Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту болып табылады.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) сөйлеудің дыбыстық мәдениетін;

Ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айту, дыбыс аппаратын дамыту.

Дағдыларын бекіту:

1) түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеуші сөздерді айту;

2) сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағына сәйкес жаңғырту;

Сөз тіркесінде, сөйлемде сөздер мен дыбыстарды айту.

Сөздік қор

Балалардың белсенді сөздік қорын байытуды жалғастыру: заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) тілдік қатынасты, сөйлеу тілін;

2) ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды және күнделікті өмірде олармен әрекет жасауды білдіретін сөздерді, сөз таптарын қолдану;

Заттардың белгілерін білу, жануарлар мен олардың төлдері, көкөністер, жемістер, өсімдіктер, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдану.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Дағдыларды қалыптастыру:

1) қарапайым сұрақтарға жауап беру;

Сөздің интонациямен аяқталуын меңгеру.

Байланыстырып сөйлеу

Дағдыларды бекіту:

1) сөйлеудің диалогтық түрлерін дамыту;

2) оқығандары және көргендері туралы сұрақтар қоя білу, ойыншықтар, суретте бейнеленгендер туралы айтып беру;

3) айналасындағылардың сөздерін, тұрмыстық немесе ертегілер тақырыптарындағы әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдау;

4) сөз тіркестерін айту (3–5 сөзбен), таныс шығармалардан үзінді ойнай білу;

Кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ-жауаптар құрастыру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттау.

Күтілетін нәтижелер:

қысқа сөйлемдерден неғұрлым күрделі сөйлемдерге ауыса біледі;

өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап береді;

қалауларын, сезімдерін, ойларын білдіретін сөздерді қолдана алады;

дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;

Ақпаратпен бөліседі, жайсыздыққа (шаршадым, ыстықтадым) және құрдастарының әрекетіне (ойыншығын бермейді) шағымданады.

Көркем әдебиет

Дағдыларды қалыптастыру:

1) ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіру;

2) кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы қабылдау;

3) ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық таныту;

4) шығарманың мазмұнын түсіну және эмоциалы қабылдау, ойында кейіпкерлер бейнесін қарапайым түрде бейнелеу;

5) мереке туралы қуаныш, мақтаныш сезімдері берілген қысқа тақпақтарды жаттау;

6) таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнау;

Таныс өлеңдерді асықпай, анық айтуға баулу.

Күтілетін нәтижелер:

белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады;

шағын әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдайды;

3–5 сөзден тұратын тіркестермен, сөйлемдермен сөйлейді, ақпараттармен бөліседі;

қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Ертегінің мазмұнын түсінеді және эмоциалы қабылдайды, құрдастарымен қарым-қатынасқа түседі.

7-параграф. "Таным" білім беру саласы

Quot;Таным" білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту болып табылады.

57. Міндеттері:

қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;

қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету;

табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу;

өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың сұлулығын байқауға үйрету.

8-параграф. I Жартыжылдық

58.Сенсорика

1) заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;

2) қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, "көз-қол" сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Біліктерді жетілдіру:

1) көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;

2) түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстырады және іріктейді.

Күтілетін нәтижелер:

үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;

қимылдардың, қолдың ұсақ моторикасының үйлесімділік дағдыларын игерген;

ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады;

түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады.

59. Құрастыру

Балаларды үйрету:

1) құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруды;

2) құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.

Білімдерін қалыптастыру:

1) әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы;

2) материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр) туралы;

3) кірпіштерді көлденеңінен орналастыру, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою, текшелерді кірпіштермен үйлестіру – үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір, төбешік туралы;

4) қарапайым бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру туралы.

Балаларға кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,төбешік) құрастыра алады;

заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің, машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба алады;

құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген;

құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады.

60. Жаратылыстану

1) өлі және тірі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

2) ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін құстарды, маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша атайды және ажыратады;

жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;

аулаға ұшып келетін құстарды атайды және ажыратады;

табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды.

9-параграф. ІІ жартыжылдық

61. Сенсорика

Біліктерін:

1) түрлі әрекеттерде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеруді: бейнелеуде, құрастыруда;

2) берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу іскерлігін бекітуді;

Күтілетін нәтижелер:

көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыра алады;

заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;

бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден түрлі түсті пирамидалар құрастырады;

кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын игерген.

