Студенттің сабаққа дайындығы бойынша нұсқау

Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу амалдарын қолдану әр пәннің немесе жеке тақырыптардың ерекшеліктеріне қарай болады. Практикалық сабақта білім, білік және дағдыны пысықтау мақсаты көзделеді.

Техникалық және құрал-жабдықтар:дәріс жинағы, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқау. «Технология» оқу бағдарламасы, таратпа материалдары, оқулықтар, оқу құралдары.

Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:

Тапсырма 1. Техникалық мекемелерінің жабдықталуы және ұйымдастырумен танысу

Тапсырма 2. Кәсіптік оқыту мекемелерінің жабдықталуы және ұйымдастырумен танысу.

Үй тапсырмасының түрлері және тізімі:

Өндірістік орындарында жабдықтау ерекшеліктерін талқылау.

Бақылау сұрақтары:

1. Техникалық мекемелерінің жабдықтаудың қажеттілігі неде?

2. Кәсіптік оқыту мекемелерінің жабдықтаудың өндірістік оқу орындарынан қандай ерекшеліктері бар?

3. Техникалық мекемелерінде қандай сабақтар жүргізуге болады?

4. Кәсіптік және техникалық оқыту мекемелерінде кімдер білім алады?

СӨЖ-ге тапсырмалар

І. нұсқа (қарапайым)

Техникалық мекемелерінде қатысты тапсырмаларды орындау.

Сынылатын әдебиеттер

Негізгі

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.

2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.

Осымша

1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).

2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж

Практикалық сабақ № 4

Тақырыбы: Кәсіптік оқыту сабақтарын перспективалы жоспарлау

Сабақтың жоспары:оқу бағдарламасы мазмұнындағы перспективалы жоспарлардың түзілуін оқып-үйрену.

Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі:Кәсіптік оқыту сабақтарын перспективалы жоспарлау және берілген талаптарды меңгеруіне байланысты студенттердің білімі мен іскерлігін бағалау.

Сабақты өту формасы:Зерттеушілік

Ысқаша теориялық мәліметтер

Перспективалы жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі. Ол оқытушыға бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, білімгерлер мен оқытушылардың негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

Сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар

Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.

Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.

Техникалық және құрал-жабдықтар:дәріс жинағы, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқау. «Технология» оқу бағдарламасы, таратпа материалдары, оқулықтар, оқу құралдары.

Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:

Тапсырма 1. «Технология» сабақтарын перспективалы жоспарлау

Тапсырма 2. Кәсіптік сала бойынша оқу сабақтарын перспективалы жоспарлау.

Үй тапсырмасының түрлері және тізімі:

Перспективалы жоспарлауға презентация дайындау.

Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіптік оқыту сабақтарын перспективалы жоспарлау түсінігі.

2. Кәсіптік оқыту сабақтарын перспективалы жоспарлау қалай жүзеге асады?

СӨЖ-ге тапсырмалар

І. нұсқа (қарапайым)

1.Оқу бағдарламасы мазмұнындағы перспективалы жоспарларды талқылау.

ІІ. нұсқа (орташа күрделелік)

2. «Технология» және кәсіптік оқытудағы перспективалы жоспарлардың ерекшеліктеріне талдау жасау.

Есеп беру формасы:тапсырманы жеке орындау,жазбаша есеп беру, мәліметтерді қорғау.

Наши рекомендации