Арым - қатынас, қоғамдық құбылыс ретінде.
Азақ мемелкеттік қыздар педагогика университеті
І.Р.ХАЛИТОВА, Б.З.МЫРЗАЕВА
АРЫМ – ҚАТЫНАС ПЕДАГОГИКАСЫ
(Оқу-әдістемелік құрал)
Алматы, 2008
Пікір жазғандар:
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Э.А.Урунбасарова
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
С.Ғ.Тәжібаева
“Қарым-қатынас педагогикасы”
Пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал.
І.Р.Халитова., М.З.Мырзаева “Қарым-қатынас педагогикасы”
оқу-әдістемелік құрал Алматы, 2008
Авторлар: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор – І.Р.Халитова
Педагогика магистірі, оқытушы – М.З.Мырзаева
Мазмұны
1. Қарым - қатынас, қоғамдық құбылыс ретінде.........................................5
2.Қарым –қатынастың жалпы сипаттамасы.................................................8
3.Қарым –қатынас, педагогикалық іс-әрекет негізі....................................12
4 Педагогикалық қарым - қатынас үлгісі (моделі).......................................16
5. Педагогикалық қарым –қатынас нұғы(стилі)..........................................21
6.Сөз түріндегі қарым - қатынастың маңызы мен түрлері.........................26
7.Сөз түріндегі қарым –қатынастың құралдары..........................................30
8. Сөз түріндегі қарым –қатынастқа теріс әсер ететін кедергілер.............38
9. «Қиын » балалармен қарым –қатынас ерекшеліктері.............................39
10.Педагогикалық қарым –қатнасты оқытудың формасы мен әдістері......41
11.Педагогикалық қарым –қатынастың мазмұндық моделі........................44
12.Педагогикалық қарым –қатынас деңгейлері...........................................46
13.Қөпқырлы қарым –қатынастың мәнділігі...............................................48
14. Қарым –қатынасты күрделентіретін тосқауылдар.................................52
15.Педагогикалық қарым –қатынасқа жаттығу әдістері.............................53
16.Педагогикалық қарым –қатынастың бағдарламасы мен әдістері.........58
17.Қарым-қатынастың дамуына кері әсер ететін тосқауылдар..................63
18.Рефераттар тақырбы..................................................................................69
К І Р І С П Е
Қарым-қатнас аумағында құзіреттілік қазіргі мамандардың қай-қайсысының болмасын аса маңызды белгілерінің бірі болып саналады. ХХІ-ғасыр «қарым қатынас пен психология ғасыры» деп тегін айтылмаса керек.
Адамдармен жұмыс істейтін кезкелген кәсіп иесі- педагогтар, дәрігерлер, менеджерлер, журналшылар, психологтар, әлеуметтік педагогтар т.б. қандай адам болмасын қарым –қатынас орната алуы өз ісінде табысқа жетуінің бір жолы болып табылады.
Педагогтар үшін коммуникативтілік кәіпқойлығының басты белгісі. Өйткені қарым –қатынас құралдары, үлгісі, нұғы (стиль), формасы мен әдістері- бүкіл педагогиканың әдіснамалық негізін қалайды. Себебі педагогикалық үрдіс толығымен әр түрлі бағыттағы, мәндегі, сипаттағы қарым –қатынастардан құралады. Оқушы мен оқытушы арасында қарым –қатынас орнамаса, онда педагогикалық үдеріс жүзеге аспай қалады.
Педагогикалық қарым –қатынас адамның өз сезімдері мен әсерлерін, жан дүниесіндегі қозғалыстарды басқара білуінің көрсеткіші. Ол тағы бір жақтан маманның педагог ретіндегі қаншалықты қалыптасқандығының көрсеткіші болып табылады.
Сондықтен болашақ педагогтың теориялық білімді меңгеруімен қоса қарым-қатынастың практикалық маңыздылығымен оны практикада жүзеге асыруына шарт түзетін дағдылармен қамтамасыз ету маңызды.
