Тәлімгер: А.Джандыбаева
Оқу іс-әрекетімен – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты балалардың топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен оқу іс-әрекетін өткізу. Бұл формада оқу – тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі оқу іс-әрекетінің артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында; мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, балалардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын атқаруын ынталандырады; балалар оқу іс-әрекетін тек білім, білік және дағды жүйесін ғана емес, сонымен қатар танымдық қызмет әдістерінің өзін де иемденеді; сабақ педагогикалық қызметтің мазмұны мен әдістері арқылы тәрбиелік міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Қазіргі оқу іс-әрекетін – бәрінен бұрын ол тәрбиеші баланың тұлғалық дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді ойлы және терең иегруіне, онда адамгершілік негіздерді қалыптастыруға бар мүмкіндіктерін пайдаланатын оқу іс-әрекеттері.
Оқу іс-әрекетін білімді игеру деңгейлері
- Қабылдау, пайымдау және есте сақтау деңгейінде;
- Білімді үлгі бойынша қолдану деңгейінде;
- Білімді және жаңа жағдаяттарды қолдану деңгейінде.
Қазіргі оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар:
1.Әрбір оқу іс-әрекетіне білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әр оқу іс-әрекетін оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
2.Әрбір оқу іс-әрекет дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
3.Әрбір оқу іс-әрекетін, ең алдымен, оқу іс-әрекетінің тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
4. Оқу іс-әрекетіне барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
5. Оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптардың бірі – оның эмоционалдығы. Ол балалардың сабақтағы маңызды қызметті – жаңа білімді игеруді – атқаруға итермелейді.
6.Әрбір оқу іс-әрекетіне балалардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек. Оқыту процесі кез келген оқу іс-әрекетіне тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады.
7.Әрбір оқу іс-әрекетіне өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
8.Әрбір оқу іс-әрекетіне жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Әрбір оқу іс-әрекетіне жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек.
9.Әрбір оқу іс-әрекетінде техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады.
10.Кез келген пән бойынша әрбір оқу іс-әрекетінде өткен және алдағымен байланысы. Кез келген оқу іс-әрекетіне оқшау қарастырылмай, оқу іс-әрекетіне жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек.
11. Оқу іс-әрекетінің барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Оқу іс-әрекетіне дайындалғанда балалардың 30 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек.
12.Балалардың бүкіл оқу іс-әрекеті бойы оқу – еңбек қамтамасыз ету. Тәрбиеші тәртіпті ұстау үшін әрбір баланың тұлғалық сыйластығына сабақтасатын белгілі бір талап қоя білуі керек.
13. Оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады. Оқу іс-әрекетіне – спектакль емес, оған көп дайындалғанмен, ол ешқашан репетицияланбайды.
14. Оқу іс-әрекетін кәсіби бағыттылығы. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.
15.Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Тәрбиеші, үйге тапсырма бере отырып, балалардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Балалардың орындаған кез келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе балалардың өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.
16.Қолайлы моральды – психологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайлар туғызу. Балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін де ескеру керек.
Оқу іс-әрекетін құруға қойылатын талаптар:
1. Оқу іс-әрекетіне бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.
2. Оқу іс-әрекетіне құрылымы мен кезеңдердің қажеттілігі, олардың уақытқа байланысты арақатынасы.
3. Идеялылығы мен ғылымилығы.
4. Эстетикалық тәрбие, оқу іс-әрекетіне эмоционалдық жақтары.
5. Жаңа материалдар беру.
6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.
7. Өмірмен байланыс.
8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.
9. Кітаппен жұмыс істеу.
10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.
11. Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру.
12. Балалардың жұмысындағы дербестік.
13. Балалардың белсенділігі мен бастамашылдығы.
14. Балаларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.
15. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)
16. Балалардың білімін тексеруді ұйымдастыру.
17. Балалардың білімін тексеруді ұйымдастыру.
18. Балалар білімінің тереңдігі мен беріктігі.
19. Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация.
20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру.
21. Оқу іс-әрекетін өткізу қарқыны
22. Тәрбиешінің педагогикалық тактісі.
23. Тәрбиешінің сөзі, оның субъективті жетістіктері.
24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.
25. Сөздік – фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.
26. Байланыс сөзін дамыту, практикалық бағыттылық..
27. Грамматиканы, лексиканы оқу.
28. Оқу техникасы.
29. Сөйлеу және жазу мәдениеті.
30. Көркем шығармаларды оқу.
31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.
Оқу іс-әрекетіне балалардан тәртіптілік пен таңдауды талап етеді. Тәртіпті сақтауда оқу материалын қызықты және байыпты мазмұндаудың маңызы зор.