Стратегиялық бағыт. Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау
Стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.
1.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Қазақстанда білім беру саясатының басты бағыттарының бірі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту болып табылады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан 8 834 мектепке дейінгі ұйым қызмет етуде. 2013 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар желісі 70 бірлікке артты (2013 жылы – 8 764 бірлік, 2014 жылы – 8 467 бірлік).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 48,8% -дан 53,8%-ға артты, өсім 5% құрады (2013-2014 оқу жылы - 48,8%, 2014-2015 оқу жылы - 52,3%, 2015-2016 оқу жылы - 53,8%), 3 жастан 6 жасқа дейін 73,4%- дан 81,6%-ға артты (2013-2014 оқу жылында - 73,4%, 2014-2015 оқу жылында - 78,6%, 2015-2016 оқу жылында - 81,6%).
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту көрсеткішінің артуына қол жеткізу республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен мектепке дейінгі ұйымдар құрылысын салу арқылы ғана емес, сондай-ақ шағын орталықтарды ашу, бұрын жекешелендірілген бала ақшаларды беру және сатып алу, жекеменшік балабақшалаларды ашуды ынталандыру, коммуналдық меншіктегі жеке тұрған, жалға берілген ғиматтартарды босату, мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға жарамды басқа да ғимараттарды беру есебінен болып отыр.
2015 жылы толық емес күн болатын шағын орталықтардың саны 2 380 бірлікті құрады. 2013 жылмен салыстырғанда олардың саны 797 бірлікке қысқарды (2013 жылы – 3 177 бірлік, 2014 жылы – 2 441 бірлік).
Сонымен қатар жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Үш жылдың ішінде олардың саны 730 бірлікке артты және 1775 бірлікті құрады (2013 жылы – 1 045, 2014 жылы – 1 418, 2015 жылы – 1 775 бірлік). Бұған заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік тапсырысты орналастыру ықпал етті.
2016 жылы мемлекеттік тапсырыстың жалпы санынан (412,9 мың орын) 42,8% (177 мың орын) 1 931 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылды (2013 жылы - 988, 2014 жылы – 1 029, 2015 жылы – 1 043).
Мектепке дейінгі ұйымдардың санының артуы педагог кадрлардың санының өсуіне оң ықпалын тигізді. 2013 жылмен салыстырғанда педагогтардың саны 13,9 мыңға артты және 80,8 мың адамды құрады (2013 ж. – 66,9 мың адам, 2014 ж. – 74,5 мың адам). Сонымен қатар, кәсіби білімі бар кадрлар тапшылығы байқалады. 80,8 мың педагогтардың 28 мыны (34,6%) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар (2013 жылы – 30,3% және 2014 жылы – 31,8%).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарты жаңартылды және үлгілік оқу бағдарламасы әзірленді.
1.2) Негізгі проблемаларды талдау
1. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен деңгейде қамтылуы.
Республикада 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру үшін 545,4 мың өтініш, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру үшін 185,6 өтініш тіркелген.
Республикалық көрсеткіштен төмен қамту Алматы (38,6%), Маңғыстау (39,1%), Жамбыл (52,1%), Оңтүстік Қазақстан (44,3%) облыстарында және Астана (48,7%), Алматы (48%) қалаларында сақталған.
2. Мектепке дейінгі кәсіби білімі бар кадрлардың тапшылығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі кадрлық мәселесі арнайы кәсіби дайындықты меңгермеген педагогтардың басым болуы болып табылады. 80,8 мың педагогтан 28 мыңының (34,6%) «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білімі бар.
3. Инклюзивтік білім беру үшін жағдайдың жеткілікті жасалмауы.
Республикада 9% мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті тәрбие мен оқытуға жағдай жасалған.
1.3) Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атаулары | Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар |
Көшіп-қону процесі және демографиялық жағдай | Мектепке дейінгі ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік-жекешелік серіктестікті белсенді дамыту. |
стратегиялық бағыт. Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау
2.1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Орта білім беру білім жүйесінің базалық деңгейі болып табылады. Соңғы үш жылда шағын жинақты мектептердің жабылу есебінен мемлекеттік жалпыға білім беру мектептерінің 147 бірлікке қысқару үрдісі байқалуда (2013-2014 оқу жылы – 7 307 мектеп, 2014-2015 оқу жылы – 7 222 мектеп, 2015-2016 оқу жылы – 7 160 мектеп). 2015-2016 оқу жылы республикада оқушылардың контингентті 2,7 млн. баланы құрады. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 169 мың балаға өскенін көрсетеді (2013-2014 оқу жылы - 2 530 322 оқушылар, 2014-2015 оқу жылы - 2 615 898 оқушылар).
