Тақырып. "Айналамен таныстыру" пәні бойынша оқушыларға арналған жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларға түсініктеме

Жоспар:

1. Жаратылыстанупәні бойынша оқушыларға арналған жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларға түсініктеме

2. Жаратылыстанупәніне байланысты логикалық тапсырмалар

3. Жыл мезгілдеріндегі тіршілікке сипаттама

Жұмыс дәптері бағдарламада берілген түсініктер мен икемділіктерді қалыптастыруға және білімді бекітуге арналған.

Жұмыс дәптерінін мазмұны окушылар кызметінің келесі түрлерін камтиды. Сұрактарға жауап, сурет салу, бояу, суреттерді салыстыру, процестердің бірізділігін табу және т.б. Дәптердегі сан алуан тапсырмаларды орындау барысында, балалар бакылауға, салыстыруга, ұқсастык пен айырмашылык белгілерін табуга, қарапайым логикалық байланысты қалыптастыруга үйренеді. Кейбір тапсырмаларда шыгармашылық элементтері кездеседі. Бұл жұмыстың барлығы әрбір нақты сабақтың оқу-тәрбие міндеттерін шешуімен байланысты, негізгі бөлімдерді меңгеруге көмектеседі. Багдарламалар көмекші мектептегі оқу барысындагы балалардың жалпы дамуына арналган қажетті жағдайларды туғызады.

Оқу курсы келесі тақырыптарды қамтиды: тәртіп мәдениеті (сыныпта, мектепте, қоғамдық орында), жол ережесі, көшедегі, көліктегі тәртіп ережесі, әр түрлі жыл мезгіліндегі адамдар еңбегімен танысу, табиғатқа жауапкершілікпен карау.

Жұмыс дәптерінде күн тізімі мен балалардың денсаулығын сақтау мәселелері маңызды орын алады. Мысалы, оқушының оку және демалыс күндеріндегі күн тізімін көрсететін суреттер беріледі.

Бала тізімдік суреттердің орындалу уақытын анықтауға, суреттерді сипаттауға және оның бала денсаулыгындағы маңызын бағалауга міндетті.

Жњмыс дђптерінде берілген кљптеген тапсырмалар таби- гатқа арналган. Мњгалім ақыл-ойы дамымаган балалардыћ объект жљне қоршаган табигат қњбылыстары, себеп- салдары мен байланысуы жђне олардыћ туындауы туралы калыптасқан тњсініктерін тексеруге мњмкіндік алады.

Бағдарлама бойынша берілген барлык тапсырмалар, үлкен топтарға жинақталған және жүйеленген- жыл мезгілі (күз, қыс, көктем).

Әр түрлі жыл мезгілдеріне арналған такырыптар балалардың жеке тәжірибесін анықтауға, олардың жүйелігін анықтайтын педагогикалық құрал; бұл бала өзінің жеке тәжірибесін асыра бағалайтынын немесе бағаламайтынын көрсетеді, содан кейін оны окытудың жүргізілуін көрсетеді. Балалардың жеке тәжірибесін айкындау олардың жеке қиындықтары мен жетістіктеріне тәуелді, әр баламен тек жеке ғана емес, әр қайысымен толық жұмыс жүргізуге көмектеседі.

Жұмыс дәптерінің материалдары балалардың жыл мезгілі туралы түсініктерін толық және жүйелі түрде калыптастыруға кажетті жолды ұсынады. Жұмыс дәптеріне әдістемелік нұскау педагогика бағдарлама ұсынған кағидаларды, баланың өзіндік өмір тәжірибелері мен әсерін жүйелеу және жинақтау, іс-жүзіне асыруға көмектеседі.

Дәптерде берілген материалдардың мазмұны, кызметі, оны беру түрі сан алуан. Жұмыс дәптерді толығымен пайдалану мұғалім жұмысының әдістемесіне тәуелді. Мұғалім зердесі бұзылған балалардың дәптермен жұмыс тәжірибесін және сыныпта дайындайтын есепке ала отырып, балалардың түсінігінің дұрыстығын анықтау максатында, кейбір тапсырмалар міндетті түрде балалармен бірге талданады. Кейбір тапсырмаларды мұғалім басшылылығымен талдап орындаған пайдалы.

Жұмыс дәптерінде тапсырмалардың келесі түрлері каралған:

Қысқа жазбаларды құрастыру;

Кейбір тапсырмалар оқушылардан заттар мен табиғат құбылыстарың танумен бірге, оларды немесе бөліктердің атын жазуды талап етеді.

Логикалық тапсырмалар

Ұсынылған тапсырмалардың бір бөлігі балаларда коршаған әлем заттары мен құбылыстарын жіктей білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Мысалы, қатардағы төртінші заттың артык екенін ерекшелеу кажет.

Сурет салу

Жүйелі түрде жургізілетін графикалык жұмыстар акыл-ойы дамымаған окушыларды окытуға жагымды жағдай туғызып, олардың белсенділігін, затқа деген кызығушылығын арттырады. Балалардың графомоторлық дағдыларын дамытуға арналған, тірі және өлі табиғат объектілерін немесе олардьң бөліктерінің суреттерін салуға арналған тапсырмалар, жұмыс дәптерінің барлық бөлімінде кездеседі.

Наши рекомендации