Техника мен технология, электронды құралдардың дамуына қарамастан қрамы –қатынастың басты құралы сөз болып қала бермек. Өйткені ол сөзді сөйлеу арқылы жанды мәмілеге жол ашады. Оны меңгеру әр ұстаз үшін аса маңызды. Мұнда сөздік қор, және оны пайдалану, оны қостайтын ым, ишарат, жаңсаулар, бет әлпеті мен басқа да қимыл-қарекеттер айтып отырған ой-пікірге жан бітіреді. Оқу-әдістемелік құралда осыған да мән берілді.
Техника құралдарын пайдалану адамдарды сөздегі «сараңдыққа» алып келуде. Осыдан барып мінез тұйықтығы, сөзге шорқақтық, қарым –қатынастағы икемсіздіктер туындайды. Ал бұл педагог қызметіне кедергі болатын жәйіттер.
Қазіргі кезде мектептегі келеңсіздіктерге ұшырататын мінез –құлқы «қиын» және делинквентті балалар да баршылық. Олармен жұмыс істеу де алдымен қарым –қатынас орнатудан басталады. Сол себепті оқу құралында олармен жұмыс істеудегі кейбір мәселелерге де мін берілді.
Оқу-әдістемелік құралда педагогикалық қарым –қатынастың маңызды тұстары қарастырылып, теориялық білім және практикалық біліктілік қалыптастыруға бағытталған.Қолданба құралдың алғышқы 10 тақырыбын І.Р.Халитова, кейінгі 10 тақырыбын оқытушы Б.З.Мырзаева жазды.
Әдістемелік құрал студенттерге, магистранттар мен ұстаздарға арналған.
Авторлар
арым - қатынас, қоғамдық құбылыс ретінде.
Қоғамның дамуы, оның ішінде адам туралы ғылымның дамуына байланысты осы кезде «биоәлеуметтік»(биосоциальное) деген ұғым пайда болды. Себебі адам белгілі бір қоғам мүшесі ретінде биологиалық сапалары мен әлеумттік қасиеттерінің бірілгінде көрініс табады. Оның барлық іс – қимылында, ақыл – ой көріністерінде(сөзінде) осы биологиялық және әлеуметтік мәндегі- екі сапа өзара үйлесімді ықпалдасады да олардың ішінде әлеумттік сапалары үстемдік етеді, мысалы, еңбек, оқу, ойын және басқа да іс -әрекеттерге қабілеті, өзара қарым – қатынасы т.б. Осылардың барлығы жиынақтала келе сана болмысына ие қазіргі адам типінің тарихи қалыптасуына және дамуына шарт түзеді.
Ғылымда бұны һомо сапиенс – саналы адам дейді. Оның өзін өндіруші адам, мәмілеге енуші адам деп сипаттайды. Адамның негізгі маңыздылығы- оның еңбекке қабілеті, ой жүргізуі, сөйлеуі және қарым – қатынасқа ене алуы болып табылады. Бұлар адамның әлеуметтік ортада немесе адамдар қауымынан тұратын қоғамда өмір сүруімен тығыз байланыста. Қарым – қатынас(общение) ұғымынан басқа тағы да осыған жақын ұғымдар мәміле(отношение), қатынас(связь) ұғымдары ғылымның әр саласында кеңнін қолданылады.
Философияда қарым – қатынас қоғамдық құбылыстың бір түрі ретінде әр түрлі қырынан қарастырылады: адамдар арасындағы, адам және табиғат, адам және рухани құндылықтар, адам және материалдық құндылықтар, жеке адам және қоғам арасындағы т.с.с. қарастырылады.
