Тақырып Күрделі сөздер мен фразеологиялық сөз тіркестері

Фразеологиялық оралымның сөзге эквиваленттілігі (баламалылығы) теориясы. Ш.Баллидің фразеологизмдерді басқа тілдік тұлғалардан ажырататын белгі ретінде ұсынған пікіріне барып тіркеледі. Оның ілімі бойынша, фразеологиялық оралымның жалпы ортақ белісі- оралымды жеке бір сөзбен ауыстыру мүмкіндігі мен мүмкін еместігі болып табылады. Оралымды жай бір сөзбен ауыстыру мүмкін болса, ол фразеологиялық единица да, ал оны бір сөзбен ауыстыру мүмкін болмаса, онда ол- фразеологиялық единица емес. Тұтас оралымды ауыстыра алатын осындай сөзді, Ш.Балли сөз – идентификатор (балама сөз) деп атады.

В.В. Виноградов өзінің фразеологияның жалпы мәселелерін талдаған мақаласында лингвистмкалық пән ретінде фразеологияның қалыптасуының негізгі екі жолын, негізгі екі принципін, көрсетті және зерттеу үстінде қолданды. Біріншіден жеке сөздерден күрделірек негізгі семантикалық бірліктерді талдау мен бір-бірінен ажырату және екіншіден, әр түрлі фразаларды құрастыру процестерінің негізі болып табылатын сөз мағыналарының категорияларын анықтау мақсатында, сөздің мағыналарының түрлерінің құрылымын зерттеу принциптерін қолданды.

Сонымен, фразеологиялық оралымдарды талдаудың негізі-осы күрделі құрылымға енетін сөздерді талдау болып табылады.

Фразеологиялық оралымдар, негізінен, құрамындағы сыңарлардың сөз екендігінен күрделі сөздерден ажыратылады, өйткені күрделі сөздер қанша сыңардан я бөліктен құралмасын, олар сөз-сыңарлар емес, сөздердің бөліктері ғана. Мысалы: бәйшешек, қарақат, көкпар, ыдыс-аяқ, қол жуғыш, шекара т.б. сыңарлары бірігіп, бір ғана ұғымға атау болып тұр.Фразеологиялық оралымдар өзінің семантикалық тұтастығымен ерекшеленеді де, сыртқы тұрпаты жағынан еркін сөз тіркестеріне ұқсайды. Ал сөздер қандай да болмасын күрделі құрамда бола тұрып, барлық уақытта тұтаса тұлғаланады.

Олардың сыртқы формасының тұтастығы, тұтаса тұлғалануы мағына тұтастығының сыртқы көрінісі де, сырт формасы оларды сөз тіркестерінен айырады. Фразеологиялық оралымдардан күрделі сөздердің айырмасының бір көрінісі мынада. Күрделі сөздердің мағынасы түгелімен өзін құрастырушы бөлшектердің мағыналарынан туады.

В.В. Виноградов өзінің фразеологияның жалпы мәселелерін талдаған мақаласында лингвистмкалық пән ретінде фразеологияның қалыптасуының негізгі екі жолын, негізгі екі принципін, көрсетті және зерттеу үстінде қолданды. Біріншіден жеке сөздерден күрделірек негізгі семантикалық бірліктерді талдау мен бір-бірінен ажырату және екіншіден, әр түрлі фразаларды құрастыру процестерінің негізі болып табылатын сөз мағыналарының категорияларын анықтау мақсатында, сөздің мағыналарының түрлерінің құрылымын зерттеу принциптерін қолданды.

Тілдің фразеологиялық құрамы мен лексикалық құрамының арасында екеуіне ортақ ерекшеліктер бар. Фразеологиялық оралымдар да сөздер сияқты адам қызметінің барлық жақтарымен байланысты болып келетін шындық болмыстағы құбылыстарды белгілейді. Мұндай жағдай фразеологиялық құрамның үздіксіз өзгеріп отырғандығының шарты. Тілде, бір жағынан, бір фразеологиялық оралым қолданысқа еніп жатса, екінші жағынан, көнелері қолданыстан шығып қалып жатады. Мысалы, көнерген және сирек қолданылатын фразеологиялық оралымға «күйсіз күлік жүгірмес», «ораздының ұлы, жиырлының қызы», «опасыз жалған»; ал жаңадан тілге қосылған фразеологиялық оралымға «ғарышқа самғау», «көз бояу» сияқты тіркестерін жатқызуға болады.