62. Құрастыру

Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру.

Біліктерді қалыптастыру:

1) жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты тұрғызу (үстел және орындық, үстел және диван), құрылыстық қасиетін ескере отырып материалды таңдау;

2) құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып оларды ойнату және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру;

3) балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастыру.

Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: қою, тіреу, басу.

Күтілетін нәтижелер:

пішіні, түсі, көлемі, қолданысы бойынша заттарды топтастырады және таңдайды;

құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін ажырата алады;

ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым құрылыстар тұрғызады (қояды, тірейді, басады);

тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды қолдана отырып ойнатады.

63. Жаратылыстану

Балаларды үйрету:

1) тірі және өлі табиғат құбылыстарына қызығушылық танытуға;

2) табиғи материалдардың қасиеттерімен (құм шашылады, құмнан қуыршақтарға ыдыс мүсіндеуге болады) таныстыру;

3) суреттен жануарларды тауып, атауға;

4) жануарлардың сипаттық ерекшеліктерімен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге;

5) көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, сәбіз,алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

6) қоршаған табиғаттың сұлулығын байқауға үйрету.

Бақылау:

1) ауладағы ересектердің еңбегін (аула сыпырушының еңбегін);

2) аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер,қарғалар);

3) үй құстарын (тауық, қораз,үйрек);

4) маусымға тән табиғат құбылыстарын;

5) өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық көрсету.

Күтілетін нәтижелер:

суреттен жануарларды тауып, атайды, олардың сипаттық ерекшеліктерін атайды;

көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;

үй құстарының өздеріне тән ерекшеліктерін атайды;

ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс қолданады;

табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктерге ие;

өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды.

10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы

64. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

65. Мақсаты балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетті дамыту болып табылады.

66. Міндеттері:

бейнелеу өнеріне, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;

қағазбен, қарындашпен, қылқаламмен, бояулармен, сазбалшықпен таныстыру;

желімсіз жапсыру техникасын жетілдіру;

бейнелерді қағаз парағына толық орналастыруды, дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеуге үйрету;

суретшілердің суреттерімен таныстыру;

материалға ұқыпты қарап, дұрыс қолдана білуге үйрету;

балаларды музыкалық шығармашылыққа, жақсыны сезінуге тәрбиелеу.

11-параграф. І жартыжылдық

67. Сурет салу

1) балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту;

2) балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту;

3) сурет салу техникасын жетілдіру. Түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыру;

4) балалардың ашық түсті бояуларға деген эмоционалды - эстетикалық қатынасын тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелей алады;

қағаздың қасиеттерін біледі; қарындашты дұрыс ұстай алады (үш саусақпен);

түстерді ажыратады және дұрыс атайды;

өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады.

68. Мүсіндеу

1) балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;

2) сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;

3) техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу.

Күтілетін нәтижелер:

сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі;

сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие;

мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгерген (үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады);

бірдей және түрлі көлемді шарларды біріктіру жолдарымен заттарды мүсіндейді.

69. Аппликация

Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру;

2) фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа орналастыру.

Күтілетін нәтижелер:

қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер (машина, үй, қар адамы) құрастырады және орналастырады;

фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және құрастырады;

орындалған жұмысқа қуанады.

70. Музыка

Музыка тыңдау

1) музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;

2) әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру;

3) жаңа әндерді музыкалық-қимылдық көрсетусіз тыңдау.

Ән айту

1) ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;

2) әнді жеке және топпен айту, әуеннің жеке екпінін және ырғақты дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

Дағдыларын қалыптастыру:

1) музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жаса;

2) пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту (қатты-баяу);

3) музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүру;

4) қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;

5) әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолдану, күрделі емес қимылдар бірізділігін есте сақтау;

6) бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік- ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;

7) жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама- қарсылығына сәйкес (ақырын-қатты, жоғары-төмен, баяу – жылдам) бір қимылдардан басқаларына ауысу;

8) мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және оның кейіпкерлері мен қимылдарының музыкалық сипатын беруге сәйкес ойынның бір кезеңінен келесісіне өту.

