Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Пән атауы Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Пән туралы ақпарат

Пән атауы Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Кредиттер саны2

Курс, семестр_3-курс, 5-семестр

Мамандықтың шифры мен атауы_5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті

Институт, кафедраФилология институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Пәнді өткізу уақыты және орны_Күзгі семестр, 404, 425-дәрісхана

Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы: Қоқанова Жарқынай Атаевна – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің мақсаты мен міндеттері:

Пәннің мақсаты:Қазіргіқазақ тілі морфологиясының өзіндік зерттеу нысаны мен ерекшелігін, қазақ тіліндегі сөздердің түрленуі, тұлғалық өзгеруі, сөз және сөз формалары, оны құрастырудың жолдары мен тәсілдері, олардың әр қилы өзгерістерге ұшырауы амалдары, тілдегі жалпы сөз атаулының топтарға бөлінуі, әр сөз табына енген сөздердің өзіне тән грамматикалық, семантикалық сыр-сипаты, әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметі жөнінде студенттерге теориялық білім беру және тілдік тұлғаларға морфологиялық талдау жасату арқылы практикалық дағдыларын қалыптастыру. Сондай-ақ,студенттерге осы саладағы ғылыми бағыттардыжәне тұжырымдарды саралауға, оны өздерінің зерттеу жұмыстарымен үйлестікте зерделеуге баулу.

Пәннің міндеттері:

- морфологияның синтаксиспен байланысын түсіндіру;

- морфология сөзді басқа сөздермен қарым-қатынаста болатын тіл жүйесінің қалыпты бір бөлшегі ретінде бір-бірімен ұштастыра алатынын байқату;

- негізгі грамматикалық ұғымдар мен олардың түрлері жөнінде білім-дағдыларын жетілдіру;

- сөздің морфологиялық құрамы мен түрлерін, сөз формалары және олардың жасалу тәсілдерін меңгерту;

- тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, сөз тұлғасына қарай құрамы мен құрылысын ажырата білу;

- сөз таптарын таптастыру принциптеріне сәйкес сөз таптарының жіктелуі және олардың түрлері, өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктерді грамматикалық категорияларға қатысы жағынан ажырата білуге үйрету.

· Тұлғалық нәтижелері:

Студент:

- грамматика ұғымының мәнін түсіне отырып, оның басты зерттеу нысанын және салаларын анықтауы;

- грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның арақатынасын ажырата алуы;

- жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына мәнін аша алуы;

- негізгі грамматикалық ұғымдарды ұғынып, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін түсініп, шегін айқындай білуі;

- сөздің өзі морфологиялық жақтан грамматикалық мәні бар морфемалардан тұратыны және ол морфемалардың өзіндік семантикалық-грамматикалық сипаты болатынын, оған сәйкес жіктелетінін білуі, сөздерді морфологиялық құрамына талдай алуы;

- қазақ тілінде сөздерді таптасырудың негізгі қағидаттары мен басты критерийлерін меңгере отырып, сөздерді сөз таптарына бөле білу және әр сөз табының өзіне тән белгілерін ажырата білуі, сөз таптарының шығуы, қалыптасуы мен даму процесін игеруі;

- практикалық жағынан сөйлемдегі әрбір сөздің қай сөз табына жататынын, қандай грамматикалық, лексика-грамматикалық белгілері бар екенін талдап ажыратуы;

-морфология теориясына қатысты тірек ұғымдардың мәнін аша алуы;

- қазіргі қазақ тілі морфологиясына қатысты жекелеген ғалымдардың зерттеу еңбектеріментанысып, оған талдау жасай алуы және ой-тұжырымдарын, уәждерін дәйектей білуі;

- морфология курсынан алған білімдерін педагогикалық іс-тәжірибиеде және маман ретінде болашақта қажетіне қарай қолдана білуі тиіс.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

Наши рекомендации