Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Пән: Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

Оқу жылына арналған

СИЛЛАБУС

Күзгі семестр

Пән: Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Мамандық: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Курсы: 3

Кредит саны: 3

Силлабусты құрастырушы: п.ғ.д., доцент Рахметова Р.С.

Оқытушы:п.ғ.д., доцент Рахметова Р.С.

Күні:

Бекітілді:

Филология институтының директоры Б.Әбдіғазиұлы

Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы меңгерушісі Ж.Т.Дәулетбекова

ОқытушыР.С.Рахметова

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

................................

Филология ИНСТИТУТЫНЫҢ

Директоры

Б.Әбдіғазиұлы

Ж

CИЛЛАБУС

Азақ тілін оқыту әдістемесі. 3 кредит

Күзгі семестр, 2015.

Оқытушының аты-жөні: Рахметова Райгүл Садуакасовна

Оқытушы туралы мәлімет Өткізілу орны және уақыты Байланыс ақпараты
Ауд. сабақтар Офис сағаттар Тел.: e-mail:
Педагогика ғылымдарының докторы, доцент       8 705 181 23 27 [email protected]
         

Пәннің пререквизиттері:«Нормативті қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілі», «Тіл біліміне кіріспе», «Тілдік қатынас негіздері», «Кәсіби қазақ тілі».

Пәннің постреквизиттері:«Стилистика», «Жалпы тіл білімі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Тарихи грамматика».

Курстың мақсаты мен міндеттері:

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – студенттерге мектепте қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми және интеллектуалдық әлеуеті жоғары маман даярлау.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің міндеттері:

- студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту және қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру;

- студенттерді педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа тенденциялармен, қағидалармен, бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрете отырып, мектепте оқытылатын қазақ тілі курсының мақсат-міндеттері және білім мазмұнымен таныстыру;

- пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыра отырып, қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгерту;

- білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету;

- болашақ мамандарға қазақ тілін оқытудың жолдарын игерту (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу);

- өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру.

Курс соңында күтілетін нәтиже:

- қазақ тілін меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерімен танысады;

- қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымдарының жетістіктерін сабақ үрдісінде қолдануды үйренеді;

- қазақ тіліне арналған білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары және оқу-әдістемелік құралдармен танысып, бағыт алады;

- қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесін меңгереді;

- қазақ тілін жақсы оқыту үшін оның ережелері мен заңдылықтарын, оны меңгерудің амал-тәсілдерін игереді;

- «Қазақ тілін оқыту әдістемесін» оқу арқылы болашақ мамандар пәнді оқытудың дидактикалық-технологиялық негіздерін меңгереді;

- өзіндік ізденіс пен шығармашылыққа үйренеді;

- отандық және шетелдік озық тәжірибелерді талдау, салыстыру, бағалау,арқылы кәсіби шеберлігін арттырады;

- тіл бірліктерінің жүйелік-құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдаудың және оны оқушыға меңгертудің жолдарын үйренеді;

