Иылыстағы конфликті нүктелер. Маневр мен конфликті нүктелердің түрлері. Көлік торабының күрделілік дәрежесі.

Барлық жол апатының 25% жол қиылысында орын алады, ал қала жағдайында 40% құрайды. Жол қиылысының қауіпті нүктелерін табу үшін төмендегі формуланы қолдануға болады

m = no + 3nc + 5nn

Егер m<40 болса, жол қиылысы қарапайым ол жерге незізгі жол деген белгіні қойған жеткілікті. Егер m = 40...80 болса, жол қиылысы орташа қауіпті деп есептеледі, және қойылған бағдаршамның қосымша секциялары болу керек. Егер m = 80...150 болса, жол қиылысы қауіпті деп саналады. Егер m > 150 болса жол қиылысы өте қауіпті деп саналады да, осыған байланысты жол қиылысы 2 деңгейлі болу керек. Жол қиылысындағы бағдаршамның циклын анықтаған жөн. Автомобильге оңға және солға бұрылғанда жылдамдығы 15-20 км/сағ аспауы тиіс. Автомобильдер қатар аралығын өзгерту үшін 3-3,5сек жұмсау тиіс. Бұл кезде бүйірмен қозғалу жылдамдығы 1-1,5м/с аспағаны жөн. Жол қиылысын азайту арқылы яғни бас жолмен қосалқы жолға айналдыру арқылы апат жағдайын біршама азайтуға болады. Жол бойында бұрылу мен басқада кедергі келтіретін бұрылыстарды азайту арқылы, соның ішінде солға бұрылуды шектеу тиімді деп саналады. Канализдік қозғалысты жиі қолдану, яғни бағдаршам орнына бағыттаушы және шектейтін белгілер қою өте тиімді.

Жер бетіндегі жүргіншілер өткелінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттары.

Жасыл белгі жанғанда барлық жүргіншілер өтіп үлгеруі тиіс. Жүргіншілердің жолдан өту уақыты жолдың қатар санына, яғни, жол еніне байланысты. Орташа қозғалу жылдамдығы 1,3 м/с кем болмауы тиіс. Жүргіншілердің жол өткеліндегі ұсталымы көбінесе мына параметрлерге байланысты: жол бетінің жағдайы қыс мезгілінде жолдың қардан тазаланбауы, жүк және тележка тасуы т.с. Өтіп үлгермеген жүргіншілерге қатар саны үштен асқаннан кейін жол ортасында күту үшін аралша болғаны жөн. Жүргіншілер өткелі деген белгісі алыстан көрінуі тиіс және жолдағы разметка стандартқа сай сызылып боялуы тиіс. Апаттың 90% жолдағы көптеген кедергілерді жақсы көрмеуден орын алады. Соның ішінде түн мезгілінде. Сондықтан жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргіншілер өткелі шеті қоршалған, түнде жарықтандырылатын, жарығы нормативке сай болғаны жөн, яғни жол бойындағы жарықтан 1,5-2 есе арттырып жүргізушілерге кедергіні анық көруге жағдай жасалуы тиіс. Жол қиылысындағы автомобильдермен жүргіншілер жиілігі өте үлкен болып бір-бірімен теңесетін болса, онда жол апатын болдырмас үшін жол қиылысында бағдаршам реттеулерін қойған тиімді деп саналады. Бағдаршам циклі тура реттелген жағдайда, автомобиль жиілігіне сай жол қиылысында болатын автомобильмен жүргіншілер үсталымдарын біршама азайтуға болады. Бағдаршамның жасыл белгісінің ұзақтығы жүргіншілерді толық өткізіп, бос жанып тұрмауы тиіс. Автомобиль жолынан өтетін жүргіншілер автокөліктер толық өткеннен кейінде өтіп үлгермейтін болса және жол ортасындағы аралшаның ауданы өте үлкен болып, жол қозғалысына кедергі болса, онда жолдың астынан және үстінен өткізетін жүргіншілер өткелдерін салған тиімді деп саналады.

Жаяу жүргіншілер қозғалысының мінездемесі. Жаяу жүргіншілер қозғалысының жылдамдығы, қарқындылығы және тығыздығы.

Жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру. Іс жүзінде көп жағдайда жолаушылар қозғалысының жағдайына көп назар бөлінбейді. Қозғалысты ұйымдастыру шарты ең бастысы көліктердің қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталады. Мұндай ереже айтарлықтай шарада, ДТП талдау кезінде жолаушыларға соқтығысуының негізгі себебі ретінде дұрысында, жолаушылар және жүргізушілер қырынан ережені бұзу бөлініп қаралады, ал әсері, қозғалысты ұйымдастырудағы кемшілігін көрстееді, жеткіліксіз дәрежеде оқылған және үйретілген болып қала береді.

СНиП 2.07.01-89* жаяу жүргішілердің тиімді енін мына шамада ұсынады:

Үзіліссіз қозғалыстағы жалпықалалық белгідегі магистралды көшелерде

Үзіліссіз қозқғалыстағы ............ 4,5 Реттегіш .............. 3,0

Аудандық белгінің магистралды көшелерінде

Көлікті-жолаушылық ........ 2,25 Жолаушы-көліктік........ 3,0

Жергілікті белгідегі көшелер үшін екі бағыттағы бағытталған жолаушылар ағымының есептік қарқындылығы 500 адам/сағ болса, 1 м енді жаяу жүргіншілер жолы немесе жолаушыларға арналған жол құрылысына рұқсат етіледі.

Жолаушылар қоршауын міндетті түрде орнату керек етіледі, егер есептік қарқындылық жаяу жүргіншілер жолының шартты жолағында 750 адам/сағ асып кететін жағдайда қажет етіледі.

Наши рекомендации