Арым қатынасқа тұлғаны қабыладау(перцептивті жағы) құралы ретінде сипаттама беріңіз

Қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс. Бұл байланыс тұлға әлеуметтенуінің қайнар көзінің бірі ретінде анықталады. Тұлғаның әлеуметтеңу принципі екі жағдайда сипатталуы қажет: біріншіден, қарым - қатынас факторы, адамның әлеуметтік өмірімен өзара байланысы жүзеге асырылатын алеуметтік қайнар көзі ретінде есептелінуі керек; екіншіден, әлеуметтену екі аспектіде қарастырылады, ол меңгеру әлеуметтік бағдарлама құру және оны таратуы.

Қарым - қатынас - біріншіден, біріккен іс - әрекетте пайда болатын адамдар арасында байланыс орнату және оны дамыту процесі болса, екіншіден, тұлғалардың бірлескен іс-әрекетте қажеттіліктен пайда болған өзара белгі құралдарымен жүзеге асатын күйі, мінез құлқы.

Тұлға - бұл басқа адамдардын арасында белгілі позицияны иеленетін қоғамдық іс - әрекеттін себепші субьектісі ретіндегі адам. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері, ол неге талпынады және неден қашады, Сонымен қатар ұғым, ұйымшылдық дәрежесі, оның белсенділігінің интенсивті және қорытынды нәтижесі, өмірлік тапсырманы шешуге сәйкес бағытталуынан көрінеді. Әрбір жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті, білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып қарым - қатынасқа деген ынтасын арттыру, олардың жеке басылық қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға мүмкіндік жасау.

Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.

Мотивацияны тұлғаның жетістікке жету механизмі ретінде түсіндіріңіз

Мотивация дегеніміз-адамның ішіндегі белгілі ынталарды оята отырып, оны нақты іс-әрекеттерге ұмтылдыру мақсатымен адамға әсер ету процесі. Ынталандыру адамды басқарудың негізін құрайды. Басқарудың тиімділігі көп дәрежеде,қаншалықты ынталандыру процесі табысты жүретініне байланысты. Адамға сыртқы әсер ету жолы арқылы іс-әрекетке белгілі ынталарды туғызады. Олар адамды белгілі қалайтын нәтижесіне әкелетін нақты іс-әрекет жасауға түрткі болады.

Ынталандыру келесі қызмет сипаттамаларына әсер етеді:күш салу, тырысу, қайсарлық, адалдық, бағыттылық.

1. Бір жұмысты адам әр түрлі күш-жігер жұмсап істей алады. Ол барлық күшін салып жұмыс істеуі жартылай күш салып жұмыс істеуі,оңайлау жұмысты алуы немесе өте күрделі шешімді іздеуі мүмкін. Бұл адам өзінің жұмысын атқаруға салған күш-жігер шынында қаншалықты ынталандырылуына байланысты.

2. Адам ұйымда өз рөлін атқарудың әр түрлеріне тырыса алады. Бір адам еңбегінің сапасына қалай болса солай қарауы мүмкін,ал басқа адам бәрін жақсы жасауға,толық қайтарымдылықпен істеуге,жұмыстан ауытқып кетпеуге,өз мамандығын жоғарылатуға,өз қабілеттіліктерін жетілдіруге тырысады.

3. Ынталандыру әсер ететін қызметтің тағы бір сипаттамасы-бастаған ісін жалғастыру және жеьілдірудегі қайсарлығында. Бұл қызметтің өте маңызды сипаттамасы,себебі адамдар көп жағдайда бастап қойған істеріне қызығын жоғалтады. Қайсарлықтың жоқтығы да істі аяғына дейін жеткізуге нормативті әсер етеді. Жұмыскер тамаша ойларды ұсына алады,бірақ оларды орындау үшін ештеңе істелмейді,ол тәжірибеде ұйым үшін қолданып шығып кеткен мүмкіндіктер туралы айтады.

Маслоу бойынша қажеттіліктер категориялары:

1)Физиологиялық – өмір мүру қажеттіліктері. Бұған тамақ, су, киім, баспана, демалу, т.б.

2)Қауіпсіздік – оған, қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп-қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктердің қанағаттандырылуы жатады.

3)Әлеуметтік қажеттіліктер – бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзінді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.

4)Құрметтеу – ол өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктігі.

5)Өзін-өзі көрсету – өзінің мүмкінділіктерін жеке басының өсіп-жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

Наши рекомендации