- кәсіби шеберлігін қалыптастырады.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Апталар Тақырыптың атауы Сағаттар СӨЖ/ ОСӨЖ / ЖЖ/ҮТ тақырыптары  
  1-Модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері   СӨЖ-1:«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша еңбектер (картотека түзу және оқытуға қатысты ұғымдардың глосарийін жасау ). ОСӨЖтақырыбын таңдау. ЖЖ-1:А.Байтұрсынұлының әдістемелік ой-пікірлері (конпект «Баяншы» еңбегі бойынша, тезис жазу (мақалалары бойынша)). Ж.Аймауытовтың комплексті оқыту әдістемесінің ерекшеліктері (кесте). Қ.Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы ізденістері (тұсаукесер).  
1. Дәріс (Д). Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары.  
Прак. сабақтар (ПС).Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны және оны зерттеген ғалымдар (А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов, Ы.Маманов, Д.Әлімжанов, Ә.Әбілқаев, М.Балақаев, т.б.).  
ОСӨЖ -дің мақсаты мен міндетін анықтау, көрсету. ҮТ-1:Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің фотоколлажын дайындау СӨЖ-2:Білім беру парадигмалары туралы тұсаукесер дайындау  
2. Д. Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары  
ПС. Тілдік қатынас теориясының тілді оқытуда алатын рөлі ( тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім). Антропоөзектік , Интеграциялық білім беру, Танымдық білім беру Аксиологиялық, Білім беруді ізгілендіру парадигмалары  
  2-Модуль. Қазақ тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар   ОСӨЖ -дің жоспарын көрсету. ЖЖ-2:5-11-сыныптар бойынша күнтізбелік жоспар дайындау  
3. Д. Бағдарлама – мемлекеттік құжат. Бағдарламаның линиялық және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары. Сабақ барысындағы жоспардың түрлері және оның маңызы.  
  • ПС. Қазақ тілі бағдарламасы.
Бағдарламаның түрлері, олардың өзара айырмашылықтары. Жоспар, оның түрлері. Орта және қысқа мерзімді жоспарлар, олардың ерекшеліктері. Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы.Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың негізгі атқаратын қызметі: ақпараттық, трансформациялық, жүйелілік, тәрбиелік.
 
4. Д. Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі нәтижелері – құзіреттіліктер. СӨЖ-3:Оқушы білімін құзіреттілік тұрғысынан бағамдау (кесте түзу). ОСӨЖ бойынша жинаған ақпараттарын көрсету ЖЖ-3:Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша тапсырмалар дайындау (5-11-сыныптар).    
ПС. Пән бойынша меңгерілетін құзыреттіліктер, олардың өзіндік ерекшеліктеріҚұзіреттілік түрлері: тілдік құзіреттілік, кәсіби, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілік, қатысымдық құзіреттілік, танымдық құзіреттілік, әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік.  
5. Д. Қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары ОСӨЖ -дің тезисін дайындау СӨЖ-4:Білім берудің жаңа технологиялары (тұсаукесер) ҮТ-2: Білім беру технологияларын салыстырып кесте дайындау  
  ПС.Әдістеме ғылымындағы жаңа бағыттар. Білім берудің инновациялық технологиялары және оның қазақ тілін оқытуда алатын рөлі.  
6. Д. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары ОСӨЖ жұмысын қорғау ЖЖ-4:Әдіскер-ғалымдардың ұстанымдарды жіктеуі (салыстырмалы кесте)  
ПС. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары. Жалпы және жеке әдістемелік ұстанымдар.  
7. Д. Қазақ тілін оқытудың формалары, интерактивтік әдістері ОСӨЖ жұмысын қорғау 1-Аралық бақылау  
ПС.Әдіс, оның тілді меңгертуде алатын орны. Әдістің түрлері. Интерактивті әдістер, оны қолданудың жолдары. Қазақ тілі бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары. Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы. Тапсырмалар және оның түрлері. Оқушылардың креативтік ойлау қабілетін дамыту және оны бағалау.  
  3-Модуль. Қазақ тілінің салаларын оқыту әдістемесі      
Д. Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту әдістемесі СӨЖ-5:Интерактивті әдістер (әр әдіске түсініктеме беру) ОСӨЖтақырыбын таңдау. ҮТ-2:Студеттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың жолдары (лексика бойынша сабақ өту 5-сынып)    
  • ПС. Лексика мен
фразеологияны меңгерту әдістемесі (ұстанымдары, әдістері, лексикалық жаттығулар және т.б.).
 
