Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны

13. Кіріспе (1 сағат).

14. «Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар»
(9 сағат):

алғашқы адамдардың пайда болуы, адамның шығу тегі туралы ежелгі адамдардың түсінігі, адамның шығу тегі туралы қазіргі көзқарастар, Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы, адамдар тобыры – алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы;

ежелгі адамдардың іс-әрекеттері, алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары, тасты өңдеу әдісі, аңшылық, терімшілік;

алғашқы адамдардың өмірі, еңбек құралдарын жетілдіру, палеолиттен неолитке дейінгі еңбек құралдарын жетілдіру, ұлы мұздықтар, отты қолдану;

Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде (палеолит), төменгі және жоғарғы палеолит, Қазақстан жеріндегі палеолит дәуірінің тұрақтары, еңбек құралдары, «саналы адамдардың» пайда болуы;

рулық қауымның пайда болуы (аналық ру, көсемдер, ақсақалдар);

Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде (мезолит), орта тас дәуірінің ерекшеліктері, микролиттердің пайда болуы, садақ пен жебенің пайда болуы, олардың адамдар өміріндегі маңызы;

мезолит дәуіріндегі табиғи-климаттық өзгерістер (мұздықтардың еруі, күннің жылынуы), жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіндегі өзгерістер, Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары;

қорытындылау.

15. «Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы. Еңбек бөлінісі» (9 сағат):

мезолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер, рулық қауымның нығаюы, рулардың тайпаларға бірігуі, егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы, еңбек бөлінісі;

Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі, мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу;

қыш өндіру кәсібінің пайда болуы (қыш ыдыстар дәуірі), тоқыма өнері, тастан, сүйектен жасалған еңбек құралдары;

неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы;

мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия;

энеолит дәуіріндегі еңбек құралдарын жетілдіру қоғамдық еңбек бөлінісі, патриархаттың бекітілуі, Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары;

алғашқы адамдардың қоршаған орта туралы ой-пікірлері (әлем туралы аңыздар), білімді жинақтау және дамыту, діни наным-сенімдер (анимизм, тотемизм, фетишизм, магия – алғашқы діни түсініктер);

«пұтқа табынушылық», құдай мен рухқа сену, өнердің тууы, тастағы суреттер;

қорытындылау.

16. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» (7 сағат):

қола дәуіріндегі Қазақстан, қола дәуірінің ерекшеліктері, қола – мыс пен қалайының қоспасы, қоладан жасалған еңбек құралдары, Қазақстан территориясындағы мыс пен қалайы кен орындары, қола дәуірінің кезеңдері (ерте, орта және кейінгі);

андронов мәдениеті, Қазақстандағы андронов мәдениетінің қоныстары, андрондықтардың шаруашылығы мен тұрмысы, баспанасы;

қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер, климаттың өзгеруі, отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, кетпенді егіншілік, қыш ыдыс кәсібі, зергерлік өнер, А.Х. Марғұлан және т.б., Беғазы-Дәндібай мәдениеті;

қоғамдық құрылысы, жеке меншіктің пайда болуы;

қорытындылау.

17. «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» (9 cағат):

көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы, отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу, тебіндік жайылым, төрт түлік мал;

киіз үй – көшпелілердің баспанасы (киіз үйдің құрылысы және жасауы), отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықтар;

көшпелі мал шаруашылығы өмір сүрудің негізі, дәстүрлі мал шаруашылығындағы көшіп-қону, жайылым түрлері (көктеу, жайлау, күзеу, қыстау);

Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемлекеттер, сақтар (сақтардың қоныстануы, сақ қоғамы, сақтар туралы алғашқы деректер), сақтар жайлы Геродоттың айтқандары, сақтар парсы жазбаларында;

сақ тайпаларының қоныстануы, (тиграхауда, парадарайя, хаомаварга сақтары), сақтар қоғамының құрылымы;

сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы, сақтардың шаруашылығы мен тұрмысына сипаттама, мал шаруашылығы және егіншілік, темірді пайдалану;

сақтардың тәуелсіздік үшін күресі, Қазақстан аумағына парсы әскерлерінің басып кіруі, сақ патшасы Томиристің парсы патшасы Кирге қарсы күресі, Шырақтың ерлігі, Александр Македонский әскеріне қарсы сақтардың күрес);

сақ мәдениеті, сақ ескерткіштері (Есік және Бесшатыр қорғаны, «Алтын адам» – сақтардың зергерлік өнері, «Аңдық стиль);

сақ қорғандары (болжамдар, жұмбақ жайлар және жаңалықтар), «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көне патша қорымдары мен қорғандарын кешенді түрде зерттеу.

