Бірінші бағыт. Психологиялық коррекция - тренингтік жаттығулар-қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар.

Мақсаты:Бұл жаттығулар қарым-қатынас тренингтің тұтастай бағдарламасын құрайтын топтағы қарым-қатынасты дамытуга арналған жаттығуларды қолдану.

Жүргізуші: "Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Сендерге өзіңе және өз мінезіңе ең маңызды, ең мәндісі не болып табылатындығы жайлы ойлауды ұсынамыз. Енді оған қысқаша айту формасын тауып көр, мысалы, өлең түрінде де болады: (Мұз және жалын), (Бірде хайуандай ұлимын, бірде сәбидей жылаймын), (Тыныш, мұңды, үнсіз... және т.б). Ойландың ба? Жақсы. Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді айтыңдар. Егер ол бір сөйлеммен айтылса да жақсы, немесе өлең немесе метафора қолдануға болады. Сен қазір, аяқ астынан ойлап тап... Өтінеміз. Рақымет. Біз бір-бірімізге бір қадам жасадық. Кімнің таныстыруы көбірек әсер қалдырды, талқылауымызға болады. Рефлексияға арналған сұрақтар:

1. Алғаш бейтаныс кезенде қандай күйде болдың?

2. Танысу барысында не сездің?

3. Танысу аяқталғанда қандай күйде болды?

Тақырыбы: "Біз нені жақсы көреміз?"

"Қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түскенде біз әншейінде олардың бізге ұнайтынын немесе ұнамайтынын байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Қане адамдардың қандай қасиеттерін бағалаймыз және қабылдаймыз осы туралы айтып өтейік. Тапсырманы жазбаша орындаймыз. Бір парақ алып, топ ішінен көп жағынан саған ұнамды көрінетін кісіні таңдаймыз. Бұл кісідегі саған ерекше ұнайтын бес қасиетті белгіле. Сонымен адамның өзін белгілемей, ол кісіде саған ерекше ұнайтын бес қасиетгі жаз. Бастадық! Уақыттарың бітті. Енді өтінемін, кезекте өз сипаттарыңды оқыңдар, ал біз бәріміз оның қай кісіге келетінін анықтап көрелік. Ал, енді кім бастайды! Сол жақтан оңға қарай бастауымызға болады. Бастадық. Ал, енді қазір қорытынды жасауға болады. Қатысушылардың қайсысын біз тезірек таныдық, яғни ең танымал адам қатарында кім болды?".

Тақырыбы: "Шеңбер бойынша фраза"

"Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр." Енді, экранның оң жағындағы шыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларынды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз".

Тақырыбы: "Жалпы назар аудару"

"Ойынның, барлық қатысушыларына бір қана қарапайым тапсырманы орындау ұсынылады. Кез-келген әдістермен, әрине физикалык әсер және жергілікті апатта қолданбай қоршаған-дардың назарын аударуға тырысыңдар. Тапсырма ойынға қатысушылардың барлығы оны бір уақытта орындауға үмтылумен күрденеледі. Бұған кім қандай жолдармен қол жеткізгенін анықтандар. Бастадық. Санаймыз ойын ішінде қатысушылардың назарын көп аудартқан адамды байқаймыз".

Тақырыбы: "Эмоция түстері"

"Жүргізуші таңдаймыз. Жүргізуші белгі бойынша көзін жабады, ал қалған қатысушылар тыныш қана өзара бір түсті ойластырады, бастапқыда ең негізгі түстерді ойластырған жөн (қызыл, жасыл, көк, сары). Жүргізуші көзін ашқанда, барлық қатысушылар өз қылықтарымен, әсіресе эмоцияларымен білдіруі керек. Түстің атын атамау керек. Егер ол адам таппаса, басқа жүргізуші тандалынады".

Тақырыбы: "Айна"

"Қазір біз сендерге бірнеше тапсырмаларды орындауға ұсынамыз. Тапсырманың шартына назар аударыңдар. Барлығы төртеу:

1. Түймені тігеміз;

2. Жолға жиналамыз;

3. Пирог пісіреміз;

4. Циркте ойнаймыз.

Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай, оның әрқайсы-сын жұптап орындайды, жұптағылар бір-біріне қарсы тұрып екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Ол үшін алдымен жұп-жұпқа бөлінейік. Сонымен әр жұп кезекпен өз таңдауы бойынша тапсырмаларды орындайды. Олардың бірі - орындаушы, ал екіншісі -оның айнадағы бейнесі, орындаушының барлық қимылдарына еліктейді. Топтың басқа қатысушылары - көрермендер, олар жұптың, ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Содан кейін жұптағылар рөлдерімен ауысады.

Жұптар кезекпен ауысады, осылайша топ алдына барлық қатысушылар шығады. Топ айна рөлінде ойнаушыны бес ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Кейін барлық қатысушылардың бағалары қосылады да әркім өзінің айна роліндегі жұмысының сәттілігін біле алады. Рахмет! Қорытынды жасайық. Әр қатысушы өзі үшін өзінің рөліндегі алған топтың берген бағаларының қосындысын есептейді.

Екінші бағыт. Психологиялық коррекциялық жұмыстар. Мәдениаралық һзара қарым- қатынасты жақсартуға арналған жаттырғулар мен ойындар.

Мақсаты:Топта қолайлы жағдайды қалыптастыру, ойын мінез-құлқы қабілетін, әлеуметтік өзара әрекет дағдысын дамыту, бөтен мәдени топтың жаңа қоршаған ортасымен, негізгі нормаларымен, құндылықтарымен, сенімдерімен адамды тез таныстыру. Топ мүшелерінің талап ететін тұлғаралық қатынастағы мәдениетаралық айырмашылықтарымен оқытылатындарды таныстыру. Топта сенімді және ашық атмосфера құру. Қарым-қатынастағы кеңістіктің маңызын жете түйсінуге көмек беру. Серіктестердің қатынас барысындағы кеңістікте орналасуының әсерін орнату.

Жаттығу: "Амандасу"

Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вербальді әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі амандасу тәсілдерді психолог (жетекші) есіне түсіру керек.

Наши рекомендации