Тақырып бойынша сұрақтар. 1. Жасөспірімдердің құқыққа қарсы келетін мінез-құлықтарына тән ерекшеліктер.

1. Жасөспірімдердің құқыққа қарсы келетін мінез-құлықтарына тән ерекшеліктер.

2. Асоциалды топтардың түрлері.

3. Қылмыстық істердің негізгі мотивтері мен классификациясы.

4. Маскүнемдік, токсикомания, нашақорлық және арнайы алдын алу шаралары.

Тақырып бойынша қолданылатын әдебиеттер

1. Колесов Д.В., Мягков И.Ф. Учителю о психологии и физиологии подростка- М.,1986

2. Ушатиков А.И., Казак Б.К. Основы пенитенциарной психологии /под.ред.С.Н.Пономарева –Рязань:Узорочье, 2002-554с.

3. Татушкина М.К. Психологическая помощь и консультирование в практической психологии.- СИб.1999

4. Шульга Т.И. Олифиренко Л.Я. Психологические основы работы с детьми «группы риска» в учреждениях социальной помощи и поддержки. –М.1997

Дәріс 5. Дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық ерекшеліктері

Жоспар:

1. Жасөспірімдік шақтағы мінез-құлықтың ерекшеліктері

2. Жыныстық жетілудің негізгі сатылары.

Дәріс тезистері:

Девиацияның тағы бір себептерінің бірі жасөспірімнің психикасының жас ерекшеліктері. Жаңа əлеуметтік құбылыс жасөспірімнің даму кезеңіне ең бірінші болып назар аударған Я.А.Коменский. Адам табиғатына сүйеніп, ол өсіп келе жатқан ұрпақтың өмірін əрқайсысы алты жылға созылатын төрт жас кезеңіне бөледі. Ол есею шекарасын 6 —12 жаста анықтайды. Оның пікірінше, есею ес пен елестің, оларды жүзеге асыратын дене мүшелері тіл мен қолмен бірге дамуымен сипатталады. Жасөспірімдердің даму кезеңдеріне назар аударған ғалым Ж.Ж.Руссо болды. Ол өзінің «Эмиль» атты романында осы кезеңнің адам өміріндегі психологиялық маңызын атап көрсеткен. Жасөспірімдік жасты «екінші рет дүниеге келу» ретінде сипаттап, аталмыш кезеңнің мына ерекшелігін — өзіндік сана-сезімнің өсуін атап көрсетті. Бірақ жасөспірімдік кезең идеясының ғылыми тұжырымдамасын С.Холл 1904 жылы жарық көрген «Есею: оның психологиясы, сонымен қатар физиологиямен, антропологиямен, əлеуметтанумен, жыныстық қатынаспен, дінмен жəне білім берумен байланысы» атты еңбегінде берген. Холлды жасөспірімдік жас психологиясының «атасы» деп əділ атаған, себебі ол аталған құбылысты түсіндіретін тұжырымды ғана ұсынып қоймады, сонымен қатар, əдетте жасөспірімдік кезеңмен байланыстыратын мəселелер шеңберін анықтады. Неміс романтизмі философиясының ізімен Холл жасөспірімдік кезеңнің мазмұнын сананың дағдарысы («құйын мен басымдылық») деп көрсетті, бұл дағдарыстан өткеннен кейін адам «жеке тұлғалық сезіміне» ие болады деген пікір айтады. Холл өз үлгісін адамзат тарихындағы романтизм дəуіріне сəйкес тұжырымдайды, яғни жасөспірімдік кезең - балалық шақ пен ересектік күйдің арасындағы аралық кезең. Жасөспірімдік жастың теориялық үлгісі батыс психологиясының басты бағыттарының бəрінде көрсетілген. З.Фрейд пен А.Фрейдтің (психологиялық сараптама), К.Левиннің (гештальтпсихология) жəне Р.Бенедикттің (бихевиоризм) теорияларының бір-бірінен айырмашылықтары көп болғанымен, бұл теориялардың барлығы онтогенетикалық дамудың жалпы үлгісінен эволюциялық үлгіден бастау алатындығы оларды біріктіреді. Жасөспірімдік кезеңнің мазмұндық жағынан өзгеше батыс теориялары дəл осы жерде, жалғыз тармақта психикалық даму үдерісін болмысынан бейімдегіш ретінде түсінуде тоғысады, себебі эволюциялық үлгіде даму ағзаның ортаға (қоғамға) бейімделуінің шартты қажеттілігі ретінде қарастырылады. Алайда «əлеуметтік ортаның» факторларына бихевиоризмге, гештальтпсихологияға, психологиялық сараптамаға жəне басқаларға батыс теориялары əртүрлі түсінік береді.

