Интелектуалды дамудың психологиялық-педагогикалық диагностикасына тоқталыңыз.
Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.
Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі.Мəн – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды.
Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.
Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.
2. Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың жалпы принциптерін талдаңыз.
Принцип дегеніміз –бұл қандай да бір теория, ғылым, білімнің, шығармашылық бағдарламаның негізгі ұстанатын қағидалары, ережелері, сонымен қатар, адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді (бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесіңің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар). Әлеуметтік педагогикалық диагностиканың негізгі принциптеріне: объективтілік, тұтастық, детерминизм, компетентнтілік, персонализация, процессуалдықты жатқызуға болады.
Объективтілік принципі процедура және диагностика нәтижесін шығару барысында максималды объективтілікке (шындыққа)ұмтылу, диагностикалық мағлұматтарды дайындау барысында диагностика жүргізушіге байланысты алдын-ала қабылданған пікірге орай баға беруден, сынаудан аулақ болу. Ереже: диагностика жүргізіліп отырған объектіге сәйкес термин және мөлшерге сәйкес адекваты түрде бейнелеу; таңдалған методикалардың сыналатын адамның жасына және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес келуі; диагностикада қолданылып отырған методика мен нәтижесінің ғылыми негізделгендігі; диагностика формасы жіне методтарын оңтайландыру; сапалық және сандық сипаттамалардың үйлесімділігі; диагностикалық іс-әрекеттің икемділігі және тұрақтылығы, мәліметтерді қайта тексеру мүмкіндігі.
Тұтастық принципі, әлеуметтік-педагогикалықдиагностикада объектіні бір-бірімен байланысты компоненттерден тұратын толық жүйе ретінде қарауды міндет етеді; және әдістер жүйесі зерттеліп отырған феноменнің барлық қырларын біртұтас ретінде дәйектеуі қажет. Бұл баланың өмірінің әр түрлі жағдайлары мен шарттарында онымен әр түрлі қатынастағы түрлі адамдармен алынған мәліметтерді салыстыру қағидасы негізінде анықталады; қолданылатын методтардың кешенділігі және сабақтастығы; адамның тұлғалық қалыптасуындағы ішкі факторлар мен сыртқы қоршаған ортаның байланыстылығы және тәуелділігі.
Процессуалдылық принципі дегеніміз – диагностикаланушы процесс пен қасиеттерді өз динамикасында қарастыру, объектінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру барысынд оның өзгеру заңдылығын (құрылымы мен функциясы) да анықтау.Ереже: «негізгі қалыптасқан кесінділермен», яғни заңдылқытар анықталмаған бағалармен ғана шектеліп қоймай, объектідегі даму және деструктивті тенденциясындағы негізгі себептерді анықтау; белгілеу және түзету методтарын үйлестіру; баланың жеке тұлғалық жамуындағы жастық-жыныстық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескеру; т.б.
Детерминизм принципі Диагностика жүргізіліп жатқан адамға өзіндік бағалау нәтижелерін тіркеп беруден аулақ болу, объектінің іс-әрекеті, қарым-қатынасы, т.б.көрінетін ішкі қозғаушы күшін анықтауға бағытталу. Ереже: 1)адамның санасы мен психикасын оның іс-әрекет ерекшелігі мен қарым-қатынасына қарап бағалау; 2) тек қана өзара байланыстылықты ғана емес өзара келісілгенділік құбылыстарын да анықтау; 3) іс-әрекетті басқару барысында эмоционалдық және рационалдық бірлікті ескеру;
Персонализация принципі тұлға бойынан тек жалпы заңдылықтардың жеке даралық көрінуін ғана емес, сонымен бірге дамуының жекелік жолдарын да қарастыруды қажет етеді, ал нормадан ауытқандықты қалыптасудың динамикалық дамудң негативті деп қарамау керек дегенді түсіндіреді. Бұл принцип жалпы және біркелкі емес (дифференциалды) қадамдардағы тұлғалық ерекшеліктерінің анализі барысында толық талданады.
