Quot;Идеяларды тоғыстыру" оқыта үйрету ойыны
1. Мұғалім тақырып бойынша алдын-ала проблемалық сұрақтар даярлайды. Сынып топтарға бөлінеді. Әр команда екі,үш сұрақтан алады. Мұндағы екі сұрақ- тақырыптың негізін құрайтын, ал бір сұрақ - проблемалық болады.Команда спикері әрбір ойыншының жұмысын қадағалайды.Кез-келген команданың ойыншысы басқа топтың сұрақтарына жауап бере алады.Әрбір топтың дайын болуына орай кезекпен командаларды тыңдаймыз.Жүргізуші әр команданың жауабын бағалай отырып, тақтадағы дайын кестеде белгілейді.Сұрақтарды талқылау мен жауап беру уақыты шектеулі.
Топтың номері | Негізгі сұрақ | Қайта бағыттау сұрағы | Басқа топтардың жауабын толықтыру | Топтағы бірлескен қызмет | Қорытынды балдары | орны | ескерту |
Ойыннан күтілетін нәтиже:
Ойын барысында оқыту мен ойындық жағдай қатар үйлесім табады. Оқушылар ойын барысында жаңа тақырыпты терең тануға бағыт-бағдар алады. Жақын арадағы даму аймағында , топтық жұмыстарда диалог құру арқылы жеңіл, қолайлы даму үдерісі қалыптасады. Оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша - оқуболып табылады . Яғни, оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Ал, ойын қашанда баланың жаңына жақын болатыны анық.Оқушылар ойынға қатыса отырып,неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.(М.М.Жанпейсова.Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде, 18-бет) Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ендігі кезекте, ойын - оқу - сұрақтарды жоғарыдеңгейде ұштастыру құрылымын нақтылай білсеңіз болғаны...
Оқу мен оқыту үдерісінде сұқбат жүргізе отырып, алуан түрлі сұрақтарды қолдануға болады. Атап айтар болсақ;
- анықтаушы сұрақтар;
- Нақтылаушы сұрақтар;
- Тікелей сұрақтар;
- Түсінік беруші сұрақтар;
- Басымдықтарды белгілеу;
- Ассоциация(3 сөз);
- Жабық сұрақтар;
- Ашық сұрақтар.
Сұрақтарды ұйымдастыру барысында, оқытудың түрлі формаларын пайдалануға болады. Мысалы, топтық шеңберлер аясында сұқбат құру, ойындық жағдайлар "Телешоу", "Үш қадамды сұқбат" т.б. Жұмыс формаларын өз ойларыңнан да түйіндеуге де болады. Сұқбат құруға негізделген сұрақтар барысында, оқушылардың талап-тілегі, қабілеті, қызығушылық ынтасы т.б. өзіңіз білгіңіз келген, болашақ жұмыс жоспарыңызға қажетті іс-әрекеттеріңізге негіз болатын сұрақтарды да оқу үдерісіне тартуыңызға мүмкіндік болады. Яғни, оқу мен оқыту үдерісінің оқушыға жағымды және ұтымды тұстарын зерттеп, бағалауға, өз ісіңізге талдау жасауға көмегі тиеді. Сұқбат барысында тәрбиелік мәнді сұрақтар мен прблемалық, сыни дағды қалыптастыратын сұрақтар тізбегін жасауды да ұмытпаңыз. Сұрақтар барысында оқушының қызығушылығын төмендетіп алмау үшін, логикалық сұрақтарды түзуге болады. Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды. Яғни, оқушылардың жұмыс жасау мүмкіндіктерін арттырады.
Дұрыс таңдалған сұрақтар оқу мен оқыту үдерісінде нәтижелі болады:
1. Оқушылардың белсенді әрекеті қалыптасады, қызығушылығы артады;
2. Оқушылардың қабілеттеріне сәйкес әрекет ету - балалардың өздеріне деген сенімділігін нығайтады;
3. Тақырып аясында дамиды, бірін-бірі қолдайды, толықтырады және ойлаудың жоғары сатысына ұмтылады;
4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Жаттанды оқу мәтінінен жаңа ой түзу мүмкіндігіне ие болады;
5. Тақырыптың терең ашылуы мен түйінді ойларды саралауға дағды қалыптасады;
6. Бірлескен, диалогтық оқыту барысында тіл құдыреттілігін ұғынып, сөздік қорлары дамиды, жалпылама сөйлеуден - нақты жауап беруге дағдыланады.
Оқу мен оқыту үдерісіндегі сұрақтардың маңыздылығы сабақтың нәтижелі болуына жол ашады. Білім сапасына қол жеткізу жолында, мұғалім сұрақтарды жоғары деңгейде әзірлеуге оқушы бойына дағды қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолдану арқылы қол жеткізеді.
Мұғалім жауаптардың барысын бақылап, қажет кезінде сынақтан өткізу сұрақтары арқылы бағыт-бағдар беріп, жауаптың жетілуіне мүмкіндік беруі тиісті. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға, кеңейтуге мүмкіндік беру үшін пайдалана алады. Бұл жағдайда мұғалім үдеріске тез бейімделу арқылы түрлі әрекеттерді қолданады. Оқушының әрбір жауаптары мұқият тыңдалуы тиісті, бұл баланың сенімділігін арттырып, белсенділігін қалыптастырады. Оқушының сөздік қоры жетіледі. Жоғары деңгейлі сұрақтар баланың сыни ойлау дағдыларының дамуына да ықпалы болады.
Қымбатты әріптестер, жаңа заманға сай тұлғаны қалыптастыру бізге парыз. Оқу мен оқыту үдерісіндегі сұрақ қою тәсілдерімізді де, жаңа бағытта құру маңызды құрал дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.М.Жанпейсова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде, 18-бет.
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41-бет.
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ.
2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
Пікір
География пәні мұғалімі Ерманова Сәуле Тұрарқызының "Оқу мен оқыту үдерісіндегі сұрақ қою тәсілдері және оның маңыздылығы" тақырыбындағы баяндамасы талапқа сай жазылған. Баяндама әдістемелік бірлестікте сараланып, талқыланды.
Оқу мен оқыту үдерісінде сұрақтарды коюдың жаңа тәсілдері мен оқушының дамуына қолайлы жағдайды ұштастыра отырып, білім нәтижелеріне қол жеткізуді көздеген. Сұрақ коюдың төмен деңгейлі және бастама-жауап-кейінгі әрекет түрінде берілуі, оқушылардың тақырыпты терең танып, білуіне ықпалының төмендігін атап көрсеткен. Тақырыпты толық игеру мақсатында, жоғары деңгейлі сұрақтардың оқу мен оқыту үдерісіндегі маңыздылығын нақтылап көрсете білген. Сұрақ коюда ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдау және ойындық жағдайда ұйымдастыру, оқушының дамуы мен қызығушылығын арттыруға, белсенді іс-әрекетке баруына ықпалды екендігін баяндайды. Ойындық жағдайлар арқылы берілген сұрақтардың оқушыға жеңіл, жағымды тұстарын және даму бағыттарын нақты көрсете білген.
Баяндама жан-жақты талданып, аудандық тамыз педагогикалық оқуына ұсынылды.
Пікір жазған ДОІЖО Алтынбеков Р.