Семинар сабағы және оның түрлері

Семинарлық және практикалық сабактардың мазмұны мыналарды камтиды:

Семинар - бұл әнді тереңірек оқуға және ғылым мен и танымның әдіснамасын игеруге бағытталған. Семинар сабағының басты максаты - студенттердің теориялык білімі мен біліктерін пайдалана білу және игер мүмкіншіліктерін камтамасыз ету.

Семинар сабағыңда окытушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды:

- окыту мақсатында кәсіптік білімдерін пайдалану;

- интеллектуалды проблемалар мен тапсырмаларды кұрастыру және шешу білімімен білігін қалыптастыру, өзінің көзқарасынның дұрыстығын дәлелдеп, одан таймау;

- студенттердің окуға дайындығы барысындағы түсінігін қалыптастыру;

- білімін кайталау және бекіту;

- тексеру.

Семинар түрлері: жай семинар сабағы, дәстүрлі семинар, арнайы семинар. Жай семинар - семинарға дайындайтын, бірінші курста жүргізілетіи сабақ. Мақсаты - өз бетінше жұмыс жасау ерекшеліктерімен, әдебиеттермен, алғашкы білім көздерімен, олармен жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру.

Дәстүрлі семинар - бұл студенттермен әркашанда тікелей байланыс, сенімдік карым -қатынасты қалыптастыру, продуктивті педагогикалык әнгіме.

Арнайы семинар. Дәстүрлі семинар бірте-бірте студенттерді арнайы семинарга дайындайды, белгілі бір ғылыми проблеманы зергтеудің бастауын қарастырады.

Семинар сабағынын өту формасы: дәстүрлі семинар, проблемалы семинар, пікірталас, дебат, дөңгелек үстел.

Дәстүрлі семинар студенттердің оку тақырыбы бойынша есеп беруінен тұрады. Студент берілген эдебиетті оқу мен оны ой елегінен өткізу және окытушының дәрісін колдану негізін қойылған сұрақтарға жауап ретінде пайдаланады. Кейде семинар сабағы сұрактарға дайын студенттердің баяндамасын қорғау және талкылау түрінде өтеді.

Дәстүрлі семинарды үйымдастыру:

· семинар такырыбы бойынша сұрақтар дайындау және әдебиттержинақгау;

· окытушы студенттерге семинар сабағына дайындалудың әдістемелік нұскаулар таратады және дайын студенттердің денгейіне карай тапсырмаларды бөледі (10 адамнан аз болмауы керек).

· окытушы барлық топтарды сабакка қатыстыру мақсатында сұрактар кұрастырады, семинар сабағының өту барысын толык дайындау

· такырыпты дұрыс корғамай жатқан студенттерді түзеу мақсатыңда косымша білімдер карастыру;

· семинарға дайындалған сұрақтарды талқылау;

· ұсыныс және сабақтың қорытындысын шығару;

· семинарға катысушыларды бағалау;

· студенттің өзіндік жұмысына тапсырма дайындау жэие оны орындауга әдістемелік нұскау беру;

Проблемалық семинарды ұйымдастыру:

· баяндама тақырыптарын және әдебиеттерді қамтитын семинар бағдарламасын дайындау;

· баяндаушыны, оппонеттерді тағайындау, олардың аткаратын кызметтерін бөлу;

· проблеманы кою және оны ой елегінен өткізу;

· проблеманы шешудің әртүрлі нұсқасын дайындау;

· ұсынылған шешімдерді қолдайтын дәлелдер іздестіру;

· дәлелденген шешімдерді жинактау;

· шешімдерді таңдау;

· таңдалған шешімдердің іске асыру тәсілдерін ойластыру;

· ол тәсілдерді талкылау.

· корытыңды шығару:

Семинар сабағын жүргізуде окытушы катысушылардың әрекетін алдын ала жоспарлайды және семинардағы өзінің тапсырмасы мен ролін анықтайды. Қатысушылар: баяндамашы, косымша баяндамашы, карсы жақ (оппонент), эксперт, ассистент.

Баяндамашы корғап отырған өзінің көзқарасын, проблемаға койған ұстанымын (позиция)жағдайлар мен фактлер келтіре отырып, тезис түрінде баяндайды.

Қосымша баяндамашы қосымша мәліметтер, мысалдар келтіріп, баяндамашының көзкарасын дәлелдермен бекітіп, ұстанымын негіздейді.

Қарсы жақ басқа немесе карсы көзқарастарды айтып, оған дәлел, қойған мәселеге мысал келтіреді.

Окытушы проблемалык ситуация тудырады, корғаушыларға сұрактар қояды, күтпеген мысалдар, фактілер келтіреді жэне осы аркылы пікірталас тудырады, сұрақты барлық топтың жауап беруіне шақырады, сабақтын корытындысын жасайды, барлык катысушыларға баға кояды.

Эксперт дәлелдер мен карсы дәлелдерді салыстырып, онын ақиқаттыгын анықтайды.

Көмекші эксперттерге. окытушыларга семинарды өткізуге жэне ұйымдастыруга
комектеседі, сабакка қажет кұралдармен камтамасыз етеді.

Практикалық сабақтын құрылымы.

Практикалык сабақты ұйымдастырудың топтық түрі колданылады. Онда топтар шағын топтарға бөлінеді және олар шектеулі уакыт көлемінде тапсырмаларды орындап, оның есебін берулері керек.

Практикумның кұрылымы:

- Сабактың тақырыбын, мақсатын,тапсырмаларын хабарлау;

- сабақты жүргізу жоспарын айту;

- студенттерді топқа бөлу;

- жалпы тақырыптарды талкылау, тапсырманы орындауға қойылатын талаптар, топтарға тапсырмалар беру;

- студенттердің тапсырманы орындауы және өздерінің топгарында талкылау;

- әр топтың есебі және барлық топтың есебін талкылау;

- жалпы проблеманын шешімін табу, такырыптың ішіндегі әр бір тапсырманын бір-бірімен байланысын талкылау және бөлек жаттығулар мен тапсырмалардың ерекшелігін талдау

- топ жүмысына м інездеме, корытынды жасау, бағалау;

- студенттің өзіндік жұмысына тапсырма дайындау және оны орындауға әдістемслік нұскау беру:

Наши рекомендации