Компетенттілік принципі диагностика жүргізушіге арнайы дайындығы бар сұрақтар бойынша ғана шешім қабылдауға міндеттейді; зерттелушіге зиян келтіретін әрекеттерді диагностика процесі мен нәтижесінде қолдануға тыйым салу. Ереже: ынтымақтастық (диагностикаға қатысуға зерттелушінің рұқсаты),; қолданылатын методтардың зерттелушіге зияндылығының жоқтығы; диагностика процедурасы мен методтарның қолжетімділігі; қорытындының негізделгендігі; нақтыланғандық және диагностикалық мәліметтердің түзетуде қолданылуы.
Психологиялық диагностиканың жалпы принциптері:
1.Құпияны сақтау принципі. Психодиагностика жүргізілген адамның рұқсатынсыз зерттеу нәтижелерінің қорытындыларын жария етпеу. Бұл принцип кәмелетке толған адамдарға қатысты. Кәмелетке толмағандар үшін ата-ананың келісімі қажет.
2. Этикалы негізділік принципі. Әдістеме сенімді және валидті болуы керек.
3. Зианын тигізбеу принципі . Психодиагностика қорытындылары адамға зиян тигізбеуі керек. Егер психодиагностика адамды жұмысқа алу емесе конкурстық таңдауға жүргізілсе, бұл принцип ашықтық принципімен қоса қолданылады. Зерттелінуші зерттеу қорытындысын, анық дағдарыс қандай қатысы барын біле алады.
4.Қорытындының обьективтілігі птинципі. Тестілеудің қорытындылары ғылыми негізді болуы тиіс. Валидті және сенімді әдістемелер арқылы зерттеу жүргізілуі қажет.
5. Берілген нұсқаулардың эффективтілігі принципі. Бұл нұсқаулар міндетті түрде адамға пайдалы болуы керек.
3. Ойлау деңгейлерінің диагностикасын дәлелдеңіз.
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.1.Практикалықіс-әрекеттілік.2.Көрнекі-бейнелік3.Сөздік–логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
5/ Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.6/ Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7/ Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.8/ Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі,... Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:-операцияларды меңгеру дәрежесі/анализ,синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау және т.б./ оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу /оқу, оқудан тыс/-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі /тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б./-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі (6.32)Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:1.Ойлаудың икемділігі.2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.3.Ойлаудың сынилығы.
4.Ойлаудың мақсаттылығы.5.Ойлаудың жалпылығы.6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.7.Анықтылығы,дәлелдігі.
4. Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың қазіргі таңдағы қолданысына сипаттама беріңіз.
Әлеуметтік педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Қазіргі таңда педагогикалық диагностика ғылыми және практикалық психологиялық білімнің жеке саласы болып бөлінді. Көптеген педагогикалық диагностикалық әдістемелер пайда болып, тез арада көбейіп кетті. Математика мен физиканың қазіргі әдістері, электрондық педагогикалық диагностиканың құралдары яғни ЭВМ кеңінен қолданылуда.Көптеген елдерде, мысалы АҚШ та, Германияда көптеген ғылыми және практикалық баспаларда жүйелі түрде психологиялық әдістерді сипаттаған. Соңғы жылдары мұндай әрекеттер Ресейде де жасалынған. Бірақ оның ешқандай тұжырымдамасы мен ғылыми негізі жоқ еді. Бұл жағдайда тұжырымдама дегеніміз негізделген , педагогикалық диагностика әдістемелердің классификациялау негізіне салынған жүйе. Ғылыми негіз ретінде педагогикалық диагностика әдістер , олардың ауқаттылығын , күшті және әлсіз жақтарын айтамыз.