2013-2015 жылдар аралығында апатты мектептер үлесінің саны 111 бірлікке азаюы байқалуда (2013-2014 оқу жылы – 180 бірлік, 2014-2015 оқу жылы – 136 бірлік, 2015-2016 оқу жылы - 69 бірлік). Үш ауысымды мектептердің саны 1,2%-ға дейін қысқартылды (2013-2014 оқу жылы - 2,6%, 2014-2015 оқу жылы – 1,2%).
"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін, мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың тапшылығын шешу үшін 110 білім беру нысандарының құрылысы жоспарлануда (мектептер - 91 және балабақшалар - 19). Олардың 32 мектептер (апатты мектептердің орнына – 7 және 3 ауысымды оқытуды жою үшін - 25) және 14 балабақшалар.
Республиканың орта білім беру жүйесін ЭЫДҰ елдерінің білім беру жүйелерімен құрылымды түрде интеграциялауды қамтамасыз ету үшін Министрлікпен Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірбиесі және 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен ауысу есебінен орта білім беру мазмұның жаңарту бойынша жұмыс істелуде.
Үкімет қаулысымен бастауыш, негізгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) бекітілді.
2015-2016 оқу жылы орта білім беру мазмұнын жаңартуға көшу Кестесіне сәйкес оқу бағдарламасын, оқулықтар мен жаңартылған білім беру оқу-әдістемелік кешендерінің кезеңдеп апробациялау (1-сыныптан бастап), сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі басталды.
117 мектепте оқу үш тілде жүргізілуде, оның ішінде 20 НЗМ, 30 ҚТЛ, дарынды балалар үшін арнайы 33 мектептер және басқалары, оларда 63 мың оқушы (2,3%) қамтылған.
2015 жылы 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасы үш министрліктің біріккен бұйрығымен бекітілді (ҚР БҒМ – 2016 жылғы 5 қараша № 622, ҚР МСМ – 2015 жылғы 9 қараша № 344, ҚР ИДМ – 2015 жылғы 13 қараша № 1066).
Әр аз қоныстанған мекен-жайларда мемлекет шағын жаниқты мектептердің (ШЖМ) жұмыс істеуіне кепіл береді. Мектептердің 44% ШЖМ болып табылады. Кейбір облыстарда көптеген мектептер ШЖМ болып саналады: Солтүстік Қазақстан облысында – 80,8%, Ақмола облысында - 69,3%, Қостанайда – 68,2% және Батыс Қазақстанда – 59,8%.
2015-2016 оқу жылы елімізде дарынды балалар үшін контингенті 61 392 оқушылар бар мамандандырылған 121 білім беру ұйымдары жұмыс істеуде.
Соңғы үш жылда қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадаларда қатысу нәтижелері бойынша Қазақстан химия, физика және математика бойынша ең үздік 15 елінің қатарына енді. Интелектуалды жарыстарда жеңімпаздардың жалпы саны 342 адамға өсті (2013 жылы – 967 адам, 2014 жылы – 1 376 адам, 2015 жылы – 1 309 адам).
Орта білім беру жүйесінде 63 пилоттық мектеп базасында жан басылық қаржыландыруды апробациясы жүргізілуде (республиканың 5 өңірінде: Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары).
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру және оларды әлеуметтік бейімдеу олардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, қамтамасыз етіледі.
2015-2016 оқу жылы білім алудағы ерекше қажеттілікті қажет ететін балалар саны 0 жастан 18 жасқа дейінгі 5,4 миллион барлық балалар санынан 141 821 немесе 2,7% құрады.
