СтуденттердіҢ Өздік жҰмыстарыныҢ таҚырыптары
5.1 Студенттердің өздік жұмыстарының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық
Педагогика пәні бойынша өзіндік жұмыстың әр түрлі тапсырмаларын орындау үшін студенттерге ұсынылатын нұсқаулар
1. Ақпараттық хабарлама әзірлеу – семинар, практикалық сабақтарда баяндау үшін әзірленген, көлемі жағынан шағын болып келетін өзіндік жұмыстың түрі.
Хабарлама мақсаты – оқу материалын белгілі бір тақырып бойынша жинақтау. Хабарлама қысқа болғанымен, фактілік, статистикалық ақпараттармен толықтырылады. Жазбаша рәсімделіп, көрнекілік элементтерін қамтуы мүмкін. Хабарламаға сапалы дайындалу үшін мына ұсыныстарды орындау керек:
-мәселе бойынша әдебиеттерді оқу;
-хабарлама жоспарын құру (оқу материалының күрделілігіне қарай жай (қарапайым) немесе күрделі жоспар құруға болады);
-негізгі түсініктерін таңдап, анықтама беру;
-қарастырылып отырған құбылыстың (үдерістің, нысанның т.б.) себеп-салдарлық байланысын көрсету;
-оқу нысанын жан-жақты сипаттайтын қосымша мәліметтерді қолдану;
-томендегі берілген үлгі бойынша хабарлама мәтінін дайындау:
Тақырып (мәселе) атауы: «Педагогикалық зерттеу әдістері»
1. Түсініктің мәні:
2. Зерттеу әдістерінің классификациясы
3. Зерттеу әдістерінің сипаттамасы
4. Зерттеу әдістерін таңдау жолдары
5. Хабарлама бойынша қорытындылар
Ақпараттық хабарламаны бағалау критерилері:
-мазмұнның тақырыпқа сай келуі;
-материалды өңдеудің негізі мен тереңдігі;
-оқуға міндетті (негізгі) әрі қосымша әдебиеттерді пайдалану;
-көрнекілікті қолдану;
-хабарлама жасауға бөлінген уақыт регламентін сақтау (5 минут).
2. Глоссарий (сөздік) құрастыру – педагогика тақырыбы бойынша кездескен терминдерді жинақтау мен жүйелеуден тұратын өзіндік жұмыс түрі.
Глоссарийді құру мақсаты – басты терминдер мен олардың анықтамаларын көрсету. Терминдер мен олардың анықтамалары жазбаша рәсімделіп, әліпби тәртібімен беріледі.
Студент келесі нұсқауларды ұстануына болады:
-тақырып бойынша материалды оқу;
-басты терминдерді таңдау;
-негізгі анықтамаларды жазу;
-анықтамаларды талдау, ең нақты және қысқа анықтаманы шығару;
-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, глоссарий құрастыру:
№ | Терминдер | Анықтамасы | Алынған жері |
1. | Анализ (талдау) | Құбылыстардың жекелеген жақтарын, белгілері мен қасиеттерін анықтап қарастыру | Философиялық-энциклопедиялық сөздік - М.: Инфра-М., 1997. – 376с. |
Глоссарийді бағалау критерилері:
-терминдердің тақырыпқа сәйкестігі;
-терминдердің көп аспектілігі және оларды оқылып отырған пәннің ерекшелігіне сай ықшамдаудың нақтылығы;
-талапқа сай рәсімдеудің сәйкестігі;
-жұмыстың көрсетілген мерзімінде тапсырылуы.
3. Алғашқы дереккөздерден конспекті жазу (мақалалар, оқулықтар, монографиялар және т.б.) – ақпаратты қысқаша үлгіде конспектілеуге бағытталған өзіндік жұмыстың бір түрі.
Жұмыстың бұл түрінің мақсаты деректемелердің негізгі ережелерін анықтау, автор теорияға қандай жаңалық енгізгеніне талдау жасау. Жұмыс жазбаша рәсімделеді.
Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулар:
-деректеменің оқу матералын оқып шығуы, бастысын, жаднамасын анықтау;
-жоспар құру;
-тақырып бөлімдерінің арасында байланыс орнату;
-басты түсініктер, сөздерді, ұғымдарды айқындау;
-күрделі сөйлемдерді жай, қарапайым, қысқа сөйлемдерге ауыстыру;
-шартты қысқартулар жүйесін әзірлеу және қолдану;
-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, конспект жазу:
|
Дереккөздерді конспектілеуді бағалау критерилері:
-мазмұн жоспарға сай келуі;
-автор жұмысының нәтижелерін, негізгі ережелерін дәлелді беруі;
-негізгі жайттарды бірізділік пен нақтылық арқылы беруі;
-ерекше мәнге ие ақпаратты белгілеп көрсету үшін графикалық және басқа да шартты таңбаларды қолдану;
-баяндаудың сауаттылығы;
-талаптарына сай рәсімделуі;
-конспектіні мерзімінде тапсыруы.
4. Эссе жазу – тақырыбы субьективті түрде ғана ашылған өзекті тақырыпқа еркін түрде шағын көлемді шығарма жазудағы өзіндік жұмыстың бір түрі.
Эссе мақсаты – мәселенің мәнін ашу, логикалық ойлаудың нәтижесінде өз пікірін жазбаша түрінде беру және әр түрлі көзқарасты ұстану.
Тапсырманы орындауға келесі нұсқаулар беріледі:
-эссе тақырыбын мұқият оқып, ондағы мәселені анықтап алу;
-эссе тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысып, іріктеп алу;
-эссе жоспарын құру;
-мәселенің мазмұнын және оны шешу жолдарын қысқа, тұжырымды етіп көрсету;
-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, эссені рәсімдеу:
Эссе тақырыбы мен мақсаты________________________________________
Эссе мазмұны:
-тақырыптың теория мен практика үшін өзектілігі;
-мәселені шешу үшін дәл келетін жолдарды талдау («артықшылықтары», «кемшіліктері»);
-мәселені шешудің өзіндік жолын ұсыну;
-ұсынылған жолдың шынайылыққа айналдыру (жоспары, ресурстары және т.б.);
-ұсынылған жолдың, тәсілдің «күшті» және «әлсіз» жақтарын көрсету.
Эссені бағалау критерилері:
-мазмұн эссе тақырыбына сәйкес келуі;
-мәселенің қазіргі жағдайын нақтылы бағалау;
-ұсынылған идеяның тиімділігі мен мәні;
-мәселені шешудегі ерекше жолдың, амалдың бар болуы;
-баяндаудың айшықтығы, бейнелілігі;
-баяндау сауттылығы.
5. Рецензия (сын пікір) жазу – рефератқа, кітапқа, мақалаға, шығармаға және т.б. пікір жазатын өзіндік жұмыстың бір түрі.
Рецензияны жазудағы мақсат – жұмысқа талдау жасау: оның мазмұны, «артықшылықтары» мен «кемшіліктері», зерттелініп отырған мәселеге автордың қосқан үлесі, амалдардың өзіндік ерекшелігі.
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар:
-рецензияланатын дереккөзді мұқият оқып шығу;
-рецензия жоспарын құру;
-рецензияланатын дереккөздің «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» айқындау;
-жұмысқа баға беру;
-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, рецензияны рәсімдеу:
|
Рецензияны бағалау критерилері:
-рецензияланатын жұмыстың толық талдауы;
-рецензияланатын дереккөздің «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» айқындау;
-студенттің рецензияланатын дереккөзге өзінің жеке пікірін білдіру;
-рәсімдеу талаптарына сәйкестігі;
-мазмұндаудың сауаттылығы;
-көрсетілген мерзімде өткізілуі.
6. Аннотация жазу – кітаптың, мақаланың қысқаша мазмұнын көрсететін өзіндік жұмыстың түрі.
Аннотацияны жазудың мақсаты – жұмыстың негізгі мазмұнын сипаттау және оның қандай оқырмандарға арналғаны туралы мәлімет беру.
Тапсырманы орындауға байланысты ұсыныстар:
-аннотацияланатын дереккөзді мұқият оқып шығу;
-аннотация жоспарын құру;
-негізгі ой, мәселені көрсету, автордың пікірін, оның қорытындыларын анықтау;
-үлгі бойынша аннотацияны рәсімдеу:
|
Аннотацияны бағалаудың критерилері:
-аннотацияның мазмұндылығы;
-аннотацияланатын дереккөздің негізгі ережелерін баяндау;
-рәсімдеудің талаптарға сәйкестігі;
-мазмұндау сауаттылығы;
-жұмысты көрсетілген мерзімде өткізу.