Күтілетін нәтижелер:

музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер мен пьесаларды) ажыратады;

музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны) көңіл- күйін білдіреді;

әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге), ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды орындайды);

қимылдарын музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындайды (қоян секіреді, көбелектер ұшады);

музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып орындайды;

кейбір музыкалық аспаптарды атайды (барабан, бубен, сылдырмақ).

12-параграф.ІI жартыжылдық

71. Сурет салу

Біліктерін қалыптастыру:

1) парақ бетіне бояу жағу арқылы қарама-қайшы түстегі дақтарды үйлестіріп бейнелей білу;

2) қағаз бетіне тура, көлденеңінен, тік және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрден тыс тәсілмен сурет салу (шарлар, күннің көзі, балықтар және тағы басқа);

3) бояулармен жұмыс жасау;

4) қағазға, құмға саусақпен сурет салу;

5) балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру;

6) бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын қалыптастыру: балалардың жұмысын қарау және талдау, таныс заттар мен кейіпкерлерді табу;

7) қағаз бетін бағдарлай білуге үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) белгілі бір ережелерді орындау дағдыларын қалыптастыру: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау;

2) жұмысты ұқыпты орындау.

Күтілетін нәтижелер:

қағазға және құмға сурет салудың (үздіксіз айналмалы сызықтар жүргізеді) бастапқы техникасын меңгерген;

түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің, гуашьтің төрт түсімен сурет салу біледі;

қағаз бетіне бояулармен штрихтар, жақпалар, сызықтар салады;

қағаз бетін бағдарлай алады.

72. Мүсіндеу

Дағдыларын қалыптастыру:

1) шыны аяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып, тереңдету;

2) заттардың ұқсастықтарын табу;

3) кесектерді біріктіруге үйрету;

4) қуыршаққа арналған әшекейлерді мүсіндеу: білезік, жүзік, қол сағаттар;

5) мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану;

6) арнайы тақтайша үстінде илеу;

7) қолды дымқыл шүберекпен сүрту;

8) дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинастыру.

Күтілетін нәтижелер:

сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алады (шар), жоғарғы бөлігін саусақпен басып тереңдетеді (қуыршақтарға арналған печенье);

түрлі пішіндерді біріктіру әдісімен заттарды мүсіндейді (саңырауқұлақ);

мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен салыстырады;

мүсіндеу кезінде техникалық дағдыларды біледі және қолданады;

халық ойыншықтарын қарастыру барысында қуаныш білдіреді, орындалған жұмыс туралы әсерлерімен бөліседі.

73. Аппликация

Симметриялық пішіндерді орналастыра білуді және жапсыру мен сурет салуды кіріктіруді қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

түрлі пішіндерді біріктіру арқылы заттарды фланелеграфта орналастырады (жіпке байланған шар, үйшік);

дайын сұлбаға элементтерін салып аяқтайды (марғаудың құйрығын салады);

бастапқы техникалық дағдыларды біледі және қолданады, қағаз бетіне симметриялық пішіндерді орналастырады .

74. Музыка

Музыка тыңдау

Музыканы тыңдай білуді, таныс әндерді және оларға тән ерекшеліктерін тани білуді қалыптастыру. Музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылықпен тыңдауға баулу.

Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану дағдыларын қалыптастыру.

Ән айту

1) әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпеу немесе қалып қоймау, кідірісті сақтау;

2) әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

Дағдыларын қалыптастыру:

1) қол қимылдарын: "шапалақ - шапалақ", аяқ қимылдарын: "топ-топ" орындау, денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу, шеңбер бойымен жүру;

2) музыкалық-ырғақты қимылдарды: кезекпен аяқтың ұшымен, өкшемен қою, орнында тұрып топылдату, шеңбер бойымен бір орында, шашыраңқы топылдатып жүру;

3) таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтау, қайталау;

4) ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде үйренген әнді айта отырып, сәйкес қимылдарды қайталау;

5) дербес ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);

6) әндерді үйреніп айту және ересектердің қимылдарына еліктеп, қиялдағы аспапта сүйемелдеу;

7) түрлі аспаптарда педагогтың орындауындағы және үнтаспадағы әндер мен пьесаларды тыңдау, таныс әндерді қосылып айту, күрделі емес қойылымдарға, ойындарға және билерге қатысу.