Фразеологиялық құрамнан, лексикалық құрамдағы сияқты, кірме фразеологиялық оралымдарды да көптеп кездестіруге болады. Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологиялық құрамнан, лексикалық құрамдағы (сияқты), кірме фразеологиялық оралымдар басқа тілдерден аударылып немесе калька түрінде алынған. Балама түрінде де алынғандары баршылық. Мысалы: түймедейді түйедей ету (балама: из мухи делать слона); құдайға шырақ, шайтанға көсеу (калька: богу свечка, черту кочерга) т.б.

Фразеологизмдер мен сөздердің бір-біріне ұқсас, ортақ жақтары мен айырмашылықтары жөнінде арнайы параграфта тереңірек айтып кеттік. Фразеология мен лексикологияның бір-бірімен тығыз байланыста екендігін қостай отырып, ол екеуінің негізгі зерттеу обьектілерінің бір-бірінен айғақты айырмашылықтары бар екендігін де мойындауымыз керек.

Сондай-ақ, жеке сөздер кез-келген тіркестен фразеологиялық оралым жасай бермейді. Бұл жерде мәселе сөздердің бір-бірімен қандай мағыналық қатынасқа түсуінде жатыр. Яғни сөздердің бір-бірімен қатынасының ерекшеліктеріне жан-жақты және терең талдау жасау фразеологияның маңызды мәселелерінің бірі болса, фразеологияның семантикамен тығыз байланысы осы жерден көрінеді. Басқа кез-келген сөз тіркесінің сыңарларының арасында нақты грамматикалық қатынас болатындығы сияқты, фразеологиялық оралымдардың да компоненттерінің арасында осындай байланыс болады. Бұл компоненттер әр түрлі морфологиялық және синтаксистік өзгерістерге түсуі мүмкін, ондай өзгерістер нормаға сай да, кездейсоқ та болуы мүмкін. Осындай өзгерістер мен компоненттер арасындағы қатынастарды зерттеудің фразеологизмдердің сөйлеудегі қызметтерінің заңдылықтарын және жағдайларын ашуға аса зор маңызы бар. Міне осыдан келіп фразеологияның грамматикамен байланысы басталады.

Фразеология фонетикамен де байланысты ілім. Фразеологизмдердің де сыңарлары тарихи даму жолында фонетикалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін, семантикалық жағына әсер етуі де мүмкін. Сондай-ақ, фразеология өмір саласының барлық жағын қамтитын ілім-фразеология, өзінің қолданылуы және қалыптасуы жағынан психологиямен, тарихпен, әдебиетпен, ғылымдардың әр түрлі: этнография, мифология, фольклор т.б. сияқты салаларымен де тығыз байланысты.

Осылармен қатар фразеологияға тікелей қатысы бар сала, ол-стилистика. Фразеологиялық оралымдар ішкі мән-мағынасына қарай қолданылу барысында өзінің стильдік өңін өзгертіп отырады. Фразеологизмдер суреткерлердің қаламына іліккен кезде кең өріс алып, стиль жағынан ширатыла түседі. Фразеологиялық оралымдарды стильдік тұрғыдан пайдаланудың бір ұшығы сөзді мәнерлеп сөйлеуге байланысып жатыр. Фразеологизмдер сөйлеуде образды және экспрессивті-эмоциональды сипатта қолданылады, сондықтан фразеологизмдердің стилистикалық қасиетін зерттеудің семантика мен стилистика үшін ғана емес, сонымен қатар фразеологиялық мәселелерді шешу үшін де маңызы зор. Мұндай зерттеудің нәтижесі түбінде жаңадан қалыптасып келе жатқан фразеологиялық стилистиканың қалыптасуына игі әсерін тигізері анық.

Фразеологияны оны даму тарихынан бөлек алып қарастыру мүмкін емес, өйткені фразеологизмдердің құрылымдық және семантикалық белгілеріне талдау жасаудың кез-келгені оның қалыптасу тарихына үңілуді қажет етеді. Фразеологизмнің қазіргі синхрондық жағдайына тарихи-семантикалық талдау жасауда жетісттікке жетудің жолы-оның тарихи өткен жолына шолу жасауды ұмытпау болып табылады. Синхрондық я диахрондық тұрғыдан жасалатын талдау этимологияның мәліметтерінсіз толық бола алмайды.

