E-Learning» электронды оқыту негізі неде. Электронды оқыту әдістерін айқындаңыз
E-learning (қысқаша ағылш. Electronic Learning) — электронды оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютерді қолдана отырып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту сияқты терминдердің синонимі.
Юнеско мамандарының берген келесі анықтамасы бар: «е-Learning –Интернет пен мультимедиа көмегімен оқыту».
Бірнеше мағынасы болу мүмкін:
1. Дербес компьютерді, ұялы телефонды, DVD-ойнатқышты, теледидарды пайдалана отырып электрондық құжаттармен өзіндік жұмыс жасау;
2. Шалғай жердегі экспертіңнен (мұғалімнен) ақыл-кеңес, баға алу, қашықтықтан әрекеттесу мүмкіндігі;
3. Жалпы бір виртуалды оқу қызметін жүргізетін әр жердегі (әлеуметтік желілердің) пайдаланушыларының қоғамын құру;
4. Электронды оқу құжаттарын уақытылы тәулік бойы жеткізу;
5. Электронды оқу құжаттарына және технологияларына, қашықтықтан оқыту құралдарына арнайы стандарттар мен сертификаттар
6. Инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеру және таныстыру, оны мұғалімдерге тарату;
7. Оқу веб-ресурстарын дамыту мүмкіндіктері;
8. Әлемнің әр жерінен кез-келген жерден, кез-келген уақытта заманауи білім алу мүмкіндігі.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын құруда қосымша ресурс ретінде е-learning технологияларын қолданудың тиімділігі келесі факторлармен айқындалады:
1. Оқушылардың топтық және өзіндік жұмыстарының арқасында оқу материалдарын меңгеру деңгейінің көтерілуі.
2. Білімді бақылау, оқу ақпаратын ашу үрдісін автоматтандыруда.
3. Оқу материалының көрнекілігінің жақсаруы.
4. Берілген оқу ақпаратының көлемінің өсуі.
Е-learning технологиясын дидактикалық тұрғыдан педагогикалық үрдіске еңгізуге болады. Технологиялардың берілгендерінің ішінен интернет-платформаларды (виртуалды оқыту құралдары) бөліп шығаруға болады: виртуалды сыныптар, мұғалімнің оқу сайты; дискуссиялық форумдар, блогтар; әлеуметтік желілер, интернет-телефония (Skype типті) бағдарламалары. Берілген технологиялардың әр қайсысына терең тоқталсақ. Виртуалды сыныптар мұғалімге көп оқушылармен бір уақытта қатар көпжақты бейнеконференциялардың немесе аудиоконференциялардың көмегімен, презентацияларды көрсету, виртуалды тақтада жазулар(сурет салу) сызу, оқушыларға сұрақ-жауап қою (чатта, тақтадағы жазу), on-line оқытуды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Виртуалды сыныптардың қосымша міндеттері мұғалімге оқушының қызметін педагогикалық бақылауға алуға (оқушының сабаққа қатысуын бақылауға) мүмкіндік береді. Тәжірибеге сүйенсек, виртуалды сыныптарды ң мүмкіндіктерін оқушылардың дискуссиялық топ жұмыстарында (жобалар, кейс топпен шешу), оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижесін бағалауда пайдаланған тиімді.
Е-learning-тің басқа технологиясы –бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тесттық жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді. Мұғалімнің оқыту сайты уақытылы тәулік бойы электронды оқыту материалдарына қолжетімділікті, кеңес алуды, ұсыныстарды, мұғалімнің бағалауын қамтамасыз етеді. Сайтта тіркелген барлық қатысушылардың электронды пошталарына мұғалім тез арада хабарламалар жібере алады. Құндылығы бұл оқытуды асинхронды режимде ұйымдастыруға болады: блогта қандай да бір тақырыпта дискуссия жүргізуге болады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап арқылы әртүрлі қатысушылардың пікірлерін біле алады. Осылайша, оқу үрдісінің дәстүрлі жүйесіне ұсынылған қосымша e-learning технологияларының көмегімен ұйымдастырылған қосымша педагогикалық әрекеттесу формаларынан тұрады:
1. Синхронды (чат, скайп) немесе асинхронды (пошта, форум) мұғаліммен оқушының хабар алмасуы, оқушылардың өзара блогта, форумда, чатта пікір-таластырулары;
2. Оқушылардың чаттың синхронды форматында немесе топтық конференцияларда хабар алмасулары.
