Орытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында өткізіледі. 9 страница

Әңгіменің барысында бұрын оқылып өткен материалдардағы деректерді немесе балаларға басқа кітаптардан, күнделікті тәжірибелерінен белгілі деректерді пайдаланған тиімді. Мысалы, Б.Майлиннің III сыныптағы "Күлпаш" әңгімесін оқуға дайындалуда II сыныпта оқылып өткен, осы шығарманың басқы бөлімдерінде әңгімеленген оқиғалар еске түсіріледі.

в) Экскурсияда байқағандарын пайдалану. Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын — қай-қайысысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже береді. Бұл айтылғаннан бір әңгімені немесе өленді оқыр алдында арнайы экскурсия ұйымдастыру керек деген ой тумасқа тиіс. Бірақ, мұғалім жыл бойы өтетін материалдарды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін, балаларға табиғат тану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады. Осы экскурсиядан көрген-білгендерін оқушыларға оқулыктағы шығармалармен танысу жұмыстарында пайдалануды үйретудің пайдасы мол. Мысалы, кейбір мұғалімдер балаларды көктемнің бас кезінде өзенге (жақын жерде өзен, көл бар жерлерде) экскурсия ұйымдастырып, сеңнің түсуін бақылатады. Осы экскурсияның материалы "Сең үстінде" (С.Мүқанов). Әңгімесін оқығанда пайдаланылады. Немесе күзде оқушыларға айналадағы өзгерістерді байқату үшін егістікке, қырманға т.б. жерлерге экскурсия ұйымдастырылады. Мұндай экскурсияның материалдарын оқулықтағы табиғат көріністерін суреттеген шығармаларды оқығанда пайдалануға болады.

г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттерді шығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. С.Мәуленовтың "Қыс келбеті" өлеңін оқымас бұрын, тіл дамытуға арналған суреттердің ішінен "Қысқы ойын", "Қыс" тақырыптарына берілген суреттерді көрсетуге болар еді. Немесе оқығалы отырған әңгіменің мазмұнына сай келетін суреттерді пайдалану (мысалы. М.Әуезовтың "Бүлдірген тере барғанда" әңгімесін оқуға дайындық кезінде Молдахмет Кененбаеватың "Қашаған қуу" картинасын көрсетуге болар еді). Жекелеген портреттер, суреттер де пайдалануға болады. З.Иманбаевтың "Мысалдарын"оқымас бұрын маса мен өгіздің, қасқыр мен кірпінің т.б. суреттерін қолданған тиімді. Мұнда есте болатын нәрсе — окулықта берілген суреттерді алдын ала көрсетіп, оқылатын материалдардың мазмұнын айтып коюға болмайды. Өйткені ол суреттер материал оқылып шыққан соң немесе оны оқу барысында материалдың мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін берілді.

д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындык кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға материалды бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ.

Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы. Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы, бірқатар оқушылар вокзал, перрон, метро, эксковатор т.с. сөздерді түсіндірмесе, ішінде осы сөздер кездесетін мақалаларды дұрыс қабылдай алмайды, оларда елес тумайды.

Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:

1) мәтінді оқуға дайындық кезеңінде;

2) шығарманы оқу барысында;

3) оқып болғаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Кейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажет және оқымас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.

Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады. Мысалы, ІҮ сыныпта "Бүлдірген тере барғанда" әңгімесін оқығанда алағызып - алаңдап, қаршадай —кішкентай т.б. Алайда оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалды үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу — оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бірқатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды. Сондықтан мәтінді оқу барысында сөз мағынасын түсіндіруге әуес болмаған жөн.

Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тындаушыға әсері азаяды.

Сөздерді шығарманың мазмұнын балалар әлде де тереңірек ұғыну үшін немесе оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында түсіндіру қажет болады. Мұндай сөздер шығарма оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі (мысалы, К.Табейдің «Ол ақын болар ма еді?» әңгімесіндегі «Өмірін жалау еткен, «Амангелді батырымдағы « «обар ниет-қара ниетті т.б.).

Оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздерді пайдалануға үйрету жұмыстарының ролі күшті. Ол үшін мәтінді оқуға дайындалу жұмыстары кезінде төмендегі жағдайлар қарастырыла

1. Мәтінде синоним сөздер бар ма, болса, олардың мағыналарын қалай ұғындыру керек, балалар жауаптарында ол сөздерді қолдану үшін, қандай сұраулар қою қажет — осыларды анықтайды.

2. Егер мәтінде синоним сөздер болмаса, ал мұғалім балаларға синоним сөздерді білдіргісі келсе, оны қалай ұйымдастырған жөн: оқу барысында сөздің синонимін айтып түсіндіре ме, қорытынды әңгімеде кірістіре ме, сурет арқылы ма, әңгімелесу барысында ма — осыларды карастырады.

Сөйтіп, мүғалім мәтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден, мәтінді дұрыс қабылдауға қажетті сөздерді, екіншіден, оқу барысында оқушыларға мағынасы ұғындырлатын сөздерді, үшіншіден, оқушылардың актив сөздігіне енгізілуге тиісті сөздерді іріктеп алады.

Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын жағдай — сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап — сөз бен балалар санасындағы бейнені, елесті түрлі жолдармен үнемі ұштастыра отыру. Өйткені сөз бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.

Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:

І.Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, экскурсия ұйымдастыру.

2.3аттың өзін немесе суретін, түрлі картинкалар көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.

З.Синоним сөздер қолдану: "Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?" сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру.

4.Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген де пайдалы. Мысалы, тетелестері сөзінің түбірі қайсы? т.б.

5.Сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі: шидем - қой жүнінен тоқылған сырт киім т.с.

б.Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, деректер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы, батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік т.с.с. сөздердің мағынасы осы тәсілмен түсіндіріледі.

7.Сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолданудың біраз пайдасы бар. Бірақ мұнда диафильмдерді бастан-аяқ көрсетудің қажеті жоқ, үзінді ғана алу керек.

Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың үшінші түрі — шығарманы оқу- Мұнда көпшілік мұғалім шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады немесе балаларға оқытады. Осыған орай, шығарманы алдымен тұтас оқыған дұрыс па, әлде бөліп-бөліп оқыған дұрыс па деген сұрак, туады.

Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тындаушылардың көкейіне қондырып санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіре, мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлендер, көркем фразалар мен сөз өрнектері кездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн. Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңін талапқа сай, әсерлі де аянышты үнмен оқып беру балаларға оңайға түспейді. Кейбір оқуға жеңіл қысқа үзінділер мен мақала стилімен жазылған шағын әңгімелерді шамалылау оқитын оқушыларға оқытуға болады. Ондай материалды оқу арқылы балалар оқу дағдысына төселеді, келе-келе мәнерлеп оқитын болады.

Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез келген жерден үзбей, әр бөлімді, белгілі бір аяқталған ойды білдіретін бөлімдерін, кезекпен бірнеше бала оқығаны жөн.

Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым ғана қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет. Бірақ қайталап оқуға кіріспес бұрын оқушылардың мәтінді алғашқы қабылдау дәрежесін тексеріп алған дұрыс.

8-тақырып. Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту жүйесі (зат есім, сан есім, сын есім)

Дәріс жоспары:

1.Бастауыш сыныптарда сөз таптарын танытудың ерекшеліктері.

2.Зат есімді оқыту әдістемесі.

3.Сын есімді оқыту ерекшелігі.

4.Сан есімді оқыту әдістемесі.

5.Етістікті оқыту жолдары.

1. Бастауыш сыныптарда сөз таптарын танытудың ерекшеліктері

Бастауыш сыныпта оқушылар сөз таптарын мынадай бес белгісі бойынша таниды:

1. Сөздің мәнін, заттың аты, қимылы, саны, сыны туралы т.б. мағынасын ұғынады.

