Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

Пән туралы ақпарат

Пән атауы Тіл дамыту практикумы

Кредиттер саны____________3_______________

Курс, семестр____________4___________7___________

Мамандықтың шифры мен атауы 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Институт, кафедра Психология және педагогика, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика

Пәнді өткізу уақыты және орны бейсенбі 8-00, 9-00, 10-00

Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы п.ғ.к., доцент Метербаева К.М.

Контактілік ақпарат (телефон, e-mail) 8 701 602 15 57 [email protected]

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Студенттерге өнер түрі ретіндегі, мәнерлеп оқу туралы теориялық білімді, сөйлеу техникасы, тілдік мәнерлеу құралдары туралы білімдерді меңгерту; әртүрлі әдеби жанрдағы шығармаларды мәнерлеп орындауға дағдыландыру, талдап үйрету; ана тілінің лингводидактикалық және психофизиологиялық негіздерді терең ұғындыру; балалармен ұйымдастырылатын жұмыста тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана білуге даярлау; болашақ маман кадрларға жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдіс – тәсілдері мен жолдарын үйрету;

Ғылыми – педагогикалық негізде мәнерлеп оқу мен бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай білу; Сөйлегенде, оқығанда дауысты құбылта білуге дағдыландыру; Өнер ретінде көркем шығарманы оқу теориясымен таныстыру; “Балбөбек” бағдарламасы мен балама бағдарламалары бойынша жұмыс істеуге үйрету; Әр топ бойынша берілген шығармалардың мазмұнын талдау; Әр бөлімі бойынша әр жас тобына байланысты тіл дамыту міндеттерінің мазмұнын талдау; Анықтамалық әдебиетті өздігінен оқып – үйрену дағдыларын меңгерту;

Пәннің міндеттері:

- студенттердің мәнерлеп сөйлеу техникасы мен мәнерлеу екпінін арнаулы жаттығулар барысында үйрету;

- мәнерлеп оқу дағдыларына, түрлі жанрдағы көркем шығармаларды орындау, талдау дағдыларын қалыптастыру;

- әдеби жанр ерекшеліктерін терең түсінуге баулу, әдеби танымдарын дамыту;

- әдістемелік ойларды, шынайы педагогикалық ситуацияны дұрыс бағалай білу қабілетін, теориялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдануға баулу;

- бала тілін дамытуға, ауызекі сөйлеуге үйрету әдістемесінің ерекшеліктерін меңгерту;

- студенттердің тіл мәдениетін жетілдіру;

- теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін дамыту

Пәнді оқыту нәтижесінде студент:

- ана тілін меңгеруге бағытталған «Қатынас» білім беру саласының мазмұнын құрайтын негізгі түсініктерді білуі тиіс.

- тіл дамыту бойынша оқу құралдарын бағдарлау және оны мақсатты қолдану;

- балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, бала тілін дамыту үшін әртүрлі әдістемелік тәсілдерді мақсатты қолдану;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әртүрлі кезеңдерінде балалардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру жолдарын негіздеп таңдау (әдістері, тәсілдері, құралдары, формалары);

- мектеп жасына дейінгі балаларда тіл дамыту және сөйлеу әрекеті үдерісінде туындайтын қиындықтарды алдын-ала көре білу;

- қойылған мақсат, міндеттерді жеткен нәтижемен салыстыру біліктері болуы тиіс.

- ана тілін меңгеруге бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдері мен технологияларын;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлау, жүргізу, талдауға байланысты дидактикалық біліктерді;

- диагностикалық нәтижелер негізінде жеке-саралап оқытуды қамтамасыз етуге қажетті қарапайым зерттеу біліктерін меңгеруі тиіс.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

Пән тақырыптарының аталуы апта Аудиториялық сабақтар Тапсырма түрі (сипаттамасы) Барлығы (сағ.)
Дәріс (сағ.) Пр/сем./зертх./ студсаб. (сағ.) СОӨЖ, МОӨЖ СӨЖ, МӨЖ
Сөйлеу техникасы 1/2
Мәнерлеп сөйлеудің құралдары
Мәнерлеп оқудың амал-тәсілдері
Көркем шығарманы талдау 5/6
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әңгімелерді оқу ерекшелігі
Шағын фольклорлық жанр шығармаларын оқу
Ертегі айту 9/10
Өлең оқу 11/12
Мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды балабақшада пайдалану
Көркем шығарманы кейіпкерлендіру 14/15
     

4. Оқытуға арналған әдебиеттер (5-6 әдебиеттен артық емес)

Негізгі әдебиеттер:

1. К.М.МетербаеваТіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы.- А., 2010.-

2. Б. Баймұратова Тіл дамыту мәдістемесі А.,2011

  1. Г.Омарова Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі, А., 2013

4. О.С. Ушакова Методика развитие речи дошкольного возраста. М., 2010

Қосымша әдебиеттер:

1. Алексеева М.М., Яшина В.И. Методика развития речи и обучение родному языку дошкольников М.,1998

2. Бородия А.М. Методика развития речи детей М., 1996

  1. Развития речи детей дошкольного возраста (под.ред. Ф.А. Сохина. М., 1994)
  2. «Балбөбек» бағдарламасы А., 2012

5. Соловьева О.И. Методика развития речи и обучения родному языку в детском саду М.,1996

6. Методика обучения грамоте ( сост. Т.П. Сольникова) М., 2008

7. Л.Е. Журова Обучения грамоте в детском саду М., 1998

8. О. С. Ушакова Развития речи детей при ознакомлении с художественной литературой М., 1994

9. Е.И. Тихеева Развитие речи детей раннего и дошкольного возраста М., 1981

Анықтамалық әдебиеттер: (5 анықтамалар мен энцеклопедиядан артық емес)

1. Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігі. Алматы, 1995ж. -185б.

2. Қысқаша педагогикалық сөздік. Р.М.Қоянбаев. Алматы, 2003ж. 60б.

  1. Орысша-қазақша педагогикалық сөздік. Ш.Б.Амантурлин. Алматы, 1994.-129с.
  2. Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь.Алматы. Рауан. 2000. -286с.

Нормативтік әдебиеттер: (пәннің спецификасымен сәйкес)

1.Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы - Алматы, 2007ж

2.Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасы – Астана, 2011ж.

3. Қазақстан Республикасы 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасы – Астана, 2011ж.

4. 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Интернет көздері

library.wksu.kz›index.php

infourok.ru›mektep-zhasina-deyingi-balalardi…

megaref.kz›index.php?

rusnauka.com›6_PNI_2014/Pedagogica/3_160927.

Бағалау критерийі

Жұмыс түрі Баға (max балл) Саны Қосындысы
СӨЖ
Аудиториялық сабақтар
Сабаққа қатынасу
Аралық бақылау
Қорытынды аралық бақылау
Қорытынды емтихан
  Барлығы

Наши рекомендации