Жасөспірімдік жасты зерттеуде Э.Шпрангердің теориясы айрықша орын алады. Ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның ішкі дүниесі қандай болса да, табиғи немесе əлеуметтік детерминанттармен байланыспайды. Оның шектеуінше 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдік саты балалық тəуелділіктен арылуға ұмтылу дағдарысымен түсіндіріледі. Берілген жастың негізгі жаңадан қалыптасқан қасиеттері ретінде «Меннің» ашылуы, рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке тұлғалығын ұғыну көрінеді. Шпрангердің теориялық тұжырымдарын Ш.Бюллер нақтылаған. Оның пікірінше, жасөспірімдік кезең бұл бозбалалық кезеңнің жағымсыз сатысы. Ерекше белгілері: қажетті физикалық жəне психологиялық мүмкіндіктермен күшейтілмеген мазасыздану, ашушаңдық, агрессивтілік, мақсатсыз бүлік, дербестікке ұмтылу. Əлеуметтік орта факторларының психоаналитикалық дəстүрлері отбасының ішкі қарым-қатынастарымен тығыз байланысты. Қайнар көзі З.Фрейдтен басталатын бұл бағыт сексуалды құмарлық энергиясы барлық мұқтаждықтардың алғашқы негіздері дамумен бірге жүретін барлық өзгерістердің қозғаушы күші жəне себептері деп жариялайды.

Жасөспірімдік кезеңдегі сексуалдықтың өзгеруін психоаналитиктер, ең алдымен, объектінің өзгеруімен байланыстырады: отбасы мүшелерінен отбасынан тыс қарым-қатынастарға. Эволюциялық концепция əлеуметтік сəттерді орта жағдайлары ретінде сипаттаған. Бірақ ортаға даму барысына əсер ететін биологиялық жағдайлар да кіреді. Осыдан мынандай орынды сұрақ туындайды: не көбірек ықпал етеді дуализмнен арылу үшін жасөспірімдік жас теориясын жасаудың əрекеттері. Бұндай əрекеттердің бірін Г.С.Салливен жасады. Ол əрекетке бастау болатын биологиялық қажеттіліктер емес, əлеуметтік қажеттіліктер деп есептеді. Жас ерекшелік даму теориясын ғалым фрейдистік антологияға сүйеніп жасайды, бірақ, оның ойынша, дамудың бастау көзі тұлғааралық қарым-қатынасқа мұқтаждық болып табылады. Салливен теориясының арқасында жасөспірім психологиясы қарым-қатынас генезисі сынды маңызды мəселемен байыды. Э.Эриксон адам өміріндегі сегіз сатыны бөліп көрсеткен жəне əр саты қалған басқа сатылармен байланысты екендігін атап айтқан. Жасөспірімдік жас өмірлік циклдің бесінші сатысына келеді эго ұқсастықтың немесе ұқсастық диффузиясының дамуы. Тұлғаның дамуындағы бұл саты ең үлкен өмірлік дағдарыспен сипатталады. Дамудың үш тармағы осы дағдарысқа əкеледі: бұл қарқынды физикалық даму жəне жыныстық жетілу («физиологиялық төңкеріс»); «мен басқалардың көз алдында қалай көрінемін», «мен кіммін, қандай маңызым бар» деген уайым; өзінің кəсіби бейімділігін табу қажеттілігі. Жасөспірімнің ұқсастық дағдарысында дамудың өтіп кеткен қиын-қыстау сəттері қайтадан оралады. Енді жасөспірім барлық ескі мəселелерді саналы түрде жəне дəл осындай таңдау оның өзі үшін де, қоғам үшін де маңызды екендігіне іштей сене отырып, шешуі қажет. Сонда ғана əлемге əлеуметтік сенім, дербестік, бастамашылдық, меңгерген іскерліктер тұлғаның жаңа тұтастығын қалыптастырады. Ф.Элкиннің, У.Уистлидің, Э.Доуананың, Дж. Адельсонның жəне т.б. эмпирикалық зерттеулерінде (60 —80 жылдары) жасөспірімдік жасты салыстырмалы тұрғыда «дағдарыссыз дамудың» қолайлы кезеңі деп сипаттауға əрекет жасалған. Тұтас алғанда, жасөспірімдік жастың заманауи теорияларында, бірінші топ теорияларына қарағанда, жас ерекшелік дағдарыстары əдеттегі, қарапайым құбылыс ретінде қарастырылады, ал бұндайлардың жоқтығы — сəтсіз дамудың белгісі.