Педагог және психолог ғалымдар кейінгі кезде қарым – қатынасты адамның қалыптасуына пәрменді ықпал ететін еңбек, ойын, оқу секілділермен бір қатарда тұратын іс - әрекет түрлерінің бірі ретінде қарастыра бастады. Педагогикалық қарым – қатынас адамдар арасында байланыс түзетін және мәміле орнататын, өзара мәлімет алмасуына, өзара ықпалдастығына, субъектілердің бірін –бірі қабылдауын жүзеге асыратын іс-әрекет түрі.(пед сөзд. 90б)
Қарым – қатынас, педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, бұл екі немесе одан көп адамдардың тұлғааралық мәміле орнату мақсатындағы өзара әрекеті. Соның ықпалы нәтижесінде олар белгілі бір мақсатқа қол жеткізеді және белгілі бір дәрежеде өзгереді. (педагогика сөздік 55б)
Психологияда қарым – қатынас, психикалық түйісу ретінде адамдар арасындағы мағлумат алмасу, өзара ықпал ету, түсінісу мен ортақ сезімді бастан кешуін туындататын байланыс. Қарым – қатынастың мақсаты – адамдар арасындағы мәмілені өзгерту, түсіністік орнату, біліміне, пікіріне, мәмілесіне, сезіміне және басқа да бағыттарына ықпал ету. Бұдан басқа ғылымда «коммуникация» ұғымы қалыптасты. Оның ауқымы жай қарым – қатынастан кең. Өйткені ол тек адамдар арасындағы қатынасты ғана емес, адамның басқа да әлеуметтік, табиғи т.б. ауқымды жүйелер арасындағы мәмілені білдіреді.
Қарым – қатынас түрлері саналуан: тікелей, жанама қарым – қатынас, турадан тура не болмаса басқа біреу не басқа бір құрал арқылы, сөз(вербальный) түріндегі, (невербальный) ым, ишарат арқылы т.с.с. Бұлардан басқа жеке адамдар арасындағы және болмаса көпшілік арасындағы қарым – қатынас; қызметкерлер және рөлдік қарым – қатынас т.б.Сурет -1
Қарым – қатынастың атқаратын қызмкті- прагматикалық, қалыптастырушы, дәріптеуші, тұлғаралық мәмілені ұйымдастырушы және дәріптеуші, тұлғаішілік болып бөлінеді.
1.Прагматикалық қызметі – бірлескен іс - әрекетті жүзеге асыру барысындағы бірлестіру қарым – қатынасы;
2.Қалыптастыру қызметі – адамның психикалық және болмысын өзгерту және қалыптастыруға тигізетін септігі: ересек және балалр мен жастар арасындағы қарым- қатынас барысында олардың мінез - құлқы, жүріс - тұрысы мен ой санасына ықпал етеіп, қалыптастыруы.
3. Дәріптеушілік қызметі - басқалармен қарым – қатынасқа ену барысында адам өзін - өзі таниды, өзін бағалайды және өзін дәріптейді.
4.Тұлғааралық қырам – қатынасты ұйымдастыру және қолдау, басқаларды қабылдау және олармен қарым – қатынасын қолдау. Бұл кез келген адам үшін басқаларды бағалау, оң не теріс мәндегі эмоционалдық мәміле орнату.
5. Тұлғаның өзіне ғана тән ішкі мәнге ие қызметі. Бұл императивті –үстемдік, беделге негізделеді; манипулятивті – басқаларды өзінің жасырын мақсатына пайдалану; диалогиялық – тең құқылы қарым – қатынас болып оның өз ережелері бар:
1) өзі және әріптесінің актуалды психологиялық ахуалына байланысты, мысалы «табан асытнда» орындалуы тиіс істерге байланысты қатынас;
2) әріптесін бағалап отырмай оған сенім арту;
3) әріптесін өзіндік пікір мен шешімі бар тең құқылы адам ретінде қабылдау;
4) қатынас мазмұны шешілмеген мәселе, сұрақтарды қамтиды;
5) өзінің ниеті мен сезімін білдіретін, ізгілікті ниеттегі қатынас;
Бұл өзара түсіністік, әріптестердің сырын сақтауы, олардың жақсы қасиеттерінің өсіуне шарт түзеді. Сурет -2
Белгілі психолог Э.Шостром мұғалімдерге қатынастың мынадай түрінің тиімді болатынын ұсынады:
- шыдамдылықпен оқушының соңына дейін тыңдап алу;
- мәселені кең, жан-жақты талдап, қарастыру;
- оқушылар нақты жауап алатын сұрақтарды қоя алмайтынын ескеру;
Қарым қатынастың құрамына қатысты әр түрлі пікірлер бар. Солардың ішіндегі кең таралғаны – коммуникативті, интерактивті және перцептивті (қабылдау) қарым -қатынастар;
Коммуникативті – қарым - қатынасқа енушілер арасындағы бір- бірімен мәлімет алмасуы. Интерактивті - белгілі бір іс- әрекет барысында әріптьестер арасында өзара ықпалдастыңқ туындататын қарым –қатынас орнуы; бұнда пікір алмасу, білім бөлісу, көңіл күйінен хабар беру, іс –қимылдарын өзара үйрету т.с.с.; перцептивті қарым –қатынас барысында орнайтын өзара түсіністк. Өзара қарым –қатынас, бірлескен іс- қимыл барысында әріптестердің бірі біріне ықпал ететіні ибелгілі. Оның тетіктеріне – психикалық әсер ету, иландыру, еліктеу жатады.