Е-learning технологиялары оқу үрдісіне келесі мүмкіндіктер береді:
1. Берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін өте қолайлы және ыңғайлы;
2. Оқу материалынын меңгеруде қиындық деңгейін, уақытын және көлемін таңдаудағы жекешілдік;
3. Интерактивті, өйткені, мұғаліммен, сыныптастарыңмен синхронды және асинхронды әрекеттесу арқылы оқуға болады.
Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, е-learnіng жүйесі білім беруді жаңғыртуға арналған негізгі құралдардың бірі болып табылады. Оңтүстік Корея, Финляндия мен Ирландияда электронды білім беру жөнінде арнайы ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылады. Францияда балабақшадан бастап, үлкендерді оқытуға дейін білім беру үрдісінің барлық саласына ақпараттық-коммуникациялық технология енгізілген. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада елдерінде электронды білім беру күнделікті өмірдегі тәжірибе сияқты көрініс тапқан. Ал Қазақстанда білім берудің ақпараттық жүйесі қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде 16 балаға 1 компьютерден келеді. Мектептердің 98 пайызы, ал ауыл мектептерінің 91 пайызы ғаламтор желісіне қосылған. Білім беру ошақтарының 43,1 пайызына кең жолақты ғаламтор тартылған. Ал 459 мектеп лингафонды және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған.
Е-learnіng жүйесінде алға ілгерілеу үшін «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған қазақ және орыс тілдерінде жүздеген сандық білім беру ресурсы, соның ішінде қазақ тілінде, орыс тілінде ресурс әзірленген. Қазіргі таңда республикалық жоғары оқу орныаралық электрондық кітапхана құрылғаны белгілі. Оның құрамына Қазақстанның 38 жоғары оқу орны кіреді. Жоғары оқу орнының кітапханаларында 90 мыңнан астам оқулық, миллионға жуық мақала мен оқу құралдары жинақталған.
Е-learning технологияларының көмегімен педагогикалық үрдісте қолданылатын келесі әдістерді бөлуге болады:
Виртуалды топтық жұмыс – бұл бір берілген тапсырма бойынша жұмыстанатын топта оқитын оқушылардың біріккен жұмысы, олар өз беттерінше немесе кеңесшінің көмегімен хабар алмасу және әрекеттесу нормаларын белгілейді, виртуалды ортада өз жұмыстарының бағыттарын және оған жету жолдарын таңдайды. Мысал ретінде синхронды форматтағы (уақыты алдын-ала белгіленеді) және асинхронды форматтағы сауалнама жүргізу, мұғаліммен сыныптастарыңның алдында дайындаған жұмысынды қорғау (чат-конференциялардың көмегімен). Оқытудың бұл әдісі оқушының өзіндік жұмысын жетілдіруді ұйымдастыруда қосымша ресурс ретінде бола алады. Виртуалды сыныптардың техникалық мүмкіндіктері қазіргі уақыт режимінде оқытудың барлық субъектілеріне бейнероликтерді , презантация слайдтарын , үлкен көңіл бөлетін жерлері бар әртүрлі құжаттарды көрсету, алмасу және өз файлдарын пайдалануға рұқсат беру, электронды тақтаны қолдану, барлық қатысушылардан қандай да бір сұрақ бойынша қазіргі уақытта ақпарат жинау, дауыс беру және сауалнама өткізу; тез арада хабарламалар алмасуға (барлық оқитындарға немесе жеке адамдарға рұқсат беру) мүмкіндік береді. Хабарламаларды көру шегі барлық субъектілермен виртуалды әрекеттесу арқылы анықталады. Аудиобайланыс арқылы да байланысқа шығуды ұйымдастыруға болады. Кейбір виртуалды сыныптар құжаттармен біріккен жұмыстар жасауға, виртуалды қол көтеру немесе эмоцияларды көрсету арқылы көңіл аудару механизмдерін пайдалануға, сыныптағы виртуалды кездесулерді жазуға жағдай туғызады.