2015-2016 оқу жылында 5,4 млн. барлық бала санына шаққанда 0 мен 18 жас аралығында 141 821 немесе 2,7% білім беруде ерекше қажеттілігі бар бала тіркелген. Олардың ішінде 130 475 бала (92%) білім ұйымдарында оқу бағдарламаларына сәйкес тәрбие жұмыстарымен, білім берумен, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру қолдауы арқылы педагогикалық түзете-дамыту жұмыстарымен қамтылған.
2015-2016 оқу жылында республиканың 3 210 мектебінде инклюзивті білім беруге жағдай жасалды, бұл барлық мемлекеттік мектептердің 44,8 % құрайды ( 2013-2014 оқу жылында -29%, 2014-2015 оқу жылында - 30%).
Инклюзивті білім беруге ең көп жағдай жасалған мектептердің саны, пайызбен есептегенде Астана қаласында байқалады (66,3%) және облыстарда: Қостанай (63%), Шығыс Қазақстан (61,9%), Қызылорда (59,7%), Батыс Қазақстан (59,1%).
Орта білім беру жүйесіндегі білім беру процесі негізінде қосымша білім беру арқылы іске асырылатын тәрбиелеу компонентімен үздіксіз байланыста.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары желісінің жыл сайын өсуі байқалады, 2013 жылмен салыстырғанда 180 бірлікке өсті (2013 жылы - 680, 2014 жылы – 833, 2015 жылы - 860).
2015 жылы қосымша біліммен қамту 1 700 573 бала санын (61,9%) құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 495 173 балаға артық (2014 жылы - 1 590 724 немесе 60,5%, 2013 жылы – 1 205 400 немесе 59%%).
Жалпы білім беретін мектептерде спорт түрлері бойынша спорт секцияларының желісі артуда. 31 мың спорт секциясы жұмыс жасауда.
Балалардың өсуі мен дамуын жүйелі бақылау өскелең ұрпақ денсаулығының жағдайын күнделікті бақылау жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. 2015 жылы мектептерде 6 243 медициналық кабинет жұмыс жасайды. Мектеп оқушыларына медициналық қызмет көрсетуді 260 дәрігер және 7 525 медбике қамтамасыз етеді. Бұдан басқа созылмалы аурулары бар 507 мың балалардың 20 мың (4%) мектеп оқушысы арнайы медициналық топтарда айналысады.
Кеңжолақты интернетке мектептердің 76% қосылған. Жаңа модификациялы пәндік кабинеттері бар мектептердің үлесі орта есеппен алғанда 45%-ы құрайды.
2015 жылдың 1 желтоқсанына қарағанда 1 075 (14,8%) мектептерде электрондық оқыту жүйесі енгізілді.14 551 сандық білім беру ресурстары әзірленді.
Білім беру сапасы ең біріншіден білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлердің сапалық құрамымен анықталады.
2013-2014 оқу жылмен салыстырғанда орта білім беру жүйесінде 33 120 адамға (10%) педагогикалық кадрлар үлесінің арту тенденциясыны байқалуда, бұл өз педагогикалық мамандыққа деген қызығушылық пен оның мәртебесінің артуын көрсетеді (2013-2014 оқу жылы - 292 064, 2014-2015 оқу жылы - 297 293, 2015-2016 оқу жылы - 325 184 адам).
Мұғалімдер беделінің жоғарылауына, олардың кәсіби өсуіне «Үздік педагог», авторлық бағдарламалар конкурсы және т.б. септігін тигізеді, олардың жеңімпаздары материалдық және рухани жағынан көтермеленеді.
2012 жылдан бастап 2015 жылдары деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығымен өткізілді. Соңғы төрт жылда деңгейлік бағдарламалар бойынша елде 52 550 мұғалімдер оқытылыды, бұл мұғалімдердің жалпы санынан 18,0% құрайды (2013 жылы - 15126 адам, 2014 жылы - 17037 адам, 2015 жылы - 13217 адам).
2016 жылдан бастап біліктілікті арттыру курстарында жаңартылған бағдарламалар бойынша кестеге сәйкес 389 968 педагогтар оқытылуда: 366 574 мұғалімдер, 19 314 жалпы білім беру мектептерінің жетекшілері, 4 080 білім беру бөлімдерінің әдіскерлері және Министрлікке бағынысты ұйымдардың мамандары.