9. Д. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі ОСӨЖ -дің жоспарын дайындау. ҮТ-3:Студеттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың жолдары (фонетика бойынша сабақ өту 5-сынып)  
ПС. Фонетикадан берілетін білім мазмұны және оны меңгертудің жолдары (ұстанымдары, әдістері, фонетикалық жаттығулар және т.б.).  
10. Д. Сөзжасамды оқыту әдістемесі ОСӨЖ бойынша тезис дайындау СӨЖ-6:Көрнекі құралдар дайындау  
ПС. Сөзжасам және оны тілдің басқа салаларымен сабақтастыра оқыту (ұстанымдары, әдіс-тәсілдері, сөзжасамдық талдау).  
Д. Морфологияны оқыту әдістемесі   СӨЖ-7:Көрнекі құралдар дайындау ҮТ-4:Студеттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың жолдары (морфология бойынша сабақ өту 6-сынып)    
ПС. Морфология және сөздің грамматикалық құрылымын оқыту әдістері. Сөз таптарын оқыту әдістемесі. Морфологиялық талдау, оны жүргізу әдістемесі.    
Д. Синтаксисті оқыту әдістемесі   ҮТ-5:Студеттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың жолдары (синтаксис бойынша сабақ өту 7-сынып) ҮТ-6:Студеттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың жолдары (синтаксис бойынша сабақ өту 8-9-сынып)    
ПС.Синтаксис және оның салаларын оқыту әдістемесі (ұстанымдары, әдістері, жаттығулар және т.б.). Синтаксистік талдау, оған қойылатын талаптар.    
13. Д. Стилистика мен мәтінді оқыту әдістемесі СӨЖ-8:Көрнекі құралдар дайындау   ҮТ-7: Студеттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың жолдары (стилистика бойынша сабақ өту 10-11-сынып)    
ПС.Стилистика және мәтін, оларды меңгерту әдістемесі. Стиль, оның түрлерін оқытудың жолдары. Стилистикалық жаттығулар. Мәтіннің түрлері, оны талдаудың жолдары.  
14. Д. Орфографияны оқыту әдістемесі. Пунктуацияны меңгерту әдістемесі ОСӨЖ жұмысын қорғау  
ПС.Орфография және пунктуация, оның оқушы сауаттылығын жетілдіруде алатын рөлі. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі.  
Д.Сөз мәдениетін оқыту әдістемесі. Шешендік өнерді оқыту әдістемесі   ОСӨЖ жұмысын қорғау 2-Аралық бақылау  
ПС.Сөз мәдениеті туралы білім мазмұны және оны меңгертудің әдістемесі. Норма және оның түрлері. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдірудегі шешендік өнердің маңызы. Шешендік және сөз мәдениеті. Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың жолдары. Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу.    

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиет:

1.Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 2010.– 608 б.

3. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 368 б.

4. Хасенов Ә. Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы, 1957. – 76 б.

Қосымша әдебиеттер:

Қысқарған сөздер:

СӨЖ– студенттің өздік жұмысы

ОСӨЖ – оқытушының басшылығымен жүретін студенттің өздік жұмысы

ОС- офис сағат

ҮТ– үй тапсырмасы

Ж.ж. – жазбаша жұмыс

Глоссарий

Рейтинг жүйесі – кредиттік оқытуда студенттің білімін 100 балдық өлшеммен өлшейтін бақылау формасы. Студенттің рейтингі жоғары болу үшін оқытушы аралық бақылаудың қорытындысына дейінге аралықта білімді тексерудің жолдарын жүйелі ұйымдастырып отыруы қажет.

Ағымдағы бақылау – семестр бойындағы күнделікті сабақтар мен студенттің өздік жұмыстарында студенттің оқу жетістігін жүйелі тексеріп отыру үшін мұғалім жүргізетін бақылау түрі.

Аралық бақылау – екі модуль тақырыптарын өткеннен кейін студенттің пән мазмұнының белгілі бір бөлігін меңгеру деңгейін бағалау мақсатын көздей отырып ұйымдастырылатын бақылау түрі.

Аттестация –оқу семестрінің сегізінші және он бесінші апталарында студенттің пәннен алған білім, білік жетістіктерін бағалап қорыту үшін ұйымдастырылатын оқу семестрінің жарты кезеңі. Оған ағымдағы оқу процесіндегі студенттің сабақ үлгерімі, қатысымы мен белсенділігі, ағымдағы және аралық бақылау жұмыстары нәтижелерінің қорытындылары енеді.

