Педогогикалық практиканың мазмұны мен құрылымы
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
6М051100 «Маркетинг» мамандығындағы магистранттар үшін
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
БАҒДАРЛАМАСЫ
(ғылыми-педагогикалық бағыттағы)
Ақтөбе, 2014ж.
Құрастырған: э.ғ.к., аға оқытушы Басшиева Ж.К.
6М051100 «Маркетинг» мамандығының магистранттары үшін педагогикалық практиканы жүргізуге арналған бағдарлама. Ақтөбе, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, 2014 ж.
Бұл бағдарламада ғылыми-зерттеу орындарында, институттарда, университтетерде магистранттардың педагогикалық практикасын өткізуіне бағыт-бағдар беріледі.
Сын-пікір беруші: С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің доценті, э.ғ.к., Н.Ж.Курманкулова
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы Экономика және құқық институтының Әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
“ __” хаттама, “__ ” _____________20__ ж.
Жалпы ережелер
Магистранттарға арналған педагогикалық практика бағдарламасы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы) негізінде әзірленді
Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасына практиканың екі түрі кіреді:
1) білім беру ұйымдарында өткізілетін педагогикалық практика;
2) диссертацияны орындау орны бойынша өткізілетін зерттеу практикасы.
Педагогикалық практика оқытудың практикалық дағдылары мен әдістемесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей өткізіледі. Осы ретте магистранттар бакалавриатта сабақ жүргізуге тартылуы тиіс.
Практиканың мақсаты мен міндеті
Педагогикалық практика негізінде магистранттарды кәсіби деңгейде дайындауда білім беру бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады. Педагогикалық практика болашақ маркетологтарды жоғарғы оқу орындарында білімі беру жүйесін үйретуе, оқу сабақтарын жобалауға және талдауға, маркетингтік маңызды стратегияларын қалыптастыру мәдениетін зерделеуге бағытталған.
Педагогикалық практиканың мақсатыжоғарғы оқу орнында кәсіби дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруға және оқу-тәрибе жұмыстарын ұйымдасытырып, басқаруды сонымен қатар практиканың нәтижелері негізінде болашақ зерттеуші-маркетологтардың кәсіби дайындық деңгейін анықтауға және білім беру саласындағы заманауи білім технологиялары мен оқытудың тиімді әдістерін игертуге, оқу материалын меңгеруін арттыратын әдістерді үйретуге бағытталған.
Магистранттардың педагогикалық практика міндеті:
• Болашақ маркетолог зерттеушілерді инновациялық шығармашылық ой-өрісін қалыптастыруға тәрбиелеу;
• Магистранттар мінез-құлқының университеттегі педагогикалық білім беру мен біліктілік стандарттарына сәйкес дағдылары мен біліктіліктерін, кәсіби-маркетингтік білімдерін бағалау, шыңдау және дамыту;
• Болашақ маркетологтардың маркетингтік қызметтерді талдай білуіне, жобалау және болжамдар жасауға дағдыландыру;
• Магистранттардың білім алуда әдістемелік және техникалық жолдарын игеруге, дәстүрлі және инновациялық технологияларды үйлесімді қолдана білуге, студенттерге жеке дара жетекшілік жасай отырып танымдық қызметтерін меңгеруге ықпалдасау;
• Келешек зерттеуші-маркетологтардың іс-қимылдарды жоспарлаудың әдістемелік және техникалық элементтерін игеру деңгейлерін жетілдіру;
• Маркетингтік іс-әрекеттерге шығармашылық тұрғыда талдау жасауды үйренуін жетілдіру;
• Келешек маркетологтардың өзін-өзі тәрбиелеуге және өз бетінше білім алуына дайындығын дамыту, кәсіби-маркетолог ретінде маркетингтік қызметтерге талдау, реттеу жұмыстарын жүргізе отырып өзін-өзі жетілдіру.
Педогогикалық практиканың мазмұны мен құрылымы
Магистранттың практика кезінде жоғарғы оқу орны мен оның департаменттерінде педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстардың барлық түріне қатыса алады. Практика кезінде магистранттар келесідей педагогикалық қызметтің түрлерін атқарады: оқу-әдістемелік, оқу және ұйымдық-тәрибелік жұмыстар.
Педагогикалық қызметтің барлық түрі магистранттың жеке-дара күнтізбесінде бейнеленетін болады. Магистрант практиканың жеке-дара жоспарын дайындау барысында университет оқытушыларының жеке жоспарымен танысып, оның құрылымын зерттеуі қажет.