Фразеология фонетикамен де байланысты ілім. Фразеологизмдердің де сыңарлары тарихи даму жолында фонетикалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін, семантикалық жағына әсер етуі де мүмкін. Сондай-ақ, фразеология өмір саласының барлық жағын қамтитын ілім-фразеология, өзінің қолданылуы және қалыптасуы жағынан психологиямен, тарихпен, әдебиетпен, ғылымдардың әр түрлі: этнография, мифология, фольклор т.б. сияқты салаларымен де тығыз байланысты.

Өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болып келетін, тілімізге бейнелі және мәнерлі рең беретін, өзіндік құрылысы мен белгілі мағынасы болатын тұрақты сөз тіркестері тіл-тілдің қай-қайсысына болса да көптеп кездеседі. Мұндай тіркестерді құраушы компоненттердің орнына кез-келген басқа бір сөзді қолдануға болмайды, олай етсек тіркестің мағынасы ауысып, не мүлдем өзгеріп кетеді. Оларға тән белгі тұрақтылық жойылады.

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан осындай тұрақты сөз тіркестеріне тіл мамандары көптен-ақ көңіл бөліп келеді.

Тіл-тілдер сөздік қорында жеке сөздерге айрықша мағынасымен ұқсас келіп қолданылатын тұрақты сөз тіркестері бір бүтін единица қызметін атқарады. Мысалы: ауызды ашып жұмғанша-лезде, ит өлген жерде-алыста, төбе шашы тік тұру-қорқу, қой аузынан шөп алмас-момын, сияқты сыңарлары орын жағынан бұлжымастай берік, араларындағы грамматикалық қатынастары тұрғысынан мүшеленбей, біртұтас тұлға қызметін атқаратын, осындай топтар тұтасымен тұрып, дайын күйінде қолданылады.

«Тұрақты сөз тіркестері» термині «еркін сөз тіркестеріне» қарсы мағынада қолданылып, «фразеологиялық тіркес» , «фразеологиялық единица», «фразеологиялық оралым» және «фразеологизм» терминдерімен синоним ретінде қолданылып жүр.

Фразеологиялық оралымдар тілдік единицалар жүйесінде басқа тілдік тұлғалармен қатар өмір сүріп, көп уақыт бойы лексикологияның зерттеу обьектісі ретінде қарастырылып, сөздермен қатар сөздіктерде беріліп, бір жүйеге келтірілместен, тілдің лексикасында, сөздердің эквиваленті делініп келді. Өйткені, біріншіден, жалпы «фразеологтялық оралымдар» (осыдан былай қарай «фразеологиялық оралым»-ФО, «күрделі сөз»-КС, «еркін сөз тіркестері»-ЕСТ) жеке сөздерге ұқсас қызмет атқарады; екіншіден, құрылымы жағынан мүшеленбейтін, біртұтас тұлғада тұрып, мәндес дербес сөздің орнына толығымен қолданыла береді. Ондай қасиетті сұр жылан-жауыз; қара қылды қақ жарған-әділ; сүтке тиген күшіктей болды-сүмірейіп қалды; сылдыр көмей, жез таңдай-сөзге жүйрік адам; құралай көз-сұлу, әдемі; құралайды көзге атқан-мерген, қас қаққанша-лезде деген тіркестерден көруге болады. Көп мүшелі тіркес тек бір мағынаға ие. Оларға образдылық қасиет тән. Фразеология фонетикамен де байланысты ілім. Фразеологизмдердің де сыңарлары тарихи даму жолында фонетикалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін, семантикалық жағына әсер етуі де мүмкін. Сондай-ақ, фразеология өмір саласының барлық жағын қамтитын ілім-фразеология, өзінің қолданылуы және қалыптасуы жағынан психологиямен, тарихпен, әдебиетпен, ғылымдардың әр түрлі: этнография, мифология, фольклор т.б. сияқты салаларымен де тығыз байланысты.

Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де көп қолданылатын құрылыс материалы. Фразеологиялық оралымның қай-қайсысы болмасын, бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.