Қорытынды бақылау – пәнді оқып аяқтағаннан кейін студенттің білімі мен біліктілік деңгейін емтихан түрінде тексеру мақсатында ұйымдастырылатын жұмыс түрі.

ОСӨЖ - мұғалім басшылығы арқылы студенттің өз ой қорытындысын жасай алу, оқығандарынан ортақ проблемаға қатысты ой жинақтай алу, өз ойын дұрыс жазып, айта алу, мәтінде дәйексөздерді орынды пайдалана алу, көпшілік алдындағы дұрыс сөйлеудің талаптарына сай өмірлік дағдыларын жетілдіре білу, т.б. дағдыларын дамытып, байытуына жол ашатын шығармашылық сипаты айқын өздік жұмыс. СОӨЖ-дің ерекше белгісі - оның дербестік сипаты. СОӨЖ жеке тұлғаның игерген білімін көрсетудің, жеке басының қабілеті мен мүмкіндігін байқатудың негізгі формасы болып табылады. Жоғары оқу орнында СОӨЖ студенттің өз белсенділігін көрсете алатын іс-әрекетін танытады.

ОСӨЖ пәннің мақсатына және студенттердің білім деңгейіне сәйкес типтік бағдарлама негізіндегі модуль тақырыптары бойынша жүргізіледі. СОӨЖ-ді ұйымдастыруда мынадай талаптар ескерілді: СОӨЖ-дің мазмұны типтік бағдарламаға ұсынылып, студенттердің ойлау қабілетін дамытатындай мақсатта ұсынылды. Мазмұны жағынан әр түрлі тақырыпты қамтыды. Мұнда оқытушы студенттердің өздік жұмыстарының мазмұндық жүйесі мен орындалу тәртібіне бағыт береді.

ОСӨЖ-дің екі түрін баяндама не жоба жұмысы (тұсаукесер ОСӨЖ-1) және әдеби-танымдық журнал (ОСӨЖ-2) қорғау ұсынылып отыр. Оларды дайындау апта сайын тексерілетін белгілі бір жүйемен жүзеге асырылады. ОСӨЖ арқылы студенттің метатанымдық, ақпараттық, әлеуметтік-аффективтікіскерліктерін дамыту көзделді.

Реферат –түпнұсқадан көлемі шағын, бірақ мазмұны оған барабар, құрылымы тұрақты, ақпараттық қызмет атқаратын ғылыми еңбек түрі.Реферат еңбекте көтерілетін мәселені тек атап қана қоймайтын, олардың әрқайсысының мазмұнындағы басты нәрсені бөліп көрсететін жұмыс деп саналады. Реферат мақсатына қарай төртке бөлінеді. Жетілдіруші деңгейде орындалатын реферат жұмысы студенттердің ұсынылған тақырып бойынша ақпараттар жинап, сол ақпараттарды талдап, қорытып, өз мақсатына сай қолдана алуын (ақпараттық құзіреттілік); жиналған мәліметтерді жүйелеп, жоспар құруын, соған сай тезис жазуын, оның негізінде сөз құрылымы бойынша реферат мәтінін құрауын, жазылған мәтінді көпшілік талқысына ұсыну әдептерін сақтай отырып реферат қорғауын (коммуникативтік құзіреттілік), қойылған проблеманы шешу үшін өздігінен ізденіп, өзіндік жол табу, рефератты сапалы дайындау, оны жеткізу, талдау мен талқылау барысында айтылған сын-пікірлер мен сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын меңгеруін (проблеманы шешу құзіреттілігі), тақырыптың тағылымдық мәнін түсіну, оны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен сабақтастыра алу, жиналған мағлұматтарды өз көзқарасымен бірлікте дәйектеп айта алу дағдыларын меңгеруін (мәдени-танымдық құзіреттілік) талап етеді.

Тезис – ғылыми негіз пен фактіге құрылған, дәл және қысқа жазылатын ой қорытындысы.

