Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

16. «V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін».

17. Кіріспе (1 сағат). «Орта ғасырлар» ұғымы және оның мәні. Орта ғасырлар тарихының кезеңдері мен хронологиялық шеңбері.

18. Ерте орта ғасыр (V – X ғғ.) (6 сағат).

V–X ғасырлардағы Батыс Еуропа (1 сағат), Герман корольдіктерінің құрылуы. Остготтық Италия. Франктердің Галлияны жаулап алуы. «Сали ақиқаты». Франктердің христиан дінін қабылдауы.Ұлы Карл империясы. Империяның ыдырауы. Империя мәдениетінің дамуы;

V-Х ғасырлардағы Византия империясы және Таяу Шығыс (4 сағат):

Византия империясының құрылуы. Императорлар билігі. Юстиниан және оның зандары. Славяндардың, арабтардың империя территориясын басып алуы және олардың орнығуы;

VI – X ғасырлардағы арабтар. Араб тайпалары және олардың географиялық орналасуы. Мұхаммед пайғамбар. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы. Араб халифатының құрылуы. Халық көтерілістері. Халифаттың ыдырауы. Ислам дүниесіндегі мәдениеттің дамуы. Білім беру ici. Әдебиет. Философия. Өнер;

ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар. Эфталит мемлекеті. Шаруашылық пен мәдениеттің дамуы. Эфталит мемлекетінің ыдырауы. Ерте орта ғасырлардағы түркі халықтары. Түркі мемлекеттері, шаруашылығы. Көне түркі жазба ескерткіштері;

ерте орта ғасырлардағы славяндар. Батыс, оңтүстік славяндар, олардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығы. Ежелгі Киев Русі. Ярослав Мудрый. Киев Русінің мәдениеті. Сәулет өнері;

феодалдық құрылыстың негізгі белгілері және ерекшеліктері (1 сағат), феодалдық құрылыстың ерекшеліктері.Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері. Натуралды шаруашылық. Феодалдық бытыраңқылық. Ерте орта ғасырлардағы феодалдар. Феодалдардың замогы. Орта ғасырлардағы шаруалар, олардың тұрмысы. Феодалдық қанауға қарсы күрес.

19. Орта ортағасыр ( ХІ-ХV ғғ.) (17 сағат).

XI – XV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері (7 сағат):

орталықтанған монархиялардың құрылуы. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің құрылу алғышарттары. Мемлекеттік басқару аппаратының құрылуы. Король өкіметі, оның қызметі. Дворяндық сослови;

Франция. Француз жерлерінің бірігуі. Жүз жылдық соғыс. Жанна д` Арк. XI Людовик. Бас штаттар қызметі. Франциядағы абсолюттік монархия;

Англия. Ағылшын парламенті. Англиядағы Алқызыл және Ақ раушандар соғысы. Шаруалар көтерілісі. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің орнығуы. Тюдорлар әулетінің билікке келуі;

Германия. Герман жеріндегі саяси бытыраңқылық. Герман серілігі. Еркін қалалар. Германиядағы шіркеу орталықтары;

Испания. Италия. Арабтармен күрес. Реконкиста. Испанияның бірігуі. Католиктік шіркеу. Инквизиция. Италиядағы қала-мемлекеттер. Венеция мен Флоренция. Медичидің банктік қызметі;

XI – XIII ғасырлардағы Русь. Феодалдық қатынастардың дамуы. «Русская правда». Владимир Мономах. «Бағзы замандардың хикаясы»;

XI – XV ғасырлардағы шаруашылық және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер. Шаруашылықтағы даму. Қолөнер. Еуропада орта ғасырлық қалалардың пайда болуы. Сауда ісі. Еуропадағы қала өмірі. Әскери өнер;

XI – XV ғасырлардағы Еуропадағы ағарту ici мен ғылыми білімнің дамуы;

Ғылыми білім. Ортағасырлық мектептер. Жылнамалар. Әдебиеттің дамуы. Поэзия. Орта ғасырлардағы бейнелеу, сәулет және мүсін өнері.

XI – XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі. Крест жорықтары (1 сағат), шіркеу және дін қызметкерлері. Крест жорықтары. Шіркеу – шығысқа жорықты ұйымдастырушы. Кедейлердің және рыцарьлардың Шығысқа жорығы. Кейінгі крест жорықтары. Крест жорықтарының нәтижесі мен салдары;

орта орта ғасырлардағы Азия елдері (4 сағат):

Жапониядағы феодалдық құрылыс. Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы және дамуы. Қалалардың дамуы. Біртұтас мемлекеттің қалыптасуы. Оқшаулану саясаты;

Қытайда феодалдық құрылыстың орнауы. Қытайды біріктіру. Қытай империясының кұрылуы. Шаруашылық пен қолөнер. Дін. Ғылым мен білімнің дамуы. Медицина. Мәдениет пен өнер. Кітап басу ici;

Үндістандағы феодалдық құрылыс.Үндістанда феодалдық құрылыстың орнауы. Гупта мемлекеті. Феодалдық бытыраңкылық. Дели сұлтандығы. Ұлы Моғолдар империясы. Қолөнер мен сауданың дамуы. Діни наным сенім. Ғылым мен өнер. Астрономия. Медицина. Мүсін өнері. Храмдар мен кесенелердің салынуы;

орта ғасырлардағы Түркия. Осман империясының құрылуы. Сұлтандар билігі. Халықтардың осман жаулап алушыларына қарсы күресі. Түрік мәдениеті. Әдебиет. Ғылыми білімдер. Қолөнер. Түрік саяхатшылары.