2. Сөздің қандай сұрақтарға жауап беретіндігін айырады.

3. Сөздің қалайша өзгеретінін, қандай категориясы бар екендігін таниды.

4. Сөз сөйлемде қандай мүше болып, қандай синтаксистік қызмет атқаратынын түсінеді.

5. Сөздің өзіне тән қандай жалғауы болатынын, олардың көбіне көп-көп қалай жасалатындығын ұғынады.

2. Зат есімді оқыту әдістемесі

Зат есімді оқытқанда оқушылардың оны өзінің сөйлеу тілінде орынды пайдаланып, емлелік жағынан дұрыс жазуға үйрету мақсаты көзделеді.

Бірінші сыныпта – «Зат есім» термині аталмай, тек қана заттың атын білдіретін сөздер жөнінде жалпы түсінік беріледі. Оқушылар зат деген, заттың аты деген ұғымдарды түсінеді. Көрнекілік элементтері кеңінен қолданылады Мүмкін болса, заттың өзі көрсетіледі. Мынау не? деген сұрақ тиісті затты көрсете тұрып қойылады да, балалар заттардың атын атайды. Көрнекілік заттық түрден бейнелі түрге-суретке ауысады. Мұның балалардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу жолында маңызды құрал екенін ескеріп, суретті заттан айнытпай салуға бар өнерін жұмсайды. Мұғалімнен үлгі алған оқушылар сурет салуға әдеттенеді.

Бірінші сыныпта зат таныту, оның атын білдіру жұмысының алғашқы кезеңінде «не» деген сұраққа жауап беретін сөзді заттың атын білдіретін сөз деп танытылады. Осылайша зат танытуда сұрақтың ерекше мәні барлығы аңғартылады. Бұдан кейін 1 – сынып қазақ тілі оқулығын пайдалануға ауысып, оның тақырыпқа арналған бетіндегі Кім? Не? сұрақтарын, оларға лайық салынған суреттердің (заттардың) атын білдіретін сөздерді оқытқан жөн. Соған орай әр суретке бұл Кім? Мынау Не? сұрақтарын қою жолымен Домбырашы, Аңшы, Палуан – адам ұғымын, ал Тырна, Борсық. Құлан — жан-жануарлар атын білдіретін сөз екені түсіндіріледі.

3. Сын есімді оқыту ерекшелігі

Сын есім — тілімізде зат есімнен кейінгі көп ұшырасатын сөздердің лексика — грамматикалық қатары. Сын есімнің семантикалық негізі заттың сындық ұғымын білдіреді. Грамматикалық категория ретінде сын есім өзінің лексикалық мағынасы бойынша заттың әр алуан сапа белгілерін көрсетеді. Сын есімдер морфологиялық құрамы жөнінен негізгі және туынды түбір болып бөлінеді. Туынды сын есімдер сын есімнен, зат есімнен, ішінара етістік сөздерден жұрнақ арқылы жасалады. Бұлармен қатар күрделі сын есімдер де кездеседі. Сын есімдер қандай құрамда болса да заттың сыртқы, ішкі сапа-қасиет белгілерін жан-жақты анықтап, өрнектеп, оған сұлулық сымбат бітіреді. Тілімізде сын есім сөздің көп болуы айтайын деген ойды ажарлы етуге мүмкіндік береді. Сын есімнің осындай маңыздылығына қарай ол мектепте бірінші сыныптан бастап оқытылады.

4.Сан есімді оқыту әдістемесі

Қоршаған заттардың, заттық атаулардың сандық ұғымын, сан мөлшерін таныту процесінде балалардың ойлау қабілеті жетілдіріледі. Оқушылар заттар арасындағы сан — мөлшерлік қатынастарды айырып, зат пен сан атаулыларының байланыстылығын түсінеді. Балалар сан есімді оқу арқылы өздері күнделікті өмірде көріп, ұстап, пайдаланып жүрген заттардың, есебін, сол сандар арасындағы мағыналық қатынастарды табады. Зат саны, заттың сандық мәні сұрақ қою арқылы анықталатынын ұғынады. Сан есімдерге, көбінесе Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтардың қойылатынын біліп, оларға сұрақ қою тәсілін үйренеді. Сан есімдердің жазу емлесін де практикалық жолмен меңгертеді.

