Бiлiм бөлімдері : Өзін өзі тану

Taқыpыбы: ЖҮРЕГІМДЕ ЖАҚСЫЛЫҚ

Мақсаты: «жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- адам бойындағы кұнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;

- қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Нағыз адамдық - өз ойың мен ісіңді жақсылыққа бағыттай алу.

Халық даналығы

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шеңбері Біз - өмірдің гүліміз Ә. Дүйсенбиев Зеңгір көктен Нұрын төккен, Ортақ біздің күніміз. Жайнап өскен, Жайдары өскен Біз - өмірдің гүліміз. Бал достыққа, Жолдастыққа Шақырады әніміз. Тыныштықта, Нұр құшақта Бақыттымыз бәріміз.   Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады. Үнтаспадан берілген Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Біз- өмірдің гүліміз»өлеңін тәрбиешімен бірге қосылып айтады.  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әңгімелесу - Балалар, «Біз - өмірдің гүліміз» өлеңінен не түсіндіңдер? - Жақсы болу дегенді қалай түсінесіңдер? - «Жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? - Адамдар бір-біріне қалай жақсылық жасай алады? - Ал өздерің ше? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды: - Дұрыс айтасыңдар, балалар! Жақсылық дегеніміз -айнала қоршаған ортаға, адамдарға деген қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік таныту, жақсы іс жасау. Ал осы айтқан қайырымдылық, ізгілік, мейірімділік сияқты қасиеттер бойында бар адамды - жақсы адам дейміз. Ал сендердің барлықтарыңның осындай жақсы адам болатындықтарыңа сенемін. Әңгімелеу Тәрбиеші Қ. Көпішевтың «Өзім жүрем» әңгімесін балаларға оқып береді. Катя мен Маша Л.Н. Толстой Катя ертемен саңырауқұлақ теруге кетті. Машаны да ертіп алды. Маша кішкентай еді. Жолдарында өзенше бар екен. Катя Машаны арқалады. Өзі шұлығын шешіп алды да, сумен жүрді. - Мықтап отыр. Маша, бірақ менің мойнымды қыспа. Қолыңды босат, әйтпесе мен дем ала алмаймын. Сөйтіп, Катя Машаны алып шықты. • Сендер өз іні-қарынддастарыңа қалай қамқорлық көр-сетесіңдер? • Катя қандай қыз? Дәйексөз «Нағыз адамдық - өз ойың мен ісіңді жақсылыққа бағыттай алу» деген нақыл сөзді тәрбиеші бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. - «Нағыз адамдық - өз ойың мен ісіңді жақсылыққа бағыттай алу» деген нақыл сөз өте орынды айтылған. Нақыл сөзде айтылғандай күнделікті өмірде әрбір ісімізді, ниетімізді тек қана жақсылыққа бағыттай алсақ, бізді қоршаған орта, туған жеріміз көркеиіп, туған-туыстарымыз, достарымыз өздерін бақытты сезінетіні сөзсіз. Ойын. «Көленке». Ойынныңшарты.Тәрбиеші балаларды екі-екіден бірнеше топқа бөледі. Өзі бір баланы қасына алып, қалған балаларға: «Бұл менің көлеңкем болады», - деп түсіндіреді. Топтағы балалардың қасындағы әірбір екінші жолдасы өздерінің көлеңкесі болып есептеледі. Көлеңке болған балалар бірінші балалардың жасаған іс-әрекеттерін, қимылдарын айнытпай жасаулары тиіс. Ойын музықамен сүйемелденеді. Музықа нотасы қосымшада берілген. Тәрбиеші музықаның ырғағына ілесіп түрлі қимылдар жасап көрсетеді, ал көленкелер де сол көрсетілген қимылдарды қайталап отырулары қажет. Ол қимылдарда: отыру, тұру, жүру, би қимылдары, секіру және т.б. болуы мүмкін. Ойын аяқталып, екінші рет басталарда кезек ауысады, көлеңке болу енді басқа балалардың үлесіне тиеді. Педагог ойынды былай қорытындылауына болады: - Балалар біздің әрбір жасаған ісіміз, сөйлеген сөзіміз басқаларға әсер етеді. Ойын барысында байқаған боларсыңдар айнала қоршаған ортаға, адамдарға қандай іс жасасақ, олар да өзіңе солаіі жауап қайтарады екен. Сондықтан іс-әрекетімізді тек қана жақсылыққа құрып, бағыттауымыз керек.       Өзім жүрем Қ. Көпішев Дәурен әкесімен қолхөз базарына барды. Әкесі сәбіз, жуа, сарымсақ, картоп сатып алды. - Әке, мен алып жүрейін дорбаны, -деді Дәурен. - Әкесі: - Көтере алмайсың, - деп еді, Дәурен көнбеді. Ол жылап та алды. Әкесі дорбаны оның қолына бере қойды. - Ой, ой ..., әке, көтере алмаймын. Өзің алып жүрші, -деді Дәурен. Енді дорбаны әкесі алып жүріп келеді. Дәурен әбден шаршады. Дәуреннің шаршағанын сезген әкесі: - Дәуренжан, шаршасаң, арқама міне ғой, - деді. - Жоқ, әке, өзім жүремін. Жүгің ауыр ғой, - деді Дәурен. • Дәурен қандай бала? • Үйлеріңде үлкендерге қалай көмектесесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қоры-тындылайды. Тәрбиеші балаларға отбасындағы аға-әпке, іні-қарынддастарымен өзара қарым-қатынастарын сыйластыққа, бауырмалдыққа құрып, бір-бірін түсіне алуға үйрету мақсатында төмендегі мәтінді қосымша оқып беруіне болады.   Тыныштық сәті - Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларынды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініндер. Ал енді көздерінді ашсаңдар да болады   Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қанталап айтады. - Сүйіспеншілік. Жақсылық тілеу. Жақсылық жасау.
Қорытынды. Түзету жұмыстары. Біз бүгінгі сабақта адамдардын әрқашан көңілі таза, пейілі ак, адал пиғылда болу керектігін ұғындық. Ылғи жақсы ниетте болып, өзіңе де өзгелерге де жақсылық ойлайтын адам жақсы адам. Ондай адамда ак көңіл адам, жақсы адам дейді. Олар өзгенің жетістігіне, қуаныш, бақытына өз жетістігі мен игілік-бақытындай қуана алады. Басқаларға көмектесуге, көнілдерін көтеріп, шаттандыруға, қиындықта көмектесуге әзір тұрады Балдырғаңдар әні Сөзін жазған О. Әубэкіров Әнін жазған Ш.Қалдаяқов Қуанышка бөленген әр күніміз Бақыттымыз, балалар, барлығымыз. Қайырм ас ы: Өмір тым жайдары, Қызықтың қайнары Бақшамыз жайнады. (2 рет) Біз - Отанның балдырған ұлдарымыз, Әдептілік, батылдық - ұранымыз. Қа й ырм а с ы. Өмір тым жайдары, Қызықтың қайнары Бақшамыз жайнады. (2 рет)     Жүректен жүрекке Мұғалім балалармен бірге, шеңбержасап, музыка жетекшісінің суйемелдеуімен О. Әубәкіровтің «Балдырғандар әні»өлеңін балалармен бірге қосылып орындайды.

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:Жақсылық жасай білуі тиіс.

Tүciнiгi:«жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін

Kөpceтe бiлyi: қоршаған ортаға жақсылық жасай біледі.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.

Наши рекомендации