2016 жылы «НЗМ» ДББҰ және «Өрлеу» БАҰО» базаларында 69 097 адамды оқыту жоспарлануда.
«НЗМ» ДББҰ 5-11 сынып оқушылары үшін «Робототехника» элективті курсын енгізі шеңберінде робототехника бойынша 80 тренер дайындалынды және жалпы білім беру мектептерінің 2 999 информатика мұғалімдерін оқыту жүргізілуде. Оқыту аймақтардағы интелектуалдық мектептердің базасында өтуде. «Робототехника» элективтік курсының негіздерін қарастыру, LEGO MINDSTORMS EV3 Education табымен танысу, құрастыру элементтері мен роботтарды бағдарлау мүмкіндіктері берілуде.
2015 жылғы 1 қаңтарда 0 жастан 17 жасқа дейінгі бала саны 5,5 млн., 2014 ж.- 5,3 млн., 2013 ж.- 5,1 млн. құрайды. Оның ішінде 141 мың даму мүмкіндіктері шектеулі балалар (2013 ж.-148 мың., 2014 ж.-138 мың.), 29 мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (2013 ж. - 33,7 мың., 2014 ж. - 32,4 мың.), 11 мыңнан астамы девианты мінез-құлықты (2013ж. - 13,0 мың., 2014 ж. - 10,4 мың.), жыл сайын 6 мыңнан астам қадағалаусыз қалған балалар анықталады (2013 ж. - 4,1 мың., 2014 ж. - 4,7 мың.).
Балалары бар отбасын мемлекеттік қолдау шаралары неғұрлым жүйелі болуда.
Отбасы құндылықтарын, ата-ана жауапкершілігінің, балалық шақты қорғаудың басымдылықтарын, балаға қатысты барлық зорлық-зомбылықтың және жазалаудың барлық нысандарына төзбеушілікті насихаттайтын «Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015 – 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары» жүзеге асырылуда.
Балалардың құқықтық ақпараттануы артуда және балалардың қоғамдық ұйымдарға қатысу сауаттылық деңгейінің артуы көбеюде.
2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда балалардың өз құқықтары туралы хабардар болу деңгейі 10%-ға артты (2013 ж. - 53%, 2014 ж. - 58%, 2015 ж.- 63%).
Шалғай елді мекендерде тұратын 94% оқушылардың білім алуға қол жеткізу құқығын іске асыру үшін, сапалы және қауіпсіз тасымалдаумен қамтамасыз етілген (2013 ж.- 86%, 2014 ж. - 91%,).
Аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың 100%-ы мектептік тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі әлеуметтік жетімдікті азайту.
29,7мыңжетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен21,6 мың бала (2013ж.-23,8 мың., 2014ж. – 23,2 мың.) отбасыға орналастырудың баламалы нысандарымен (қамқоршы, патронат, асырап алу) қамтылды.
2015 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда 8 066 бала (2013ж.-9,8 мың, 2014ж.-9,1 мың,) тәрбиеленуде.
Әлеуметтік жетімдік пен отбасылық сәтсіздіктің негізгі себептері: материалдық және баспана қиындықтары, бейәлеуметтік өмір салтын ұсанатын (маскүнемдік, нашақорлыққа салыну) обасылардағы адамдар саны, некесіз туудың артуы, ана мен әке болуға деген жеккөрініштілік, отбасы және отбасы тәрбиесі құндылықтарының нашар насихатталуы, бала тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігінің төмендеуі, қарқынды көшіп-қону процессі.
Қазақстандық азаматтарды материалдық жағынан ынталандыру жүйесі құрылды - баланы қорғаншылыққа алушыларға 10 АЕК, патронаттық тәрбиешілерге 9-10 АЕК, баланы асырап алушыларға 75 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
ҚР Бас Прокуратурасының деректері бойынша 2015 жылы 3 мыңнан астам балаға қатысты қылмыс, балалар арасында - мыңнан астам құқықбұзушылық жасалған (2013 ж.- 9 446, 2014 ж.-7 284, 2015 ж. - 3 796).
Девианты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін 7 арнайы білім беру ұйымдары қызмет жасайды.
Республикадағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жанында өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға, ата-аналарына (заңды өкілдеріне) кеңестік, құқықтық, психологиялық,педагогикалық пәрменді көмек көрсететін отбасын қолдау орталықтары қызмет жасайды. Соңғы үш жылда 24 267 ата-аналар және балаларға көмек көрсетілді. (2013 ж. - 3 912, 2014 ж.- 17 827, 2015 ж.- 2 528). ).
Қазақстанда Президент Жарлығымен Отбасы күні - мерекесі белгіленді, қыркүйектің әр екінші жексенбісінде тойланады.
Жыл сайын әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған балалы отбасының үлесі, жалпы санынан 0,01%-ға азаюда (2013 ж.-12920 отбасы, 2014 ж.-12469 отбасы, 2015 гж. - 12324 отбасы).
Бас Прокуратураның деректері бойынша елімізде кәмелетке толмағандар арасында аяқталған суицидтің 201 жағдайы және 485 әрекет жасағандар тіркелген, бұл аяқталған суицидтің 2014 жылмен салыстырғанда 4% өскенін
көрсетеді (2013 ж.- 250 аяқталған суицид және 591 әрекет, 2014 ж. - 192 аяқталған суицид және 509 әрекет).
Суицидтің негізігі себептері отбасындағы шиеленіс- 23 (11,4%), өмірдің қиын жағдайы -7 (3,5%), өмірге қанағаттанбауы - 7 (3,5%), табыспаған махаббат - 6 (3 %), 137 (68%) суицидтің себебі анықталмаған.
2.2) Негізгі проблемаларды талдау
Орта білім беру жүйесінде келесі мәселелер орын алуда:
1. Мектеп инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.
2015 жылы 7160 күндізгі жалпы білім беретін мектептерден: 2257 мектеп (30,7%) бейімделген ғимараттарда орналастырылған, 69 мектеп (0,96%) – апатты жағдайда, 86 мектеп (1,2%) сабақтарды үш ауысымда жүргізеді, 1 337 мектептің (18,6 %) спорт залы жоқ.
2. Қалалық және ауылдық ШЖМ арасындағы білім сапасының алшақтығы.
Республика бойынша ШЖМ саны жалпы көрсеткіштерге қарағанда қысқаруда, олардың үлесі 44,1% құрайды. Оларда білікті мамандардың тапшылығы орын алуда, материалдық-техникалық қамтамасыз ету денгейінің төмендігі байқалуда. Жаңа модификациялық оқу кабинеттері жоқ мектептер: физика 33,7%, химия 39%, биология 39,3%, математика 29,3% және лингофондық кабинеттер 49%. 2015 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ШЖМ орта баллы республикалық көрсеткіштен (74,67 балл) төмен, чғни 4,45 балл.
3. Қосымша білім беру инфрақұрылымының әлсіздігі.
2015-2016 оқу жылында 860 ұйымның 351-і типтік ғимаратта орналасқан. Мектептен тыс ұйымдарда балаларды қосымша біліммен қамту 24,5%-ды, мектеп үйірмелері мен секцияларында – 36,6%-ды құрайды. Жас туристер, техниктер, натуралистер станцияларының саны жеткіліксіз. Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері және мамандары жүйелі біліктілік арттыруды қажет етеді.
4. Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық қолдау мен түзете-дамыту жұмыстары жетілдіруді қажет етеді.
Арнайы білімі бар педагог кадрларға сұраныс артып отыр, әдістемелік қолдау қажет, сонымен қатар, көру қабілеті нашар балалар үшін Брайл шрифтісімен жазылған оқулықтар жетіспейді.
5. Оқытуда инновациялық технологиялар толық түрде қолданылмауда. Сапалы білімге қол жетімділікке жетуде мектептердің жоғары желідегі Интернетпен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі әсер етеді, сонымен қоса сандық ақпараттық ресурстар саны да. Оқушылардың ақпараттық технологияларға қол жету мүмкіндігі шектелген. Мектептердің әлемдік білім беру интернет ресурстарына шығу көрсеткіштері төмен денгейді сақтап қалуда.
6. Балалардың өз құқықтары туралы жеткіліксіз хабардар болуы
Қоғамның реформалануы , әлеуметтік саралау , өмір сүру деңгейінің төмендеуі, отбасының қолайсыздығы және өзге де факторлар балалар құқықтарына әсер етеді.
