Тақырып. Көмекші мектептен "Айналамен таныстыру" бойынша өтетін сабақтарда сөздік және көрнекі әдістерді пайдалану
Жоспар:
1. Арнайы мектепте сөздік әдістерді қолдану
2. Арнайы мектепте сабақ барысында көрнекілік әдістерді қолдану тиімділігі
Сөздік әдістер балаларда пән бойынша білім мен икемділіктің калыптасуында манызды орын алады.
Оқу материалын үйретудің ең көп тараған түрі — әңгіме. Бұл катынастың мұғалімнен сұракты дәйектілікпен, дәл койылуын талап ететін сұрак-жауап түрі.
Сұрактар жауаптарына карай акпараттык және проблемалы болып бөлінеді.
Акпараттык сұрактар окушыдан акпаратты нақты және дәл беруді талап етеді (түсінікті анықтау бөліктерін мүшелерінің атауын, олардың құрылысын және т.б.). Бұл сұрақтардың мақсаты — окушыларға есінде сақталған мәліметтердің көлемімен, оларды меңгеруді дұрыстығын анықтау, сонымен қатар зерттелген объектінін ерекшеліктері, бөліктері туралы білімдері нактыланады.
Проблемалы сұрақтар оқушыны есеп беру үшін акпаратты ойлауға ерекшелеуге және кұрастыруға мәжбүр етуге бағытталған. Бұндай сұрақтар материалды талдауды, фактілер мен құбылыстарды салыстаруға кажетті мәліметтерді іздеуді талап етеді.
Берілетін сұрақтар окушы үшін киын болмасын, себебі акыл-ойы дамымаған балалардың ойлау мүмкіндігінен жоғары, күрделі сұрақтар оларда қызығушылық тудырмайды. Проблемалы сұрақтар өтетін такырыпқа қызығушылық туғызу мақсатында сабақтың басында немесе қабылдаған ақпараттың көлемін тексеру үшін, қорытындылау бөлігінде беріледі.
Әңгімеде ақыл-ойы дамымаған оқушыларды жаңа білімді іздеуге талпындыруды, кабылдау белсенділігін артыруды, мақсат тұткан ақпараттық және проблемалы сұрақтар өзара үйлесуі кажет. Мұғалім балалардың білімі немесе кажетті өмірілік бақылаулары барлығына көз
жеткізгенде ғана проблемалы сұрақтарды кояды. Мысалы, мұғалім сұрақтың келесі түрін коюға болады. "Өсімдік өзінің бір мүшесінсіз (тамырсыз, сабаксыз және т.б.) өмір сүре ала ма? Неге?" Мұғалім окушылардың ойын акпараттык сұрактардың көмегімен бағыттайды: "Сабағы кайда орналаскан? Сабақ өсімдікке не үшін керек? Жапыраққа қорек қалай жетеді?"
Проблемалы сұрақ көру аркылы бекітілуі де мүмкін. Мұғалім "Өсімдік өміріне кажетті жағдай" такырыбын өтерде оқушылардың алдына арнайы дайындалған өсімдіктерді қояды. Бұл өсімдіктер бір текті, бірақ әр түрлі жағдайда (күн түспейтін бөлмеде, жарық бөлмеде, жылы, салқын жерде, біреуі суарылған, екіншісі сирек суарылған) өскен. Әрбір өсімдік жағдайы анықталады. Содан кейін сұрактар қойылады: "Бұл өсімдіктер неге бір- бірінен езгеше?", "Бұны немен түсіндіруге болады?" Мұғалім әңгіме барысында окушы білімін нақтылап, өсімдіктің өмірі мен өсуіне қажетті бірнеше жағдайды түсіндіреді.
Көрнекі құралдар "Айналамен таныстыру" пәні бойынша маңызды элементердің бірі. Көрнекі құралдар зерттелген объектілердің нақты және дәл бейнелерін кұруға, оку материалға жеңіл меңгеруге, оқушылардың ойлау қызметінің белсенді болуына көмектеседі.
Көрнекі құралдарды сабақта дұрыс пайдалану ақыл- ойы дамымаған оқушылардың талдау және жинақтау қызметін, зейінін, қабылдауын, есте-сақтау қабілетін дамытуға көмектеседі.