Тұлғааралық қарым – қатынас дегеніміз - әлеуметтік топ ішіндегі жекелеген адамдар арасындағы субъективті мәміле мен байланыстар, әріптесі туралы белгілі бір пікірдің орнығу жүйесі, үміті болып ол бірлескен іс-әрекет мазмұнымен анықталады.
Өзара қарым – қатынас барысында адамдар бір – біріне ықпал етеді, нәтижеде әріптестердің ой пікірі, сезімі, психикалық ахуалы, іс- қимылы мен мінез - құлқы т.б. өзгереді жаңа сапаға көшеді. Педагогикалық қарым – қатынастың «педагогикалық» деп аталуының өзі осы ықпал ету, әсерлендіруге байланысты.
Қарым – қатынас мазмұны оған енуші әріптестердің бірлесіп атқаратын іс -әрекеті барысындағы сыртқы көрінісі, мінез – құлық ерекшеліктері, жүріс – тұрыс мәнері, бет әлпеті мен сөйлеген сөзі және оның астарындағы мәні. Алайда бұлар іс - әрекет түрлерімен ерекшеленеді. Айталық ойын әрекеті барысындағы қарым – қатынаста оған қатысушы жеке адам не топ, көпшіліктің тұтастығының көрініс және оның құрамындағы әр қайсысының жеке – жеке әрекеті олардың ішкі жан дүниесінен, білім, білігі мен дағдылары, әдеті мен ұстанымы т.б. байқалады. Сол секілді, еңбек әрекеті барысында оның жүзеге асырушының оған болған мәмілесі мен оны жүзеге асырудағы мінез –құлық көріністері, оқу іс-әрекеті барысында орнайтын өзара байланыс т.б. қарым –қатынастың мазмұныны ашады.
Бұл ретте психологияда іс-әрекет мазмұны - ғылыми білім және адамның өмір жайлы білген түйгені, тәжірибесі; адамның өзі- сыртқы бейнесі, мінез –құлқы, мен мәнері т.б.; топ болып мәселені шешудегі іс-әрекеті; адамдар арасындағы әр түрлі сипаттағы мәміле т.с.с.; бұлар қарым –қатынас мазмұнының жекелеген элементтері. Өйткені нақты бір алдамның басқалармен мәмілеге ену мүмкіндігі өте көп. Оның түрлері қаншалықты көп болса мазмұны да соншалықты бай болап есептеледі.
Қарым - қатынас құралдары ретінде тіл, бұнымен қатар бет әлпеті, жаңсаулары мен ым, ишараты, көзқарасы, қарым қатынас кезіндегі денесін ұстауы, ахуалы, бейнесі мен келбеті. Адам сыртқы бейнесін саналы түрде өзгерте алады, мысалы, бет әлпетін, өзін ұстау мәнерін, киімін, шүмбетін(маска).