7. Балаларды өмір сүруі үшін жайлы және игілікті қоршаған орта құрумен байланысты проблемалар бар.
Осал топтағы балалардың әлеуметтік шеттелуі (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек - балалар, әлеуметтік қатерлі жағдайдағы балалар).
Осы санаттағы балалардың 18% жетімдер. Қалғандары - ата-аналары тірі бола тұра жетімдер, олар ата-ана құқығынан айрылған, қамау орындарында, іздеуде, ұзақ уақыт емделуде жүргендер .
Балалармен қатыгездік қарым-қатынас жағдайлары азаймауда: физикалық, эмоционалды, балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық, олардың негізгі қажеттіліктерін елемей.
Мектеп оқушыларының мінез-құлық факторлары денсаулық жағдайына әсері ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.
Баланың жиі күйзеліске түсуі аяқталған суицид санын арттыруға әкеледі.
Кәмелетке толмағандар арасында алкоголді пайдалану, шылым шегу және нашақорлық мәселелері шиеленісе түсуде: балалардың 20%-ы спирттік ішімдікті қолданады, жасөспірімдердің 50 % шылым шегеді, 17% - есірткі қолданады.
Балалар арасында және кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық жасалуда, анықталған балалар құқығын бұзушылық саны да төмендемеуде.
1.3) Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа жетуде әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атаулары | Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар |
Демографиялық өсім және миграциялық процестер үш ауысымды мектептер санының және оқушы орнының тапшылығына әкеледі | РБ және ҰҚ есебінен мектеп және кеңейтілген құрылыстар |
PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулерді жүргізуге ықпал ететін техникалық (бағдарламаның қателіктер беруі) жағдайлар | Сапалы компьютерлер мен USB жинақтаулармен оқушыларды қамтамасыз ету |
Интернаттық мекемелерге ата-аналарынан қамқорсыз қалған балалар мен ижетім балалардың қайта түсуі | PR-кампаниялар өткізу, интернаттық ұйымдарды отбасын қолдау орталығына қайта құру, балалы отбасын сүйемелдеу қызметін құру, отбасына баланы қабылдаушы әлеуетті ата-аналарды дайындау |
Балаға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгез қарау фактілерін жасыру | Бала құқығын қорғау саласында қызмет ететін әлеуметтік педагогтар мен психологтарды даярлау және қайта даярлау |
3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру
Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
2015-2016 оқу жылында республиканың ТжКБ жүйесі 807 колледжді, оның ішінде 462 мемлекеттік (2013-2014 оқу жылында – 849, 2014-2015 оқу жылында - 820) коллежді құрайды. Оның 20%-ы ауылдық жерде орналасқан.
2015-2016 оқу жылында білім алушылардың саны 499,4 мың адамды құрады (2013-2014 оқу жылында – 561,9 мың адам, 2014-2015 оқу жылында 531,4 мың адам), оның 97,7 мың адамы (19,6%) жұмысшы біліктіліктері бойынша, 402,1 мың адам (80,4%) орта буын мамандықтары бойынша. Күндізгі бөлімде 422,6 мың адам (87,9 мың адам сырттай бөлімде, 3,1 мың адам – кешкі оқыту нысаны бойынша), олардың 242,3 мың адамы немесе 48,5%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.
Кадрларды тегін даярлау республикалық (бұдан әрі - РБ) және жергілікті бюджет (бұдан әрі - ЖБ) есебінен іске асырылады.
Кадрларды даярлау 183 мамандық және 463 біліктілік бойынша жүргізіледі.
Кадрларды даярлаудың құрылымы 294,2 мың адам (58,9%) техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша жүргізілетінін көрсетті, бұл еңбек нарығының сұранысына сәйкес келеді.
Экономиканың кадрларға қажеттілігі оның жалпы сұранысының 20,5%-ы жұмысшы кадрларды, 38,5%-ы - орта біліктілікті, 41%-ы жоғары біліктілікті мамандарды қажет ететінін көрсетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) негізінде 242,3 мың адам (48,5%), ақылы негізде 257,2 мың адам (51,5%) білім алады.
Колледж студенттерінің 48%-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алады. Бірақ, жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде басымдық орта буын мамандықтарына беріледі (жалпы мемлекеттік тапсырыстың 60%).