Тіл мамандары фразеологияның теориясын, әр түрлі тілдердің материалдарына сүйеніп, жан-жақты зерттеуде. Фразеологияның мамандар назарын қызықтыра тартуының себебі-синтаксистік үлгімен жасалған орамдардан басқа, құрамындағы сыңарлар ерекше семантикалық қарым-қатынаста болатын тіркестер, яғни фразеологизмдер, тіл білімінің жеке саласының арнайы зерттеу обьектісі болған емес. Ол баста мамандардың фразеологиялық оралым құрылымына көңіл аудармай, олардың астары мен образды, бейнелі мағынасына, ішкі формаларына назар қою себебі-фразеологиялық оралымды анықтауда басты белгі ретінде, дәстүрлі дайын күйінде қайталанып қолданылатындық пен астарлы мағына алынды.

Тілдік тұлғалар қатарынан нық орын алған оралымдарды зерттеуге, ерекше әдістерді қолданудың қажеттігін алғаш рет негіздеген Ш.Балли болды.

Фразеологияны лексикологияның тарауы ретінде қарастырып, тілдердің нақты даму жағдайын ескере отырып, «...тілдер үнемі өзгеріске ұшырап отырса да, бұлар өзгеріссіз қолданылады» деп, Ш. Балли синхрондық фразеологияның негізін қалады. Ол фразеологиялық оралымдардың негізгі қасиетін еркін және тұрақты тіркестерді бір-бірімен салыстырудың негізінде анықтады. Біріншіден, сөйлеу кезінде қолданылған сөз тіркестерінің құрамын өзгертіп, қайтадан ол сөздермен басқа да тіркестер жасауға болатындығын, олардың құрамындағы сөздердің жаңа тіркестердің құрамында қолданылуға икем тұратындығын; екіншіден, сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әр түрлі себептерге байланысты өз дербестігін жойып, тек өзі сыңары болған тіркесте ғана мағынасы белгілі болатындығына назар аударады. Мұндай тіркестер фразеологиялық бірліктерді құрайды.

Ш. Балли сөз тіркестерінің осы екі түрін бір-бірінен ажыратуды ұсына отырып, тұрақты тіркестерді екі топқа жіктейді. Бірінші топқа (фразеологиялық қатарларға) жиі қолданудың нәтижесінде тұрақты сипатқа ие болған, бірақ тіркестің құрамындағы сыңарларының бірін синонимдес сөзбен ауыстыруға болатын, оралымдарды жатқызады, мысалы: сыбағасын алды (берді, жеді); қас дұшпан, қас жау; ата (әке) жолын қуды т.б. Мұндай фразеологиялық қатарлар (асқар бел, қыр мұрын, судай таза т.б.) дәстүр бойынша дайын қайталанатын оралымдар. Екінші топқа (фразеологиялық бірліктерге) Ш. Балли жеке сыңарлары өздерінің бастапқы мағыналарынан айырылған, бүтін тіркестің беретін мағынасы олардың мағынасынан тумайтын оралымдарды жатқызады.

Ш.Балли фразеологиялық оралымдардың сыңарларының бір-бірімен тіркесуінің әр түрлі дәрежеде болатындығын талдады. Ол фразеологиялық бірліктердің сыртқы және ішкі белгі, ерекшеліктерін бір-бірінен ажыратты. Фразеологиялық оралымдардың сыртқы ерекшеліктеріне олардың құрылымдық сипатын, ішкі белгілеріне семантикалық қасиеттерін жатқызды. Құрылымдық немесе сыртқы белгілерін: сыңарлардың бөлек-бөлек жазылуын (ажыратыла тұлғалануын), сыңарлардың бірінен кейін бірінің өзгеріссіз өз орындарында келуін және оларды басқа сөздермен ауыстырудың мүмкін еместігін жатқызды. Ішкі немесе семантикалық белгілерге: бүтін оралымның бір сөзге балама болуы (сөз- идентификатор), құрамдағы сыңарлардың мағынасының ұмыт болуы, құрамда лексикалық, семантикалық немесе синтаксистік архаизмдердің болуы, элипсистік өзгеріске ұшырауы т.б. жатқызды. Ішкі және сыртқы, белгілердің жиынтығы бір ортақ нәтижені білдіреді, ол-оралымның бөлшектерінің (сөз сыңарларының) мағынасын жоғалтуы, оралым мағынасы үшін түсініксіз болуы. Тек сыртқы тұрпатына қарап оралымдарды фразеологияға жатқызу жеткіліксіз болғандықтан, Ш.Балли фразеологиялық оралымдарға тән басты белгі ретінде олардың ішкі, таза семантикалық белгісін алады.