"Айналамен таныстыру" пәнінің мазмұны мұғалімнің әрбір сабақта сан алуан көрнекі құралдарды пайдалануына қарай кұрылған. Сонымен катар мұғалім қолданылатын көрнекі құралдардың дидактиқалық бағытын анық білуге тиісті:
- көрнекі құралдар сабақ барысында не үшін және қандай мақсатта қажет болады;
көрнекі кұралдар акыл-ойы дамымаған окушылардың көңілін көтеретін кұрылым ретінде емес, танымдык процесін жандандыру құралы ретінде пайданылады;
Әр түрлі көрнекі кұралдарды пайдалана отырып (алма, алманың суреті бар слайд), зерттелетін объектіні балаларға таныстырған дұрыс; окушылардың шаршамауы үшін, ұсынылатын көрнекі кұрал саны көп болмауы керек. "Айналамен таныстыру" пәнінде пайдаланылатын көрнекі кұралды табиғи және бейнеленген деп екіге бөлуге болады. Табиғи көрнекілік бұлар зерттелетін заттың жеке ерекшеліктері, түрі, көлемі туралы нақты және толық түсінік беретін тірі объектілер. Табиғи көрнекілікті көрсету әр түрлі жагдайда өтеді: Объект окушылардың ұжымдық қабылдауыш баскаратын мұғалімде ғана -болады;
Әрбір окушы тікелей кабылдауы њшін, берілген объектілер барлық балаларға таратылады. Бірінші нұскауда мұғалім окушылардың зерттелетін объектіні кабылдауына бағытталған нақты сұрактарды алдын- ала дайындау керек. Мұғалім тек ұйымдастыру кызметін аткарып, балалардың өздері сипаттауы керек. Жұмыс фронтальды жүргізіледі: әр түрлі қойылған бір сұраққа, бірнеше окушы жауап беруге болады. Сұрақтар жүйесі объекті тануға бағытталады. Екінші нұсқада жұмыс жағдайы жекеше түрде өткізіледі. Мұғалім міндеті акыл-ойы дамымаған балалардың танымдық қызмет ерекшеліктерін есепке ала отырып, затты әрбір баланың жеке қабылдауын ұйымдастыру, Мұғалімнің тапсырманы нақты бере білуінің маңызы зор. Оқушы тапсырманы қалай орындауды және қорытындылауды білуге міндетті. Гүл құрылысын окығанда, окушыға табиғи объекті зерттеуге тапсырма беріледі. Гүл, оның бөліктерін ерекшелеу, әрбір гүл мүшесінің кызметін, көлемін, түсін және пішінін анықтау. Балалар табиғи үлгіні алып, оларды мұқият қарайды.
Бұл жұмыс кезіндегі міндетті жағдайлардың бірі, объектінің толык бейнесін кұру максатында, есту, көру, дактильді және ет сезім талдағыштарының катысуы. Арнайы дайындалған сұрақтар топтамасы әрбір окушыньың кабылдау процесінің кемшіліктерін түзетуге арналған.
Мұғалімнің ауызша сөзі жұмыс корытындысы болып табылады. Қабылдаған акпаратты жинактауға негізделген сипаттау және әңгімелеу.
Акыл-ойы дамымаған балаларда табиғи объекті карау барысында, заттың сан алуан байланысымен, түрімен қабылдай білуі, талдау дағдысы қалыптасады.
Коллекция белгілі бір такырып бойынша, бірнеше табиғи объектілердің жиынтығы, оқу құралдарының ең маңызды түрінің бірі болып табылады.
Оларды үш топқа бөледі: морфологиялық, жалпы биологиялык және технологиялык.
Морфологиялык топка бүтін ағзаның жеке бөліктері, жеке органдарының құрылысы туралы түсінік беретін коллекция кіреді.
Жалпы биологиялық коллекция ағзаның өмірінде өтіп жатқан процестерді береді.
Технологиялық коллекцияға табиғи объектілерден алынған өнімдер (ағаштан жасалған бұйымдар, Үстелге нан қайдан келеді" және т.б.) жатады.
"Айналамен таныстыру" пәні бойынша сабақтарда табиғи объектілерден баска, бейнелік көрнектілер (кесте, сурет, схема және т.б.) пайдаланылады.
Көрнекілік құралды онымен жұмыс басталған уакқытта ғана білу керек. Окушыларға кестені карауға уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім акыл-ойы дамымаған балалардың қабылдау деңгейін анықтау мақсатында сұрақтар кояды, ақыл-ойы дамымаған балаларға кестеде бейнеленген объектілердің мөлшері туралы тњсінікті беруді ұмытпай, өз әңгімесінде ақпаратты жинақтайды.