Республика колледждерінде кадрларды даярлаудың талдауы контингенттің төмендеуін көрсетеді. ЭЫДҰ-ның (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мектеп және колледж оқушылары арасында жүргізген әлеуметтік зерттеуі оқушылардың 91,4%-ы ТжКБ-ға баруды жоспарламайтынын, 49,2%-ы мамандық таңдауда көмекті қажет ететінін, 45,9%-ы оқуға төлеуге мүмкіндігінің болмауын немесе қиналатындығын көрсетті.
Тиісінше жастардың жұмысшы мамандықтарын алуын тежеу факторлары мәртебесінің жоқтығы, ақылы білім алу, нашар кәсіптік бағдар беру жұмысы.
Осыған орай техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңарту, қолжетімділігін арттыру және беделін көтеру бойынша шаралар қабылдануда.
2013-2015 жылдары құрылыс есебінен 3 080 орындық 7 колледж, құрылыс және бос ғимараттар мен аудандарды реконструкциялау есебінен
3 075 орынды жатахана қолданысқа берілді. 2014 жылы 236 шеберхана және зертханалар жабдықталды (170 РБ қаражаты есебінен 4,250 млрд. теңгеге, 66 ЖБ қаражаты есебінен 1,225 млрд. теңгеге). 2013 жылы 184 шеберхана жарақтанды. 2015 жылы Дүниежүзілік банкі есебінен қосымша ТжКБ-ның 15 оқу орны жарақтанды.
Білім алуға ерекше сұранысы бар балалардың техникалық және кәсіптік білім алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануда. ТжКБ-ға қабылдау кезінде мүгедектерге арналған белгіленген квота (2012 жылдан бастап) көлемі 1% -ды құрайды (2011 жылы – 0,5%).
Колледждерде дуальді оқыту жүйесінің элементтері енгізілуде. 2015-2016 оқу жылында еліміздің 348 колледжі білім беру қызметін кәсіпорындармен әріптестік негізінде жүзеге асырады. Ынтымақтастық туралы 27 200 шарт жасалды.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» білім беру көші-қон арқылы еңбек ресурстарының өңірлік теңсіздігін реттеуге амалдар жасалуда. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлердің 34 колледжінде 2200 студент оқиды.
Жалпы, ТжКБ жүйесі кәсіптік станддарттар негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына көшуде, біріктірілген модульдік оқу бағдарламалары енгізілуде.
Дүниежүзілік банкі қарызы есебінен «ТжКБ-ны жаңғырту» жобасы шеңберінде 147 кәсіптік стандарт енгізінде 147 модульдік бағдарлама жасалды, оның ішінде 29 модульдік білім беру бағдарламасы ТжКБ-ның 33 оқу орнына енгізілді.
«Кәсіпқор» холдингі халықаралық тәжірибе мен жұмыс берушілер талаптарын ескере отырып 45 білім бағдарламалары әзірледі, оның 5-еуі ТжКБ ұйымдарының оқыту процесіне енгізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 26 наурыздағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2016-2017 оқу жылында эксперимент тәртібінде ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне Холдингтің 45 білім бағдарламаларын енгізу қарастырылуда.
2012 жылдан бастап Қазақстан Турин процесіне қатысушы болып табылады. Қазақстанның Турин процесіне қатысуының негізгі бағыттары: ТжКБ-ның негізгі индикаторларына талдау, индикаторлар негізінде ілгерлеушілік мониторингі, озық практика мысалдарын, саясатын әзірлеу, бағалау және тарату, мүдделі тараптардың барлық топтарын белсенді тарту, әдіснамалық құралдарды әзірлеу.
Турин процесі бойынша елдік баяндаманың нәтижесі Қазақстан Республикасында кәсіптік білімді дамыту саясатын жасаудың негізі болды.
Колледждерді аккредиттеудің Жол картасы әзірленді және бекітілді. 2016 жылы 14 колледж (11 мемлекеттік, 3 жекеменшік)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тізілімге енгізілген Тәуелсіз қазақстандық агенттік базасында аккредиттеуден өтті.
Индустриалдық-инновациялық басым жобаларды іске асыру үшін 10 базалық колледж айқындалды.