18. «Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар» (15 cағат):

үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер, үйсін тайпалары, үйсіндердің қоныстанған жерлері, үйсіндердің қоғамдық құрылысы, гуньмо – үйсіндердің билеушісі;

үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер, зергерлік өнер), Қарғалы диадемасы;

үйсіндердің салт-дәстүрі және діни наным-сенімі;

қаңлылар, қаңлылар тарихы туралы қытай және иран жазбалары, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері, (Қостөбе, Көк-Мардан, Пұшық- Мардан), қаңлылардың қоныстануы, қоғамдық құрылысы;

қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы, (егіншілік, мал шаруашылығы және қосалқы кәсіптер, металл өңдеу, сауда), қаңлылардың мәдениеті және діни сенімдері;

ғұндар, ежелгі ғұндар тарихы қытай деректерінде, Мөде шаньюй – ғұн мемлекетінің негізін салушы, ғұндардың мемлекеттік құрылысы, ғұн тайпаларының бірігуі;

халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұндардың Батысқа қоныс аударуы, ұлы әскербасы Аттила (Еділ) және оның жорықтары, ғұн жорықтарының маңызы, тарихи әдебиеттердегі ғұндардың бейнесі;

ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті (мал шаруашылығы, егіншілік, қоныстары, кәсіптері), қоғамдық құрылысы, мәдениеті, зергерлік бұйымдар, «Полихром стилі»;

сарматтар, сарматтардың қоныстануы, савромат, дай тайпалары, сарматтардың қоғамдық құрылысы, әскери демократия, әлеуметтік теңсіздік;

сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік, сарматтардың материалдық мәдениеті), археологиялық ескерткіштері, сынтас;

қорытындылау.

19. «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары» (7 cағат):

ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан, Сарыарқа – Ұлы дала, Сарыарқа тұрғындары – аргипейлер, исседондар, шаруашылығы, маусымдық жайылымдар, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер, Тасмола археологиялық мәдениеті, «Мұртты» қорғандар;

ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан, табиғи-климаттық ерекшеліктері, савроматтар мен аргиппейлер – Солтүстік Қазақстан тұрғындары, шаруашылығы, мал шаруашылығы және оның ерекшеліктері, археологиялық ескерткіштер, металл өңдеу;

ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, табиғи-климаттық жағдай және елді мекендер, Шілікті даласынан табылған патша қорғандары, Берел қорымы, Шығыс Қазақстан мәдениеті, «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде ежелгі қалашықтар мен қорымдарға жүргізілген археологиялық зерттеулер;

қорытындылау.

20. «Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері» (7 cағат):

көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім), Ұлы Жібек жолы, аңдық стильдегі өнер, ежелгі металлургия орталығы, мемлекеттік басқару жүйесі, жерлеу әдісі, руна жазуы, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк жазуы. Эпос);

көшпелілердің киімдері, ат әбзелдері, көшпелілердің сауыт-саймандары мен қару-жарақтары;

ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі, мәңгілік өмір сүру идеясы, өлім мен өмір арасындағы күрес, адамзаттың табиғатпен байланыста өмір сүруі, тепе-теңдік, өмірге құштарлық;

көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері, тәңір, табиғат және ата-баба рухына табыну, жерлеу рәсімдері;

ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты, антропология деген не, қола дәуіріндегі адамдардың антропологиялық сипаттамасы, ерте темір дәуіріндегі адамдардың антропологиялық типі;

21. Қорытынды қайталау (4 сағат).

Наши рекомендации