Риналалияның жабық формасының педагогикалық-психологиялық сипаттамасы

Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м,н» әріптерін атағанда білінеді. Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі. Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы. Ринолалик балалар өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің дамуына әсер етеді. Туылғаннан кейін олар өте кеш отыра бастыйды, сөйлей бастағанда көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар мектепке барған уақытта түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін, айналасындағы балалар да мазақтауы мүмкін. Бұның бәрі оның психикасының дамуына әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті тастап кетеді де көп сөйлемейтін жұмыс, мамандық іздей бастайды. Міне, сондықтан ринолалик балаларға ерте кезден бастап жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді хирург пен логопед мамандары көрсете алады. Мысалы, «хейлопластика» - бұл туғаннан кейінгі бірінші аптада баланың жоғары ерніне жасалатын операция. «Уранопластика» - жасанды таңдай жасау. Бұл операция 5-6 жасында жасалады. Қазіргі мәліметтерге қарағанда жыл сайын 5000-нан астам балалар таңдай кемістіктерімен туылады. Бұның себебі: сөйлеу аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық.

Ринолалияны түзетуде логопедиялық жұмыстың тиімділігі мұрын жұтқыншақтың қалпы, uvula қызметі, баланың жасына байланысты.

Аралас ринолалия бір уақытта ашық және жабық ринолалия себептері қатар болған жағдайда байқалады, яғни мұрын бітелуімен қатар мұрын-жұтқыншақ қабысуының жеткіліксіздігі бар кезде болады. Сөйлеу тілі бұзылысының түрі басымдылық бұзылысқа байланысты болады. Жұмсақ таңдайдың қысқа болуы, оның кілегей асты жарылуы және аденоидтардың ұлғаюының үйлесуі аралас ринолалияның көрінісі болып табылады.

Сұрақтар:

1. Риналалияның жабық формасының педагогикалық-психология сипаттамасы..

2. Аралас ринолалия туралы түсінік.

Жоғарғы еріннің және қатты таңдайдың туа біткен жарықтары, олардың баланың жалпы және сөйлеу тілінің дамуына тигізетін әсері

Жақ-сүйек патологиларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ таңдайдың жарықтары болып табылады. Жылдан – жылға бұндай ақаулықтардың саны өсуде.Жақ-сүйек патологиясы сөйлеу тілінің дұрыс дамуына кедергі болады.

Жарықшалардың түрлері

Қазіргі кезде төменде көрсетілген топтастыру қолданылады.

Туа біткен үстіңгі еріннің жарығы:жасырынды, жартылай, жарық (жарық мұрынның төменгі қуысында жетпейді): а)мұрынның тері –шеміршек бөлімінің деформациясыз; б) мұрынның тері-шеміршек деформациясымен;

Тұтас (толық) жарық (мұрынның төменгі қуысы және кейбір кезде мұрын жолы түбінің шетіне дейін жарықтың болуы). Жарықтар екіжаөты және біржақты болуы мүмкін (44-45 сурет).

Жас кезінен бастап хирургиялық емдеу және қажет болған жағдайда ортодонт мамандарының бақылауы пайдаланылады. Бұл ақаулық сөйлеудің дамуы үшін қалыпты жағдай тудырады.

Хирургиялық емдеу дер кезінде көрсетілген жағдайда жарықшалардың орнына сәл көрінетін тырықтық қалады. (46-49 сурет)

Туа біткен таңдайдың жарығы.

1. Жұмсақ таңдайдың жарығы: жасырынды (субмукозды); жартылай және тұтас (толық);

2. Жұмсақ және қатты таңдайдың жарығы: жасырынды; жартылай және тұтас (толық);

3. Жұмсақ және қатты таңдайдың альвеолярлы өскінінің жырығы: екіжақты және біржақты;

4. Қатты таңдайдың алдыңғы бөлігінің және альвеолярлы өскінінің тұтас жарығы: екіжақты және біржақты;

Логопедке суьмукозды немесе жасырын жарығын анықтау анағұрлым қиын. Оны анықтау үшін а дыбысын кең ашық дауыспен айту кезінде кішкентай үшбұрыш формасында сәл ғана жиырылатын, қатты таңдайдың артқы беткейіне назар аудару керек. Осы саладағы шырышты қабық жұқаланған және анағұрлым боз бояуға ие болып келеді.

Таңдайдың ақаулары еріннің жарылуымен үйлесуі мүмкін. Бөлшектенген жарықтар толықтарға қарағанда, ал біржақтылар екіжақтыларға қарағанда бірнеше есе жиірек кездеседі (М.В.Дубов бойынша). Ем шараларынң ұзақтығы мен көлемі туа біткен патологияның ауырлағына тәуелді болып келеді, өйткені хирург және ортодонт пен келісіп жүргізетін ұзақ мерзімді емдеу талап етіледі, жырықтар әдетте – әр түрлі тіс – жақсүйек деформацияларымен үйлеседі.

Наши рекомендации