Күтілетін нәтижелер:

таныс әндерді таниды және дыбыстардың жоғарылығын ажыратады;

әннің мағынасын түсінеді;

ересекпен бірге ән айтуға ынта білдіреді;

музыкалық аспаптарды атайды (сылдырмақ, барабан, домбыра);

музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ырғақты және әуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, әннің сөзін есінде сақтайды;

музыка сипатына сәйкес қозғалады.

4-тарау. Екінші кіші топ

(3 жастан 4 жасқа дейін)

1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы

75. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

76. Мақсаты денсаулықсақтау технологиясын қолдана отырып балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.

77. Міндеттері:

қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру;

денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділікті дамыту;

жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындауды қалыптастыру;

мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;

салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

2-параграф. І жартыжылдық

78. Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.Қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар қолдарын жоғарыға және жанына көтеру, бір қолындағы затты алдына әкеліп екінші қолына ауыстыру; қолдарын шапалақтау. Допты бір-біріне беру, аяқты өзіне қарай тарту, қалаш тәрізді дөңгелету, отырған, жатқан қалыпта екі аяқты созу, түрегеліп тұрған қалыптан солға, оңға, алға қарай еңкею. Отырып, аяқтың ішкі қырымен құм салынған қапшықты алу, екі аяғымен секіру.

Негізгі қимылдар

1) жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру;

2) жүгіру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, аяқтың ұшымен, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойлап, тоқтай қалып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, алаңның бір жағынан екінші жағына және т.с.с. жүгіру;

3) секіру. Екі аяқтап басты затқа тигізе отырып, жоғары қарай 2-3 метр қашықтықта алға қарай жылжи отырып, тұрған жерінен ұзындыққа, 5-10 см биіктіктегі зат арқылы жерде жатқан жалпақ шеңберге секіру дағдыларын қалыптастыру;

4) лақтыру, тастау, қағып алу. Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату, қақпадан асыра лақтыру, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, еденге (жерге) қарай төмен лақтыру, допты қағып алу машықтарын қалыптастыру. Көлденең нысанаға, алысқа, тура нысанға лақтыру;

5) еңбектеу, өрмелеу. Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта, "жыланша", арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта бетімен, 40 см биіктіктегі доғамен, арқанмен, еңіс тақта бойымен, бөрене арқылы орындық аяқтары арасымен еңбектеу дағдыларын қалыптастыру;

6) тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен, еңіс тақта бойымен (20-30 см) жүру дағдыларын қалыптастыру;

7) сапқа қайта тұру. Сапқа бір-бірден, шеңберге кішігірім топтармен және тұтас топпен қайта тұру дағдыларын қалыптастыру (тәрбиешінің көмегімен, бағдар бойынша).

Спорттық жаттығулар

1) шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктерін қалыптастыру;

2) сырғанау. Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау дағдыларын қалыптастыру;

3) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру;

4) жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары. Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.

Күтілетін нәтижелер:

жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындай алады;

негізгі қимыл түрлерін орындайды;

биік емес төбешіктен сырғанайды, бір-бірін сырғанатады;

үш дөңгелекті велосипедті тебудің дағдыларын меңгерген;

өз-өзіне қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларына, салауатты өмір салты туралы түсініктерге ие.

3-параграф.ІI жартыжылдық

79. Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар: қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар: қолдарын жоғары, екі жаққа созып көтеру; затты бір қолдан екінші қолға алдыңғы жақтан, арқа жақтан, бастан жоғары жақтан ауыстыру; қолды алға созып, бастан жоғары көтеріп, артқа шапалақтау. Допты бір-біріне бастан асыра беру (алға-артқа), шалқасынан жатып, екі аяғын бірге көтеру, түсіру, велосипед теуіп келе жатқандай аяқтарын қимылдату, түрегеліп тұрып солға, оңға, алға, артқа еңкею, шалқасынан етпетіне аунап түсу және керісінше. Қатарынан 2-3 рет жартылай отырып-тұру, қолды алға созып, қолды тізеге таянып отырып-тұру, тізеден бүгілген аяқты кезек-кезек көтеру; жерге отырып, құм салынған қапшықты табанмен қармау, екі аяқпен секіру.

