыс кітабы
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер: