Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.

«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.

Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену.

Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.

Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтауға болады.

Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:

• Қарапайым – бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.

• Биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.

• Әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады.

Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:

• визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;

• аудиальды – дыбыс арқылы таратылады;

• тактильді – сезім арқылы;

• органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы;

• машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.

Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.

1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар.)

2. үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).

Ақпарат қандай түрде болады?

Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:

• мəтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;

• жарық немесе дыбыс сигналдары;

• радиотолқындар;

• электрлік жəне нервтік импульстер;

• магниттік жазбалар;

• ымдар мен қимылдар;

• иістер мен дəм сезінулер;

• ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар жəне т.б.

Ақпараттық қасиеттері тұрғысынан қаралатын нəрселер, үрдістер, материалдық немесе материалдық емес

қасиеттері бар құбылыстар ақпараттық объектілер деп аталады.

Ақпарат қалай беріледі?

Ақпарат хабарламалар түрінде қандай да бір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға олардың арасындағы

байланыс каналдары арқылы беріледі. Ақпарат көзі берілетін хабарламаны жібереді де, ол берілетін сигналға

кодталады. Бұл сигнал байланыс каналы арқылы жіберіледі. Нəтижесінде қабылдаушыда қабылданған сигнал

пайда болады, осында коды шешіледі жəне қабылданған хабарламаға айналады.

Байланыс каналы

АҚПАРАТ КӨЗІ ----------- ҚАБЫЛДАУШЫ

Мысалдар:

1. Ауа райының болжамы туралы ақпараты бар хабарлама қабылдаушыға (телекөрерменге) ақпарат

көзінен – метеоролог маманнан байланыс каналы- телевизиялық тарату аппараттары мен телевизор арқылы беріледі.

2. Тіршілік иелері өздерінің сезім мүшелерімен (көз, құлақ, тері, тіл жəне т.б.) сыртқы ортадан ақпараттарды қабылдайды,нерв импульстерінің белгілі бір ретімен оны өңдейді импульстерді нерв талшықтарымен тасымалдайды,мидың нейрондық құрылымының белгілі бір күйінде есте сақтайды, дыбыстық сигналдар, қозғалыстар жəне т.б. түрінде шығарады,өзінің өмірлік іс-əрекетінде пайдаланады.

Ақпараттардың байланыс каналдары арқылы берілуі көбінесе кедергілердің болуымен қабаттаса жүреді,олар ақпараттардың бұзылуы мен жоғалуына соқтырады. Белгілі бір, барынша ауқымды жағдайларда ақпараттардың сапалық ерекшеліктерін елемеуге болады,оның мөлшерін санмен өрнектейді, сол сияқты мəліметтердің əртүрлі топтарындағы ақпараттар мөлшерін салыстырады.

Қазіргі уақытта "ақпараттар мөлшері" ұғымын анықтауға бағытталған қадамдар кеңінен етек алды, олар мынаған негізделген, хабарлама құрамындағы ақпараттарды оның жаңашылдығы мағынасында немесе басқаша айтқанда, объект туралы біздің біліміміздің анықталмауының кемуі тұрғысында, байыппен беруге болады. Бұл қадамдар ықтималдық пен логарифм сияқты математикалық ұғымдарды пайдаланады.

Ақпараттар мөлшерін анықтауға арналған қадамдар. Хартли мен Шеннон формулалары.

1928 ж. америка инженері Р. Хартли ақпараттарды алу үрдісін алдын ала берілген тең

ықтималдықтағы көптеген N хабарламалардың ішіндегі ақырғы біреуін таңдап алу тұрғысынан

қарастырды, ал таңдап алынған хабарламалардағы ақпараттар мөлшері I, N.-нің екілік логарифмі

арқылы анықталды.

Формула Хартли: I = log2N

Айталық, бірден жүзге дейінгі сандар жиынтығынан бір санды табу керек. Хартли формуласы бойынша бұл үшін ақпараттардың қандай мөлшері қажет екенін есептеуге болады:

I = log2100 6,644. Сол себептен, дұрыс табылған сан туралы хабарлама ақпараттар мөлшерінің шамамен алғанда 6,644-ке тең ақпараттық бірлігін құрайды

Осындай мағынадағы тапсырмалар үшін америка ғалымы Клод Шеннон 1948 ж. таңдалған

хабарламаларда бірдей емес ықтималдықтың болуын ескеретін, ақпараттар мөлшерін анықтаудың басқа формуласын ұсынды.

Шеннона формуласы: I = — ( p1log2 p1 + p2 log2 p2 + . . . + pN log2 pN),

мұндағы pi — i-ші хабарламаның N хабарламалар жиынынан алынғандығының ықтималдығы.

Мынаны аңғару оңай, егер p1, ..., pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың əрқайсысы 1 / N-ға тең, бұл жағдайда Шеннон формуласы Хартли формуласына айналады.

Ақпараттар мөлшерін анықтауға арналған қарастырылған екі қадамнан басқа да қадамдар бар. Мынаны есте сақтау керек, кез келген теориялық нəтижелер алғашқы шарттарымен анықталатын, белгілі бір жағдайлар үшін ғана қолданылады.

Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері 50000

Түрлі түсті слайдтар 150

Музыкалық фрагмент 10 минут

Фильм 15 секунд

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы Интернет желісі арқылы33. Операциялық жүйелердің классификациясы және функциялары.

Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік бередіБіз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі – операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.

Операциялық жүйелерді жіктеу.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:

■Бірміндетті ( MS DOS) жәнекөпміндеттіқатаратқаратын; (UNIX, WINDOWS)

■Бірадампайдаланатынжәнебірнешеадампайдаланатын;

WINDOWSтың негізгі объектілері:

• Қапшық – объектілерді сақтаутын орын. (файлдар, таңбашалар, және т.б.)

• Файл – аты, типі, өлшемі, құрылу уақыты деп аталатыын қасиетке ие бар объект.

• Таңбашалар – нақты объектіге сілтеме.

• Терезелер- экранда жақтаушамен шектелген төртбұрышты аймақ. Басқару элементтері мен жұмыс істеу аймағы болады.

Windows жүйесінің ең маңызды ерекшелігі:

Windows графикалық жүйе болып табылады.Windows жүйесімен UNIX типті («Юникс» деп оқылады) операциялар жүйелер бәсекелесе алады.UNIX – бұл командалық интерфейсі бар көпміндетті, бірнеше адам пайдаланатын ОЖ.

WINDOWS -ТЫ БАПТАУ

Windows 98 операция жүйесін орнатқанда жүйе пайдаланушылардың көпшілігіне есептелінген белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Біз енді Windows –тың кейбір баптауын ғана қарастырайық. Бас меню мен Міндеттер панелінен баска Windows-тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелі қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшыкты ашу үшін, мына әрекеттер тізбегін орындаңдар:

Пуск – Настройка – Панель Управления Баскару панелі қапшығын іске қосу.

Наши рекомендации