Негізгі қимылдар

1) жүру. Нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа жүру, тізені биікке көтере отырып жүру;

2) жүгіру. Әртүрлі бағыттарда, жылдам (10-20 метр) және баяу (50-60сек.) қарқында жүгіру дағдысын қалыптастыру;

3) секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тура секіру; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру;

4) лақтыру, тастау, қағып алу. Көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, тура нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1–1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру дағдыларын қалыптастыру;

5) еңбектеу, өрмелеу. Еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу, доғаның астымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын қалыптастыру;

6) тепе-теңдікті сақтау. Тура жолмен, тақтай бойымен, арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру;

7) сапқа қайта тұру. Өз бетінше сапқа тұру, шеңбердегі өз орнын табу (бағдары бойынша) дағдыларын қалыптастыру.

Спорттық жаттығулар

1) шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктерін қалыптастыру;

2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын жетілдіру;

3) жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Дербес қимыл белсенділігі

Дербес қимыл әрекеттеріне, дене шынықтыру жабдықтары мен құралдарын пайдалану қызығушылығына қолдау көрсету.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.

Күн тәртібіне сәйкес балалардың күн сайын таза ауада болуын қамтамасыз ету.

Дағдыларын қалыптастыру:

1) мәдени-гигиеналық шараларды орындау;

2) ересектердің көмегімен шынығу тәсілдерін орындау.

Күтілетін нәтижелер:

негізгі қимылдарды орындайды;

бір-бірден, шеңберге қайта тұрады, саптағы өз орнын табады;

денені жалпы дамытушы жаттығуларды орындағанда қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;

биік емес төбеден сырғанайды, бір-бірін сырғанатады;

үш дөңгелекті велосипед тебе алады;суға түседі, суда ойнайды;

мәдени-гигиеналық дағдыларды орындауда дербестік танытады.

4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

80. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

81. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік дағдыларды дамыту болып табылады.

82. Міндеттері:

балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызекі сөйлеуін дамыту;

әдеби тілде сөйлеуді дамыту;

сөз өнеріне баулу;

қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу;

дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байыту.

5-параграф. І жартыжылдық

83. Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Дағдыларды қалыптастыру:

1) дыбыстарды айта білуге;

2) дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту;

3) артикуляциялық аппаратты дамыту.

Сөздік қор:

1) ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;

2) заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға үйрету;

3) балалардың сөйлеу тілін заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен байыту;

4) жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру (ойыншықтар, киімдер, аяқкиімдер, ыдыстар, жиһаздар).

Тілдің грамматикалық құрылымы:

1) сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру,

2) зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;

3) сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.

Байланыстырып сөйлеу:

Дағдыларды қалыптастыру:

1) суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

2) шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;

3) ересектердің сөзін тыңдау және түсіну;

4) сөйлеу әдебінің сәйкес түрлерін дұрыс қолдану;

5) ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;

6) кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;

7) сөз және сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылыққа, назар аударуға тәрбиелеу;

8) таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтижелер:

дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтады;

дұрыс сөйлеу қарқынына ие;

қоршаған ортаға қатысты түрлі сұрақтарға жауап береді;

барлық сөз таптарын қолданады;

қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

сөздерді жекеше, көпше түрде және септік жалғауларын қолданады.

84. Көркем әдебиет

Оқу, әңгімелеу

Балаларды:

1) ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға;

2) кейіпкерлерді ойнағанда мінез-құлқын бере білуге, интонациясын қабылдауға;

3) тақпақтарды, өлеңдерді мағыналы, асықпай және дыбыстарды анық айтуға;

4) кейіпкерге, оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге баулу.

Күтілетін нәтижелер:

әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;

бейнелі сөздерді қолданады;

таныс ертегілерді сахналауға қатысады;

әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін сақтайды;

сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;

тақпақтарды, өлеңдерді мәнерлеп оқиды.

85. Русский язык

Звуковая культура речи:

Научить детей слушать, запоминать и правильно произносить русскую речь. Развитие артикуляционного аппарата. Обучение произношению гласных звуков русского языка: а,о,у,е,е,и,ы,э,ю,я.

Словарный запас

Формирование навыков:

1) понимания и восприятия названий игрушек, некоторых предметов быта, овощей и фруктов, животных;

2) выполнения просьбы воспитателя, дальнейшее расширение словарного запаса детей и правильное произношение слов на русском языке;

3) названия некоторых предметов ближайшего окружения;

Грамматический строй речи

Обучение словам, обозначающим признаки предметов по величине, по цвету, действие предметов, пониманию словосочетаний и составление их способом согласования (существительное и прилагательное, существительное и глагол).

Связная речь

Составление простых предложений.

1) понимания простых вопросов и правильного ответа на них в виде короткого предложения;

2) запоминания детьми коротких стишков и песен.

Развитие связной речи и умение правильно ставить ударение в словах при произношении.

Ожидаемые результаты:

умеет правильно произносить гласные звуки русского языка: а, о, у, е, е, и, ы, э, ю, я;

умеет слушать и понимать простую речь;

умеет составлять простые предложения;

употребляет в речи имена существительные в форме единственного и множественного числа;

применяет необходимые слова и словосочетания при обыгрывании сказок;

слушает, понимает, запоминает образные слова;

умеет читать наизусть небольшие потешки и стихотворения при помощи взрослого, передавая свое отношение к содержанию;

знает о качестве, свойствах, различии, названии предметов на русском языке и их предназначение;

понимает простые вопросы и умеет правильно отвечать на них короткими предложениями на русском языке.

6-параграф. ІІ жартыжылдық

86. Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:

1) тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін және зейін қойып тыңдауын жетілдіру;

2) сөздерде дауысты және кейбір дауыссыз (п-б, т-д, к-г, ф-в,с-з-ц) дыбыстарды анық айта білуін қалыптастыру;

3) сөйлеу қарқынын өзгерте білуге үйрету: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар оқу;

Сөздік қор:

1) сөздік қорын сөздік ойындар мен жаттығулар арқылы байыту;

2) зат бөліктерін ажырату және атай білу;

3) балалардың тілін заттың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен байыту;

4) заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтай білу;

5) сөздерге қызығушылығын арттыру, зейінін жетілдіру, балалардың сөздік қорына антонимдер – мағынасы қарама-қарсы сөздерді енгізу.

Тілдің грамматикалық құрылымы:

1) қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдану;

2) сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;

3) сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.

Байланыстырып сөйлеу

Дағдыларды қалыптастыру:

1) суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

2) шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;

3) тілдік қарым-қатынас мәдениетін дұрыс қолдану;

4) ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;

5) кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;

6) сөз және сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылық таныту;

7) таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға деген ынтасын, қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтижелер:

сөйлеу мәнерінің тәсілдерін (сөйлеу қарқыны, интонация) сақтайды;

тілдегі барлық дыбыстарды анық айтады;

заттарды, суреттерді қарастыруда сұрақтарға жауап береді;

қысқа әңгімелерді және ертегілерді мазмұндайды, заттар мен құбылыстардың белгілері мен сапасын ажыратады;

қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

зат есімдер мен көмекші сөздерді қолданады "үстінде, астында, артында, жанында".

87. Көркем әдебиет

Оқу, әңгімелеу

Балаларға:

1) оқиғаны эмоционалды қабылдауға;

2) кейіпкерлерге жанашырлық танытуға;

3) шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және тағы басқа) ажыратуға;

4) суреттер бойынша таныс шығармаларды тануға, сұрақтарға жауап беруге;

5) мәнерлі, мағыналы, эмоционалды түрде жатқа айтуға;

6) халық өлеңдерінің ырғағы мен ұйқасын білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және тағы басқа) ажырата алады;

оқиғаны эмоционалды қабылдайды; суреттер бойынша таныс шығармаларды атайды, олар бойынша сұрақтарға жауап береді;

өлеңдерді саналы, эмоционалды түрде жатқа айтады;

ертегі кейіпкерлеріне жанашырлық танытады.

88. Русский язык

Звуковая культура речи.

1) закрепление навыков слушания сказок, рассказов, коротких стихов и песен на русском языке и правильной постановки ударения при произношения слов.

2) совершенствование навыков развития артикуляционного аппарата.

Словарный запас

Формирование навыков:

1) произношения слов на русском языке, обозначающих названия некоторых предметов ближайшего окружения, признаки предметов по величине и по цвету;

2) понимания и согласования слов в словосочетаниях. Закрепление умений:

3) понимать простые вопросы и отвечать на них в виде короткого предложения.

