Тәлімгер : Х.Сарманова

2015-2016

Оқу - тәрбие жоспарын толтыру бойынша көмек көрсету

Педагогикалық процесті әдістемелік қамтамасыз ету жаңа стандарт негізінде педагогикалық процесті жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша төмендегідей нормативтік-әдістемелік құжаттар нұсқаулықтарда ұсынылған:

- 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бөлу үлгісі;

- Оқу жұмыс жоспары;

- Технологиялық карта

Йымдастырылған оқу іс-әрекетін бөлу үлгісі

Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін бір айға ІІ сәбилер тобы, ортанғы топ, ересектер тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «кестесінің» үлгісі құрастырылады. Кестені құрастыру барысында педагог балалардың жас ерекшелігі мен балалардың денсаулығына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің психикасы мен денсаулығына әсерін ескерту қажет. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бөлу барысындағы ең маңызды кезеңі бес білім беру саласын апта мен айларға дұрыс кезектестіру мен кіріктіруі болып табылады.

Оқу жұмыс жоспары

Оқу жұмыс жоспары жыл бойы бес білім беру саласында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің саны мен ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің бөлу үлгісімен сәйкестендіруді қарастырады.

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің перспективалық жоспар үлгісі

Перспективалық жоспар үлгісі бала тұлғасын кешенді дамытуды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарлаудың жүйелілік мәселесін шешуде көмектеседі. Перспективалық жоспар үлгісі мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері ескерілетін, олардың әртүрлі жаста дамыту міндеттерін, ересектер мен балалардың өзара әрекет етудің ең қолайлы формасын,барлық білім беру саласын қамти алатын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің формасы мен мазмұнын таңдаудың негізі болып табылады.Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің перспективалық жоспар үлгісі бір жылдық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мөлшерін анықтайды.

Циклограмма Циклограмма күн тәртібін және ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін шамалап бөлу негізінде бес білім беру саласын кіріктіру логикасын апта аясында бала әрекетін тиімді бөлуді қарастыратын матрица;

Педагогикалық процесті ұйымдастыруда педагог-тәжірибешілерге бес білім беру саласын кіріктіру шарттастығында педагогикалық процестің екі бағытын өзара байланыста және тұтастықта көру үшін ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің және циклограмманың кестесін міндетті түрде сәйкестендіру қажет.

Технологиялық карта

Технологиялық карта – оқыту мен тәрбиелеу процесінде нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын және жаңғыртудың жоғары деңгейіне ие ұйымдастырылған оқу әрекетінің алгоритмі. Технологиялық карта педагог-тәрбиеші деңгейіндегі де, бала деңгейіндегі де оқу-іс әрекетін басқару кешенінен тұрады. Қандай да бір басқару әрекеттерінің кезеңдерімен байланысты.

Технологиялық карта бойынша жұмысты ұйымдастыру педагогтерді мотивациялаудың жақсы факторы болып саналады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ойынға айналады, оның барысында балалар ойлау, зейін, есте сақтау, сөйлеу және т.б. процесстердің жылдамдығын арттыру бойынша жаттығуларына болады.

Технологиялық картамен жұмыс алғашқы жылы педагогтерге қиынға соғуы мүмкін, алайда жинақталған жұмыс тәжірибесі, оқу материалдары кейінгі жылдарда педагогтерге түсетін салмақты айтарлықтай жеңілдетіп, жұмыстың тиімді болуына жағдай жасайды.

Сонымен қатар, педагог күнделікті және әр жыл сайын білім беру бағдарламалары негізінде карталарды тақырыптарды жоспарлы оқып-үйренуде қолдана алатынын атап өту қажет. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындалуға кететін уақытты азайтып, бала оқытудағы педагог жұмысының сапасын арттыруға, денсаулығын сақтауға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Осылайша, беріліп отырған технологиялық картаның үлгісі оқыту сапасын жақсартуды, педагогтің шығармашылықпен айналысуына уақыт бөлінуін қарастырады және олардың кәсіби біліктілік деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Технологиялық карта педагогке кез- келген ұйымдастырылған оқі іс-әрекетіне аз уақыт ішінде дайындалып, жоғары деңгейде өткізуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық процесті жаңадан құра отырып, педагог әр уақытта да, ең алдымен, балалардың дамуына көңіл бөлуді есіне сақтағаны жөн. Екіншіден, баланың қай жаста болмасын, біраз өмірлік тәжірибесі бар екенін жете түсіну керек. Балалық шақта алған әсер баланың есінде және жүрегінде сақталып қалады. Бала жанын қорғап, аялау керек. Баланың жақсы дамып, жетілуінің маңызды факторы жеке тұлғаның құндылықтарын, қажеттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде әлеуметтік институт (отбасы, балабақша, қоғам) тарапынан қойылатын талаптар мен нұсқаулардың маңызы ерекше. Мұның барлығы жеке тұлға ретінде балаларға қатысты, олардың қажеттіліктерімен қызығушылықтары, өзі жөніндегі түсініктері назарға алынады. Ересектер балалардың ой-пікірімен, көзқарастарымен санасып, оларды тыңдай білгендері жөн. Әлеуметтік орта баланың кемшіліктеріне баса назар аудармай, жеке басының жағымды күшті жақтарына бағытталуы тиіс.

Ұлы ғұлама Әбу Насыр-әл Фараби білім берудің мән-маңызын «Бала өсіргің келсе дана жүректі, қатты ұста, үйрет білім мен ізетті» ұлағатты сөздерімен анық бейнеленген.

Наши рекомендации