Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны


23. «Күйші композиторлар» – 9 сағат:

1) күй атасы Құрманғазы;

2) Күй шебері Тәттімбет;

3) Халық композиторы Дәулеткерей;

4) Күй шешені Қазанғап;

5) Арнау күй;

6) Күй анасы – Дина.

24. «Әлемді шарлаған музыкалық аспаптар» – 7 сағат:

1) көне аспаптар сыр шертеді – қобыз және скрипка;

2) халықтың мақтанышына айналған – домбыра-комуз, шертер-балалайка;

3) ежелгі музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз - барабаны, асатаяқ - ложки, қоңырау - бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка;

4) табиғатпен үндескен сыбызғы;
5) халық арфалары – жетіген, гусли, цимбало;

6) шырқа, сырнай.

25. «Концерт залына саяхат» – 10 сағат:

1) өнер ордасы – театр;

2) концерт залымен танысайық;

3) филармония – өнер шаңырағы;

4) камералық музыка;

5) ең үлкен музыка аспабы – орган;

6) хор капелласының концерті;

7) квартет өнер көрсетеді;

8) қазақ халқының биі;

9) эстрада музыкасының концерті.

26. «Туған өлкем» – 8 сағат:

1) «Алатау»;

2) «Ақ бұлақ»;

3) «Бір бала»;

4) «Сағындым Алматымды»;

5) «Атамекен», «Өз елім»;

6) «Туған жер».

27. Ән орындау кезінде:

1) әндердің әуенін сазды орындауға дағдылану, әндердің мәтінінің мазмұнына мән беру, түсініп орындауға дайындау;

2) әннің ырғағы мен әуенін дұрыс айтуға машықтандыру;

3) шумақ пен қайырманың кезектілігін ескеру, әндердің мінезі мен көңіл күйіне лайық интонациялық белгілерін сақтау;

4) дем алу ережесі және нақты дауыс мәнерімен жұмыс жасауын қадағалау.

28. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Ә.Бейсеуов, С.Асанов «Қошақаным», К.Дүйсекеев, Ш. Сариев «Ана», қазақтың халық әні «Гүлдерайым», қазақтың халық әні «Қалаулым», К.Шілдебаев, А.Асылбеков «Жаңа жыл», С.Мұратов, Б.Ысқақов «Наурыз тойы», Н.Тілендиев «Алатау», Б.Тәжібаев «Ақ бұлақ», Б.Тәжібаев «Туған жер».

29. Аспапта орындау кезінде:

1) ұрмалы аспаптарды меңгеру арқылы ырғақтық есту қабілетін қалыптастыру, үйренген әндері мен музыкалық шығармаларды ырғағына сай сүйемелдей білу;

2) халық әндерінің негізінде домбыра аспабын меңгеру.

30. Музыка тыңдау:

1) баланың мүмкіндігіне лайық әртүрлі сезімге құрылған музыканы тыңдай білу;

2) музыкалық шығармалардың өзіндік сипатын айыра білу, ең негізгі саздық мәнерін ерекшелеу;

3) музыканы өмірмен байланыстырып, табиғаттың түрлі құбылыстарымен салыстыра білу, музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшелігін айыра білу, адам дауысы, табиғаттың дыбысы;

4) музыкадан алған әсерін әңгіме, сурет, бейнелеу, қимыл‑әрекет арқылы көрсете білу.

31. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Құрманғазы «Қайран шешем», «Аман бол, шешем», «Машина», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Бұқтым-бұқтым», «Адай»; Тәттімбет «Саржайлау», «Сылқылдақ»; Дәулеткерей «Қосалқа», «Құдаша», «Көрұғлы»; Қазанғап «Көкіл», «Шынаяқ тастар», «Құс қайтару», «Өттің дүние»; Дина «Әсем қоңыр; Ықылас «Күй‑аңыз», «Аққу», «Жез киік»; халық күйі «Салкүрең»; орыстың халық әні «Коробейники»; халық күйі «Сары өзен»; халық әні «Қараторғай»; халық әні «Бір бала»; А.Қоразбаев «Сағындым Алматымды»; Е.Хасанғалиев «Атамекен»; Н.Римский-Корсаков «Хоровод» әні, Садко «Заиграйте, мои гусельки»; М.Мусоргский «Картинки с выставки» («Избушка на курьих ножках», «Старинный замок»); П.Чайковский «Времена года» («Масленица», «Подснежник»); В.А Моцарт, А.Глоба «Көктем әні», хорға өңделген; А.Рубинштейн, М.Лермонтов «Горные вершины», хорға өңделген; А.Алябьев, И. Козлов «Вечерний звон», хорға өңделген; П.Чайковский «Да исправится молитва моя», хорға өңделген; В.А. Моцарт. Квартет, ор.10, Ре минор, үзінді; Ғ.Жұбанова Квартет для струнных №1,үзінді; А.Жайымов «Шалқыма»; Бах И.С. Органға арналған «Токката және Фуга», ре минор, үзінді; Каччини Дж. «Аве Мария», дауысқа және органға арналған; А.Алябьев, А. Дельвиг «Соловей»; Л.Хамиди, Н.Әлімкұлов «Бұлбұл»; А.Варламов, М.Лермонтов «Белеет парус одинокий»; Түркеш «Көңіл ашар»; Құрманғазы «Сары-арқа».

32. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты – жоғары, орта, төмен; созылмалы‑қысқа, қатты‑жай; әуен – шығарманың музыкалық сипаты, музыкалық бейне; түрі – әндегі шумақ пен оның қайырмасы, күйдегі буын, аяқталған шығарма; ырғақ – әр түрлі ырғақтық ерекшеліктер; қазақ халқының музыкалық аспаптарының тембрлік ерекшеліктері; композитор – орындаушы – тыңдаушы; музыканың негізгі түрлері – вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр (жалпы түсінік); хор – балалар, ерлер, әйелдер, аралас; музыкалық аспаптар – ыспалы аспаптар – қобыз, скрипка; шертпелі аспаптар – домбыра-комуз, шертер- балалайка. Ұрмалы, сілкімелі аспаптар – асатаяқ-ложки, тұяқ тас-барабанка, қоңырау--бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка; үрмелі аспаптар – мүйіз сырнай-зурна, мес қобыз – волынка; сырнай – гармонь,баян; үрмелі аспаптар - тастауық-чопа чор, сыбызғы-свирель; жетіген – гусли, цимбалы.

33. Шығармашылық тапсырмалар:

1. музыкалық шығармалардың сипатына сай қимыл‑әрекет жасау;

2. би қимылдары мен қарапайым бірқалыпты музыкалық ырғақтарды орындау;

3. музыкалық образдарға ену.

Наши рекомендации