Жасөспірімдік жасты бөлек бір кезең ретінде қарастырмау керек, оны даму динамикасында қарастыру қажет, себебі онтогенезде бала дамуының заңдылықтарын, бұл дамудың күшін құрайтын қарама-қайшылықтарды білмей, жасөспірімнің психикалық ерекшеліктерін айқындау мүмкін емес. Бұндай зерттеулердің негізінде тұлғаның дамуын үдеріс ретінде қарастыратын əрекеттік əдіс жатыр. Аталған үдерістің қозғаушы күштері: біріншіден, ішкі қарама-қайшылықтарды шешу, екіншіден, қалыптасқан қажетті- ліктерді қайта құру мен жаңалардың пайда болуына жағдай жасайтын əрекет түрлерінің ауысуы болып табылады. Зерттеу барысында (Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б.Эльконин жəне т.б.) қоғамға пайдалы əрекеттерде толық көрініс табатын өзара қарым-қатынастар нормаларын меңгеру жасөспірімдік жасқа негізгі əрекет екендігі анықталды. Осылайша жасөспірімдік кезеңді зерттеу — əлі күнге дейін аяқталмаған, өте күрделі, көпсалалы үдеріс. Əлі күнге дейін оның барлық ерекшеліктері туралы біркелкі түсінік жоқ, психологтар арасында дау-дамай таусылмаған. Жасөспірімдердің соматикалық жəне жыныстық дамуының ерекшеліктері денсаулық пен келер жылдары жұмысқа жарам- дылығына ғана тікелей қатысты емес, əлеуметтік дамудың толықтығын да айтарлықтай айқындайды. Балаларда жынысқа байланысты мəселеге қызығушылық жас- өспірімдік жасқа жеткенге дейін пайда болады жəне қарапайым құмарлықтың көрінісі болып табылады. Өтпелі кезеңде бұл қызығушылық басым жəне жеке болады. Бұл психофизиологиялық үдерістермен де, пубертатты оқиғаларды қабылдауымен де байланысты туындайды. Жыныстық жетілу нəтижесінде адам өзінің биологиялық жағынан ғана емес, əлеуметтік тұрғыдан да ер немесе əйел жынысына жатуының ең жоғарғы деңгейіне жететін үдеріс. Баланың жыныстық дамуы оның жалпы дамуынан бөлінбейді жəне оның туылғанынан бастап үздіксіз жүреді. Алайда дамудың белгілі бір сатысында ол кенеттен қарқынды жетіліп, қысқа мерзімнің ішінде толық жыныстық кемеліне келеді. Бұл кезең жыныстық жетілу кезеңі (басқаша айтқанда, пубертатты) деп аталады. Жас ерекше- ліктерінің кезеңдерге бөлінуіне сай бұл жасөспірім жасы. Жыныстық жетілу белгілерінің көріну дəрежесіне сəйкес жыныстық жетілу бес сатыға бөлінеді. Алайда екі сатыға бөлу физиологиялық тұрғыдан нақтырақ жəне практикалық жағынан қолайлы: бірінші саты 8-9 жастан 12-13 жасқа дейін; екінші саты 12-13 жастан 17-18 жасқа дейін. Жыныстық жетілу орталық жүйке жүйесінің жоғары белсенділігінен басталады, оның артынша эндокринді бездердің белсенділігі артады. Осы бездер қанда жасайтын жəне бөлетін гормондардың санының көбеюі жыныстық жетілудің барлық белгілерінің дамуына жəне көрінуіне əкеледі. Физиологиялық тұрғыда жыныстық жетілудің бірінші сатысын эндокринді жүйенің жүйке жүйесін белсендендіру сатысы ретінде сипаттауға болады, екінші саты - клеткалар, талшықтар, органдар, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстар, жанама гормондар деңгейінде жүзеге асу сатысы ретінде сипатталады. Жыныстық жетілудің бірінші сатысында