Тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Мәтінді ІІІ жақта баяндап, мәтінде кездесетін терминдермен глоссарий құрастырыңыз.

Кез келген аурулардың дамуында этиологиялық фактор ретінде немесе патогенездік буынның құрылуында сыртқы ортаның әсері (сыртқы фактор), және тектік (ішкі) фактор міндетті түрде қатысады. Әртүрлі ауруларда олардың қатысулық мөлшерінің тиесілігі бірдей болып келмейді. Тұқым қуалаушылық пен ортаның тиесілік салмағын ескеру арқылы ауруларды төрт топқа бөледі, бірақ, олардың арасында айқын шекара жоқ десек болады (Н.П.Бочков, 1984).

Бірінші топқатұқым қуалаушы аурулардың нағыз өзі жатады, олардың пайда болуымен, дамуында гендік аппараттың өзгерістері шешуші рол атқарады. Оған жататындар моногенді себептік аурулар «алкаптанурия, фенилкетонурия, гепатоцеребралдық дистрофия, гемофилия және т.б.) және хромосомдық (хромосомалық) аурулар. Қоршаған орта бұл топта тек пенетранттылықты (мұндай гені бар популяциядағы адамдарда жиілігінің көрінісі) және экспрессиялығы (нақты даралық жанда, пендеде геннің әсерінің көріністік дәрежесі) байқалады.

Екінші топтағыларда аурудың дамуына тұқым қуалаушылық негізгі маңызда болады, бірақ, оның көріністе болуы үшін қоршаған ортаның спецификалық әсерлік ықпалы керек, онсыз патологиялық мутация болғанымен аурудың клиникалық белгілері байқалмайды. Мәселен, подаграның клиникалық көрінісінің пайда болуында, несеп қышқылы зат алмасуының бұзылысы гендік себепкерлікте болғанымен клиникалық белгілері байқалмайды, ал, егерде еттік тағамдарды, жүзімдік шараптарды тағы да басқа заттарды тым көп қабылдағанда ол заттардың метаболизмі несеп қышқылы тұздарының мол түзілуіне, буындарда жиналып олардың жазымдануына әкеледі. Гетерезиготты HBS тасушыларда (аутосомды-рецессивті немесе жартылай доминантты тектік гемоглобинопатия - орақтәрізді – жасушалық анемия), гипоксияда немесе ацидозда дамитын гемолиздік криздер анемияға әкеледі. Глюкоза – 6 – фосфатдегидрогеназа тапшылығына байланысты тектік ферментопатиялар кезінде, тап осындай ролді тотықтырғыш – дәрілерді қолданғанда мүмкіндік пайда болады.Үшінші топтың негізгі этиологиялық факторы - қоршаған орта болып есептеледі. «Қауіп - қатерлік» деп аталатын жағдайларға генетикалық ықпал жолында жоғары сезімталдықтың анықталуы. Бұл аурулар тұқым қуалаушылыққа бейім, мултифакторлы, полигенді аурулар. Бұл ауруларға ересек және егде адамдарда ең жиі кездесетін аурулар жатады: артериалық гипертензия, атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы ( ЖИА ), асқазан ойық жарасы, 12 – елі ішектің ойық жарасы, ісік өсулері және т. б. Жатады.

Төртінші аурулар тобының дамуына қоршаған ортаның экстремалды факторларларының ролі айрықша маңызды. Бұлар жарақаттар ( механикалық, электр тоғынан), иондаушы сәулелердің әсері, күйіктер, дененің үсуі, қауіпті жұқпалар. Генетикалық фактор бұл жағдайларда сырқаттың ауырлық дәрежесін, оның аяқталуын, бірсыпыра жағдайларда – пайда болу ықтималдығын анықтайды. Мысалы, жоғарыпатогенді микроорганизмдер шақыратын жұқпалы аурулардың оба, күл, тырыспа ауруларының пайда болуы салыстырмалы дәрежеде қан топтарымен байланыста екендігі белгілі, ал қан тобы гендік ықпалда қалыптасады. Қаны 1-ші топтық адамдар оба ауруына бейім, 2-ші топтықтар күл ауруы мен холераға (тырыспаға) бейім. Жоғарыда келтірілген тұқым қуалаушы патологиялық түрлерінің классификациясына жүгінсек олар нағыз тұқым қуалаушылық аурулардың өзі (спецификалық, «көріністік» орта факторларының әсерін керек ететін, немесе оны керек етпейтін) және тұқым қуалаушы ауруларға бейімділік болып екі топқа бөлінеді.

Зақымдаушылыққа (мутацияларға) ұшыраған гендердің санына қарай моногенді және полигенді аурулар деп ажыратады. Соңғысына тұқым қуалаушылыққа бейім аурулар жатады, өйткені олар көпфакторлы болып келеді және аурулардың үлкен бөлек тобы, хромосомдық немесе геномдық мутацияға байланысты – хромосомалық аурулар жатады.