Көптеген адамдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады- деді. Психология дамуына себепші осы болды. Сол кезден бастап Советтік педагогикасы экономикамен, қоғам дамуына байланысты адамның психикалық, физикалық ерекшеліктерін қабілеті мен дарыны қалыптасады. XX ғасырдан бастап экспериментті психология-лабораториялық жұмыстар жүргізеді. Мұндай жұмыстар Москвада, Харковте, Казанда болып өткен психологиялық съездерді талқыланды. Съездер 1906, 1909, 1910, 1913, 1918 жылдары болды. Сол кезден бастап психология сұрақтары, «Весник психология» журналдары шықты. Совет психологиясының өз алдына ғылым болып бөлініп шығуына үлесін қосқан Лапатин, Лоски, Введенский болды. Сонымен қатар жаратыластану ғылым негізін салушы Павлов, Лазурский, Сечников, Лесков үлесі ерекше болды. Москвадағы психология институтының директоры Шелпанов аты әйгілі лабароториялық аппараттардан жабдықталған кабинеттерде эксперименталдық зерттеу әдісін жүргізуі ерекше жағдай туғызады. Педагогикалық дигностика-педагогикалық мақсаты жетілдіру үшін алынған зерттеу қорытындысының талдауы негізінде жаңа ақпарат алу, білім берудің (оқу, тәрбие) сапасын жақсартуға және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған процесс.Педагогикалық процесте диагностика келесі функцияларды орындай алады:1. Констатациялау - белгілеу (ақпараттық).2. Болжау.3. Құндылық - бағдарлану (бағалау:4. Өзіндік оқып-үйрену, өзіндік даму.5. Дамытушылық (тәрбиелеуші).6. Конструктивті.Көптеген ғалымдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады деді. Жан барлық психикалық тіршілік негізгі себепші. Осының өзі сол кездегі адамның табиғат сырын дұрыс түсіне алмауына байланысты, бұлардың айтуынша табиғатқа табынбайтын ерекше күш бар деді. Адамның дамуын зерттейтін жеке бір сала ретіндегі бір пән болды. Диагностика – зерттеу процесi немесе объект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсiлi.
Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХІХ ғасырдың І-жартысынан бастау алады. Яғни, сол кезеңнен бастап ең алдымен психология білімінің дамуының клиникалық дамуы басталды. Бұл кезең адам туралы психологиялық эмперикалық білім болады. Талдауда және оны қолануда шешуші рөлді дәрігердің ойымен сипаттайды. Ал бұған дәлел мұнымен негізінен философтар мен жазушылар шұғылданды. Дәрігерлерді емделуі қиын ауру және аурудың неден пайда болғандығы, сондай-ақ сол жылдары әлемдік дамыған елдерінде еңбек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар және невроз себептері қатты қызықтырды.
Интелектуалды дамудың психологиялық-педагогикалық диагностикасына тоқталыңыз.
Интеллект – бұл білім мен іскерлік жиынтығы емес, оларды жетістік пен игеруге көмектеседі. Индивидтің жеткен ақыл-ой дамуы деңгейі оның интеллектуалды қабілеттеріне тәуелдігі.Дегенмен де, ақыл-ой дамуы тек инттелектіге тәуелді емес, ол көптеген факторлармен шарттасады-деп те көрсетеді: Мәселен: мәдениетпен, өмір жағдайымен, оқу мекемесінің ерекшелігімен, оқыту әдістерімен т.б. Отандық психологияда тұтас зерттеу бағыттары ақыл-ой дамуы деңгейі мен оқыту мазмұны арасындағы, тәрбиелік әдістердің сипаты мен байланыстылығын анықтайды. Ойлауды қалыптастырудағы оқыту әдістерінің ролі туралы зерттеулер ақыл-ой әрекеттерін кезеңдермен қалыптастыру теориясымен байланыстырады. Бұл теорияларға негізделген еңбектерде ойлау дамуын басқарудың және оған жоспарлы әсер ету жолдары теориялық, әдістемелік жағынан өңделген. «Ақыл – ой даму деңгейі», «интеллект», «оқыту» түсініктерін қатар қойып қарастыру дұрыс емес. Бұл психологиялық феномендердің диагностикасы әртүрлі болуы мүмкін.