Фразеологиялық оралымдарды анықтауда Ш.Балли қолданған идентификация (фразеологиялық оралымның жеке сөзге мағыналас болуы) принципі фразеологияның шегін анықтай алмағанымен, оның бұл теориясы фразеологияның қалыптасуындағы үлкен жетістік болды. Олай дейтін себебіміз-Ш.Баллидің пікірлері әлі күнге дейін өз маңыздылығын жойған жоқ және де зерттеу жұмыстарына арқау болуда.Оларға: а) фразеологиялық оралымдарды ажыратудың релеванттық және көмекші белгілерін анықтаулы; ә) бір сыңары өз дербестігін жоймаған еркін, бірақ лексикалық тұрғыдан тұрақты тіркестерді, сыңарлары мағына дербестігін жоғалтқан сөздерден жасалған фразеологиялық бірліктерден ажыратуды; б) оралымның құрамында, өзін басқа сөзбен ауыстырғаннан, оралым тұтастығына нұқсан келтірмейтін еркін сыңардың болуын; в) фразеологиялық бірліктердің таңбалық сипатын және олардың сыңарларының қасиетін анықтауды; г) сипаттама (синхрондық) фразеологияны қалыптастыру принциптері мәселелерін жатқызуға болады.

В.В.Виноградов сөзді синтаксистік және стилистикалық жақтан өзекті тұлға ретінде зерттеп, фразеология теориясына ауқымды үлес қосты. Оның еңбектері фразеология теориясының одан әрі дамуына үлкен үлес болды. Ш.Баллидің идеяларын табысты дамыта отырып, фразеологияны өз алдына лингвистикалық пәнге айналдырды.

В.В.Виноградов та фразеологиялық оралымдардың мәнін олардың тұрақтылығынан іздеді. Тұрақтылық белгісін оралымды құраушы сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктерінің нәтижесі ретінде қарастырды.

Фразеологиялық оралымдарды В.В.Виноградов олардың мағыналарының негізінде: а) фразеологиялық тұтастықтар, ә) фразеологиялық бірліктер, б) фразеологиялық тізбектер деп үш топқа бөлді. Ш.Баллидің екі топқа жіктеген фразеологиялық оралымдарын В.В.Виноградов үш түрлі топқа бөлді. Ш.Балли сияқты, В.В.Виноградов та фразеологиялық оралымдарды топтастыруда ортақ принцип пайдаланған жоқ. Ол, бірде, бір принципті (құрылымдық белгі-фразеологиялық тізбектер үшін), ал бірде, басқа принципті (семантикалық белгі-фразеологиялық бірліктер мен тұтастықтар үшін) қолданды.

Фразеологиялық оралымдарды тұтастықтар, бірліктер және тізбектер деп топтастырғанда, В.В.Виноградов сөз мағынасының түрлерін және қолданылуын негізге алды. Фразеологиялық оралымдарға семантикалық талдау жасай отырып, ол сөз бен оның мағыналарының жүйесіне негізделген фразеологиялық концепциясын жасап, фразеологиялық оралымдардың семантикалық топтарын төмендегіше сипаттайды.

Фразеологиялық тұтастықтар. Фразеологиялық тұтастықтардың біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен байланыспайды, бүтіндей тіркес семантикалық жақтан бөлінбейді. Сондықтан да оларды жеке сөзбен, жеке сөз баламасымен, ауыстыруға болады, мысалы: ит арқасы қиянда-алыста. Фразеологиялық тұтастықтардың құрамындағы сыңарлар, өзі сияқты сөздермен (тура мағынасындағы сөздермен) омонимдес қана. Мысалы, қас пен көздің арасында (лезде) оралымындағы қас, көз, арасы сөздерінің білдіретін еркін мағыналары барша жұртқа белгілі, ал осы оралымның бір бүтін мағынасы мен олардың мағыналары мүлдем сәйкеспейді. Тұтастықтардың лексикалық құрамы сөздің құрамындағы морфемалардай «ертіндіге айналған лексикалық бөлшектердің химиялық қосындысы сияқты» дейді. В.В.Виноградов фразеологиялық бірліктердің төрт түрлі белгісін ажыратады. Айта кететін нәрсе, оның пікірінше, фразеологиялық бірлікті анықтауға осы төрт белгінің біреуі де жеткілікті. Олар: а) бір бүтін оралымның образды туынды мағынасының тіркес сыңарлары мағыналарына таралып бөлшектенбей, тұтас күйінде ұғынылу белгісі; ә) бейнелі мазмұн белгісі; б) оралымның бірде-бір сыңарын синоним сөзбен ауыстырудың мүмкін еместігі белгісі; в) тек тұтас оралымды ғана мағыналас бір сөзбен ауыстыру мүмкіндігі белгісі. Бұл жерде В. В. Виноградов бірліктердің бүтін, образды, туынды мағынасына ерекше мән берген де, бірлікті құрастырушы сыңарлардың сипатын толық ашпаған.