Бейнеәдіс – бұл ақпаратты көрнекіліктер арқылы қабылдайтын әдіс (оқу бейнефильмдерді пайдалану, бейнетренингтер, аудиториядағы лекция және практикалық жұмыстардың бейнежазбалары, бейнеэкскурсиялар, эксперт-мамандардың видеожазбалары және т.б). Бейнеәдіс келесі міндеттерді атқара алады: білімділік, бақылаушылық, қорытындылау, жүйелілік. Оқу мақсатында бейнежазбаларды пайдаланудың екі тәсілі қолданылады: дайын бейнематериалдарды көрсету және кері байланыс жасау немесе талқылау мақсатында есептерді (жобаларды, тренингтерді және т.б.) шығару барысында жазбаны пайдалану. Кері байланысқа шығуды пайдалану барысында қарауға және тақылау негізіне бейне форматта жазылған сол қатысушылардың іс-әрекеттері алынады.
Блог-әдіс – бұл мәтін, суреттер, мультимедиа, соның ішінде авторлық жазулар (посттар) құрауға мүмкіндік беретін оқушының оқу-танымдық қызметінің әдісі. Бұл қызмет іздеуден, белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинаудан тұрады. Оқытудың дәстүрлі әдістерін қолданумен қатар мұғалімдермен оқушылардың әрекеттесуіне ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай жасайтын арнайы интерактивті педагогикалық технологияларды пайдалану қажетті. Сондықтан, e-learning электронды білім беруді енгізу оқу негізінде педагогикалық үрдісте маңызды құрал болып табылады. Мұндай форматта оқыту интерактивті болуда, ал ал оқу үрдісі перманенттіге айналуда.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Сонымен бірге осы бағдарламаның артықшылығы – қосымша ақпараттар арқылы мектептің порталын /сайтын/ ашып, мектептің тарихы, оқушы, мұғалім рейтингісі, құрмет тақтасы, ҰТБ-ға дайындығы, қашықтықтан оқыту курстары, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілігі, т.б. мәліметтерді автоматты түрде енгізуге болатындығы.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесіне, мектеп өміріне енуде.
«Е-learning –оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды құрылымдас мақсатты бағытпен қолдану» және «Е-learning –Интернет және мультимедиа көмегімен электрондық оқыту форматында білім алуға негізделген жаңа білім жобасы» деген тұжырымдамамен бастағым келеді. Білім беруді ақпараттандырудың жаңа кезеңі е-learning – электронды оқытуды енгізумен байланысты. E-learning – білімді дамытудың және көптеген дамыған елдерде экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отыр.
Елімізде білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі – “e-learning” электрондық оқыту жүйесін енгізу. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі – жаңашылдығы. Атап айтсақ, бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған. 2020 жылға дейін еліміздегі мектептердің 90 пайызы электрондық оқыту жүйесіне ауыстырылады деп күтілуде. Оқушылар кез келген білім беретін мәліметті қалаған уақытта алуына қол жеткізбек. Электрондық оқыту жүйесі арқылы ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіріп, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық жағынан сауатты оқушыларды дайындай аламыз. Мұғалімдер мен оқушылар ең үздік әлемдік білім ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Е-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Яғни, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Мәселен, «мұғалім ақпараттық коммуникациялық техникалармен қаншалықты жұмыс істей алады, ұстаз бен оқушының арасындағы байланыс өзгере ме?» деген сұрақтарға жауап аламыз. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгереді. Электронды оқыту жүйесі ұстаздарға білім берудегі жаңа бағытты үйретеді. Оның үстіне, Қазақстанда электронды оқыту жүйесін енгізу арқылы ЮНЕСКО-ның «барлығына қолжетімді білім беру» және «бүкіл өмір бойына білім алу» сияқты ХХІ ғасырдағы білім беру негізі жүзеге асырылады. Электронды оқыту жүйесі - білім берудің барлық деңгейін қамтитын жалпыжүйелік әдістемені айқындайтын бірден-бір жаңа бағыт. Сондықтан электронды оқыту жүйесінің бүгінгі білім беру саласына берері мол.
E-learnіng жүйесі бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесіне үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі болып табылады. Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқымды жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болады деген сенімдемін