Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
34. «Халқымыздың мақтанышы әнші композиторлар» – 9 сағат:
1) ел еркесі – Ақан сері;
2) аты әнге айналған – Балқадиша;
3) ән жүйрігі – Біржан сал;
4) Біржанның Теміртасы;
5) сұлу сазды – Гәкку;
6) Жаяу Мұса – Ақсиса;
7) Абай салған сырлы әндер.
35. «Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі» – 7 сағат:
1) халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?
2) домбыра мен қобыз аспабының түрленуі;
3) оркестр құрамындағы аспаптар;
4) оркестрдегі дирижердің міндеті;
5) қазақтың көне музыкалық аспаптарын жинаушы – Болат Сарыбаев;
6) «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі;
7) көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы.
36. «Бүгінгі заман музыкасы» – 10 сағат:
1) үрмелі аспаптар оркестрі;
2) эстрадалық симфониялық музыка;
3) джаз оркестрі;
4) қуыршақ театры;
5) кино және музыка;
6) эстрада өнері.
37. «Қазақстан кәсіби композиторларының музыкасы» – 8 сағат:
1) бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан – А.Жұбанов;
2) қазақ операсының сазгері – М.Төлебаев;
3) кәсіби әннің шебері – Б.Байқадамов;
4) өмірге әнмен сән берген – К.Дүйсекеев;
5) қазақ музыкасының мақтанышы – Ғ.Жұбанова;
6) домбыраны күй сандықта сарнатқан – Н. Меңдіғалиев;
7) қазаққа вальс сыйлаған – Л.Хамиди;
8) музыка майталманы – Е.Брусиловский.
38. Ән орындау кезінде:
1) ән айту шеберліктерін меңгеру;
2) шығарманы орындау барысында музыкалық бейнелерге ене білу;
3) дирижердің нұсқауымен ән айтуды үйрену.
39. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Ә.Бейсеуов, Т.Молдағалиев «Ұстазым», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Туған жер», халық күйі «Келіншек», А.Жұбанов «Ақ көгершін», халық әні «Жар-жар», халық әні «Сәулем-ай», халық күйі «Салкүрең», Ш.Қалдаяқов «Ана туралы жыр».
40. Аспапта орындау кезінде:
1) ұжыммен бірге ұрмалы аспаптармен халық әндерін бір ырғақта сүйемелдеп үйрену;
2) домбыра аспабында халық әндері мен күйлерін орындаудағы шеберліктерін шыңдау.
41. Музыка тыңдау:
1) музыкаға аса мән беріп тыңдауға үйрету, жанрлық ерекшеліктерін білу, көңіл‑күйі мен оның сыр‑сипатын түсіну;
2) халықтық және кәсіби жанрларды ажырата білу, музыкалық образдың даму барысын қадағалау, музыканы жанды әрі образды өнер деген түсінігін қалыптастыру;
3) белгілі бір шығарманы әр түрлі орындауда тыңдатып салыстыра білу қабілетін дамыту (вокалдық, аспаптық, оркестрмен және жеке орындаудағы).
42. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Ақан сері «Маңмаңгер», Ақан сері «Балқадиша», Біржан сал «Адасқақ», Біржан сал «Теміртас», Үкілі Ыбырай «Гәкку», Жаяу Мұса «Ақ сиса», Абай «Көзімнің қарасы», қазақтың ғұрыптық әндері: Жар‑жар, Сыңсу, Беташар; халық әні «Япурай», Махамбет «Жұмыр Қылыш», Ортеке биі «Секіртпе», Н.Тілендиев «Саржайлау», Ж.Дәулетов «Қазақ елі», А.Жұбанов «Ақ көгершін», М.Төлебаев «Біржан-Сара» операсынан үзінді «Би», Б.Байқадамов «Су тасушы қыз», К.Дүйсекеев «Домбыра», Ғ.Жұбанова Скрипкаға арналған «Романс», Н. Меңдіғалиев «Домбыра туралы поэма», С.Бәйтереков «Әлия», Л.Хамиди «Қазақ вальсі», Е.Брусиловский «Бозайғыр», Б.Жұманиязов «Серпін», П.Чайковский «Пляска скоморохов», Н.Тлендиев «Ата толғау», «Көш керуен», М.Глинка «Камаринская», Л.Бернстайн «Дивертисмент»,«Әскери марш», Е.Брусиловский 3-і симфония "Сары-Арка", скерцо; А.Зацепин «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне музыка, Блюз «Бүги мен блюз айтамын», Дж.Гершвин «Менің сүйіктім», Миллс И., Эллингтон Д. «Керуен», Браун Джеймс. Би джаз.
43. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік, әндердің жанрлық ерекшеліктері ‑ лирикалық, бесік жыры, жар‑жар, сыңсу, беташар, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка, халық композиторлары – сал, сері, халық композиторларының әндері, халық аспаптар оркестрі, ансамбль, квартет, трио, дуэт, эстрада және рок тобы.
44. Шығармашылық тапсырмалар, халық композиторларының туындыларының мазмұны бойынша сахналық қойылымдар жасау.
Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
45. «Ұлы ұстаздар көші» – 9 сағат:
1) күй дәстүрінің шежірешісі – Қали Жантілеуов;
2) ән өнерін паш еткен – Манарбек Ержанов;
3) әншілік өнердің хас шебері – Жүсіпбек Елебеков;
4) қара қобызды сарнатқан – Жаппас Қаламбаев;
5) әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев;
6) күй аңызын ардақтай жеткізген – Дәулет Мықтыбаев;
7) ұстазды ұлы тұтқан күйші – Төлеген Момбеков.
46. «Еуропа музыкасының шыңы симфониялық оркестр» – 7 сағат:
1) симфониялық оркестр қалай пайда болды;
2) симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар;
3) оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар;
4) жезді аспаптар қашан пайда болды;
5) ұрмалы аспаптар тобы;
6) арфа аспабы қайдан келді;
7) оркестрге үн берген аспап.
47. «Еуропа опералық театрларына саяхат» – 10 сағат:
1) опералық театр тарихы;
2) еуропаның атақты опера театры – Ла-скала;
3) әлемге әйгілі Метрополитен-опера театры;
4) орыстың Үлкен театры;
5) әйгілі Вена опералық театры;
6) Сидней опералық театры;
7) неміс опера театры.
48. «Қазақстан халықтарының музыкалық өнері» – 8 сағат:
1) орыс халық музыкасы;
2) қырғыз халқының музыкалық өнері;
3) өзбектің әндері мен билері;
4) ұйғыр халқының музыкалық мұрасы;
5) корей халық театры;
6) украин халқының әйгілі гопагі;
7) грузин халық биі лезгинка;
8) неміс маршы;
9) татар халқының сұлу сазды әндері.
49. Ән орындау кезінде:
1) ән айтудың түрлері – сұлулап әрі мәнерлеп жеке орындау;
2) өз бетімен және дирижердің нұсқауымен орындау,
3) әнді және оның орындалуын талдай білу, ән айту ережелерін сақтау.
50. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Абай. «Желсіз түнде жарық ай», Базар жырау «Терме», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Ана тілін сүйеміз», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Солдат болам мен ертең», Жаяу Мұса «Ақсиса», Халық әні «Құралай», А.Жұбанов, Н. Баймұхамедов «Ақ көгершін», И.Ильясов, Ж.Боранбаев «Қазақы дастарханым», Қазанғап «Шынаяқ тастар», С.Мұхамеджанов, Г.Жұмабаев «Қазақстан», И.Нүсіпбаев, Е.Елубаев «Достық», Б.Оралұлы, А.Асылбек «Астана».
51. Аспапта орындау кезінде:
1. домбыра, ұрмалы және тағы басқа даңғыра аспаптарда ойнай білу;
2. басқа да ұрмалы аспаптардың сүйемелдеуімен әндер мен музыкалық шығармаларды мәнерлеп орындай білу.
52. Музыка тыңдау:
1) образ жасаудағы музыкалық мәнерліктің маңызын түсіну;
2) халықтық және кәсіби жанрлардың ерекшелігін білу, хор және оркестр түрлерін тыңдау арқылы айыра білу;
3) музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшеліктерін білу, музыканы тыңдау арқылы әрбір ұлтқа тән ерекшелігін айыра білу;
4) музыканы өмірдің тыныс‑тіршілігі яғни құбылыстармен салыстыра білу.
53. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Естай «Қорлан», Мәди «Қарқаралы», Ықылас «Жез киік», Мұхит «Үлкен айдай», Ықылас «Шыңырау», Сүгір «Бес жорға», Л.В.Бетховен «3-симфония» үзінді, Н.Паганини «24 каприс», Сен-Санс «Аққу», М.Равель «Балеро», А.Хачатурян «Гаянэ» балетінен қылышпен би, Ф.Шопен «Прелюдия», итальян халық әні «Күнім менің», Ж.Бизе «Кармен» операсынан Кармен ариясы, П.Чайковский «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы, орыстың халық әні «Светит месяц», қырғыз халық күйі «Ақ тамақ – көк тамақ», өзбек халық әні «Ялла», ұйғыр халық әні «Аппақ-аппақ тошканларым», корей халық әні «Мунген тауы», украин халық биі «Гопак», грузин халық биі «Лезгинка», неміс «Маршы», татар халық әні «Су бойлары».
54. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты – жоғары, орта, төмен; созылмалы‑қысқа, қатты‑жай; музыкалық мәнерлілік – әуен, ырғақ, регистр, екпін, динамика, тембр, лад; композитор – орындаушы – тыңдаушы; халық композиторлары – күйші, сал, сері; халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка; орындаушылар – домбырашы, қобызшы, пианист, скрипкашы, флейташы, әнші, әртіс; музыканың негізгі түрлері – вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр; халық билері – лезгинка, гопак, сиртаки, бульба, мавриги, лендлер, мазурка, полька; кәсіби (композиторлық) музыка – әндер, аспаптық пьесалар, прелюдия, сюита, поэма, симфония, балет, опера; оркестрлер – симфониялық оркестр, оркестрлік топтардың құрамы; музыкалық аспаптар – скрипка, альт, виолончель; флейта, кларнет, гобой, фагот, труба, туба; барабан, литавра.
55. Шығармашылық тапсырмалар, барлық ішкі сезім, көңіл‑күйімен шығармаларды сезіну және музыка жайлы өзінің ойын әңгіме, сурет немесе қимылмен көрсете білу, теледидардан көрген, радиодан естіген музыкалық хабарлар жайлы өз ойын айта білу, музыкалық ертегілерден сахналық қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен фестивальдарға қатысу.
1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
56. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай бағаланады.
57. Пәндік нәтижелері екі аспекттен қарастырылады: білу керек және орындай алу керек.
58. 1- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1. музыкалық сауаттылықтың негіздерін: музыкалық және ұрмалы дыбыстарды, жоғары және төмен дыбыстарды, қысқа және ұзақ дыбыстарды;
2. музыкалық мәнерлілікті көрсететін негізгі белгілерін: тез, орташа, жай екпінділігі, динамикалық көрінісі, әуені;
3. жанрлық ерекшеліктерін – ән, күй, би, марш;
4. музыкалық аспаптардың аталуын (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, балалайка, гусли, свирель);
5. ән орындаудың негізгі ережелері.
59. 1 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1. музыкалық аспаптар тембрін анықтауды;
2. музыка шығармаларының көңіл-күйін айыра білуді;
3. музыкалық шығармаларды тыңдауды;
4. бағдарлама репертуарынан музыкалық шығарма мазмұнын айтуды;
5. аспапта орындалған нақышты және таныс әндерді дауыс ырғағымен тани білуді меңгеруі тиіс;
6. дирижердің сүйемелдеуімен ән айту;
7. ұрмалы аспаптарда, домбырада қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау.
7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
60. 2- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын;
2. қарапайым музыкалық терминологияны білу және оларды қолдануды;
3. ырғақ, екпін, динамика, тембр, әуен, сүйемел (аккомпанемент), лад сынды негізгі музыкалық терминдерді;
4. асатаяқ – қасықтар, қоңырау – бубенцы, сақпан – трещотка, даңғыра – дойра, дабыл – барабандар, сырнай – гармонь, жетіген – гусли, цимбало, домбыра – комыз – дутар сияқты музыкалық аспаптарды;
5. шумақ және әннің қайырмасы, күйдің буыны, бүтін шығарма сынды қарапайым түсініктерді.
61. 2-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) халық музыкасы, халық әні, халық күйші-композиторы ұғымдарды анықтауды;
2) вокалдық, аспаптық, жеке, хор және оркестр сынды музыка түрлерін ажырата білуді;
3. дыбыс бояуына қарап халық аспаптары үнін меңгеруі тиіс;
4. әнді дұрыс яғни дер кезінде бастап және аяқтау, әуен бойынша орындау, әннің тыныс белгілерін дұрыс қолдану, әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айту, дирижердің нұсқауын түсіну;
5. әндерді өзінің сүйемелдеуімен музыкалық аспаптарда орындай алу.
8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
62. 3 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1. жанрлардың атауларын, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыкаға жататын жанр түрлерін;
2. білетін шығармалардың атаулары мен олардың авторларын;
3. әнші, сал-сері, халық композиторы сынды халық музыкасына жататын нақты ұғымдарды;
4. музыкалық бейненің дамуына әсер ететін, музыкалық мәнерліліктің негізгі белгілерін;
5. қазақтың халық аспаптары оркестрінің құрамын;
6. қазіргі заман Қазақстан композиторлар есімін.
63. 3 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1. композитор – орындаушы – тыңдаушы – деген ұғымдарды түсінуді;
2. халықтық және кәсіби музыка деген ұғымдарды түсінуді;
3. халықтық және кәсіби музыканың түрлерін салыстыруды;
4. тыңдаған шығармалардың көңіл‑күйін, жанрын аңықтауды;
5. музыкалық терминдерді қолдана отырып шығарма жайлы өз ойын айта білуді;
6. туған өлкедегі музыкалық дәстүрлер жайында баяндауды.