Бағдарлама бойынша сан есім тақырыбы бастауыш сыныптардың бәрінде де оқытылады. Бірінші сыныпта заттың санын білдіретін сөздер деп аталып, ал, II—IҮ сыныптарда грамматикалық термині бойынша «Сан есім» сөз табы ретінде қарастырылады.

Етістікті оқыту ерекшелігі

Етістік — семантикалық мәні жөнінен тіліміздегі бай сөз табының бірі. Ол — қимыл процесін білдіреді. Бастауыш мектеп көлемінде қимыл процесі деген ұғым жалпылық, жинақтылық мағынада алынады. Әйтпесе, етістік білдіретін қимыл процесінің мәні әр алуан. Мәселен, адамның еңбек әрекетін (ағаш кесу, тас қашау,) адамның қозғалысын (еңбектеу, жүру), сезім күйін (есту, көру), ойлау процесін (ойлау, білу), түрліше табиғи жай-күйді (отыру, ұйықтау, күлу) білдіреді. Бірақ бастауыш кластарда етістік осыншалықты кең және әр талап мәні бойынша зерттелмейді. Тек кана заттың қимылын, ісін білдіреді деп жинақ мағлұмат беріледі.

Бастауыш сыныптарда етістік тым қарапайым түрде өтіледі. Сонда да, бұл тақырыптың оқытылуына бағдарлама ерекше талап қояды. Оқушылар етістік туралы үйренген ережелерді айтып берумен бірге, етістік сөздерді, оның формаларын өз сөзінде, жазуда еркін қолдана алатын болуы тиіс. Етістік қатыстырып сөз тіркесін қүру, сөйлем қүрастыру дағдысын меңгеріп, етістік сөздерді қатесіз жаза білуі керек.

Негізгі әдебиеттер: 3, 4, 7, 8, 9, 18, 19, 20.

13-тақырып. Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту технологиясы

Дәріс жоспары:

1.Жай сөйлем туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі, жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар.

2.Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.

3. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.

Бастауыш мектепте сөйлем және оның түрлері мен сөйлем мүшелерін оқытуда ескерілетін лингвистикалық ерекшеліктер мыналар:

1. Тиісті анықтамалар олардың басты белгілерінің негізінде берілуі тиіс және белгілі бір синтаксистік тұлғаның басты белгілерін танытуда бастауыш сыныптан бастап, оның мағынасы мен формалық сипаттары сабақты байланыста болатынына оқушының көзін жеткізу керек.

2. Әрбір заттың мазмұны мен формасы болады, оларды өзара тығыз байланысында ғана ұғуға мүмкін. Мазмұн заттың негізгі сапа ерекшелігін белгілейтін және оның барлық элементтерінде көрінетін басты жағы.

Бастауыш мектепте синтаксистік материалдарды оқытудың тағы бір ерекшелігі – тілдің интонациялық құбылысы мен пунктуациясының байланыстылығында. Синтаксисті оқыту мәселелерін зерттеуші-ғалымдар тыныс белгілері сөйлемнің грамматикалық, мағыналық, пунктуациялық сипаттарының негізінде қойылатынын айтты.

2.Бастауыш сыныптарда сөз тіркесін оқыту ерекшелігі

Бастауыш мектепте хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді өткенде бұл сөйлемдердің мағынасы мен интонациялық, пунктуациялық белгілерінің арасында себепті байланыстылық болатынын, сөйлемнің мағынасы оның интонациясына әр алуан әр беріп, әр түрлі пунктуацияның қойылуына себеп болатынын оқушыға түсіндіріп отырған жөн.