Моногенді аурулар,Мендел заңы бойынша тұқым қуалайтын аурулар, ол өз кезегінде, аутосомды – доминантты, аутосомды рецессивті және жыныстық (әдетте Х хромосомамен) іліністік күйде ұрпаққа беріледі. Аутосомды – доминантты дамитын аурулар мен аномалдық дамулардың ішінде ең жиі кездесетіні деп полидактилияны (жиірек гексодактилияны), ахондроплазияны, нейрофиброматозды, талассемияны, Гантингтон хореасын, туабіткен отосклероз, аяқталмаған остеогенез және т.б. атауға болады. Аутосомды – рецессивтілерге жататындар балалардағы ретинобластома, нілденулік ксеродерма, Аддисон – Бирмер анемиясы, алкаптонурия, фенилкетонурия, жанұялық гиперхолестеринемия, гепатоцерабралды дистрофия, галактоземия, микроцефалия, анэнцефалия, гидроцефалияның және басқа бір түрі және т.б.

Х – хромосомамен іліністікте, ілеспелі тұқым қуалайтын патологиялық түрлерге мысалдар:

· Рецессивті тұқым қуалаушылар: гемофилия А және В, Дюшеннің еттік дистрофиясы, далтонизм, албинизм, глюкоза – 6 – фосфатдегидрогеназаның тапшылығына байланысты ферментопатия, көз көру жүйкесінің атрофиясы;

· Доминантты тұқым қуалаушылар: тіс эмалының гипоплазиясы, Д – витаминге төзімді рахит.

Y – хромосомамен іліністікте, ілеспелі тұқым қуалайтын патологиялар ихтиоз, құлақ сырғалығында, саусақтың ортаңғы бунақтарында жүннің (шаштың) көбірек өсуі.

Тұқым қуалаушы патологиялық түрлердің жіктемесінде жүйелі – ағзалы жіктеу жиі қолданылады, оның негізіне ағзалардың басымырақ жазымдануы ескеріледі ( жүрек-қан тамыр, эндокриндік, жүйке жүйесі тұқым қуалаушы аурулар мен аномалдық ақаулықтардың дамулары және т.б.). Мұндай жіктеу мейлінше шартты, өйткені тектік ақаулықтар өте жиі көптеген мүшелерді, ағзалар мен жүйелерді қамтиды.

Клиникалық тұрғыдан біріншілік биохимиялық кемістік (ақаулық) бойынша жіктеу маңызы ұтымды болар еді, өйткені ол аурулардың диагнозын анықтауда ғана емес патогенездік негізде тиімді ем қолдануға мүмкіндік бере алады. Бірақ осыған дейін біріншілік биохимиялық ақаулықтар аздаған тұқым қуалаушы ауруларда ғана анықталған.

«Доминанттық» және «Рецессивтік» терминдері фенотипті сипаттайды, ал ол өз кезегінде аллелдік жұпқа байланысты анықталады. Аурулардың рецессивті түрінде гетерозиготты жағдайда, фенотип дені сау адамдардан айырмашылығы болмайды (аурудың көрінісі шамалы немесе тіпті байқалмауы да мүмкін). Ал доминанттық типтерде гетерозиготты науқастар, гомозиготты сияқты көріністе, ауру қалде болады. Бірақ гомозиготтық жағдайда сырқаттың көрінісі айқынырақ дәрежеде болады.

Аутосомды-доминантты типте тұқым қуалаушы аурулардың берілу жолдарының бірқатар ерекшеліктері бар:

- науқастың әкесі мен анасының ең кем дегенде біреуі ауру болып келеді;

- аурудың көрініс дәрежесі мен саны сыртқы ортаның әсеріне байланысты болып келеді;

- ерлер мен әйелдер арасындағы жиілігі бірдей болып келеді;

- әрбір ұрпақтар сатысында ең болмаса біреуі ауру болады (тектік аурудың тіке берілу жолы);

- дүниеге келген баланың (ұл болсын немесе қыз болсын), бәрібір олардың 50% ауру болады;

- жазымдалмаған жанұя адамдарының ұрпақтарының дені сау болады (өйткені оларда мутантты ген жоқ).

Аутосомды рецессивті тұқым қуалаушы аурулардың берілу жолдарының ерекшеліктері:

- науқастың әкесі мен анасы заңдылықты түрде дендері сау болып келеді;

- бұл ауру жақын туыстарында да (немере аға-іні, әпке-қарындастарында) жанама жолмен көріністе бола алады;

- аурудың симптомдары көпшілігінде бала кезде-ақ анықтала бастайды;

- ерлер мен әйелдер арасындағы жиілігі бірдей;

- жақын туысқандық қатынастықтағы жанұяларда аурудың жиі көріністе болатыны айқын; туысқандық қатынас жақын болған сайын аурудың пайда болу болжамдығы жоғарылайды.

Наши рекомендации