Окушылардың ойлау кызметін жандандыру максатында, окушыларға келесі тапсырма ұсынылады:
"Кестеге ат танда" (кестенің атын алдын- ала жауып қояды).
Окушы тапсырманы орындауда киналса, мұғалім окушыларды бағыттайды:
"Осы жануардың мінезін білдіретін, ат ойлап тап", "Осы өсімдіктің хош иісін білдіретін, ат таңда" және т.б. Акыл-ойы дамымаған окушылардың танымдык қызметін жандандыруға арналған келесі тәсілдерді пайдалануға болады: кестенің атына, оларда бейнеленген заттардың атының синонимын таңдау, әңгіме құрау және оған ат кою, негізгі сөздерге сүйене отырып, әр түрлі жағдайларды ойлап табу.
"Айналамен таныстыру" пәні бойынша сабактарда графикалық жұмыстарды жүйелі түрде пайдалану акыл- ойы дамымаған оқушыларды материалды меңгеруге, түсіну денгейін көтеруге көмектеседі. Оқушы графикалық жұмысты орындау барысында, әр түрлі мәліметтерді беру үшін кесте, схема, суреттерді салу дағдыларын меңгереді. Ақыл-ойы дамымаған окушыларды графикалық жұмыстарға үйрету, біртіндеп қарапайым сурет, схема, кестелерден басталады.
Төртінші сыныпта ақыл-ойы дамымаған окушыларда белгілі бір бейнелеу дағдылары қалыптасқан. Мұғалім суреттерді дидактикалык мақсаттарда пайдалануға болады (жаңа материалды бекітуге және т.б.)
Мұғалім оқылған объектінің бейнесі оқушылар түсінігінде калыптастыру кезде, осы суретті пайдалану тиімді. Пән бойынша сабақтарда суреттерді оқушылардың өздері орындайды. Мұғалім балалардың сурет салуын ұйымдастырғанда, бұл әдісті колдану мақсаты мен ұзақты орын алдын- ала анықтап алған дұрыс. Бұл әдісті сабақтағы бос уакытты толтыруға пайдаланбайды, салынатын сурет дидактикалық міндетке сай, жеңіл орындалатын, карапайым болуы керек.
Ақыл-ойы дамымаған балалар әдетте сурет салуды ұнатады, суретті түгелдей бояп, әдемілегісі келеді, бірақ көп жағдайда бұл жұмысты аяқтауға уақыт жетпей қалады. Бұндай жағдайда балалардың ойында жағымсыз әсер қалмау үшін, мұғалім бұл суретті пайдалану мақсатымен түсіндіреді.
Қазіргі кезде мектеп өз жұмысында техникалық оқыту құралдарын кеңінен пайдаланады. Олар ақыл-ойы дамымаған балаларда қоршаған орта шындығының қалыптасуына, оқушыларға объектімен құбылыстарды табиғи түрде және даму динамикасын көрсетуге көмектеседі.
Техникалық құралдарды пайдалану оқушыларға үйреншікті болуы үшін, сабақтарда техникалық құралдар жүйелі түрде қолданылуға міндетті. Басқа жағдайда оқушыларда алынатын ақпаратқа емес, көрнекілікті қарауға ғана қызығушылық туады. Берілген ақпараттьың қажетті бөліктеріне оқушылардың назарын аудару үшін, көрсету алдында тапсырманы анықтап алу кажет. Нұсқау талдауға берілген проблеманы дәл көрсетуі керек.
Оқушыларды түзете-дамыта бағыттау қағидасы олардыћ ойлау қызметін жандандыруға көмектесетін сұрақтар мен тапсырмаларға негізделген.
Бұнда дәлелдеу жауабын талап ететін сұрақтарды пайдалану пайдалы (мысалы, бейнефильмді қарап, өсімдіктің құрылысы оқулықта, бейне фильмде қалай көрсетілген).
Есте сақтауды дамыту және түзеуге көмектесетін тапсырмалар тиімді, мысалы, Жануарлар дауысын мұқият тыңдаңдар. Бірнеше сабақтан кейін, сендердің қалай есте сақтағандарыңды тексеремін және т.б.
Оқушылардың танымдық қызметін дамыту және түзеу және қажетті білімді қальштастыруға көмектесетін сан алуан түрлі тапсырмалар әр түрлі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы орындалады.