Баяндама– шыншыл, өзгертілмеген тұлғалық-құнды мәні бар ақпаратты беретін шығармашылдық тұрғыдан өңделген, синтаксистік және тілдік жағынан логикалық қайта құрылымға түскен шығарма.

Ойбөліс –француз сөзі (debat), мағынасы – «айтыс», «жарыссөз». Ойбөліс – көпшілік алдында екі адамның немесе екі топтың бір мәселе туралы ой-пікірлерін ортаға салуы. Қарама-қарсылық ойбөлісте ойды таратып айтуға негіз болады.

Ойтолғау – берілген тақырып бойынша студенттің өзіндік ой-пікірін, ұсыныстарын жазбаша немесе ауызша жеткізуі.

Ойкөкпар –белгілі бірмәселе туралы топтық пікірталастыру. Нақты бір мәселе туралы шешім қабылдау, ұсыныс, ой, пікірді қолдау немесе жоққа шығару түрінде жүреді. Ойкөкпарда 3 адамнан тұратын екі топ(жақтаушы, даттаушы) сайысқа түседі.

СӨЖ – студенттің өз бетімен істейтін өздік жұмыстары. СӨЖ студенттің кәсіби біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, қалыптастыруға көмектеседі. Өздік жұмыс студенттің шығармашылық қабілетін шыңдаумен бірге, іскерлік, ізденушілік қасиетін де қалыптастыруға көмектеседі.

Жоғары оқу орнында өздік жұмыс – студенттің өз белсенділігін көрсете алатын іс-әрекеті. Оның ұйымдастырылуына қарай студенттің кәсіби дайындығының нәтижесі көрінеді. Студенттің өздік жұмысы танымдық әрекеттің құралы ретінде қана емес, сонымен қатар гносеологиялық, яғни, ішкі мазмұны жағынан студенттің алдына қойған мақсатына жету тәсілі болып табылатын оқу және ғылыми танымның ерекше бір формасы ретінде саналады.

СӨЖ-ді орындау кезінде студент қажетті ақпаратты әртүрлі көздерден теріп алып, алынған ақпаратты сыни талдап, қойылған танымдық міндетке сәйкес алынған мәліметтерді жүйелей және қорыта білуі тиіс. Қоршаған ортада, білімнің әртүрлі саласындағы проблемаларды анықтап, оның маңызы мен мәнін айқындай білуі керек. . Проблемалық мәселелерді шешуде проблеманы ұсына және көрсете (ақпаратты көрсету формасын, мысалы, мәтіннің материалын қысқаша немесе толығырақ жасау) білуі шарт. Оны шешудің балама жолдар іздеп, академиялық мәтінде берілген проблеманы шешу тәсілдерін өздігінен ұсына білгені жөн. Қосымша ақпарат іздеу, нақтылау, проблеманың шешімін хабарлау арқылы тақырыбын толық ашуға ұмтылыс жасағаны дұрыс. СӨЖ студентті өздігінен ойлай білуге, оның құзыреттілігін қалыптастыруға, қазақ тілінде әдеби тіл нормасында сөйлеп, өз ойларын анық, дәл баяндай білу білігі мен дағдысын жетілдіретіндіктен СӨЖ жұмысына ерекше мән беріледі.

СӨЖ тапсырмаларын орындау кезінде студент пікір айту арқылы сөйлеуге, ойын жүйелі жеткізуге, тақырыптағы негізгі ойды дәл тануға, талдау жасай білуге, өзінің ойын дәлелді түрде жеткізуге төселуі керек. Тілдік фактілерді дәл танып, оны өзіне ұқсас тұлғалардан ажыратып, өзіне таныс мәселелерді тез игеруге дағдылануы тиіс.

Білімді бақылау түрлері:

Аралық бақылау:семестрдің 8, 15-апталарында

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ):8 жұмыс

Үй тапсырмасы –семестрде 7 жұмыс

Жазбаша жұмыс – семестрде 4 жұмыс

Наши рекомендации