Грамматический строй речи

1) составление простых предложений для описания игрушек, фруктов, предметов ближайшего окружения по образцу взрослого.

2) употребления в речи имен существительных в единственном и множественном числе.

Совершенствование навыков:

1) запоминания коротких стишков и песен;

2) понимания простого предложения из 2-3 слов.

Связная речь

Развитие связной речи и умения правильно ставить ударение в словах при произношении. Обучение умению слушать, понимать, рассказывать и читать наизусть короткие стихотверения.

Ожидаемые результаты:

произносит правильно слова, вслушивается в их звучание;

рассматривает сюжетные картинки и составляет простые предложения;

называет все действия, предметы и явления, их признаки и качества;

слушает и понимает речь взрослого;

отвечает на вопросы взрослого, касающиеся ближайшего окружения на русском языке;

умеет составлять связную речь;

пересказывает содержание сказок и коротких рассказов;

читает наизусть небольшое стихотворение;

умеет описать знакомые игрушки, фрукты, овощи простыми предложениями из 2-3 слов.

знает и называет некоторые растения, животных и их детенышей на русском языке.

7-параграф. "Таным" білім беру саласы

89. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

90. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады.

91. Міндеттері:

қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

өз ойы бойынша құрылыстарды жасауға, оларды мазмұн бойынша біріктіруге және олармен ойнауға ынтасын тәрбиелеу;

көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту;

тірі және өлі табиғат туралы білімдерін, табиғатта өзін ұстау туралы ережелерді және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін байыту;

табиғатқа сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға баулу.

8-параграф І жартыжылдық

92. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;

2) бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;

3) заттарды салыстыру;

4) заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру және қосу;

5) заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру.

Шама. Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

2) биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру.

Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) геометриялық пішіндерді тану және атау;

2) пішін түрлерін зерттеу.

Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.

Дағдыларды қалыптастыру:

1) өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру.

2) өзінің дене бөліктерін (басы, аяғы, қолдары) бағдарлау және атау.

Уақытты бағдарлау

Дағдыларды қалыптастыру:

тәулік бөліктерін тану және атау - таңертең, күндіз, кеш, түн.

Күтілетін нәтижелер:

бір затты топтан бөледі және топтарға біріктіре алады;

біртекті заттарды құрастырады және бөліп алады;

заттарды қатарға реті, шамасы бойынша оң қолымен солдан оңға қарай қояды;

екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені, биіктігі бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы салыстырады;

геометриялық пішіндерді таниды және атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш; өзіне қатысты кеңістікті бағдарлай алады;

тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және атайды.

93. Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру

Дағдыларды қалыптастыру:

1) әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;

2) бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалану;

3) ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыру;

4) көп түсті құрылым құрастыру;

5) үлгі бойынша құрастыру;

6) қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіру.

Күтілетін нәтижелер:

әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;

құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды; өзі құраған құрылысын қуыршақтың, ойыншықтардың өлшемдерімен үйлестіреді;

сюжеттік ойын міндеттерін пайдалана отырып, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан заттар құрастыра алады;

түрлі тәсілдерді пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіреді.

94. Жаратылыстану

1) тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімді қалыптастыру.

2) ауа-райының жағдайын анықтау, табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Өсімдіктер әлемі

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру, бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония және тағы басқа) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру.

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

Жабайы аңдар мен Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін үй жануарлары мен аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру, табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

ауа-райының жағдайын анықтай алады;

туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы ұғымдарға ие;

кейбір көкөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады және атайды;

жануарлар мен олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша ажыратады және атайды;

құстардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерге назар аударады;

табиғат бұрышының тіршілік иелеріне қызығушылық танытады;

табиғатта өзін ұстай білу ережелері туралы біледі.

9-параграф. ІI жартыжылдық

95. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру; екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыра білу, бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға беттестіру және тұстастыру тәсілдерін пайдалану.

Шама. Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту.

Геометриялық пішіндер

Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.

Кеңістікті, уақытты бағдарлау

Кеңістікті және уақытты бағдарлауға үйрету. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

Наши рекомендации