XI-XV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия (2 сағат):

Хорезмшах мемлекеті. Хорезмшах мемлекетінің қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы. Бұхара мен Самарқандағы көтерілістер. Хорезмшах мемлекетінің әлсіреуі. Орта Азия қалалары. Қалалардың мәдени және ғылы­ми орталыққа айналуы;

ғылыми білімдердің дамуы. Көрнекті ғұламалар. Әдебиеттің дамуы. Ұлықбектің астрономиялық мектебі. Әбу-Райхан Бируни. әл-Хорезми. Әбу-Әли ибн-Сина. Әдебиет. Ә. Фердоуси. А. Рудаки. Ә. Науаи. Омар Хайям. Рашид-ад-Дин. «Жылнамалар жинағы». Әбу Насыр әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, М. Дулати, Қ. Жалайыри. «Манас» эпосы. Сәулет, сурет өнері және көркемөнер.

монғол-татар шапқыншылығына қарсы халықтардың күресі (2 сағат):

монғол-татар шапқыншылығы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылық. Русьтегі феодалдық бытыраңқылық. Жеке князьдіктердің құрылуы. Орта Азия жеріндегі мемлекеттердің бірте-бірте әлсіреуі;

монғол-татар шапқыншылығы. Монғол мемлекетінің құрылуы. Қоғамдық-саяси құрылысы. «Жасақ». Шыңғыс хан әскерлерінің Қазақстан, Орта Азия және Закавказьеге басып кіруі. Батый әскерлерінің Руське шабуылы. Алтын Орданың құрылуы. Халықтардың жаулап алушыларға қарсы күресі;

қайталау (1 сағат).

20. Кейінгі орта ғасыр (XV – XVII ғасырлардың ортасы) (10 сағат).

Еуропа мемлекеттері (5 сағат):

XVI – XVII ғасырдың ортасындағы Англия. Өндірістің дамуы. Мануфактура. Ағылшын абсолютизмі. Тюдорлар билігі. Ирландияны отарлау;

XVI – XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Франция. Экономикалық дамуы. Өнеркәсіп және сауда. Азамат соғыстары;

XVI – XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Германия. Экономикалық жағдайы. Реформа­ция және шаруалар соғысы. Князьдар арасындағы қырқыстар. Ауссбург бітімі;

Кейінгі орта ғасырлардағы Испания, Нидерланды, Италия. Мемлекеттік құрылымы мен экономикалық жағдайы. Нидерланд буржуазиялық революциясы. Савонарола;

XV ғасырдың аяғы – XVI ғасырдың басындағы географиялық ашулар. Географиялық ашулардың алғышарттары. XV ғасырдағы Америка халықтары. Майялар, Ацтектер және Инктердің мәдениеті. Колумбтың Американы ашуы. Васко да Гама.Ұлы географиялық ашулардың нәтижелері;

орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы (XV-XVI ғғ.) (2 сағат):

орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі. Орыс жерінің экономикалық және саяси дамуы. Алтын Орданың әлсіреуі. Куликово шайқасы. Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы. Опричнина. IV Иван Грозный;

XVII ғасырдағы Ресей. Ресейдің ішкі және халықаралық жағдайы. Борис Годуновтың таққа келуі. К. Минин мен Д. По­жарский. Романовтардың таққа отыруы. XVII ғасырдағы орыс халқының мәдениеті. Әдебиет пен өнер. Мүсін және бейнелеу өнері;

XV ғасырдың аяғы – XVII ғасырдың алғашқы жартысын­дағы Еуропа халықтарының мәдениеті (2 сағат):

Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің тууы. Ита­лия - қайта өрлеу мәдениетінің орталығы. Леонардо да Винчи. Микеланджело. Рафаэль Санти. Бейнелеу өнеріндегі гуманизм. Альбрехт Дюрер. Рембрандт. Диего Веласкес;

Еуропа халықтарының ағарту ici мен әдебиеті. Ақсүйектік білім беру. Гуманист жазушылар: Томас Мор, Франсуа Рабле, Вильям Шекспир, Ми­гель Сервантес. Ғылыми білімнің дамуы. Джордано Бруно. Николай Коперник. Галилео Гали­лей;

қорытынды қайталау (1 сағат).

Наши рекомендации