бірнеше уақыт бойы эндокринді орталықтардың - гипоталамус пен гипофизаның белсенділігі артқандығы байқалады, ал жыныстық бездерінің белсенділігі əлі қажетті деңгейге жетпегендігі байқалады. Эндокринді жүйеде жекелеген бөліктердің əрекеттерінің қайта құрылуы біртіндеп жүзеге асады, соның салдарынан одан төмен жатқан бөліктер жоғарыда жатқан бөліктерден шығатын ынталандыруларға сəйкес деңгейде жауап бере алмасы табиғи кезең болып табылады. Сонымен қатар, реттеуші бөліктен шығатын ынталандырудың көлеміне реттелуші бөліктің жауап көлемі сай келгенде ғана кез келген реттеу жүйесі жақсы жұмыс істейді. Қарама-қайшы жағдайда олардың əрекеттерінің үйлеспеушілігі байқалады жəне тұтас алғанда жүйе тұрақсыз жұмыс істейді. Бұл орталық жүйке жүйесінің күйі мен жыныстық жетілудің бірінші кезеңіне тəн мінез-құлықтың бұзылуын түсіндіреді (V-VI сыныптар). Қалыпты жағдайларда қоздырушы күш пен жүйке жүйесінің оған жауабының арасында жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық ерекшеліктері бар белгілі бір тəуелділік болады. Орталық жүйке жүйесінің қозған күйіне байланысты жасөспірімдік жаста бұл қарым-қатынастар бұзылады. Осы сатыда жүйке орталықтарының қозуы тежеуден басым болады, сондықтан да жасөспірімдер сыртқы əсерлерге жоғары жəне біркелкі жауап бермейді. Орталық жүйке жүйесінің барлық осындай күйлерінің көрінісі жасөспірімнің өз айналасында болып жатқан тіптен маңызды оқиғаларға бей-жай қарауы, жақсы не жаман бағалауға деген селқостық секілді мінез-құлқындағы ерекшеліктер болып табылады. Ата-аналар жасөспірім «мейірімсіз», «селқос», оны ештеңе қызықтырмайды жəне ештеңе толқытпайды деген шағымдар айтады. Басқа жағдайларда немесе бàсқа уақытта жасөспірім қандай да бір маңызды оқиғаға, мақтауға немесе сөгіске еш жауап бермеуі мүмкін, бірақ қандай да бір түкке тұрғысыз нəрсеге бола ашу шақыруы мүмкін. Қыздарда эмоционалдық тұрғыдағы ауытқушылықтар ренжігіштік, көңіл-күйдің өзгеруі, жылауықтық болып табылса; ұл балаларда мінез-құлық пен қозғаушы реакциялардың өзгеруі болып табылады (шуылдақтар, ұшқалақтар, қолдарында бір нəрсені айналдырады, қозғайды, тыныш отыра алмайды). Сабақтарда жасөспірім сөздік қорын жойып алғандай таяз жауап береді, жай сөйлейді. Осы кезеңде қатты шаршау байқалады (мазасыздық, ұйқышылдық, қалғып мүлгушілік немесе керісінше қатты қозу). Бой қарқынды дамиды жəне осыған байланысты ауытқушылықтар пайда болады. Бұның негізінде екі себеп бар: біріншісі, жекелеген мүшелер мен жүйелердің бірлескен жұмысының бұзылуы, екіншісі қарқынды дамып келе жатқан ағзаға қажетті əртүрлі заттардың жетіспеушілігі. Бірінші əрекетке мысалы бас айналу, көздің қарауытуы жəне тіптен ұзақ уақыт қозғалыссыз күйден дене жағдайының кенеттен өзгеруінен туындайтын естен тану. Жасөспірімде тұрақты қан қысымын тұрақтандыратын реттеуші жүйе дене өлшемінің тым жедел үлкеюіне байланысты өз дамуынан уақытша артта қалады, сондықтан кешігіп іске қосылады. Екінші əрекетке омыртқаның қисаюы, денені тік ұстаудың бұзылуы жатады. Бұл