7. Тақырып бойынша жинақталған кесте құру –үлкен ақпарат көлемін жүйелеу мен жинақтау арқылы кестеде көрсететін өзіндік жұмыстың бір түрі.
Кестені құру мақсаты – ақпараттың мол көлемін құрылымдау, оны дұрыс түсіну және есте сақтау үшін кестеге енгізу.
Тапсырманы орындауға байланысты нұсқаулар:
-тақырып бойынша ақпаратпен танысу;
-жұмыстың мақсатын айқындау;
-ақпаратты құрылымдау, оны қысқаша түрде көрсетіп, осы мәліметтермен кестенің негізгі графаларын толтыру;
-үлгі бойынша кесте толтыру:
|
-кестені үлгі бойынша толтыру
Жинақталған кестені бағалау критерилері:
-мазмұны тақырып пен мақсатқа сай келуі;
-кесте құрылымының қисындылығы;
-ақпараттың құрылымдылығы, жүйелілігі;
-кестені талаптарға сай рәсімдеу;
-кестені уақытында өткізу.
8. Фактілік сызбаларды құру – ешбір өлшемсіз, шартты белгілердің көмегімен ақпаратты беруді құрайтын өзіндік жұмыс түрі.
Фактілік сызбалардың мақсаты – ойлардың, түсініктердің көлемдік және көрнекілік тұрғыда берілуін, олардың өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін көрсету.
Тапсырманы орындауға берілетін ұсыныстар:
-тақырып бойынша ақпаратпен танысу;
-басты элементтерді анықтап, олардың арасындағы өзара байланысты және өзара шарттасу белгілерін анықтау;
-ақпаратты жүйелеу;
-фактілік сызбалар құру.
Сызбаны бағалау критерилері:
-мазмұнның тақырыпқа сай келуі;
-ақпараттың жүйелілігі;
-ақпараттың басты элементтерінің арасындағы кисындық байланыс;
-тапсырманы орындауға шығармашылық тұрғыдан қарау;
-жұмысты орындаудағы мұқияттылық;
-жұмысты уақытында өткізу.
9. Тақырып бойынша сөзжұмбақтар құрастыру – ақпараттың графикалық түрде бейнелейтін өзіндік жұмыс түрі.
Сөзжұмбақтарды құрастыру мақсаты – ақпаратты жүйелеу, білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар сөзжұмбақты құрастыру өзін-өзі бақылау және өзара бақылау әдісі ретінде қолдануға болады.
Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулар:
-тақырып бойынша оқу материалымен танысу;
-оларға сұрақтар мен жауаптар құрастыру;
-графикалық сызба сызу.
Сөзжұмбақты бағалау критерилері:
-мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі;
-сұрақтарды дұрыс құрастыра білу;
-сөзжұмбақтың көлемі (10 сөзден кем емес);
-жұмысты уақытында тапсыру.
10. Реферат жазу – белгілі бір тақырыптағы жұмыстың немесе мақаланың, кітаптың мазмұнын қысқа да нұсқа үлгіде алу мақсатында ақпаратты жинақтау, жүйелеуге бағытталған өзіндік жұмыс түрі.
Реферат жазу мақсаты – оқылатын тақырыпқа жаңашылдық элементтерін енгізе отырып, толықтыру.
Тапсырманы орындауға байланысты нұсқаулар:
-автор шешімін табуы тиіс мәселелер мен негізігі сұрақтарды айқындау;
-автор дәлелдейтін негізгі ережелерді ерекшелеп көрсету, ол қандай тәсілдермен дәлелденетіндігін (теориялық немесе экспериментік жол) көрсету, негізгі қорытындыларды, жаңалықтарды айқындап, көзқарастарды салыстыру және авторлар пікірінің тоғысатын, алшақтайтын жерлерін көрсету;
-тақырыпқа жеке көзқарасты қысқаша түрде көрсетіп, оның теориялық және практикалық мәнін бағалау;
-рефераттың жоспарын құру.
Реферат құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиет тізімінен тұруы керек.
Реферат кіріспесінде тақырып таңдалуы, өзектілігі және қаралатын мәселенің тереңдігі баяндалады. Ал рефераттың негізгі бөлімінде қаралатын мәселе және оның кейбір кемшіліктерін ашуда қолданылатын концепциялар, әр түрлі авторлар теориясы көрсетілуі керек. Сонымен қатар автор өз зерттеулерінің нәтижелерін де қолдана алады.
Рефератты рәсімдеу талаптарын қарастырайық.