Тақырып 5. Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы

Жоспар:

Ылмыстық жазасымен сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі

Сотталғандардың құқығы мен міндеттері. Бас бостандығынан айырылуға сотталғандардың тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілігі

Негізгі ұғымдар: Азаматтық құқығы. Пенитенциярлық жүйе. Жазаны орындау.

Заң бойынша адам теңдігін оған заңды құқық пен бостандық беру негізінде тану азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі негізін конституциялық құқы, бостандық пен азаматтар міндеттері жатады. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің ерекше айырмашылығы- оның тұрақтылығы мен біршама өзгермейтіндігі.

Азаматтың құқығы дегеніміз – қандайда бір игілікті кепілді түрде пайдаланудың мүмкіндігі. Бұл адамның мемлекеттің ұйымдасқан қоғамындағы мінез-құлқының ресми өлшемі.

Адам құқығы-ол субъективті құқық шамамен емес, қайта жеке тұлғаның Конституцияда және заңда бекітілген нақты мүмкіндігі. Заң шығарушы тек қана шын қоғамдық қатынастардан шығатын, алдын ала құрылған әлеуметтік- экономикалық және саяси мүмкіндігі бар құқықты бекіте алады.

Көбірек тараған топтастырулар төмендегідей болады:

- саяси құқықтар-ол адамның мемлекеттік және қоғамдық-саяси өміріндегі оның саяис тағдыры мен еркіндігін өзі шешуді қамтамасыз ету мүмкіндіктері, мемлекетті басқаруға қатысуы;

- жеке азаматтық құқығы мен бас бостандығы;

- ол адамның заңсыз және орынсыз жеке өміріне, ішкі сезіміне араласпау, жеке басының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мүмкіндігі;

- Әлеуметтік-экономикалық құқық пен бас бостандықтар

- ол өндіріс пен материалдық игілікті бөлу саласындағы жеке адам мүмкіншілігі, экономикалық және оған байланысты рухани талаптардың сай келуі және адам қалауына байланыстылығы;

- мәдениет құқықтары мен бас бостандықтары ол адамның ру хани, мәдени игіліктері, яғни жетістіктерді пайдалану мүмкіншіліктері, оларды өзіне лайықты ынтасы мен қабілеттілігіне қарай жасауға қатынасу.

Қазақстанда адам құқығын сақтаудың маңызды компонентінің бірі- оған сотталғандардың құқын бұзуды ескерту және бақылау жатады.

Сотталғандармен жұмыс жасау барысында, олар қоғамнан шығарылып қалғандар емес, қайта оның мүшесі болып қала беретіндігіне ерекше көңіл аудару керек. Сондықтан сотталғандарды қоғам өміріне қайтару мақсатында қоғамдық ұйымдарды түзеу органдарымен бірге қызмет етуге жұмылдыру керек.

Сотталғандардың құқы мен бас бостандығы сот үкімімен және Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген мерзімге ғана шектелуі мүмкін.

Мемлекет жағынан сотталғандардың құқықтық жағдайы жақсара қалса, ондайда заңның кері күші болуы тиіс. Егер де заңмен қандай да болмасын құқық бұзғаны үшін сазайын тарту жеңілдетілсе, тіпті бұл әрекеттің заңға қайшылығы жойылса, мұндай заңның міндетті түрде кері күші болады.

Жазаны орындау – мәжбүрлеу акциясы, ол мемлекет жағынан күш қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, ол тиісті құқық шектелу қиыншылығына апарып соқтырады.

Қазіргі заманда адам құқығы туралы халықаралық нормалар әділсот жүргізу саласында жеке адам құқығының мәртебесіне елеулі түрде әсер етеді. Қазақстанның халықаралық шартты бекіту акті мемлекет үшін заңдарын өзіне алған міндеттеріне сәйкестендірудің қажеттілігін көрсетеді. Халықаралық құқық бірте-бірте жан-жақты болуда, ал оның нормалары мен принциптері халықаралық бірлестіктің барлық мемлекеттеріне міндетті.

Құқықтық мемлекет құру мақсатын қойған қазақстанда заңға негізделген ведомстволық актілерді салыстырмалы түрде өзгертуге болады және олай ету қажеттілігі бүгінгі күн талабынан туындап отыр.

Қазіргі кезде құқық жүйесіндегі қайшылықты жеңіп шығу, ішкі біртұтас, қарама-қайшылықсыз заң құру өте қажет.

Қылмыстық жазаны атқарудың жаңа заңын қабылдау қажеттік себебі, оны біздің елдің өзіне алған халықаралық құқық міндеттемелеріне сәйкестендіруге байланысты.

Құқықты мемлекеттің сипаты- ол азаматтардың өмір сүру кезінде құқы мен бас бостандығының кепілдігі және мызғымастығы, және азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілікті орнатуы мен қолдау принципі болып табылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес сотталғандар тиісті мәртебеге ие бола алады, оның негізгі субъективті құқық, заңды міндеттері және олардың Қазақстан Республикасы азаматтары үшін белгіленген заңды талаптарымен қоса қылмыстық-атқару заңдары, сот үкімімен шығатын режим мазмұны қойған шектеулер болып есептеледі.

Субъективтік құқық деп мемлекет кепіл болатын және құқық нормаларымен қамтамасыз етілген адамның белгілі бір кезеңдегі ісіне немесе тиісті игілікке ие болып пайдалануды айтамыз. Заңды мүдде түсінігі дегеніміз- ол заңмен белгіленген құқық пен бостандықтың мазмұнын қамтымайтын, бірақ мемлекет жағынан қорғалуға тиісті және құқық нормаларымен сақталатын жеке адамның қажетті талабы.

Қылмыстық-атқару кодексі сотталғандардың негізгі міндеттерін былай белгілеген:

1. Сотталғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және үкiммен белгiленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға мiндеттi.

2. Сотталғандар жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiктерiнiң өздерiнiң мiнез-құлқына арнап белгiлеген заңды талаптарын орындауға мiндеттi.

3. Сотталғандардың өздерiне жүктелген мiндеттердi, сондай-ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады

Сотталғандардың ішінде жазаны атқару кезінде, тағы да қылмыс жасап қылмыстық жауапқа тартылатын жағдай тәжірибеде жиі кездесіп тұрады. Жауапкершіліктің мұндай дәрежесі тек қана қылмыстың ауырлығынан, жауапкердің жеке басынан емес және тағы басқа жауапты жеңлідететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты болып келеді. Сот жаза тағайындағанда қылдмыстың бұрынғы қылмыстық жазаны атқару кезінде істелгенін еске алуы тиіс. Бұл- жауапкершілікті ауырлататын жағдай, сондықтан еске алынып қолданғанда бұрынғы жазаның жиынтығымен үкім шығарады.

Ал сот үкімі жаңа қолданған жазаға түгелдей немесе жарым-жартылай бұрынғы жазаның өтелмеген бөлігін қосады. Жаңа істеген қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адам бұрынғыдан қатал режимді колонияға немесе түрмеген жіберіледі.

Наши рекомендации