Адамның ой – санасы, ішкі сезімі бет әлпетінен, қас қабағынан, көзқарасымен дауысынан, қимыл қарекетінен қарым – қатынас мазмұны, кейде мақсаты байқалып қалады. Пәрдез аспаптары, шаш қою мәнері, пластикалық операциялар – ішкі сырды жасыруға септігін тигізеді. ДЖеседе физиогномикалық белгілер ашу, ыза, қаһар, не болмаса, адал, ақ ниет, мейрімнен хабар береді. Адамның сыртқы бейнесін киім кию мәнері, стилімен толықтырады. Осыған орай қазіргі кезде миджология деген ілім саласы пайда болды.
Қарым – қатнас астарында мәмілде жатады. Мәміле тұлғаның қоршаған ортаға құндылық тұрғысынан жуықтауының нәтижесі немесе оны бағалауымен байланысты. Қазақта «Еңкейгенге еңкей, басың жерге тигенше, ол әкеңнің құлы емес, шалғайғанға шалқай- ол құдайдың ұлы емес» - деген мақал осыған мысал. Өйткені адам қоршаған әлеуметтік ортаға, зат не құбылысқа, жекелеген адамдарға белгілі бір бағалау көзқарасында болады. Ол сезімі, қызығуы, көңіл бөліуі арқылы өзінің мәмілесін білдіреді.
Қарым – қатынас екі жақты және әлеуметтік мәнге ие. Өйткені ол екі не болмаса бірнеше адам арасында жүзеге асады. Бұл ретте оған енушілердің бірін – бірі қабылдауының маңызы бар.
Топ не ұжым ішіндегі адамдардың мәмілесі өзара қарым –қатынас ықпалдастығы арқылы байқалады. Өзара ықпалдас қарым – қатынас дегеніміз – бір тұлғаның екіншісіне болған мәмілесі арқылы әсер етуі, басқаларға болған қарым –қатнасының сипатын білдіреді. Қазіргі кезде адамдар арасындағы мәміле іскерлік және жеке тұрпаттағы өзара қарым – қатынас түрінде болуы мүмкін. Қарым – қатынас көзкрінеу жүзеге асады, ал мәміле адамның оған болған ішкі құпия, жасырын сырыман астарласады. Сондықтан қарым –қатынас пен мәміле бір құбылыстың екі тарапы.
«Мен» - тұжырымы адамның өзі туралы жалпы ұғымы, өз басына қатысты ұстанымдар жүйесі немесе «өзі туралы теория». Психологтар оның үш түрлі мәнде қарастырады: тұлғаның өзін түйсінуінен туындаған «мен ондаймын, мен мынандаймын» дейтін тұжырымы; екіншісі, оның басқаларға өзін көрсетуіне байланысты «мені»; үшіншісі – оны басқалардың қабылдауынан туындайтын
«мен» немес олардың «оның меніне» көзқарасы. Бұл үнемі өзгеріп, даму динамикасына ие. Өйткені есейген сайын, әлеуметтік тәжірибелерінің молаюына, білім ауқымының кеңеюіне байланысты тұлға үнемі өзгеріп отырады және оның өзіндік «меніне» болған мәмілесі де дамиды.
«Мен» тұжырымының қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін факторлар ішкі және сыртқы –деп бөлінеді. Сыртқы факторлар –отбасы, мектеп, құрбылары, ол араласатын ресми және бейресми топтар т.б. онымен қарым –қатынасқа ену барысында белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осылардың ішінде отбасы қарым –қатынасының орны ерекше. Одан кейінгі ұрымтал ықпал ететін – мектеп ұжымы, ондағы ұстаздары мен араласатын оқушылар. Осылармен қарым –қатынасқа ену барысында «мен» тұжырымы олардың ықпалына ұшырайды. Қарым – қатынастың осы тұсы оқыту мен тәрбие үшін маңызды. Өйткені педагогикада тәрбиелік ықпал ету, педагогикалық қарым – қатынас деген ұғымдар бар.
Қарым - қатынас тетіктері: нандыру, өзін ұсыну, иландыру, еліктету, еліктеуге түрткі беру, ізгі ниет қалыптастыру, өтініш, мәжбүрлеу, сынау арқылы төменшіктету, жоққа шығару(игнорирование), пайдалану ниетімен астыртын әсер ету.