Ол «тіркес сыңарларының құрамы оның туынды мағынасын анықтайды» деп есептеп, оралымның бүтін мағынасы белгілі бір дәрежеде жеке сыңарлардың мағыналарынан тәуелсіз болатындығын да ескеріп, өз пікіріне қарсы келеді. В. В. Виноградов бүтін бірліктің мағынасы оның ішкі образды өзегін ұғынумен, сондай-ақ оны құрастырушы сөздердің потенциальды мән-мәнісін түсінумен байланысты екендігін ескертеді. Потенциальдық образдылыққа, сыңарлардың семантикалық байланысынан туатын потенциальды жалпы мағына туралы мәселеге бірнеше рет тоқталып, фразеологиялық бірліктерді «потенциальды сөздер» ретінде анықтайды. Фразеология фонетикамен де байланысты ілім. Фразеологизмдердің де сыңарлары тарихи даму жолында фонетикалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін, семантикалық жағына әсер етуі де мүмкін. Сондай-ақ, фразеология өмір саласының барлық жағын қамтитын ілім-фразеология, өзінің қолданылуы және қалыптасуы жағынан психологиямен, тарихпен, әдебиетпен, ғылымдардың әр түрлі: этнография, мифология, фольклор т.б. сияқты салаларымен де тығыз байланысты.

Фразеологиялық тұтастықтар мен бірліктерге фразеологиялық тізбектер мүлдем қарама-қарсы белгілерге ие оралымдар. Фразеологиялық тізбектерді В. В. Виноградов «сөздердің байлаулы мағыналарынан жасалатын фразалар түрі» деп анықтайды.

Фразеологиялық тізбектің құрамындағы фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөз бір не бірен-саран сөздермен ғана тіркесіп қолданылады. Фразеологиялық байлаулы мағыналы сөздер өздерінің тура номинативті қызметінен айырылған да, шындық өмірдегі зат, қимыл, құбылыс және сапаға жанама түрде, тұтас оралым арқылы бағытталады.

Тізбектердің құрамындағы фразеологиялық байлаулы мағыналы сөзді өзімен синонимдес сөзбен ауыстыру мүмкіндігі фразеологиялық тізбектердің негізгі белгілерінің қатарына жатады.

Фразеологиялық тізбектегі фразеологиялық байлаулы мағына оралымның тұрақты сыңары ретінде жұмсалады.

Фразеологиялық тізбектердің сыңарлары арасындағы синтаксистік байланыс тілдік нормаға сай келеді, бірақ бұл байланыс дәстүр бойынша даяр күйінде қолданылады да, өзгеріске көп түсе бермейді, тілдік нормадан ауытқып өзгерту тізбектердің фразеологиялық қасиетін жояды.

Фразеологиялық тізбектердің фразеологиялық тұтастықтар мен бірліктерден ерекшелігі – оларға омонимдес еркін тіркестер мүлдем кездеспейді. Тізбектердің мағынасы белгілі бір сөздердің шектеулі тіркесімен беріліп, дайын күйінде қайталанады. Мысалы, «көк» сөзі мынадай тізбектердің құрамында: көк бет, көк бақа, көк ми, көк дауыл, көк айыл т.б. кездесе береді де, көк жылан, көк сирақ, көк жел, т.б. деп айтуға болмайды. В. В. Виноградовтың айтуынша, сөздердің байлаулы мағынасында тек бір сөзбен я бірнеше сөзбен тіркесіп келіп даяр күйінде қолданылуының негізгі себебі – олардың синтаксистік тұрғыдан мүшеленбейтіндігінде. Олардың синтаксистік тұрпаты және қызметі қалыптасып қалған, сыңарлары арасындағы байланыс тұрақты сипатқа өткен де, бүтін құрам дәстүрлі түрде дайын қайталанады.