А.Бине, Ч.Спирмен, Л.Термен интеллект - деп интеллектуалды тестер арқылы өлшенетін нәрселерді атады. Интеллектуалдылық коэффциенті (IQ) интеллект синомине айналады. Психодиагностиктер интеллекттіні дұрыс өлшеу үшін әр түрлі міндеттерді немесе тапсырмаларды таңдады. Біреулері абстрактылы ойлау тапсырмаларын таңдап алды, себебі олар шынайы өмірде кездеспейді де өткен өмірде меңгерген білімдердің әсері тимейді деп есептеді. Ал, басқалары интеллект жасанды, өмірге сай келмейтін конструкттімен өлшеу қателік, оларды күнделікті өмірден алу керек деп есептеді. (Р.Стернберг).Интеллект IQ мен теңестіріп, ХХ ғ. бірінші жартысындағы психологтар оны туа біткен және тұқым қуалайтын қасиет, дамудың шартарына тәуелсіз деді. Осыдан оның ұзақ уақыт бойы өзгермейтіндігі және тұрақтылығы туралы пікір қалыптасты. Жас ұлғайған сайын IQ өспейді деп есептеді. Адамның IQ көрсеткішін анықтау үшін сынаушыға берілген объекттер арасындағы логико- қатынастарын түзуді талап ететін тапсырмалардың бірқатарын орындау керек болады. Дұрыс орындалған тапсырмалардың баллдарының қосындысын стандарттыққа өткізеді. Міне осы IQ көрсеткіші болып табылады. Стандартты IQ индивидуалды көрсеткіштің статистикалық нормамен сәйкестігін көрсетеді. Ол өзінің орындау көрсеткіштері бойынша топты тестілеу нәтижелерінің жинағының осіндегі индивидтің алған орнын белгілейді. Интеллектуалды тестің нәтижесін дұрыс қолданып, бағалау үшін тесттік көрсеткіштер бойынша индивидтің алған орнының қаншалықты тұрақты екендігі туралы сұраққа жауап беру керек. Кейінгі зерттеулердің арқасында интеллектуалды тесттер адамдар арасындағы табиғи өзгешіліктерді емес, сыналу уақытына дейін қалыптасқан білім деңгейі мен ой ептілігінің болуымен анықталатындығын мойындайтын түсініктер өріс ала бастады.
Қазіргі кезде интеллектуалды тесттер жалпы қабілеттер ретінде немесе қабілеттердің тобы ретіндегі интеллекті өлшеу құралы ретінде өзін ақтаған жоқ. Психологтардың бір бөлігі «интеллект» деп жалпы қабілеттерді түсініп, IQ интелекттің көрсеткіші деп қарастырудан бас тартты. Олардың ойынша интеллекттіні бағалау үшін адамның мінез-құлқын ұзақ уақыт әр түрлі жағдайларда бақылау керек және әр түрлі іс әрекетте табысқа қалай жеткендігіне талдау жасай отырып бағалау керек. Психологтар индивидтің ақыл-ой дамуының тепе-тең бағасын алу үшін тесттік балл жеткіліксіз екенін көрсетеді. Бұл үшін тестілеу нәтижелерін басқа көздерден: бақылаулар, оқыту ерекшеліктерін талдау арқылы алынған мәліметтермен толықтырылу керек. Тестілеу нәтижелерін дұрыс интерпретациялау үшін келесі нәрселерді білу қажет:тесттерді орындаудағы сыналушының жаттығу дәрежесі туралы;тест орындау мотивациясы туралы;тестілеу кезеңдегі эмоционалды күйі туралы;тест бағаларына зерттеуші тұлғасының әсері туралы;тестілеуден алдын индивидтің жасаған іс-әрекеті және басқа мәліметтер туралы.Осының бәрін ескере отырып, интеллектуалды тестті кейбір іскерліктер мен дағдылардың шынайы қалпын сипаттау үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеміз және адамның ақыл-ой дамуындағы өзгерістер мен ығысуларын да көруге болады.«Интеллектуалды тест»- деген ұғымды алғаш рет американ психологы Дж.Кеттел еңгізді. Кейінірек жаңа қадамды француз дәрігері, психолог Альфред Бине (1857-1911) жасады. Стэнфорд-Бине шкаласы деп аталады. 1939 жылы американ психологы Д.Векслердің құрастырған интеллектті өлшеу шкаласының бірінші формасы жарыққа шықты. Неміс елінде кең қолданылған белгілі топтық тестінің бірі-Рудольф Амтхауэрдің интеллект құрылымының тесті.