СӨЖ тақырыбы. Ұстаздық қарым-қатынас акмеологиялық проблема ретінде

Тапсырмалар

1. Педагогикалық қарым-қатынастың коммуникативтік міндеттерінің мән-мағынасын туралы пікіріңізді ортаға салыңыз.

2. Акулова Т.Н. «Педагогикалық қарым-қатынас болашақ мамандарды қалыптастыру факторы ретінде» (http://sspu.ru/pages/journal/arhiv/2013/3%289%29.pdf) атты мақаланы оқып пікір алмасыңыз, аннотация жазыңыз.

3. Педагогтар мен білім алушылардың біріккен іс-әрекеті педагогикалық қарым-қатынасты іске асыру амалы екенің дәлелдеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [3], [4], [5], [10], [11], [20], [21]

СӨЖ тақырыбы. Кәсіптік педагогикалық білім беру жүйесінің когнитивтік компоненті

Тапсырмалар

1. Н.Д Гальскованың («Шетел тіліне оқытудың теориясы». Лингводидактика және әдіснама.-М:Басп.«Академия», 2013, 109-122 б.б.) атты кітаптың «Шетел тілін оқытуда мақсаттың когнитивтік аспектісі» атты 3.2. тарауын оқып, өз ойыңызды ортаға салыңыз.

2. Шетел және отандық когнитивистикада когнитивтік оқыту әдістеріне сипаттама беріңіз.

3. Тұлғаның танымдық қабілетін дамытуда диклоративтік және процедуралық білімнің рөлі туралы пікір алмасыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:[2], [3], [5], [7], [11], [15]

СӨЖ тақырыбы. Акмеәлеуеті бар білім беру технологиялары

Тапсырмалар

1. Акмеоәлеуеті бар педагогикалық технологиялар бойынша баяндама әзірлеңіз (таңдауыңызға қарай)

2. Еуропалық кәсіптік білім беру құзырлықтарының модельдерін сипаттаңыз.

3. Степичев П.А. «Ағылшын сөйлемдерін модельдеуде ойын технологиясын қолдану» атты мақаласымен танысып, өз ойыңызды білдіріңіз, аннотация жазыңыз. (ИЯШ №9, 2013, 81-83б.б)

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [3], [5], [9], [12], [13], [14], [16], [17]

СӨЖ тақырыбы. Құзыреттілік - заманауи білім беру жүйесіндегі негізгі және базалық акмеологиялық категория

Тапсырмалар

1. Мильруз Р.П., Кармнов А.С. «Шетел тілі мұғалімінің құзіреттілігі» атты мақаласымен танысып пікір алмасыңыз (ИЯШ №1, 2012, стр 11-17)

2. «Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде құзыреттілік әдісті қолдану» атты тақырыпқа баяндама дайындаңыз.

3. Зимняя И.А. «Білім берудің құзіреттілік әдісі аясында құзырлық және құзіреттілік» атты мақаланы оқып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз (ИЯШ №6, 2012, 2-10б.б.)

Ұсынылатын әдебиеттер: [2], [3], [5], [10], [11], [18], [19], [20], [21]

СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар:Жоспарға сәйкес студенттер әр сабаққа реферат немесе баяндама әзірлеу керек. Сонымен қатар, көтерілген мәселелер бойынша пікірсайысқа қатысып, толықтырулар, түзетулер енгізетін және рефератқа/баяндамаға баға беретін оппонент тағайындалады. СӨЖ сабақтарында шығармашылық жұмыстардың тиімді түрлерін жүйелі негізде пайдалану ұсынылады. Рефераттар тізімі 10.3 бөлімінде рефераттарды дайындаңыз және олар бойынша пікір алмасыңыздар.

Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

Реферат тақырыптары

1. Жоғары кәсіптік білім беруде акмеологиялық әдістің рөлі.

2. Білім беру кеңістігі «акмеге» жетудің құралы ретінде.

3. Кәсіби даярлық кезінде өзін-өзі кемелдендірудің рөлі.

4. Кәсіби даярлық аясында өзін-өзі бағалаудың ерекшелігі.

5. Рефлексивтік мәдениет кәсіби жетілудің факторы ретінде.

6. Кәсіби қызметте тұлғаның шығармашылық әлеуеті.

7. Студенттердің инновациялық және шығармашылық әлеуетін дамыту.

8. Құндылық-мағыналық және мотивациялық салалар болашақ мамандардың құзырлықтарының көрсеткіші ретінде.

9. Жоғары мектеп түлектерінің құзыретілігіне қойылатын талаптар.

10. Кәсіби шеберліктің мотивациялық және операционалдық-технологиялық компоненттері.

11. Құзырлықтары жетілдіруде білім беру әдістерінің рөлі.

12. Гуманитарлық технологиялардың негізінде тұлғаның даму деңгейін арттыру.

13. Контекстік әдіс оқу үдерісінде студенттердің белсенділігін артырудың формасы ретінде.

14. Проблемалық оқытуда психологиялық-акмеологиялық мүмкіндіктер.

15. Қазақстанда акмеологиялық қозғалыстың негізгі ұстанымдары.

16. Белсенді білім беру әрекеттер жүйесінде субъективтік әдісті іске асыру.

17. Таңдаған мамандық бойынша педагогтың жетістігіне акмеологиялық негізде талдама жасау.

18. Акмеологиялық білім тұлғасынан білім беру технологияларын сипаттау (таңдау бойынша).

19. Білім беру жүйесінде құзыреттілік және құзырлық.

20. Мамандық бойынша «кәсіби маманның» толық моделі гуманитарлық технологияларды енгізудің негізі ретінде.

21. Шетел тілдеріне оқытуда пікірсайыс моделі.

22. Өзін-өзі тану, өзін-өзі кемелдендіру және өз әлеуетін іске асыру үдерістерінің негізінде білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру.

23. Құндылықтар бағытты және оқу-кәсіби мотивациясын қалыптастыру.

24. Акмеологиялық әлеуетіне қанық білім беру технологияларын қолдану.

25. Кәсіптік білім беру жүйесінде когнитивтік компоненттің рөлі.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1], [2], [3], [4], [5], [6], [7], [8], [9], [10], [11], [12],[13],[14],[15],[16],[17],[18],[19],[20],[21],[22]

Наши рекомендации