Уақытында орыс ғалымдары А. А. Шахматов, Ф. Ф. Фортунатов, В. К. Поржезинский, А. М. Пешковский, А. А. Потебня тұрақты сөз тіркестерін синтаксистік тұрғыдан зерттеді. Ф. Ф. Фортунатов және оның мектебі тұрақты тіркестерді, олардың сыңарларын семантикалық және грамматикалық белгілері жағынан зерттеу проблемаларын қойды, А. А. Шахматов өзінің «Синтаксис русского языка» атты еңбегінде тілде кездесетін, құрамындағы сөздер бір-бірінен ажырамай тұтас күйінде қолданылатын тіркестердің зор маңызы тек лексикология үшін емес, грамматика үшін де аса маңызды деген пікір айтты.

Кеңестік кезең тіл білімінде бірінші рет фразеологияны тіл ғылымының бір саласы деп қарау мәселесі жиырмасыншы жылдардан басталады. Бұл ойды алғаш рет көрнекті лингвист Е. Д. Поливанов синтаксистің, морфологияның және лексиканың бір-бірінен айырмашылықтарын талдай келіп, фразеологияны олардан ажырату керектігін ұсынды. Ол: «Бұл пән (фонетика, морфология және т.б.сияқты) болашақтағы лингвистикалық әдебиеттерде тұрақты және өз алдына орын алып, әр түрлі мәселелерді анықтау кезінде кездейсоқ кемшіліктерден құтылатын болады », - деген еді.

В. В. Виноградов синтаксистік және стилистикалық тұрғыдан қарап, фразеологиялық оралымның құрамындағы сөздердің орнығу теориясының да негізін салды. Кейініректегі еңбегінде лексикология, стилистика және фразеологияны біріктіруші тұлға - сөз мағыналарының кеңеюі мен тұрақтануы мәселелері зерттелді. Осы еңбегінде сөз мағынасы фразеологиялық байлаулы мағынаға дейін кеңіді.

Қорыта келгенде В. В. Виноградовтың фразеологиялық теориясы төмендегі пікірлер аумағын қамтыды: 1) фразеологиялық тіркес – синтаксистік еркін тіркестерге қарсы қойылатын, сөйлеу процесінде дайын қолданылатын тұрақты сөз тіркестері; 2) фразеологиялық тұлғаларды анықтаушы қасиет (белгі) – осы единицаны құраушы сөздердің семантикалық тұтасып тіркесуі немесе ажыратылмайтындығы, құраушы сыңарлардың бір-бірімен мағына жағынан тұрақты немесе бір жақты тәуелділігі; 3) осы айтылған жағдайдың бәрінде де, фразеологиялық оралым ішкі семантикалық томаға тұйықтық белгісінің көрінісі қызметін тұтас единицаның немесе оның компоненттерінің белгілі лексикалық (грамматикалық емес) мағынасының атқаруы; 4) компоненттердің семантикалық тұтастығы тіркестің лексикалық құрамының тұрақтылығын, кей жағдайларда олардың морфологиялық және синтаксистік құрылысын қамтуы; 5) тіркестердің семантикалық тұтастығы дәрежесіне қарай, құрылысына және құрамындағы сөздердің ұласу үлгісіне қарай фразеологиялық тіркестердің үш түрге тоқталуы: а) тұтастықтар немесе идиомдар – дәлелдемесі жоқ, жеке сөз тәрізді лексика-семантикалық тұлғалар; ә) бірліктер – дәлелдемесі бар, сыңарларының орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, тек синонимдес фразеологиялық тіркеспен немесе мағынасымен дәлме-дәл келетін сөзбен алмастыруға болатын единицалар; б) фразеологиялық тізбектер – мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланысып жататын, тіркесу тұрғысынан орнығып тұйықталған, бір сыңары фразеологиялық байлаулы мағынаға ие тіркестер. Компоненттерінің әрқайсысының өзіне тән мағынасы болуы себепті, жеке сөзбен ауыстыруға болмайтын тұлғалар.

Наши рекомендации