Спорттық жаттығулар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыты болып табылады. Еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы – балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру және олардың қабілеттерін дамыту қоғам үшін де өте маңызды.
Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру саясаты, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне байланысты, ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесіне бала қабілетін ашатын алғашқы саты ретінде жоғары талаптар қояды және жаңа, тиімді психологиялық- педагогикалық тәсілдерді жедел іздестіруді көздейді.
Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру процесінде «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» негізгі білім беру бағдарламалары қолданылды.
Республиканың мектепке дейінгі білім беру мазмұнының мониторингі көрсеткендей, аталған бағдарламалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының тұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ете алмағандықтан, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістерді қамтамасыз ететін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бірыңғай үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі пайда болды.
Үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибелердің жетістіктерін ескере отырып әзірленген.
Бағдарлама меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдары үшін ҚР «Білім туралы» заңының 5 және 14 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген және бекітілген.
Бағдарлама мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі- Стандарт) және мектепке дейінгі педагогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріле отырып, әзірленді.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның ерекшелігі қолайлы әлеуметтендіруге және балалардың кажетті дағдыларды игеруіне ықпал ететін, мектеп жасына дейінгі балалардың кешенді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
-баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
-мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету;
- балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
- әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторинг ұйымдастыру;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және дене саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
- баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Бағдарламаның құрылымы: түсіндірме жазба, білім беру салаларының мазмұны мен күтілетін нәтижелерден тұрады.
Бағдарлама мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды:
1) Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
2) мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6(7) жасқа дейін:
мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі естияр жас ─ 5 жастан 6(7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін ─ мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы).
Бағдарлама меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтеріне ұсынылады.
БІРІНШІ КІШІ ТОП
(2 жастан 3 жасқа дейін)
«ДЕНСАУЛЫҚ» білім беру саласы»
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- денешынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- жалпы дамытушы жаттығуларды, қимылды ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;
- негізгі қимыл түрлерін дамыту;
- салауатты өмір салты туралы алғашқы түсініктерінқалыптастыру.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Дене шынықтыру
Жалпы дамытушы жаттығулар: қол, кеуде, аяққа арналған. Бастыкөтеру және төмен түсіру, бұру (оңға-солға); қолды кеудеде айқастыру және екі жағына жазу; алдына, басынан жоғары шапалақтау; алдына, артына, басынан жоғары сермеу; оларды бүгіп жазу; саусақтарын ашып жұму.
Бір орнында жүру; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып); еденде отырған қалпында; таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру; алға, жанына, артқа қадам жасау; аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу); қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру; шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру; арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу; алға, жан-жағына қарай еңкею.
Негізгі қимылдар:
Жүру: жан-жаққа және берілген бағытқа қолдарының әртүрлі қалыптарымен, аяқтың ұшымен, шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру. Арқаннан, гимнастикалық таяқшадан аттап жүру.
Жүгіру берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру; жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
Секіру:
Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру (10-15 см); 10-15 см биіктен секіру; еденде 10-20 см қашықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан, таспадан, секіртпен секіру.
Еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу.
Лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай); баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату; доптарды бір-біріне домалату;
Тепе- теңдік сақтауға жаттығулар: иектері шектелген тура жолақпен(ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру; заттарға шығу (гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге және т.б.) тұру, қолын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см), шеңберден шеңберге аттау; төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (таспалардан, текшелерден және т.б.) аттау; орнында баяу айналу.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Мәдени-гигиеналық ережелерді қолдану білімін бекіту. Дербес қимыл әрекетін қамтамасыз ету.
Дербес ойындарында қозғалыс белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.
Салауатты өмір салты және сауықтыру-шынықтыру шаралары дағдыларына баулу.
Балаларды шынықтыру серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларынаң үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы шаралар қолданылады.
Балалар жылдың салқын мезгілінде, ауа температурасы 15°С төмен емес болғанда, 4–5 қабат киіммен далаға шығып, серуендей алады.
Ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2–3 минуттан 6–10 минутқа дейін артады.
Сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді.
Су температурасы +35°С ден +34°С-ге дейін +23°С ден +22°С-ге дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады. Басқа күнделікті шараларда су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендетіледі.
Дербес қимыл белсенділігі
Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғататуы; шанаға отырғызып, төбешіктен сырғанату; шананың жіппен сүйрету; баланы ойыншығымен шанада сырғанату.
Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру; ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару.
Мұз жолдармен сырғанау: ересектер балалардың қолынан жетелеп сырғатуы.
Күтілетін нәтижелер:
- ересектермен бірге дене жаттығуларын орындайды;
- жүгіру, өрмелеу және секірудің, тепе- теңдік сақтаудың бастапқы дағдыларына ие;
- спорттық жаттығуларды орындаудың бастапқы техникасын біледі;
- жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын біледі;
- өздігінен ұқыпты тамақтанады, қасық, кесе, майлықты дұрыс және орынды қолданады;
- ересектердің көмегімен киімінің сыдырма ілгегін салады, киіну және шешіну, түймесін ағыту, түймелеу дағдыларын игерген;
- шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады.
II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Дене шынықтыру
Жалпы дамытушы жаттығулар: Басты көтеру және төмен түсіру, бұру (оңға-солға); қолды кеудеде айқастыру және екі жағына жазу; артына жіберу; алдына, басынан жоғары шапалақтау; алдына, артына, басынан жоғары сермеу; оларды бүгіп жазу; саусақтарын ашып жұму.
Бір орнында жүру; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып); еденде отырған қалпында; таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру; алға, жанына, артқа қадам жасау; аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу); қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру; шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру; арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу; алға, жан-жағына қарай еңкею.
Негізгі қимыл түрлері:
Жүру: жан-жаққа және берілген бағытқа қолдарының әртүрлі қалыптарымен, аяқтың ұшымен, шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру; едендегі немесе еденнен 15-30 см көтерілген арқаннан, бөренеден, текшеден, гимнастикалық таяқшадан аттап жүру.
Жүгіру берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру; жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
Секіру:
Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіру (10-15); орнынан ұзындыққа (20-50) секіру; 10-15 см биіктен секіру; еденде 10-20 см қашықтықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан, таспадан секіру; секірпемен секіру.
Еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тізесімен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу.
Лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай); баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа отырған және тұрған қалыптан доптарды домалату; доптарды бір-біріне домалату; бір және екі қолымен допты еденге соғу.
Тепе-теңдік сақтауға жаттығулар: жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м), гимнастикалық орындықтың үстімен, еңіс тақтайдың үстімен (ені 25 см, бір басы 15-20 см көтерілген) жүру; заттарға шығу гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге және т.б.) тұру, қолын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см), шеңберден шеңберге аттау; төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (таспалардан, текшелерден және т.б.) аттау; орнында баяу айналу.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Мәдени-гигиеналық ережелерді қолдану білімін бекіту. Дербес қимыл әрекетін қамтамасыз ету.
Дербес ойындарында қозғалыс белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.
Салауатты өмір салты және сауықтыру-шынықтыру шаралары дағдыларына баулу.
Балаларды шынықтыру серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларынаң үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы шаралар қолданылады.
Балалар жылдың салқын мезгілінде, ауа температурасы 15°С төмен емес болғанда, 4–5 қабат киіммен далаға шығып, серуендей алады.
Ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2–3 минуттан 6–10 минутқа дейін артады.
Сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді.
Су температурасы +35°С ден +34°С-ге дейін +23°С ден +22°С-ге дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады. Басқа күнделікті шараларда су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендетіледі.
Дербес қимыл белсенділігі
Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.