Сөйлем түрлерінің мағынасын, интонациясын, тыныс белгілерін танытуда баланың ойдүниесін қозғап, эмоциялық сезімін оятуда оқушының көру анализаторларының қызметі көріп қабылдаудан гөрі естіп қабылдауының басым болатыны ескеріледі.

Бастауыш сыныпта оқушылар сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы практикалық дағдылар алады. Бұл материалдарды анықтаудың лингвистикалық ерекшеліктеріне және жүйесіне мұғалімдердің өздері де көңіл бөле бермейді.

Сонымен бастауыш сыныпта синтаксистік материалдарды оқытуда:

- оқушыларға алғашқы синтаксистік түсінік бергенде тиісті синтаксистік фактілердің семантикалық мағынасы мен грамматикалық формасы (морфологиялық формалық белгілері) бірге танытылып, олардың негізінде оқушылардың ұғымына сай анықтамалар берілгені дұрыс.

- Синтаксисті және пунктуацияны оқытуда тілдің дыбыстық табиғаты интонациямен көрінуі тиіс және ол интонацияның сөйлем мағынасына бағынышты екені ескеріледі.

- Практикалық жұмыстарды орындауда оқу материалының синтаксистік фактілерді бір-бірімен және басқа грамматикалық фактілермен салыстыруға мүмкіндік туғызарлықтай әр жақты, әр сипатты болғаны жөн.

Бастауыш сыныптарда негізгі тақырып — сөйлем. Балалар сөйлем материалдары арқылы дұрыс сөйлеу, сөз формаларын өзгерту, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын табу жолдарын үйренеді, сонымен бірге грамматикалық ұғымдарды, орфографиялық және орфоэпиялық дағдыларды меңгереді. Сөйлем тіліміздегі синтаксистік құрылымынық негізі айтылатын ойдың ұйытқысы болу қызметін атқарады. Жеке сөздер мен сөздердің өзара байланысты тіркестері ойды білдіретін сейлемнің күрылыс материалы ретінде жұмсалады. Өзінің ойын айтып немесе жазып білдіру үшін, оқушылардың сөйлемді саналы түрде пайдалана аларлықтай білікпен қарулануының ерекше маңызы бар.

3.Бастауыш сыныптарда сөйлем ұғымын меңгерту

Сөйлем туралы ұғым бірінші сыныпта әліппе кезінде бақылау, талдау және жинақтау әдістері бойынша практикалық жолмен танытыла бастайды. Бұл тұста мұғалімнің түсінік сөзі, практикалық үлгісі жетекші роль атқарады. Оқушылар керсетілген сурет бойынша сөйлем құрып үйренеді. Ол ушін оқушылардың заттану қабілеті, әр заттың қимыл-ісі, түр-түсі қандай болатынын байқау бағалау сезімі тәрбиеленеді. Одан әрі абстракциялы ойлауды қажет ететін тәсілдер қолданылып, сөйлем құру процесі күрделене түседі. Оқушылар кластас балалармен байланыстары туралы сөйлем ойлайды. Ал, бірнеше әріпті танып, оқи алатын дәрежеге жетуіне қарай балалар кітап оқуға қызығып кірісіп кетеді. Бұл кезеңде тапсырма талаптары бойынша сейлемді тану, сөйлемде неше сөз бар екенін айыру жұмыстары, сөйлемді ажыратып оқу, сөйлем біткен сайын дауыс кідірісін жасау талаптарымен ұштастырып орындатылады.

Төмендегі кестеде бастауыш мектеп бағдарламаларында синтаксис материалдары қаншылқты қамтылған, сағат көлемі қаншалықты берілген- соған көз жүгіртуге болады.

2001-2005 оқу жылындағы стандартқа талдау:

1997-2001 оқу жылындағы стандартқа талдау:

Негізгі әдебиеттер:5, 13, 17, 23.

Тақырып 14. Жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Дәріс жоспары:

1.Бастауыш мектепте диктант жүргізу

2.Мазмұндама мен шығарма жұмыстары.

3.Оқушылардың диктант, мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары.

Тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады

Наши рекомендации