тез өсіп келе жатқан адам сүйегінің механикалық төзімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті минералды тұздардың жетіспеушілігінің, сонымен қатар таза ауада сирек болудың, аз қозғалудың салдарынан болады. Сүйектердің дамуы мен олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін буындарда орналасқан жүйке талшықтарын қоздыру қажет (ал бұл үшін тек белсенді қозғалу керек). Жыныстық жетілудің екінші сатысында (V—VΙΙ сыныптар) орталық жүйке жүйесінің, эндокринді орталықтардың жəне жыныс бездерінің арасындағы өзара байланыстар тұрақтанады. Бұл қанда жыныс гормондары деңгейінің өсуінен жəне Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) бір қалыпты күйінде көрінеді. Бұл уақытта тек дене көлемінің (əсіресе салмақтың) қарқынды дамуы, жыныс мүшелері мен жыныстық жетілудің əртүрлі белгілерінің дамуы ғана емес, сонымен қатар, оқушының жалпы күйі мен өзін-өзі сезінуінде маңызды өзгерістер жүзеге асады. Жыныс гормондары дененің барлық клеткаларына еш шек- теусіз əсер етеді. Алайда олардың əсерлері екі бағытқа бөлінеді: біріншіден, ұлдар мен қыздарда қосалқы жыныстық белгілер дами бастайды, яғни жасөспірімнің басқа жыныс өкіліне деген қызығушылығы артады, жыныстық құмарлық күшейеді; екіншіден, жыныс гормондары жүйке орталықтарына ерекше əсер етеді, яғни сексуалды сипаттағы барлық ақпарат жасөспірім үшін өзекті болады (бұрын онда абстракты білім ғана болған), енді ол бекітіледі, шоғырланады жəне белгілі бір жүйеге бірігеді жəне маңызға ие болады (сырт келбеттің сұлулығы, жыныстық мінез-құлық ерекшеліктері жəне т.б.). Тұтас алғанда жыныстық жетілудің екінші сатысында жасөспірімнің күйі, өзін-өзі сезінуі, көңіл-күйі өзгереді. Жасөспірімдердің бұрынғыға қарағанда ашушаңдығы басылады, өз күштеріне сенбеудің орнына өзін-өзі көтеріңкі, тіптен көбінесе тым асыра бағалау пайда болады. Бұған негіз бар: жыныстық гормондардың əсерінен белоктардың белсенді синтезі жүзеге асады, бұлшық еттердің салмақтары өседі, олардың күші мен еңбекке қабілеті артады. ОЖЖ-інің тəртіпке келген, біркелкі күйі назар салуға, ақыл жəне физикалық күш салуға жақсы қабілеттілікте көрінеді. Егер жыныстық жетілудің бірінші сатысында жасөспірімдер əртүрлі шамадан тыс қуат жəне көтеріңкі шаршаушылық пен ашушаңдыққа байланысты олардың тəртіпті бұзуын болдырмау үшін ұқыпты режимді қажет етсе, үлкен жасөспірімдер (7-8 сыныптар) ең алдымен олардың əрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Олардың тəртіп бұзулары көбінесе олардың мол энергиясының дұрыс жұмсалмауымен байланысты болады. Осылайша, жасөспірімдік жасты адам өмірінің жыныстық жетілуінен əлеуметтік тұрғыдан есейгендік ретінде сипатталатын кезеңге дейінгі аралық кезең деп бөлу — жаңа уақыттың жемісі. Акселерацияның салдарынан қазіргі заман жағдайында жыныстық жетілу бұрынғыға қарағанда бірнеше жыл ертерек жүзеге асады, алайда, психологиялық жəне əлеуметтік есеюдің мерзімі ұзартылды, балалық шақ пен есейгендіктің арасындағы аралық кезең ұзарды.

Наши рекомендации