Инженер-педагог қызметкерлердің әлеуетін дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Республика колледждерінде 2015-2016 оқу жылы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің саны 43 112 адамды (2013-2014 оқу жылында – 45 684 оқытушы, 5 857 өндірістік оқыту шебері, 2014-2015 оқу жылы – 42 922 оқытушы, 56 31 өндірістік оқыту шебері) құрады. Инженер-педагог кадрлар мен өндірістік оқыту шеберіне қажеттілік жоқ.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын есепке ала отырып, білімнің қолжетімділігімен қатар, жастардың қосымша біліктілік алуларына жағдай жасау мәселесін пысықтау қажет.
Заманауи өндірісті автоматтандырудың қарқынды процесін игеруді колледж бітірушілерінің қосымша және шектес дағдыларды, бағдарламалау негіздерін және робототехниканы зерделеуді, ағылшын тілін білуді қажет етеді.
3.2) Негізгі мәселелерді талдау
1. Жастардың кәсіби дамуына деген шаралардың жеткіліксіздігі және ТжКБ алуға уәждемесінің төмендігі.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, 2015 жылы типтік жастағы жастардың ТжКБ-дегі (14-24 жас) үлесі тек 16,1%-ды құрады. Бұл көрсеткіш еуропалық одақ елдері мен ЭЫДҰ-дан 3 есе төмен. Халықтың 22% -ы ғана ТжКБ-ны беделді деп санайды. Ал Еуроодақ елдерінде халықтың 71%-ы үшін жұмысшы мамандығының оң имиджі бар. Бұл жұмысқа орналасуды, қамтудың, еңбек ақы көлемінің және халық пікірінің көрсеткіштері.
Елдің жұмысшы кадрлары компьютерлік жобалау біліктіліктерін, күрделі дәнекерлеу құрылымдармен жұмыс істеуді және техникалық ағылшын тілін меңгермеген. Жыл сайын 30 мың шетелдік қызметкер жұмысқа тартылады, оның ішінде 24,9 мың (83%) - өнеркәсіп үшін.
2. Білім беру мазмұны мен сапасының халықаралық стандарттарға және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмеуі.
Қолданыстағы Кәсіптер мен мамандықтар жіктеуіші ХББА-ға сәйкес келмейді. Әзірленген оқу бағдарламалар өзектендіруді, білім берудің барлық деңгейінде сабақтастықтың болмауы модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген бағдарламаларға көшуді талап етеді. Колледждердегі мамандардың даярлық сапасына талдау жүргізу үшін жұмыс берушілер тарапынан ТжКБ түлектерін тәуелсіз сертификаттау жүйесі жеткіліксіз дамыған.
3. Инженер-педагог қызметкерлерінің кәсіби өсуін ынталандыру тетіктерінің болмауы
Техникалық және кәсіптік білім мазмұнын жаңғырту процесі білім беру саласындағы инновациялық технологияларды меңгерген, педагогтардың кәсіби ұтқырлығын арттыруға бағытталған нақты кадрлық саясатты талап етеді. Алайда, қолданыстағы біліктілікті арттыру жүйесі педагогтарды ынталандыру мен уәждемелеуді көздемейді.
Жыл сайын 3 мыңнан астам инженер-педагог қызметкер өндіріске кетеді. Колледждердегі төменгі жалақы өндірістен қызметкерлерді тартуға мүмкіндік бермейді, жастар ТжКБ-ге қиналып барады.
Педагогикалық қызмет нәтижелері бойынша оқытушыларды ынталандыру және біліктілікті арттырудың айқын тетігі жоқ.
4) Жеткіліксіз дамыған инфрақұрылым мен кәсіптік және техникалық білім беруге қолжетімділік
Колледждердің материалдық-техникалық базасы кадрларды даярлау сапасын және ТжКБ жүйесінің тартымдылығын қамтамасыз етпейді. Басқа қаладан келген білім алушыларға жағдай жасау мәселелері толық шешілмеген. Ауылды жерлерден келген студенттердің 70%-ның ғана жатақханадан орын алуға мүмкіндіктері бар. Қазақстандағы ТжКБ шығыстары әлемдегі дамыған елдердің көрсеткіштерінен 2,5-3 есе төмен.
3.3) Тәуекелдерді басқару